Қазіргі қоғамдағы қазақ тілінің рөлі мен маңызы



Дата29.04.2023
өлшемі18 Kb.
#88404

ЭССЕ
Қазіргі қоғамдағы қазақ тілінің рөлі мен маңызы
Адам баласы ес білген кезден бастап айналадағы жаңа ұғымдарды ана тілі арқылы қабылдап, олардың мәнін түсіне бастайды. Қоғамдық, әлеуметтік, мәдени, рухани байлықтарды адам ана сүтімен бірге қабылдап, туған тілі арқылы игеріп, игілігіне жаратады.Ана тілі арқылы адамдар бір-бірімен сөйлесіп, ойын жеткізеді, пікір алысады. Ана тілінде халқымыздың өрісін көрсететін әдеби, мәдени туындылар жасалады. Ана тілі – халқымыздың өмір сүріп, қоғамды жан-жақты дамытып отыруының әрі көрінісі, әрі кепілі. Өйткені, біріншіден, ана тілі халқымыздың дүниеге келіп, өмір сүруіне тікелей байланысты, екіншіден, ана тілін ұмытып, ана тілінде сөйлемеген, ана тілінде тәлім-тәрбин ала алмаған халықтың келешегі жоқ. Себебі ол халық біртіндеп тарих сақнасынан шығып кетеді.
Өз ана тілін білмаген, қадірлемеген адам өзін дүниеге әкелген, мәпелеп өсіреген анасын да, ел-жұртын да, Отанында сүйе алмайды. Тіл, ең алдымен, адамдар арасындағы қатынас құрал болғандықтан, ол белгілі бір адам арасында, қоғамды өмір сүреді де, сол ортада қоғамдық қызмет атқарады. Тілдің адамдар арасындағы қатынас құралы болуы деген сөз – адамның ойын бір-біріне жеткізіп, түсінік алуы, сөйтіп, бір-бірімен қатынас жасауы, сөйлесуі. Мысалы, мұғалімнің сабақ түсіндіруі, одан оқушының жаңа ұғымдар арқылы білім алуы, түсінбегенін мұғалімнен сұрау немесе оқушының сабақ айтуы, білгенін түсіндіруі, мұғалімнің сұрақ қоюы, оқушының оған жауап беруі – осының бәрә тілдің қатынас құралы болуы арқылы іске асады. Қазақ тілінің қоғамдық қызметі үй ішінде отбасы мүшелерінің арасынджа бір-бірімен түсініп, сөйлесу үстінде, оқу орындарында білім алу, тәрбие беру істерінде, жұмыс орнында, ұжымда адамдардың бір-бірімен қатынас жасауы кезінде жүзеге асады. Осыған байланысты қазақ тілі оқу-ағарту, білім-тербие саласында, мәдени өмірде қоғамдық-саяси өмірде ғылым саласында, іс-қағаздар ісінде, т.б. өз міндетін атқарып, халқына қызмет етіп келеді.
Жастайынан қиялыңды қияға өрлеткен ғажайып ертегілер, шыншыл да сыршыл аңыз-әңгімелер, ерлікті, елдікті дәріптеген батырлар жырлары, шынайы махаббатты мұрат еткен әсемде әсерлі ғашықтар, лиро-эпостық жырлар, береке-бірлікті мақсат еткен өткірде өміршең шешендік сөздер, халық даналығы – мақал-мәтелдер ана тілінде дүниеге келіп, әрбір адамғак сол бір ана тілінде жетіп отырады. Ана тілінде тараған осындай халық мұраларынан ғибрат аласың, оларды өмірге өнеге етесің. Одан жақсы, жаманды танып әсерленесің, білуге, білім алуға деген құштарлығың артады. Абайдың даналығына, Махамбеттің батылдығына, Бұқардың ақылгөқйлігі мен халқына деген жанашырлығына, Абылайцдың данышпандылығына, Бөгенбай мен Қабанбайдың ерліктеріне сүйсініп, рухани өміріңе азық етесің. Сондықтан ана тілінің қиын тағдыры үшін күйінуге де, өсіп-өркендесе шаттануға да тиіс боласың.
Ана тілінің күші мен құдіретін туған халқымыз әуелден-ақ бағдарлап, сөз өнерін бар өнердің басы деп санады. Мысалы, «Өнер алды – қызыл тіл», «Тіл тас жарады, тас жармаса, бас жараджы», «Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні бар», «Аңдамай сөйлеген ауырмай өледі», «Ердің құнын екі ауыз сөзбен бітірген», т.б. сөдер халқымыдың орынды сөзге қандай мән бергенін көрсетеді. Ата-бабаларымыз өзінің асыл мұрасы – тіл өнерін келер ұрпағына жеткізіп, оны аялап, қастерлеуді тапсырып отырған. Сондықтан қазіргі кезде ана тіліміздің қоғамдағы орнымен рөлі маңызды ол біздің ұлтымыздың жойылып кетуін және еліміздің тарих сахнасынан шығып кетуінен сақтап тұр.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет