ҚАЗАҚСТАННАН ТАБЫЛҒАН КӨНЕ ТҮРКІ ЖАЗБА ЕСКЕРТКІШТЕРІ
Көне түркі жазба ескерткіштері ғылымда біраз зерттеліп, олар жайында түрлі пікірлер айтылғандығы белгілі. Осымен байланысты белгілі түрколог Э.Н. Наджиптің мына бір тұжырымы рунатанушы ғалымдарымыздың түркі жазуы жөніндегі ойларын анық танытқандай: «Без изучения языка памятников этого периода невозможно изучать историю ряда тюркских языков» (Наджип,1965, 90). Шынында да, жазба ескерткіштерімізді зерттеу барысында руникалық мұраларымыздың бүкіл түркі халқына ортақ екенін үнемі есте ұстаған абзал. Себебі көне түркі жазба ескерткіштері түркі жазуы тарихының қайнар көздерінің бірі дей отырып, оны əр қырынан зерттеу - бүгінгі күн талабы. Жер жүзіндегі барлық халықтар сияқты түркі халықтары да өзінің тарихи даму сатысында қоғамдық əлеуметтік,саяси жағдайларға байланысты əр түрлі жазу үлгілерін пайдаланған. Көне замандарда қазақ халқының ата-бабалары өзге түркі тектес этностық топтармен бірге көне түркі руна жазуын, ескі ұйғыр жазуын қолданса, ХІ-ХХ ғғ. аралығында латын, армян, араб, славян жазуларын қолданғаны белгілі. Ежелгі адамдардың дүниетанымын, мəдениетін көрсететін ең алғашқы жазу – пиктографиялық жазу таңбалары – петроглифтер əлемнің əр түкпірінен, соның ішінде Қазақстан жерінен де табылуда. Сан ғасырлық тарихы бар тасқа қашалған бедерлі жазулар Қаратау, АқсуЖабағылы өңіріндегі, Алатау баурайындағы, Шығыс Қазақстан облысындағы Қалба тау қыраттарындағы, Шұбартау өңіріндегі Арсалаң қойнауындағы, Шыңғыстау өңіріндегі, Іле аңғарындағы жартастар мен қойтастардағы үңгір қабырғаларына қашалып жазылған. Жартастағы суреттер жайында белгілі ғалым А.Аманжоловтың: «Қазақстан жеріндегі мыңдаған петроглифтердің мыңдаған жылдық тарихы бар – бұларда неолит, қола, алғашқы көшпенділер дəуірлері сипатталса, олардың соңын ала біздің дəуірімізге жататын көне түркі кезеңі де суреттеледі. Əр дəуірдегі тасқа қашалған суреттер өзінің мəнері, мазмұн, сипат нұсқасы жағынан ерекше. Петроглифтер жай ғана сурет емес, олар көне сурет жазуының, пиктографияның тамаша ескерткіштері болып табылады»,- деген пікірінен біз қазақ халқының ежелгі ата-бабалары да ең көне жазу үлгісі – пиктографиялық жазуды меңгеріп қана қоймай, кеңінен қолданғандығын айқын аңғарамыз.
Түркітанушы ғалымдарымыз қазіргі кезде халқымыздың ру таңбаларын идеограммалар қатарына жатқызып, этногенез мəселесінде, этнонимдердің шығу төркінін айқындауда құнды дерек көзі ретінде қарастырып жүргендігі аян. Дəл осы жерде қазақтың ру таңбалары мен ен таңбаларындағы байланыс жайында ғалым А.Аманжоловтың мына бір пікірін келтіре кеткен орынды сияқты: «...арғынның «көз» таңбасы, қоңыраттың «босаға» таңбасы сияқты айғақтық белгілердің тиісті заманда атқарған қызметін айқындап, əлеуметтік орнын белгілеудің халқымыздың этногенезін шешуде орны ерекше». Түркі халықтары мекендеген басқа өңірлердегідей Қазақстан жерінде де қола дəуіріне жататын логографиялық жазу үлгілері аз кездеспейді, мысалы: Алатау бөктеріндегі Таңбалы сайдағы, Шығыс Қазакстандағы Ақбауыр маңындағы Күн бейнелі таңбалар, Қаратау баурайынан табылған сүйектегі жазулар. Жергілікті ру-тайпа өкілдерінің наным-сенімдерін білдіретін, киелі ұғым - Күн Тəңірінің символдық бейнесін көрсететін алуан түрдегі суреттер Маңғыстау өңірінен де табылған. Көне түркі руникалық жазуының Жерорта теңізі маңындағы алғашқы жазулармен, яғни финикий жазуының жалғасы арамей жазуымен, одан тараған соғды жазуымен генетикалық жақындығы жайлы, тіпті соғды жазуының негізінде пайда болған деген де пікірлер айтылып жүр. Əрине, ежелгі түркі əліпбиінің басқа да көне жазу үлгілерімен тектестігі дау тудырмайды, бірақ та қазақ рунатанушылары Ғ.Айдаров, А.Аманжолов, Қ.Сарт-қожаұлы, М.Ескеевалардың пікірінше кей ғалымдардың «Бізді заманымызға дейінгі -Іғасырлардағы садəуірінде-а олданыста болған тркі руналарын одан кейін олданылған (б.з.б. I ғ.-б.з. IX ғ.) соғды жазуынан тарады» деген тұжырымдары шындыққа жанаспайды. Қазақстан жерінен табылған көне түркі таңбаларының қалыптасуы, жазу жүйесінің тарихы, эволюциялық даму жолы негізінен палеография ғылымының аясында зерттеліп келеді. Бүгінде қазақстандық палеограф ғалымдар көне жазба ескерткіштердің жазылған жері мен мерзіміне тəн сипаттарды, жазу таңбаларының пайда болуы мен дамуын зерттеп қана қоймай, сонымен қатар шартты түрде жазылған құпияжазуларды оқып, олардың оқылу қағидаларын қалпына келтіру үшін көп еңбектенуде. Сондай-ақ қазақстандық палеография тарих ғылымының салалары - дипломатика, эпиграфика, нумизматика, сфрагистикалармен біріге отырып, Қазақстанның ежелгі мəдениет ошақтарынан табылған жəдігерліктерді зерттеп қарастырады. Əсіресе, Қараханид, Қыпшақ дəуірлеріне жататын теңге бетіне жазылған жазулар мен хандардың мөрлері бетіндегі таңбаларды зерттеуге қатысты нумизматика мен сфрагистика қатысты зерттеулер əлем түркітанушыларының қызығушылығын тудырып отыр. Атап айтқанда, түркі елбилеушілердің еншісінде болған Талас өзенінің бойынан табылған көне мөрде (б.з. Ү-ҮІП ғғ.) төрт өріптен тұратын «сөзүм» деген көне түркі жазуы бар. Көне құжаттардың мəтіндерін зерттейтін дипломатика саласы Орта Азия түркілері мен Армян колониясы қыпшақтары тілінде жазылған құжаттарды кеңінен қарастырса, эпиграфиканың қарастыратын нысаны – тас, метал, ағаш, сүйек, қыш т.б. қатты заттарға өткір, үшкір құралдармен қашап, ойылып жазылған көне мұраларымызды зерттеуде біраз жетістіктерге жеткенін ешкім жоққа шығара алмайды. Осыған орай қазіргі кезде Қазақстаннан табылған көне түркі жазба ескерткіштерін түркітанушы ғалымдар төмендегідей жіктейді:
1. Алтай ескерткіштері – көне дəуір ескерткіштері. ХҮІІІ ғасырдың басынан зерттеле бастады. 1713 жылы көне зираттарды тонаушы «бугровщиктердің» ұрлаған асыл бұйымдары Ресей патшасы І Петрге жетіп, «І Петрдің Сібір коллекциясы» аталған археологиялық коллекция жасалынды. Сол бұйымдар қазір Санкт-Петербургтегі Эрмитажда қымбат экспонант ретінде сақтаулы. Алтай өлкесіне жіберілген географиялық экспедицияларға Г.Ф.Миллер, П.С.Пал-лас жетекшілік етті. В.В.Радлов Бұқтырма өзенінің бойындағы Берел жазығынан ерте темір дəуіріне жататын обаны тауып, одан түрлі алтын бұйымдар мен əшекейлер тапты. Шығыс Қазақстандағы Алтай тауы етегінен осындай дүниелер көп табылды. Алтай ескерткіштерін мүрделердің жерлену дəстүріне, табылған бұйымдардың ерекшеліктеріне қарай хронологиялық жағынан төрт кезеңге бөлуге болады : Күрті (б.з.б. ҮІІІ–ҮІІ ғ.); Майемір (б.з.б. ҮІІ–ҮІ ғ.); Пазырық (б.з.б. Ү–ІІІ ғ.) жəне Құлажорға (б.з.б. ІІІ–І ғ.). Алтай ескерткіштері бұл өңірді мəдениеті, шаруашылығы, дінинанымдары ортақ этностар жайлағанын, Алтайдағы сақ мəдениетінің алғашқы қалыптасу орталығы болғанын көрсетеді.
2. Ертіс жазба ескерткіштері қатарын археолог Ф.Х. Арсланованың 1960 жылы Ертіс өзенінің оңтүстік жағасында (Павлодар облысы, Бобровое елді мекені) жүргізген далалық зерттеу жұмыстары кезінде көне қорғаннан табылған сүйек тоғадан бастаймыз. Бұғы бейнелі сүйек тоғаның бетіне алты таңба ойып жазылған. Белгілі рунатанушы профессор Алтай Аманжоловтың пікірінше, ескерткіштің жазылу уақыты – б.з.б. Ү-ІҮ ғасырлар. Сүйек тоғадағы жазудың мағынасы: «Ақ бұғы – құт бұғы». Ескерткіштегі жазу үлгісі Есік жазуына ұқсас. Шығыс Қазақстан облысы, Үржардан табылған қола айнадағы жазуды ғалым: «ер шушук азиз өлүт» – «ер шарап ішкен соң мезгілсіз өлді»,- деп аударады. 1969 жылы Ф.Х.Арсланова Шығыс Қазақстан облысы, Шемонаиха ауданы, Зевакино ауылы маңындағы қорғаннан əйел мүрдесін табады. Оның жанында алтынмен қапталған екі күміс сырға, балықтың қоладан құйылған мүсіні мен қола айна табылады. Ішкі жағында 11 таңбадан, ал шетінде 20 таңбадан тұратын көне түркі жазу бар. А.Аманжолов ішкі жазуды: «Жебеуші – қызыл айдаһар»,- деп, ал айнаның шетіндегі жазуды: «Əйел – үйдің құты»,- деп оқиды. Жарма ауданындағы Қалбатау петроглифтерін зерттеген ғалым Шойтабан мекенінен «абагай – ағатай» деген жазуды табады. Марқакөл ауданындаңы Қызылтас жартасынан «Ай элиг – Ай қаған мекені» деген руна жазулы мəтін табылды. Павлодар облысынан табылған күміс білезікте «Шашуқ айу қоқыс – шашылған байлық қоқыс» деген сөйлем бедерленген. Ал Күршім ауданы, Қаратоғай мекенінен табылған тас мөрде «таңда –тын» деген сөз тіркестері ойып жазылған.
3. Есік жазба ескерткіштері – Қазақстанда сақ дəуірінен сақталған ескерткіштер. 1970 жылы Іле өңірінің тау бөктеріндегі Есік қаласы іргесінен б.з.б. Ү-ІҮ ғасырларда салынған үлкен қорым қазылды. Қазу жұмыстарының жетекшісі – Қ.Ақышев. Обаның ішінен алтынға бөленген жауынгердің мəйіті, дулығасы, алтын сапты қанжары мен семсері, түрлі ыдыс-аяқ жəне жұмбақ жазуы бар күміс тостағанша табылды. Күміс тостағаншаның сыртқы жағында ойылған 26 таңба екі жолға жазылған. Үстіңгі жол тостағаншаның тура түп ортасына, ал астыңғы жол бүйір тұсына жиектеі ойылған. Үстіңгі жолда 9 таңба, астыңғы жолда 17 таңба бар. Күміс тостағаншадағы осы таңбалар, біріншіден, көне түркі сына жазулары таңбаларына ұқсас, екіншіден, Жерорта теңізі төңірегіндегі көне əліпбилік таңбаларға – көне грек жəне арамей əріптеріне үйлеседі. Ғалым А.Аманжоловтың Есік жазба ескерт-кіштерінің көне түркі тілінде оңнан солға қарай оқуы мынадай: «Аға, саңа очқуқ! Без чөк! Букун ічрер азуқ» (Аға саған бұл ошақ! Бөтен ел адамы тізеңді бүк! Халықта азық–түлік мол болғай!). Бұл жазудың аса бір құндылығы – ертедегі Қазақстан жерін мекендеген сақ тайпаларының тілі көне түркі тілі болғандығын тағы да нақты дəлелдей түседі, алғашқы көшпелілердің бұдан 2500 жыл бұрын өз жазуы болғандығын жəне оның кең түрде қолданылғандығын танытады.
4. Отырардан табылған ескерткіштер. Отырар, Тұрарбанд, Тұрар, Тарбанд, Фараб – ортағасырлық қала орны. Отырар ҮІІІ ғ басынан Тарбанд деген атаумен белгілі болған. Бұл атау Білге қаған жəне Күлтегін ескерткіштерінде кездеседі. ҮІІІ ғ араб географы Якут Отырар, Тұрарбанд, Тұрар, Тарбанд қалаларының бір қала екендігін атап көрсетеді. Сол сияқты Х ғ жазбаларында Кедер деген орталық қаласы бар Фараб аймағы жайында сөз болады. Қалада сол кезде əлемдегі аса ірі кітапхана мен көптеген мешіт-медреселер болған. 1219 жылғы моңғол шапқыншылығынан кейін қала қайта жанданып, дүниежүзілік саудада бұрынғысынша делдалдық рөл атқарған. Археологиялық қазбалар нəтижесінде табылған бұйымдар ішінде нумизматикалық материалдар мен ыдыстардың түбіне салынған тамғалы белгілердің құндылығы айрықша. Ыдыстарды күйдіргенге дейін салынған мұндай белгілер оның тек түбінде ғана емес, төменгі бөлігінде де кездеседі. Бұлар қазақтың Керей жəне Қыпшақ руларының таңбаларына сəйкес келеді.
5. Талас жазба ескерткіштері Қырғызстан мен Қазақстандағы Талас өзені бойынан табылған. Ескерткіштер қойтастар мен жартастарға, бұйымдарға ойылып жазылған. Жалпы саны 20 шақты. Тастағы таңбаларды алғаш рет 1896 жылы В.А.Каллаур зерттеген. 1961 жылы археолог–фотограф П.Н.Коже-мяко Талас өзені бойынан төрт жолдан тұратын жазуы бар жаңа ескерткіш тапты. Осы жолы қырғыз экспедициясы тағы да үш ескерткіш тапты. Тастан жасалған аспалы мөрдегі көне түркі руникалық жазуы 4 əріптен тұрады: сөзүм – сөзім. Дөңгелек тастың жарты сынығындағы көне түркі руникалық жазуда 4 əріп жəне сөз айыру белгісі кездеседі: аб албағ – аң аулау. Ғалымдар мұны аңшылық тұмары деп есептейді. Эрмитажда сақтаулы тұрған шырша таяқшадағы ойма жазуды С.Е.Малов, Х.Н.Оркун, А.М.Щербактар зерттеп, жазудың көне түркі руникалық таңбаларымен ұқсастығын көрсетті. Таяқшаның төрт қырына ойылып жазылған жазуды оңнан солға қарай оқығанда, «ачуғ қашуқ» – «сый қасық» деген мағына береді. Талас жазба ескерткіштерінен қазақ жəне қырғыз тілдеріне ұқсас көптеген фонетикалық, лексикалық, морфологиялық жəне синтаксистік ерекшеліктер кездеседі. Қазақ тіліндегідей əрбір сөздің морфологиялық құрамындағы буындар үндестік заңына бағынып, не біркелкі жуан, не біркелкі жіңішке жазылады. Сондай-ақ көптік, септік, тəуелдік жалғаулары, сөз тіркестері, сөйлем құрылымы жағынан да қазақ, қырғыз тілдеріне жақын келеді. Талас жазба ескерткіштерін В.В.Радлов, П.М.Мелиоранский, Ю.Немет, И.А.Бат-манов, Ч.Жұмағұлов, С.Киселев, Ғ.Айдаров, А.Аманжолов, Ə.Құрыш-жанов, М.Томанов, А.Есенқұлов, т.б. ғалымдар зерттеген. 1896 жылы Айыртам-Ойдан табылған таста жазылған руна жазуын А.Аманжолов «Менің еккен егісім – ықта, Ер атым – Утын. Оның əміршісі, əйелі жесір қалды. Оның інілері Қара барыс пен Оғұл барыс оның достарына қалды» деп аударады. 1898 жылы табылған екінші тастағы жазуды ғалым «Отыз оғлан – оның сенімді достары. Мешін жылы тайпалық одақтың қоршауында... Ер атым – Қара Шор, жауларым үшін Жазбас Қол. Оның алты туысы, байлығы, жері, егіз қарындасы ... ол өлді. Қара Шор – мықты мерген Жазбас Қол. Қара Шор ... өкінішке орай өз туыстарынан бөлінді. Оның əкесінің аты – Туған, ұлының аты – Қара Шор» деп оқиды. Осындай бірнеше тас бар.
6. Ұлытау өңірінің ескерткіштері – Сарыарқаның батыс бөлігіндегі Ұлытау тарихи өлкесінің шеңберңнде орналасқан, тас дəуірінен бастап бертінгі қазақ заманына дейінгі аралықты тұтас қамтитын ескерткіштердің аса үлкен тобы. Ə.Марғұлан Ұлытаужəдігерлерін кешенді түрде зерттеу ісін алғаш рет 1946 жылы бастады. Көне ескерткіштер тарихы тас дəуірінен басталады. Палеолит жəне неолит дəуіріне тəн бұйымдарда кездесетін таңбалар ішінде пиктографиялық жазу үлгілері көптеп кездеседі. Айдос, Талдысай, Өрезайыр, Айбас, Жанайдар обаларынан табылған заттар Беғазы-дəндібай мəдениетіне жатады. Алтыншоқыдан табылған Ақсақ Темірдің жарлығымен естелік сөз жазылған əйгілі тас қазір Санкт-Петербургтегі Эрмитажда қымбат экспонант ретінде сақтаулы.
7. Саураннан табылған ескерткіштер. Сауран – ортағасырлық қала, Оңтүстік Қазақстан облысындағы Түркістан қаласынан солтүстік-батысқа қарай 35 км жерде. Қалашықты А.Гейнс, П.Лерих, А.Бернштам, Қ.Ақышев зерттеген. Жазба деректерде Х ғасырдан бастап кездеседі. ХҮІ ғ Ақ Орданың астанасы болған. Қала орнынан шағатай, араб жазуымен жазылған бұйымдар табылған.
8. Сарайшықтан табылған ескерткіштер. Сарайшық – ортағасырлық қала орны. Атырау қаласынан солтүстікке қарай 50 км жерде, Жайық өзенінің оң жағалауында орналасқан, ҚаланыП.С.Паллас, Ф.Гебель, Н.Артюзов, Ə.Марғұлан зерттеген. Көптеген бұйымдар табылды, солардың ішінде Өзбек жəне Тоқтамыс хандардың құйғызған теңгелерінің нумизматикалық тұрғыдан алғанда орны ерекше. ХІ–ХҮІ ғ аралығында өмір сүрген қала жəдігерліктері əлі де болсын зерттеуді қажет етеді.
9. Сығанақтан табылған ескерткіштер. Сығанақ, Сунақ – ортағасырлық қала орны (ҮІ–ХҮІІІ ғ.). Қызылорда облысы, Төменарық темір жолы станциясының солтүстік–батыс жағында 10 км жерде орналасқан, Қаланы П.И.Лерх, И.А.Кастанье, А.Н.Бернштам зерттеген. Қала туралы алғашқы мəлімет Х ғасырдағы парсы шығармасы «Худуд əл–Əлемде» кездеседі. Ертедегі Сығанақ қыпшақ мемлекетінің сауда жəне саяси орталығы болған. Жошы ұрпақтары кезінде Ақ Орданың орталығы ретінде танылып, төл теңгесін соққан қалалар қатарында.
10. Сырдария жазба ескерткіштері – Оңтүстік Қазақстан облысындағы Шардара су қоймасы маңындағы Ақтөбе қалашығында 1960 жылы жүргізген зерттеу жұмыстары кезінде табылған. Мөр мен қыш құмырадан тұрады. Мөр бетінде 9 таңбадан тұратын ойма жазу б.ар. Бұл таңбалар дəстүрлі көне түркі жазуына сəйкес. Мағыналық баламалары: «Ханзадалар іліңдер» жəне «Батыр Алыптар - Ас». Ескерткіш ҮІ-ҮІІ ғ жататын археологиялық қатпардан табылғанымен, одан даертеректе жазылған. Сырдария жазба ескерткіштері кеуіп үлгермеген кірпішке жазылған. Бұл жазба ежелгі түркілердің ең көне əліпбиіне ұқсас болғандықтан, зерттеушілер б.з.б. ІІ-І ғ арылығындағы Қаңлы заманына телиді. Мəтін оңнан солға қарай оқылады, əріптердің бəрі жақсы сақталған. Алтынтөбеден табылған қыш құмыра табанында екі таңбалы көне түркі ойма жазуы бар, оның аудармасы – шебер, үздік.
11. Іле жазба ескерткіштері Алматы облысы, Іле өзенінің аңғарынан табылған. Олар руникалық жəне көне грек əліпбиімен жазылған. 1964 жылы А.Аманжолов Алматы облысы, Ұйғыр ауданы, Терексай алқабындағы Кетмен қыраттарынан руна жазулы ескерткіштердің алғашқы тобы табылды. Төрт таңбадан тұратын жазу «тау теке» деп аударылады.Садыр сайынан табылған жазуда руникалық жəне көне грек əліпби таңбалары бірге кездеседі. Бұл жазуды ғалым «төлде» деп оқиды. Нəдір сайындағы жартастан табылған жазу үлгісінде тау текелер мен «ер азығы елдестен» деген сөйлем жазылған. Алматы облысы, Іле ауданы, Николаевка ауылының маңындағы обаларды қазу кезінде археолог К.Байпаков тапқан қола жүзікте көне түркі əліпбиімен жазылған «тізеңді бүк, сұсты» деген сөздер бар. Ал 1962 жылы Алматы облысындағы Тайғақ сайындағы жартастан көне грек əліпбиімен жазылған жазу табылды. Ең алғаш рет бұл жазу жайында мəліметті 1897 жылдың 29 қыркүйегінде Жоңғар Алатауының оңтүстік-батыс алқабын аралаған орыс этнографы Н.Н.Пантусов берген болатын. Ол Тайғак сайынан ағып өтетін Іле өзені аңғарынан тибет жазуын тапқандығын жөнінде жазады. «Om mani padme hum» сөздері грек жəне санскрит жазуларымен берілген. Сол сияқты грек əріптерімен жазылған «Исар» сөзі сақтан шыққан будданың атын білдірсе, альфа жəне пи əріптері 1000 мен 80 сандары 1080 деген жылды көрсетеді. Ол б.д. 769-770 жылдарға сəйкес келеді. Табылған жазу түркі-тохар байланыстарынан хабардар етеді. 1967 жылы А.Аманжолов Алматы облысы, Ұйғыр ауданы, Дардамты ауылы маңындағы жартастардан көне грек əліпбиімен жазылған түркі тілінде жазылған мəтін тапты. Оңнан солға қарай бағытта жазылған жазудағы 7 таңба «Ақ бабам» деп аударылады. Талғар қаласы жанындағы ескі обалардан табылған тас тиірмен бетіне қашалған «тамыз алып көке (адал ердің қарындасы)» сөзінде финикий жəне көне түркі əріптері қатар кездеседі. Сонымен, келтірілген деректерден көне түркі мəдениетінің ажырамас бөлігі болып саналатын бұл ескерткіштерде кездесетін байырғы түркілердің таңбалары мен символикалық белгілері зерттеушілердің назарын үнемі аударып келгендігін аңғаруға болады. Алайда ұланғайыр Еуразия даласындағы түркі тілдес халықтардың таңбалары, олардың шығу тегі мен даму барысы, трансформациясы жайында толыққанды біртұтас ғылыми зерттеулер жасау – болашақтың ісі. Мұндай зерттеулер барысында түркі руникалық мұрасының бүкіл түркі халқына ортақ екендігін міндетті түрде ескерген абзал. Себебі көне түркі жазба ескерткіштері түркі жазуы тарихының қайнар көздерінің бірі дей отырып, оны əр қырынан зерттеуге алу бүгінгі күн талабы демекпіз.
Əдебиеттер:
1. Аманжолов. Түркіфилоло-гиясыжəнежазу тарихы. - А., 1996,42-бет.
2. В.А. Лившиц. О проис-хождении древнетюркской рунической письменности. //
Археологические исследования древнего и средневековогоКазахстана. - А., 1980,3-13-бет.
3. О.Сулейменов. «Язык письма». Алматы-Рим, 1999.
4. Акишев К.А., Кушаев Г.А. Древняя культура саков и усуней долины реки Или. Алма-Ата, 1963
5. 5.Маргулан А.Х., Акишев К.А., Кадырбаев М.К., Оразбаев А.М. Древняя культура
Кыргыз тили жана адабияты 20/2011
Центрального Казахстана. - Алма –Ата, 1966.
6. Акишев К.А. Курган Иссык. - Москва, 19
Жазудың қандай түрі болмасын белгілі бір таңбалар арқылы жасалады. Жазу заңдылығын ғылыми тұрғыда дамыту бағытында алдымен фонетика мәселелерін шешіп алу керек, себебі кез келген сөйлемдегі сөз дыбыстардан тұрады. Сондықтан тілдің дыбыс жүйесіндегі әр фонеманың тілдік қасиеті орфографиядағы фонетика мәселелеріне, фонемалардың өзіндік фонологиялық ерекшеліктеріне, әліпбиге жете назар аударуды қажет етеді. Қазақ жазуы мен әліпбиі тарихында А.Байтұрсынұлының араб графикасын қазақ тілінің дыбыс жүйесіне бейімдеп жасаған әліпбиі мен жазу теориясының маңызы зор. Оның араб графикасына негізделген (төте жазу) еңбегі 1912 жылдардан бастап белгілі болып, әр түрлі басылымдарда елге танылды. Қазіргі әліпбиіміздегі 42 әріптің қызметін А.Байтұрсынұлы жасаған әліпбиде 16 әріп пен дәйекші атқарған еді. Қазақ тілінің табиғатына сай келтіру мақсатында араб графикасына өзгеріс енгізген: ғалым 24 әріптің ішінен араб жазуынан 16 таңбаны дайын күйінде алған да, 8 таңбаны өзі қосқан. Ал араб жазуынан алынған екі әріптің таңбасы төте жазу әліппесінде басқа әріптерді таңбалайды.
Қазақ жазуы тарихында 1924 жылы 12-14 маусым аралығында Орынбор қаласында өткен Қазақ білімпаздарының тұңғыш құрылтайында қазақ жазу емлесін бір ізге түсіру мәселесі жөнінде құрылған комиссия жазу емлесін айтпастан бұрын «...Әуелі қазақша дыбыстар қандай екенін, оған лайық таңбалардың нендей болуын ашып алу керек» деген тоқтамға келіп, қазақ тіліндегі «24 дыбыс былай жіктелсін: 1) дауысты (а, о, ұ, ы, е ); 2) жарты дауысты (и, у, л); 3) ұяң (м, н, ң); 4) ымырасыз (д, г, ғ); 5) ымыралы (ж, з ); 6) қатаң (б, п, т, с, ш, қ, к ). Бұл әріптердің әліпби реті былай болады: а, б, п, т,ж, ш, д, р, з, с, ғ, қ, к, г, ң, л, м, н, ұ, о, у, е, ы, и»,- деп қаулы қабылданған еді Комиссия жұмысында и мен у арқылы жазу мәселесі, яғни А.Байтұрсынұлы мен Е.Омаровтың «қазақ тілінде ұзын « у» мен ұзын «и» жоқ» деген пікірі қолдау тауып, оларды қос әріппен жазуға келіседі [1, 22-б.]. Шындығында да, қазақ тілінде дауысты «и» мен «у» жоқ. Жазу емлесі жөнінде талқылау барысында «тілімізде үндестік заңы бар деген соң, сол заңның арқасында дәйекшімен жазуды жеңілдете алатын болған соң, «к» мен «г» дыбыстарына өз алдына әріп алмай-ақ, жұмсақ сөзде келетін «қ» мен «ғ» әріптерімен белгілеу туралы пікір айтып, бұл төрт дыбысты жеке-жеке таңбалап, кейіннен «к» мен «г» дыбысының «тегі» тексерілсін деген шешім алады. Бұл шешімнің де дұрыстығын қазіргі жазуымыз дәлелдеп отыр. Қазақ әліпбиі мен жазуы 1929 жылғы 25 маусымда жаңа орфографияға көшіріліп, бұрынғы араб графикасының орнына латын әріптерін қабылдады. Латын графикасына негізделген қазақ әліпбиінде 9 дауысты, 2 жарты дауысты, 18 дауыссыз дыбысты таңбалайтын 29 әріп болды. Алғашқы кезде бас әріптер болған жоқ еді, сондықтан 1930 жылғы 11 маусымдағы жоғары жақтың шешімі бойынша әліпбиге бас әріптер енгізілді.. Жаңа жазу заңдылығы 30 параграф және 12 ескертпеден тұрса, оның 18 бөлімі орыс тілінен енген сөздерге, терминдерге, қалған 12 бөлімі қазақ сөздерін жазуға қатысты болды. Фонетикалық принципті басшылыққа алған сол кездегі жазу емлесінің кемшілігі жеке сөздерді, әсіресе, орыс тілінен енген сөздерді бірнеше вариантта құбылтып жазуға жол берді. Қ.Жұбанов ұу, үу, ый, ій - қосынды дыбыстар екендігін көрсете отырып, оларды жазуда жалаң «у», «и» әріптерімен таңбалау туралы айтқан ұсынысы жазу сауаттылығын жақсарту бағытындағы сол алғашқы ізденіс кезеңі үшін маңызы болғанын жоққа шығара алмаймыз. Себебі, латын графикасына негізделген алғашқы дауысты дыбыстар қазақ әліпбиінде 13 әріп (17 таңба) арқылы белгіленген болса, ғалым енді оны қазақ тілінің ішкі мүмкіншілігін ескере отырып, 7 әріппен таңбалауға болатындығын көрсетеді. Бұл әріптер жалаң «у», «и» әріптерімен жазылғанмен, олар қосынды дыбыстар екендігі кейінгі еңбектерде дұрыс көрсетілмеуінен дыбыс пен әріптің арасын аша алмағандар жұртты түзу жолдан адастырды. Қазақ орфографиясын жетілдіру мақсатында 1938 жылы жазудағы негізгі принцип морфологиялық деп танылып қазақ әліпбиіне «ф», «х», «в» әріптері енгізіледі. Ал 1940 жылы 5 қарашада қазақ жазуын орыс графикасына негізделген жаңа әліпбиге көшіру туралы заң шығарылады. Қазақ әліпбиінің орыс графикасына негізделген жаңа жобасын ғалым С.А.Аманжолов жасаған еді. Оның авторлығымен 1940 жылы латын графикасымен жазылған емле ережелері де жарық көрді. Бұл алфавитте 41 әріп, яғни орыс әліпбиінен 32 әріп және қазақ тілінің өзіндік ерекшелігін танытатын 9 әріп, болды. Әліпбидегі әріптер орналасу тәртібі бойынша алдыңғы жағында орыс тіліне тән әріптер, ал соңғы жағында қазақ тіліне тән әріптер орналасты. Қазақ жазуында «ұ» дыбысының таңбасын жетілдіру қажеттігі туралы ғалым Н.Т.Сауранбаев: «Тәжірибеде «ỹ» әрпінің үстіне көлденең қойылатын сызықша баспада түсіп қала беретіндігі айқын болды. Оның түсіп қалуынан сөздің мағынасы бұзылады»,- деген еді [3, 39-б.]. Қазақ жазуында жуанды - жіңішкелі ұу/үу тіркесімдерін, яғни оқы, тоқы, кемі сөздеріне «у» қосымшасын жалғаған кезде, түбір соңындағы қысаң дауыстылар ұ/ү болып, әлгі сөздер оқұу, тоқұу, кемүу болып айтылса да, жазуда сөз соңындағы екі дыбысты бір ғана у әрпімен таңбалау заңдастырылды. Сол кезеңде жуанды – жіңішкелі ый/ій дыбыстары тіркесімін бір ғана әріппен (и) таңбалау туралы М.Балақаевтың пікірі болған еді. «Жуанына да, жіңішкесіне де «и» жазудан сөздің мағынасы бұзылмайды, қайта «ый» жазылатын сөздердің жазылуы бірыңғайланып жеңілденеді»,-деп Н.Т.Сауранбаев та қолдаған [3, 43-б.]. Кейіннен 1951 жылы «ұ» дыбысының бұрынғы таңбасы (ỹ) сәл өзгертіліп, қазіргі күйінде жазылатын болды. Сондай-ақ, әліппеге «ё» дыбысы енгізілді. Қазақ әліпбиіндегі әріптердің оранласу тәртібі 1957 жылы қайта өзгертіліп, қазіргі тәртіппен жазылған еді. Қазіргі әліпбиімізде 42 әріп бар, оның 9-ы қазақ тілінің дыбыстық ерекшелігіне сай келтірілген (ә, ө, ү, ұ, і, ғ, қ, ң, һ ) әріптер болса, 33 әріп орыс тілінен өзгеріссіз алынды. Бұл әріптер 15 дауысты, 25 дауыссыз және дыбыстық мәні жоқ 2 әріп (ь, ъ) таңбаны бейнелейді. Қазақ тілінің алғашқы орфографиялық сөздігі 1941 жылы жарық көрсе, одан кейін толық басылымы 1963 жылы жарияланып, ал 1978, 1988 жылдары кейбір кемшіліктер түзетіліп, жетілдіріліп қайта басылады. Бұл сөздіктердің шығуына белгілі тілші ғалымдар арасындағы қызу пікір алмасу, талқылау барысында 1957, 1983 жылдары толықтырылып қабылданған «Қазақ тілі орфографиясының негізгі ережелері» негіз болды. «Қазақ жазуындағы жетекші принцип қандай, яғни фонетикалық принцип пен морфонологиялық принциптің қайсысын ұстанып жазып жүрміз?» деген мәселе жөнінде ғалымдар пікірі бір-бірінен алшақ түседі. Шындығында, қазіргі жазуымызда сөздің түбір тұлғасын сақтап жазу да, сөздің айтылу ерекшелігін ескеріп жазу да бар екенін көреміз. Мысалы, I. Фонетикалық принцип бойынша жазу: 1) үндестік заңы бойынша жазылатын сөздер; 2) кейінгі ықпал заңына бағына жазылатын сөздер (жүрегі-жүрек, қабы-қап); II. Морфологиялық принцип бойынша жазу: 1) Сөз тұлғасын сақтап жазу (жамбады-жанбады, башшы-басшы); Осы орайда, М.Жүсіпұлы қазақ орфографиясының негізгі принципі – сингармофонологиялық принцип деп көрсетіп, «Қазақ тілінің сингармофонологиялық принципі үш түрлі орфографиялық принципті қамтиды: а) морфологиялық, себебі: морфема әркез бір түрлі жазылады; ә) фонетикалық, себебі морфема, сөз көбінеше айтуынша жазылады; б) фонологиялық (фонемалық), себебі: морфеманың құрамында әр кез бір түрлі фонемалар қоры сақталады», - дейді [4, 157-б.]. Қазақ графикасы мен орфографиясының фонологиялық негіздері жөнінде зерттеу жүргізген ғалым Н.Уәлиев айтылған сөзді арнайы таңбалармен жазу мәселесін дыбыс – фонема – графема – әріп байланыстары арқылы түсіндіріп, инвариант – вариант тұрғысынан талдайды. Тілде фонетикалық құбылыстардың ұшы-қиыры жоқ. Ал олардың жазуда таңбалануы сөздерді фонемалық негізгі реңкі бойынша жазуға, яғни фонематикалық принципке негізделетінін көрсетеді.
Белгілі фонетист ғалым С.Мырзабеков емле ережелерін жетілдіру барысында «соңғы буынында «ы», «і» дыбыстары бар сөздерге (орын, құлық, көрік т.б.) дауысты дыбыстан басталатын қосымша жалғанғанда «ы», «і» дыбыстары кей уақытта түсіп қалады» деген ережедегі «ы, і дыбыстары» деген дұрыс емес, дұрысы «ы, і әріптері» екенін аңғару керек, өйткені бұл жерде «ы», «і» әріп, олар «ұ», «ү» болып дыбысталады дейді.
Қазақ тіл білімі дамуының жаңа кезеңдегі жетістіктері қазақ жазуын да жетілдіріп, оның теориялық жағынан дамуына себеп болып отыр. Қазақ тілі дауыссыздар жүйесінде «х», «h» фонемалары жоқ, олар тек одағай сөздерде, интервокаль позициада (дауыстыаралық) және «с», «ш» дыбыстарымен іргелес келгенде «қ»-ның түрленімінде, араб-парсы тілдерінен енген сөздерде айтылып, жазылып жүр. Сондықтан «х», «h», «қ» дыбыстары әртүрлі айтылса да, қазақ тілінде олар бір «қ» фонемасының түрленімі ғана деп танылады. Қазақ жазуында «у» фонемасының таңбалануында да ойланатын қайшылық тұстары бар екені көзге ұрып тұр. Жазуда «у» әрпі дауысты дыбыстардан кейін келіп дауыссыз дыбысты таңбаласа, дауыссыз дыбыстан кейін жазылғанда қос дыбыстың (ұу/үу) тіркесін таңбалайды. Ендеше «у» әрпі арқылы 1). «ұу», 2). «үу», 3). «У» дыбыс тіркестері мен жалаң дауыссыз дыбысты танытады. Сонда «у» әрпі «тау» деген сөзде ашық езуліктен кейін келіп, бір дыбысты, «су» деген сөзде қысаң еріндіктен кейін келіп, қосар дыбысты таңбалайды. Қазіргі жазуымызда «ый», «ій», «ұй», «үй» дыбыстары тіркестерін таңбалайтын «и» әрпі мен жалаң дауыссызды таңбалайтын «й» әрпінің екеуі де сайып келгенде бір «j» фонеманы таңбалайтынын байқауға болады. Сондай-ақ, қазіргі жазуымызда «ый», «ій», «ұй», «үй» дыбыстары тіркестерін таңбалайтын «и» әрпі мен жалаң дауыссызды таңбалайтын «й» әрпінің екеуі де сайып келгенде бір «j» фонеманы таңбалайтынын байқауға болады. Қазақ тіліндегі «ы», «і» дыбыстары, біріншіден, фонемалық қасиетімен қатар, екіншіден, қатар келген екі дауыссыздың арасына тұрып, селбеспелік қызмет атқарады. Сонымен қатар, осы дыбыстарды біреулер жазуда, шама келгенше, аз қолдануды жақтап, мағынаға әсер етпейтін жағдайларда жазбауды жақтаса, енді біреулер түбір мен қосымша арасында бірнеше дауыссыз қатар келмеуі тиіс, сондай-ақ буын мен сөз аяғында келмейтін «б», «д», «г», «ғ» дыбыстырынан кейін «ы», «і» қолданылғанын жақтайды. Осындай тағы басқа жағдайларға байланысты қазір «рақ/мет», «ем/ле», «бағ/лан», «мәс/лихат» деген т.б. сөздерді «ы», «і» дыбыстарынсыз жазып, ал осындай «қазына», «мағына», «қатынас», «абырой», «жұдырық» деген т.б. сөздерде «ы», «і» дыбыстарын түсірмей жазып жүрміз. Бұл жағдай - белгілі дәрежеде қиындық келтіретін жазу емлесіндегі ескеретін тұстардың бірі. Қазіргі кезде қазақ елі әліпбиі мен жазуын жетілдіре түсу ниетімен латын графикасына көшуге бел буып отыр. Латын қарпі арқылы таңбаланған қазақ әліпбиі мен жазуы қазақ елін жаңа биіктерге бастайтынына кәміл сенеміз. Жаңа ғасырда жаңа әліпбиімізді меңгеріп, жазуымызды түзесек, тіліміздің де болашағы жарқын болады.
Әдебиеттер
1. 1920-30 жылдардағы қазақ тілі жөніндегі зерттеулер:- Қарағанды : ҚарМУ, 1994.-19-22 б.
2. Жұбанов Қ. Қазақ тілі жөніндегі зерттеулер. -Алматы: Ғылым, 1999.-581б.
3. Сауранбаев.Н.Т. Қазақ тіл білімінің проблемалары.-Алматы: Ғылым, 1982.-351 б.
4. Джусупов М. Фонемография А.Байтурсынова и фонология сингармонизма.-Ташкент:
Узбекистан, 1995.-176 с.
5. Уалиев Н. Фонологические основы казахской графики и орфографий АКД. – Алматы: 1993.-21с.
6. Мырзабеков С. Қазақ тілінің дыбыс жүйесі.- Алматы: Сөздік-Словарь, 1999.-200 б.
Достарыңызбен бөлісу: |