1. Батырлар жырларының көркемдік тапқырлық сипаттары. Батырлар жырлары



Дата03.05.2023
өлшемі15,19 Kb.
#89406
Байланысты:
Лекция 6


Дәріс 6. Батырлар жырларының көркемдік тапқырлық сипаттары.
1. Батырлар жырлары
2. Батырлар жырларының көркемдік тапқырлық сипаттары.


1.Батырлар жырлары.Батырлық жырлар, батырлар жыры — ауыз әдебиетіндегі ең бай да көне жанрлардың бірі. Қаһармандық эпос деп те аталады. Батырлық жырлар халық өмірінің тұтас бір дәуірін жан-жақты қамти отырып, сол тарихи кезеңдегі батырлардың сыртқы жауларға қарсы ерлік күресін, ел ішіндегі әлеум. қайшылықтар мен тартыстарды бейнелеп береді. Бірақ онда тарихи оқиғалар тізбегі өмірде болған қалпында емес, жырдың көркемдік шешіміне лайықты өріледі.Бас кейіпкердің жүріс-тұрысына, өзге елге ерлік сапарға шығуына және өз елін жаудан азат етуіне байланысты оқиғалар бір қаһарманның маңына топталып, соның бейнесін ашуға қызмет етеді. Эпос желісі белгілі бір тарихи дәуірге табан тіреп, соны көрсетіп отырғанымен, оған көбіне түрлі заманның оқиғаларын бір қаһарманға теліп жырлап беру тән. Батырлық жырлардың осы өзгешелігіне байланысты ғылыми ортада көптен бері түрлі тұжырымдар орын алып келеді.
Батырлық жырларын пайда болу кезеңдеріне қарай ірі үш топқа жинақтауға болады: 1) “Ең көне заманғы эпос”, “ертегілік эпос”, “архаикалық эпос”, “көне эпос”, “мемлекетке дейінгі эпос” дейтін атаулар ғылымда алғашқы кезеңдегі эпостық жырларды атау үшін қолданылып жүр. Бұлардың қатарына “Ергенеқон”, Аттилла, Ер Төстік, мергендер туралы эпостық жырлар жатқызылады. 2) Тарихи кезеңдердің эпосы: Түрік қағанаты, Оғыз хандығы, ноғайлы дәуірі, Қазақ хандығы кезеңіндегі эпостар (“Қорқыт Ата кітабы”, “Алпамыс”, “Қамбар”, “Қобыланды”, “Ер Тарғын”, т.б.).3) Жаңа дәуір эпосы (тарихи жырлар, 1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліске байланысты жырлар, “Еспенбет”, “Өтеген”, “Нарқыз”, т.б.). Батырлық жырлар байырғы көне эпостың жалғасы ретінде дами отырып, қоғамдық қарым-қатынастың, саяси-әлеум. жағдайлардың өзгеруіне, бұрынғы жекелеген рулар мен тайпалардың біртіндеп халық болып құрала бастауына сәйкес қалыптасты. Осыған байланысты бұрынғы мифтік түсініктердің іргетасы сөгілді. Қайшылық, күрес идеясының түпқазығы болып бұрынғы кездегідей дию-перілер емес, енді адамдар дүниесіндегі (басқа діндегі, тілдегі, мемлекеттегі) қайшылықтар тақырыбы алынды. Мифтік дәуірден бері қалыптасып келе жатқан батырға қаһармандық дәуірде жеке отбасы, үй-іші, қалыңдық үшін күреске шығу секілді әрекеттер жеткіліксіз еді. Енді оның ерлігі біртіндеп халықтың бостандығы, елдің бірлігі, көптің тілегі мен мүддесі үшін қызмет етуі керек болды. Мұның бәрі байырғы миф пен көне эпостың жанрлық белгілерін өзгертіп, мүлдем жаңа жанрдың — Батырлық жырлардың қалыптасуына жағдай жасады. Дегенмен, байырғы көне эпостың дәстүрі негізінде пайда болған Б. ж. бірқатар архаикалық белгілерін сақтап та қалды. Солардың бірі — батырдың болашақ жарын іздеп шығуы және осы сапарда кейбір қиыншылықтарды жеңуі. Мәселен, “Қобыланды”, “Алпамыс” жырларындағы батырдың алғашқы жорықтары осымен байланысты. Алайда, бұл жорықтың мәні біршама бәсеңдеп, жырдың түпқазығы батырдың елі-жұртын азат етуге аттанған сапарларына ауысқан. Мысалы, “Қобыланды” жырындағы Құртқа — батырға ат таңдап, болашақта қандай қиындық боларын алдын ала болжап отыратын көреген адам. Қарлыға Қобыландымен бірдей дәрежеде ерлік көрсетіп, батырлардан асып түспесе, кем түспейді. Әйтсе де, әйелеркі (матриархат) дәуірімен байланысты орын алған белсенді әйел қаһармандардың қызметі кейінгі Батырлық жырларда біршама шектелген. Әйелдер отбасы, үй-ішінің ғана көркі болып қалған. Қолына қару алып, ерлермен бірге жүретін, болмаса аға-інілерін үйлендіріп, олардың орнына өзі кек алатын әйел қаһармандар мұнда жоққа тән. Батырлардың іс-әрекетін, жүріс-тұрысын, тұлғасын әсірелеп, ұлғайтып көрсету батырлық жырларда маңызды орын алады. Аттың сөйлеуі, биік таулар мен қамал-қорғандардан ұшып өтуі, қысылғанда батырға ақыл-кеңес беріп, қиындықтан құтқаруы сияқты байырғы түсініктерге тән белгілер Батырлық жырларда үлкен орын алады. Алайда бұл да біртіндеп шындыққа, реалды өмірге жақындай бастаған.
2.Батырлар жырларының көркемдік сипаттары.
Батырлар жыры, кейіпкерлер әлемі,идеялық – көркемдік ерекшеліктері.батырлар жыры, батырлар образын жасаудағы ерекшеліктер. «Қобыланды батыр»- қазақ халқының мазмұны бай да салалы эростық дастандарының бірі. «Қобыланды батыр» Марабай, Мергенбай, Біржан толынбаев, Айса Байтабынова, Нұрпейіс Байғанин, Мұрын сеңгірбаев, Көшелек Еламанов, Шапай Қалмағанбетов, Құлзақ Амангелдиев,Сырдың белгілі айтушысы Тұяқбайлар жырлаған. Қобыланды жырының 29 нұсқасы болса, соның ортасында Марабай сюжеті тұрады. Онда Қобыландының қияттарға еріп, Қызылбас ханы Қазанды, одан соң Көбіктіні өлтіреді, Қарлығаны олжалау, ең алғын да өзі жорықта жүргенде елін шауып кеткен Алшағыр ханмен соғысып, ел – жұртын азат ету оқиғалары суреттеледі.« Алпамыс батыр» жыры – қазақ батырлар жырының ішіндегі көне жыр. Жыр өзбекте де, қарақалпақта да бар.« Алпамысты » зерттеген өзбек ғалымдары.Х Т. Зарифов пен М. И. Афзаловтың айтуына қарағанда, жырдың өзбекше 11 варианты бар көрінеді. Белгілі фолькролист Т. Сыдықов: « Алпамыстың » қазақша 3 үлкен түрі бар. Қарақалпақ әдебиетшісіИ. Т. Сағитов « Алпамыстың » 5 нұсқасын атап көрсетеді.Алпамыс: Жырдың бас кейіпкері. Олхалықтың ру бірлінін сақтау идеясынан, ру қамқор – қорған болар батырды арман еткен қиялынан туған образ. Алпамыстың батырлық іске бел байлаған сапары Гүлбаршынды іздеп шығуынан басталады. Алпамыстың ерлігі, елдігі әкесінің жылқысын қуып кеткен Тайщық ханмен соғысынан көрінеді. Мыстанның таз баласына алып бермек болған Қаракөзайымды құтқарады, қойшы кейқуатты хан сайлайды., оған Жүрментозды алып береді.


Студенттердің өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар мен тапсырмалар
1. Батырлар жырларынан оның көркемдік тапқырлық сипаттарын тауып, жаттау.
2. Әдебиеттік оқулықтарындағы батырлар жырларына талдау

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет