«Қазақстанның қазіргі заман тарихы» пәні бойынша тарих емес мамандықтар студенттері үшін мемлекеттік емтихан сұрақтары 2020-2021 оқу жылы «Қазақстанның қазіргі заманғы тарихы»



Дата07.01.2022
өлшемі19,99 Kb.
#17591
түріСабақ
Байланысты:
сұрақтар


«Қазақстанның қазіргі заман тарихы» пәні бойынша тарих емес мамандықтар студенттері үшін мемлекеттік емтихан сұрақтары

2020-2021 оқу жылы


  1. «Қазақстанның қазіргі заманғы тарихы» пәні қоғамдық тарихи сананы қалыптастырудағы маңызын жазыңыз

  2. Қазақстанның қазіргі заманғы тарихын Ұлы Дала тарихымен сабақтастығын айтып беріңіз

  3. Қазақстанның қазіргі заманғы тарихын әлемдік тарихи үдерістер аясында сипаттап жазыңыз

  4. ХХ ғасыр басындағы қазақ қоғамдық саяси ойдың дамуын сипаттаңыз

  5. ХХ ғасыр басындағы мемлекеттілік идеясының жаңғыруның алғышарттарын атаңыз

  6. Қазақстанның қазіргі заманғы тарихын зерттеудің негізгі әдістерін анықтаңыз

  7. Зияткерлік қоғамның жасампаз тұлғасын қалыптастырудағы тарих ғылымының алатын орынын сипаттаңыз

  8. Қазақстанның қазіргі ұлттық идясының тарихи бастауларын білудің маңызын ашыңыз

  9. Қазақ зиялыларының қалыптасуы: әлеуметтік құрамы, білімі мен қызметі туралы баяндаңыз

  10. Бірінші орыс революциясының қоғамдық-саяси қозғалысқа әсері туралы мысал келтіріңіз

  11. 1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліс, оның себептері, қозғаушы күштері, басталуы, барысы және негізгі кезеңдері туралы баяндаңыз

  12. Тәуелсіз Қазақстан тарихнамасында 1916 ж. көтерілісті бағалауға жаңаша көзқарастың қалыптасуы туралы мысал келтіріңіз

  13. Ресейдегі ақпан буржуазиялық-демократиялық революциясы және оның Қазақстанға ықпалының ерекшелігін көрсетіңіз

  14. Жаңа заман дәуіріндегі ұлттық идея, ұлттық мемлекеттіктің қалыптасу эволюциясын түсіндіріңіз

  15. Кеңес өкіметін заңдастыру шаралары мен Қазақстанды кеңестендіру ерекшеліктерін көрсетіңіз

  16. Қазақ зиялылыларының ұлттық өкімет құру жолындағы іс-әрекеттері және «Алаш» қозғалысының тарихи мәнін көрсетіңіз

  17. Қазақстан тарихнамасындағы Алаш қозғалысы қайраткерлерінің еңбектерінің тарихи маңызын көрсетіңіз

  18. Қырғыз (Қазақ) АКСР –нің территориялық аймағының «жоғарыдан» белгіленуін көрсетіңіз

  19. Қырғыз (Қазақ) АСР-ның құрылуы – ұлттық мемлекет құру идеясын таптық негіздегі мемлекет құру идеясымен ауыстыру мәселені шешіңіз

  20. Азамат соғысының қазақтың дәстүрлі шаруашылығын күйзелтуі мен «Әскери коммунизм» саясатының қазақ өлкесіндегі арандату әрекеттерін көрсетіңіз

  21. Қазақстандағы жаңа экономикалық саясат (ЖЭС) және оны жүзеге асыру ерекшеліктерін түсіндіріңіз

  22. Ф.И.Голощекиннің «Кіші Қазан» идеясы және оның қатерлі мазмұнын түсіндіріңіз

  23. Қазақстанды индустрияландыру идеясының отаршылдық мазмұнын негіздеңіз

  24. Көшпелі және жартылай көшпелі қазақ шаруалары қожалықтарын күшпен отырықшылыққа көшірудің зардаптарын жазыңыз

  25. Меншіктен айыруға және күштеп ұжымдастыруға қарсы халық наразылығы мен көтерілістер – ұлт-азаттық қозғалыстар жалғасы екендігін дәлелдеңіз

  26. Алаш зиялыларына қарсы қуғын-сүргін – қазақ ұлтын рухсыздандырудың және мәңгүрттендірудің бастауы екендігін негіздеңіз

  27. Қазақстанның қоғамдық-саяси өміріндегі, мәдениетіндегі, білімі мен ғылымындағы ұлт мәселесіндегі таптық-партиялық принципті ұстану залалдары және оның ұлыдержавалық астарларының өзара байланысын табыңыз

  28. Кеңес өкіметінің білім және ғылым саласының реформаларындағы қайшылықтарды анықтаңыз

  29. Мәдениетте солақай және біржақты большевиктік тұжырымдаманың үстемдік алуын сипаттаңыз

  30. Соғысқа дейінгі Қазақстандағы қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық және мәдени-рухани ахуалды сипаттаңыз

  31. Кеңес Одағының батыры атанған қазақстандықтар мен қатардағы жауынгерлердің ерліктерін жазыңыз

  32. Соғыс кезінде жеңісті жақындату жолындағы тыл еңбеккерлерінің еңбектегі ерен ерлігін сипаттап жазыңыз

  33. Екінші дүниежүзілік соғыстың ащы қорытындылары мен тағылымды сабақтарын баяндаңыз

  34. Соғыстан кейінгі жылдағы Қазақстандағы ауыр ахуалы туралы түсіндіріңіз

  35. Республика өңіріндегі ядролық сынақтар және олардың зардаптарын көрсетіңіз

  36. Е.Б.Бекмаханов, Қ.И.Сәтбаев, Б.Сүлейменов және т.б. ғалымдардың еңбектерінен «қылмыстық» істерді іздестірудің зардаптарын көрсетіңіз

  37. Қоғамдық өмірдегі адам құқығын шектеуге бағытталған партиялық бақылаудың күшеюі мен тарихи зерттеулерден ұлтшылдықты іздестіру мәселелерін шешіңіз

  38. Барлық саладағы «кеңестік цензураның» күшеюінің адамдар санасына тигізген кері әсерлерін талдап көрсетіңіз

  39. Соғыстан кейінгі жылдардағы білім мен ғылымдағы жағымды өзгерістерді көрсетіңіз

  40. Тұңғыш қазақтың кәсіби тарихшысы Е.Б.Бекмахановтың негізсіз айыпталуын көрсетіңіз

  41. Н.Хрущевтың «жылымығы» жылдарындағы Қазақстанда күнәсіз қуғындалған мемлекеттік, қоғамдық қайраткерлерді «ақтау» және оның жартыкештік сипаты туралы жазыңыз

  42. КСРО мен ҚазКСР арасындағы территориялық мәселелерді шешудегі қайшылықтарды сипаттаңыз

  43. Қазақстандағы тың және тыңайған жерлерді игерудің кезеңдері, табыстары, экологиялық және демографиялық зардаптарын анықтаңыз

  44. 1955, 1962 жылдарда шетелдік қазақтардың Қазақстанға оралуына тарихи көзқарасты сипаттаңыз

  45. «Жылымылық» жылдарындағы экономиканы басқару саласындағы тиянақсыз реформаларды ашып жазыңыз

  46. Экологиялық дағдарыстар және Семей полигонындағы ядролық сынақтардың зардаптарын сипаттаңыз

  47. 1965 – 1966 жж. экономикалық реформалардың аяқсыз қалуы мен экономиканың экстенсивтік үлгісінің орнығуы туралы жазыңыз

  48. Тоқырау жылдарындағы ғылым, әдебиет және өнер саласындағы жетістіктер мен олардың қайшылықты сипатын салыстырыңыз

  49. Қайта құру мен жариялылықтың экономикаға әсерін жазыңыз

  50. Алматыдағы және республиканың басқа қалаларындағы Желтоқсан көтерілісі және оның шынайы себептерін сипаттаңыз

  51. Жаңа қоғамдық ұйымдар мен партиялардың пайда болуы туралы баяндаңыз

  52. Кеңестер Одағының ыдырауы және Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының (ТМД) құрылуы туралы баяндаңыз

  53. Тәуелсіз Қазақстан дамуының мемлекеттік стратегиясын түсіндіріңіз

  54. Тарихи-мәдени ескерткіштерді қорғау мен патриотизмді дамытудағы саяси рәміздердің рөлі мен маңызын жазыңыз

  55. Қазақстанның әлемдік қауымдастықтағы орнын сипаттап көрсетіңіз

  56. Өтпелі кезеңнің қиыншылықтары: экономикалық дағдарыс, әлеуметтік шиеленіс, тұрмыс деңгейінің төмендеуі, жұмыссыздық, қылмыстың көбеюін көрсетіңіз

  57. Индустриалдық-инновациялық дамудың мемлекеттік бағдарламасы, оны жүзеге асырудың алғашқы табыстарын көрсетіңіз

  58. ЭСПО-2017 өткізудің Қазақстан үшін маңыздылығын көрсетіңіз

  59. Тәуелсіз Қазақстанда этнодемографиялық үдерістер және ұлтаралық келісімнің нығаюын көрсетіңіз

  60. «Мәңгілік ел» идеясының негіздері: тарихи сабақтастық; қазақ мәдениеті; еркіндік; бірлік; күшті мемлекет; жоғарғы мақсаттар; Ұлы болашақ туралы сипаттап көрсетіңіз




Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет