Қазақстанның ең ірі мұнай кен орындары Қазақстан МЭЕҰ елдерінің арасында мұнай өндіруден 15 орында. Атырау облысындағы Қашаған мен Теңіз және Батыс-Қазақстан облысының Қарашығанақ мұнай кен орындары еліміздегі ең ірі кен орындары болып саналады. Жалпы мұнай өндіру Қазақстанның 5 өңірінде жүргізіліп жатыр. Мұнай қоры 12 милиард тоннаға жуық деп бағаланып отыр, бұл көрсеткіш бұрынғы КСРО елдерінің арасында Ресейден кейінгі ең мол мұнай қоры деп саналады.
Бүгінгі күні дүниежүзілік мұнай қорының 3%-на ие Қазақстан, әлемдегі мұнайға бай 15 елдің қатарына кіреді. Мұнайгазды аудандар еліміздің 62% аумағына орналасқан және 80-нен астамы игеріліп отырған 172 мұнай кен орындарын қамтиды. Мұнай қорларының 90%-дан астамы– Теңіз, Қашаған, Қарашығанақ, Өзен, Жетібай, Жаңажол, Қаламқас, Кенқияқ, Қаражанбас, Құмкөл, Солтүстік Бозащы, Әлибекмола, Орталық және Шығыс Прорва, Кенбай, Королевское ірі кен орындарына шоғырланған. Кен орындары Қазақстанның 14 облысының алтауында орналасқан. Олар Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қызылорда және Маңғыстау облыстары. Бұл ретте, көмірсутектері қорларының шамамен алғанда 70%-ы Қазақстанның батысында топтасқан.
Аумағында 930 млн. тонна өнеркәсіптік санаттағы қорлары бар 75-тен астам кен орындары ашылған Атырау облысы неғұрлым барланған мұнай қорларына ие. Облыстың ең ірі кен орны – Теңіз (бастапқы алынатын қорлары – 781,1 млн. тонна). 150 млн. тоннаға жуығы қалған кен орындарының үлесіне тиеді. Бұл қорлардың жартысынан астамы екі кен орнына – Корлевское (55,1 млн. тонна) мен Кенбайда (30,9 млн. тонна) шоғырланған.
Маңғыстау облысының аумағында өндірілетін 725 млн. тонна өнеркәсіптік санаттағы мұнай қоры, 5,6 млн. тонна конденсаты бар 70-тен астам кен орындары ашылды. Бұл кен орындарының жартысына жуығы пайдаланылуда. Олардың көпшілігі игерудің соңғы сатыларында. Қалдық қорлардың басым бөлігі алынуы қиын кен орындарына жатады. Ең ірі кен орындар – Өзен, Жетібай, Қаламқас, Қаражанбас. Батыс Қазақстан облысында сұйық көмірсутегі шикізатының алынатын қорлары 320 млн. тоннаға жететін және газдың алынатын қорлары 450 млрд. текше метрден астам Қарашығанақ кен орны болып табылады. 2005 жылдың қыркүйегінде Қарашығанақпен жалғас жатқан Федоровский блогында көмірсутегі шикізатының табылғаны туралы жарияланды. Мұндағы мұнай және газ конденсаты қорлары 200 млн. тонна болады деген болжам жасалып отыр.
Мұнайгазға қанықтығы жағынан алғанда тағы бір болашағы зор аймақ Ақтөбе облысы болып табылады. Мұнда 25-ке жуық кен орындары ашылды. Бұл аймақтағы неғұрлым маңызды геологиялық ашылым алынатын мұнай және конденсат қорлары 170 млн. тоннаға жуық болатын Жаңажол кен орындары тобы болып табылады. 2005 жылы Каспий жағалауы ойпатының шығыс бөлігінің орталық блогында Үміт жаңа кен орны ашылғандығы туралы жарияланды.
Қызылорда мен Қарағанды облыстарының мұнай өндіруші салаларының негізін Қазақстандағы бесінші мұнайгазды өңір – Құмкөл кен орындары тобы құрайды. 2005 жылдың жазында осы аймақта жұмыс істейтін «ПетроҚазақстан» компаниясы Қызылқия кен орнының солтүстік шекарасына жалғас жатқан Көлжан лицензиялық аумағында мұнайдың коммерциялық қорлары аңғарылғаны туралы жариялады.
Негізгі көрсеткіштер
Тұтастай алғанда, Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министрлігінің деректері бойынша құрылықтағы және шельфтегі көмірсутектерінің расталған қорлары 4,8 млрд. тонна немесе 35 млрд. баррель шегінде бағалануда, 2001 жылғы жағдай бойынша мұнайдың барланған баланстық қорлары тек 2,9 млрд. тоннаны құраған болатын. Оның үстіне, кейбір сарапшылардың бағалауы бойынша мұнайдың болжамды қорлары Каспий теңізінің қазақстандық бөлігінде орналасқан кен орындары бойынша ғана 17 млрд. тоннадан немесе 124,3 млрд. баррелден астамды құрауы мүмкін. Мұнай мен газ қорларын, сондай-ақ үнемі артып отырған оларды өндіру ауқымдарын ескерсек, таяудағы келешекте Қазақстан дүниежүзілік мұнай өндіру ошағы болып қала бермек.
Мұнай және газ министрлігінің ақпараты бойынша 2016 жылдың қорытындылары бойынша мұнай өндіру 78 млн. тоннаны құраған(2015 жылы-79,5 млн,тонна) .
ҚР-ның Энергетика министрлігінің болжамы бойынша мұнай өндіру в 2017 жылы составит 81 млн тоннаны құрайды және 2020 жылға қарай бұл көрсеткіш 88 млн тоннаға дейін өседі .
ҚР-ның Энергетика министрлігінің жоспары бойынша шикі мұнайды өндеу 2017 жылы 14,5 млн тоннаға дейін жетеді. Қазіргі уақытта Қазақстан кейбір ақшыл түсті мұнай өнімдерін ішкі сұранысты қанағаттандыру үшін импорттайды.
Қазақстанда шикі мұнай тасымалдау көлемдері 84,6 млн тоннаны құрады, бұл 2015 жылдың көлемдерімен салыстырмалы деңгейде. Экспортқа тасымалдау көлемдері 62,2 млн тонна шикі мұнай мен газ конденсатын құрады, бұл да 2015 жылдың көрсеткіштерінен аз ғана асты, 2015 жылдың көлемдерінен 102%-ы деңгейінде. Осы көлем ішінен 40,8 млн тонна шикі мұнай Каспий Құбыр Консорциумының («КҚК») құбырлары арқылы Новороссийск қаласына экпортталды. 14,4 млн тонна Атырау-Самары құбыры арқылы солтүстікке жөнелтілді. 3,1 млн тонна Атасу-Алашанькоу мұнай құбыры арқылы Қытайға, шығысқа бағытталды.
2016 жылы газ экспортының көлемі 7,9%-ға 13,7 млрд текше метрге дейін ұлғайды. Мемлекет аумағы арқылы халықаралық газ транзитінің көлемі 75,8 млрд текше метрді немесе 2015 жылы тасымалданған көлемдердің 87%-ын құрады.
Алдағы уақытта Қазақстанда мұнай мен газ өндіру көлемі айтарлықтай өсу үрдісіне ие болады. Қазақстандық мұнай мен газ өндіру көлемдерін арттыру үш фактормен байланысты. Біріншіден, бұған инвестициялардың айтарлықтай құйылуы себеп болып отыр. Екіншіден, көмірсутегі шикізатының дүниежүзілік рыноктарында қалыптасып отырған қолайлы коньюнктура. Үшіншіден, ресурстық әлеуетті одан әрі қарқындата түсуге жүргізіліп отырған Каспий мен Арал теңіздері айдындарындағы жер қыртыстары учаскелерін кең ауқымды зерттеу ықпал ететін болады.