Қазақстандықтардың Ұлы Отан соғысы шайқастарына қатысуы. 2-сабақ Ленинград шайқасы 1941 жылдың 10 шілдесі мен 1944 жылдың 10 тамызы аралығында болды. Қазақстандықтар «Өмір жолын»



бет1/2
Дата21.04.2022
өлшемі23,03 Kb.
#31826
түріСабақ
  1   2
Байланысты:
3-Мәтін.


Қазақстандықтардың Ұлы Отан соғысы шайқастарына қатысуы.

2-сабақ

Ленинград шайқасы 1941 жылдың 10 шілдесі мен 1944 жылдың 10 тамызы аралығында болды. Қазақстандықтар «Өмір жолын» салуға қатысты. 1965 жылы 8 мамырда Ленинградқа «Қаһарман қала» атағы берілді. 1941 жылғы қыркүйекте Ж. Жабаев «Лениградтық өренім» жырын арнады. Балтық флотындағы «Киров» крейсерінде 156 қазақстандық жауынгерлік сапта тұрды.

Ә. Молдағұлова 54-атқыштар бригадасы құрамында болып, Казачиха деревнясының батысында қаза тапты. Оған 1944 жылы 4 маусымда Кеңес Одағының Батыры атағы берілді. Пулеметші М. Мәметова Невель қаласы үшін соғыста қаза тауып, 1944 жылы Кеңес Одағының Батыры атанды.

А. Маслов экипажының құрамында болған Б. Бейсекбаевқа 1998 жылы Халық Қаһарманы атағы берілді. 228-дивизия Мәскеу мен Калуга облыстарының ондаған ауылын азат етті.

Алексин қаласындағы шайқасқа А. Имановтың ұлы Р. Амангелдиев қатысты.

1942 жылдың күзінде Каспий өңіріне соғыс жағдайы енгізілді. «Сталинград – Шығыстың кілті» болды. Лейтенант Г.Г. Рамаев 1943 жылы 16 қаңтар күні Песчанка селосында жауынгерлермен фашистерді жойып, 60-ын тұтқынға алады. Полковник В.Г. Баумштейннің жамбылдық 81-атты әскери дивизиясы 1941 жылы қыркүйекте жасақталды.

Полковник Ғ. Сафиуллин басқарған 73-гвардиялық дивизия жаудың 120 танкісі мен 800 автомашинасын жойды. Майданда 29 және Алматының 38-атқыштар дивизияларының даңқы шықты. Шайқаста көрсеткен табандылығы мен ерлігі үшін 73-гвардиялық дивизия «Сталинградтық» деген атақ алды.

Днепр ұрысында 18 жасар ең жас қазақ Ж. Елеусізовке Кеңес Одағының Батыры атағы берілді. «Павлов үйі» үшін соғысқан батырлардың ішінде Т. Мырзаев та бар еді. Дон мен Еділ жағасын қорғауда С. Позолотин басқарған 17-гвардиялық танк полкі көзге түсті. Полковник Ғ. Сафиуллин басқарған 73-гвардиялық дивизия жаудың 120 танкісі мен 800 автомашинасын жойды.

300 фашистің тегеурініне төтеп берген 11 қаһарман құрметіне жауынгерлер қорғаған төбені «Шығыстың он бір батырының төбесі» деп атады.

Ұшқыш Н. Әбдіров 1942 жылдың желтоқсанның 19 күні Боковская-Пономаревка ауданында серіктерімен бірге ерлікпен қаза тапты. Қ. Сыпатаев 1942 жылы 29 қарашада Шарнутовский хуторының маңында ерлікпен қаза тапты. Тим өзенінен өтетін көпірді қалпына келтірген 125 теміржолшыға, оның ішінде Ж. Айсанов пен П.И. Бакаревке 1943 жылы 5 қарашада Социалистік Еңбек Ері атағы берілді.

Т. Бигелдинов 1943 жылы қаңтарда Калинин майданына келді. 1944 жылдың маусымы 155 рет жауынгерлік тапсырмамен барлауға шықты. Оған 1944 жылдың 26 қараша күні Кеңес Одағының Батыр атағы берілді. Ал 1945 жылы 27 маусымда Т. Бигелдиновке екінші мәрте Кеңес Одағының Батыры атағы берілді. Деснаны, Днепр мен Припятті жүзіп өткен дивизияларға алғыс жарияланып, оның 43 жауынгеріне Кеңес Одағының Батыр атағы берілді

Қ. Аухадиев фашистердің 5 танкісін, өздігінен жүретін «Фердинанд» зеңбірегін жойды.

Жүздеген қазақстандық шетелдегі қарсыласу қозғалысына қатысты. Солардың ішінде Кеңес Одағының Батырлары А.С. Егоров пен З.У. Құсайыновтың есімдері белгілі.

1944 жыл тарихқа неміс-фашист басқыншыларын кеңес жерінен толық қуу және Еуропаға азат ету жорығының басталу жылы ретінде енді. Осы ұрыстарда қазақстандықтар бұрынғыдай батыл әрі шебер соғысты. Лениград майданында генерал-майор И.М. Әлиевтің 314-атқыштар дивизиясы соғыс қимылдарын жалғастырды.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет