Айттым сәлем, Қаламқас Саған құрбан мал мен бас



Дата05.10.2022
өлшемі28,07 Kb.
#41455
Байланысты:
текст песни КЯЛ-31


Айттым сәлем, Қаламқас


Саған құрбан мал мен бас


Сағынғаннан бір сені ойлай


Келер көзден ыстық жас


Көзімнің қарасы,

Көңілімнің санасы.


Бітпейді іштегі,


Ғашықтық жарасы.


Желсіз түнде жарық ай,


Сәулесі суда дірілдеп,


Ауылдың жаны – терең сай,


Тасыған өзен күрілдеп.


Қараңғы түнде тау қалғып,


Ұйқыға кетер балбырап.


Даланы жым-жырт, дел-сал қып,


Түн басады салбырап.


Бойы бұлғаң, сөзі жылмаң-


Кімді көрсем, мен сонан


Бетті бастым, қатты састым,




Тұра қаштым жалма-жан.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет