Қазіргі Қазақстан жастарының этикалық құндылықтары



Дата10.04.2023
өлшемі13,57 Kb.
#81068

Қазіргі Қазақстан жастарының этикалық құндылықтары
Қазіргі заман жастары, атап айтсақ Тәуелсіз мемлекетте өмір сүріп жатқан жас буын XX ғасыр жастарынан айтарлықтай айырмашылық жасайды. Бірақ, бұл жастардың жалпыадамзаттық құндылықтардан түбегейлі арылды дегенді білдірмейді. Әрине ,бәрі бірдей саналы емес,есесіне білім деңгейі тұрғасынан қазіргі жастардың мүддесі аса жоғары. Өз кезегінде білімге құштар жас буынның негізгі тобы ілесіп келеді. Заман жастарының бойында - байсалдылық , рахым,қанағат,ұждан этикалды қасиеттері толық қалыптаспағанымен, алға ұмтылу,қайсар мінездері әлі де болса көрініс табады. Жалпы этика дегеніміз не?
Этика- қарапайым ғана адамзаттық құндылық, мінез-құлық ұғымдарымен тұспа-тұс келеді. Діни ,ұлттық , жалпыадамзаттық , нормативтік,теориялық тұрғыда қарастырылатын этиканың да сан түрлі бағыттары белең алады. Қазіргі заман жастарының этикалық құндылықтарын "қазақ жастары" емес "Қазақстандақ жастар" етіп ажыратамыз. Қазақстандық жастардың құндылықтарын,оның ішінде ақыл-ой,білімін дамыған мемлекет жастарымен салыстыру ақымактық. Дамыған ел жастарының дамушы мемлекет жастарынан тек бір айырмасы- жаңа технологиялық жүйеде жатыр,ал жаңа заман талабына сай кез-келген құралдарға машықтану көп уақытты қажет етпейді. Сондықтан да жастарды білім деңгейі бойынша бір саты төмен қою қателік .Атап өткендей жас буынның білім алуға құштарлығы жоғары,дегенмен , статистикалық мәліметтер 300 мыңдай тұлғаның құндылықтарға аса ден қоймайтындығын дәлелденген. Негізгі себептері: орта мектепті тәмамдаған соң әскерге кету және оралғаннан кейінгі жалғасы таппаған білім, ерте жастан отау құру, отбасылық жағдайлар мен білім ордаларының жоқтығы, тілдің шұбарлануы,нақтырақ айтқанда патриоттық сезімнің өлуі не болмаса қазақ этнонимінің орыстану процесі.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет