Қазақстандықтардың Ұлы Отан соғысы шайқастарына қатысуы. 2-сабақ Ленинград шайқасы 1941 жылдың 10 шілдесі мен 1944 жылдың 10 тамызы аралығында болды. Қазақстандықтар «Өмір жолын»


Қазақстандықтардың Ұлы Отан соғысы шайқастарына қатысуы



бет2/2
Дата21.04.2022
өлшемі23,03 Kb.
#31826
түріСабақ
1   2
Байланысты:
3-Мәтін.

Қазақстандықтардың Ұлы Отан соғысы шайқастарына қатысуы.

3-сабақ

Жүздеген оқушы өздерінің тапқан 4 млн сомнан астам ақшасын «Қазақстан пионері» қорына аударды. С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің студенттері «Кеңес студенті» танк колоннасын жасауға 600 мың сомдай ақша аударды. 1942 жылы қыркүйекте «Қазақстан комсомолы» деген жазуы бар 45 жауынгерлік машина Сталинград майданының жауынгерлеріне табысталды. 1943 қыркүйекте Оңтүстік Қазақстанның жастары «Қазақстан комсомолы» сүңгуір қайығын жасатты. 1943 жылы желтоқсанда Алматы қалалық активі С. Луганскиймен кездесуге арналған жиналыста жаңа ұшақ жасап беруге шешім қабылдады.

В.Г. Клочков: «Ресей – кең-байтақ, бірақ шегінерге жер жоқ, артымызда – Мәскеу»

Б. Момышұлы: «Біздің жүрегіміз темір емес. Бірақ біздің кек отымыз қандай темір болса да ерітіп, күйдіріп жібере алады... Біздің үрейді жеңетін ең күшті қарумыз бар, ол – Отанға деген сүйіспеншілік»

Авиация саласын меңгерген Х. Доспановаға 2004 жылы Халық Қаһарманы атағы берілді.

С. Нұрмағанбетов 1942 жылы әскер қатарына шақырылып, 1-Белорус майданында, Солтүстік Кавказ, Украина, Молдавия, Польша, Германия майдандарында соғысты. 1990 жылдан ҚР соғыс, еңбек және қарулы күштері ардагерлері Кеңесінің төрағасы, 1992 – 1995 жылдары ҚР қорғаныс министрі, әскер генералы болды.

Қазақстандық партизандардың саны 3,5 мыңнан асты. Чехословакияны азат еткен партизандар А. Ильин, Н. Мошкин, Ж. Саранқұлов, Н. Тарановтар болса, Югославия жерінде Т. Желқожинов, А. Есентаевтар ерлік көрсетті.

С.А. Ковпак партизан Д. Байдәулетов туралы: «Рота барлаушысы ретінде күрделі барлауға барды, жаудың қалың ортасына еніп, құнды мәліметтер жеткізді», – деді. 1995 жылғы 9 мамырда Қ. Қайсеновке «Халық қаһарманы» атағы берілді.

Ұшқыштар Т. Бигельдиновке, Л. Бедаға, И. Павловқа, С. Луганскийге екі мәрте Кеңес Одағының Батыры атағы берілді. 1945 жылы сәуірдің 4 күні Берлин операциясы басталды. Берлин операциясында 27 қазақстандық ерлік көрсетіп, Кеңес Одағының Батыры атағын иеленді. Жас офицерлер Қ. Мәденов пен Р. Қараманов 1008-атқыштар полкінің туын Берлин ратушасының төбесіне тікті. 1945 жылы сәуірдің 4 күні таңға қарай рейхстагқа жол ашылып, лейтенант Р. Қошқарбаев жауынгер Г. Булатов Берлинді алу кезінде Рейхстагқа Кеңес Одағының туын тікті. 1945 жылы 2 мамырда Кеңес әскері Германияның астанасы Берлинді толық билігіне алды.

Соғыстың бастапқы кезеңінде жүздеген мың, тіпті миллиондаған кеңес әскері фашистерге тұтқынға түсті. Қолға түскен түркі жауынгерлерінің 80%-ы фашистік лагерьлерде қаза тапты. Қазақстан мен Орта Азия халықтарының әскери тұтқындарынан Кеңес әскеріне қарсы күресетін Түркістан легионын құрды. Қолына қару алған көптеген легионер майдан шебінде Кеңес әскерінің қатарына қосылып, бір бөлігі партизандарға кетіп, легион таратылды.

Шығыстағы соғысқа бірінші болып шекарашылар Қ. Асылбеков, А. Құрынбаев, Г.И. Сухоносенко кірісті. Забайкалье, содан соң І Қиыр Шығыс майдандары әскерлерінің құрамында қазақстандық 129-миномет полкі шайқас жүргізді. Қазақстан минометшілері батылдық және ерлік көрсеткені үшін 2027 жауынгерлік ордендер мен медальдарға, соның ішінде 14 адам «Кореяны азат еткені үшін», 234 адам «Жапонияны жеңгені үшін» медальдарына ие болды.

1945 жылы мамырда Германияның тізе бүгу актісіне қол қойылды. Осы жылдың 2 қыркүйегінде америкалық «Миссури» линкорында Жапония тізе бүгуі жөніндегі актіге қол қойды. Бұл оқиғаның жедел өткізілуіне АҚШ-тың Жапонияның Хиросами мен Нагасаки қалаларына атом бомбасын тастауы еді.



Соғыс қорытындысы

497 қазақстандық Кеңестер Одағының Батыры атанды. 97 қазақ Кеңестер Одағының Батыры атағын иеленді. 12 қазақстандық дивизияға құрметті атақтар берілді.



1938 – 1945 жылдары 18-ден 50 жасқа дейінгі ер адамдар Қазақстан халқының 70%-ы

әскерге шақырылды.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет