Қазіргі қоғамдағы әлеуметтік теңсіздік. Е.Әбікенұлы «Пәтер іздеп жүр едік» әңгімесі бөлімі бойынша жиынтық бағалау



Дата24.11.2023
өлшемі1,16 Mb.
#125648
Байланысты:
Қазіргі қоғамдағы әлеуметтік теңсіздік



Қазіргі қоғамдағы әлеуметтік теңсіздік.
Е.Әбікенұлы «Пәтер іздеп жүр едік» әңгімесі бөлімі бойынша жиынтық бағалау
Оқу мақсаттары:
11.3.6.1 мәтіндегі негізгі ойды анықтап, көтерілген мәселеге баға беру, өзіндік көзқарасын жүйелі, дәлелді жеткізу
Мәтінді оқыңыз.
Бірде ауқатты отбасының отағасы кішкентай ұлын ауылға, малшылардың ортасына ала барыпты. Адамдардың тұрмысының қаншалықты кедей екендігін өз көзімен көрсін деген ойы болған. Олар өте кедей тұратын отбасында бір күн және бір түн болыпты. Үйіне оралғасын әке баласына мынадай сұрақ қойыпты:
— Қалай, саған сапарымыз ұнады ма?
— Әке, бұл бір ғажап болды!
— Адамдардың қаншалықты кедей болатынын өз көзіңмен көрдің бе? — деп сұрапты әкесі.
— Иә, көрдім.
— Ал осыған қарап не ұқтың?
Ұлының жауабы:
— Біздің үйде бір итіміз болса, олардың төрт төбеті бар екен. Бақтың ортасында біздің хауызымыз болса, олардың ол шеті мен бұл шетіне көз жетпейтін шексіз, шетсіз теңіз айлағы бар екен. Бақшамызда шам жағамыз, ал олар жарықты жұлдыздардан алады. Біздің ауланың сыртында патио бар, ал оларда — керілген көкжиек.
Ұлының жауабын естіген әкенің тілі байланып қалыпты. Ал ұлы сөзін былай жалғапты:
— Әке, көп рахмет, сен маған біздің қаншалықты кедей екендігімізді көрсеттің.
Бәрі де мына жарық дүниеге қандай қырынан қарауыңа байланысты болып отыр ғой. Шынайы сүйіспеншілігі, достары, отбасы, денсаулығы, жақсы көңіл күйі мен өмірге құштарлығы бар адамда бәрі де болады!
Алайда жоғарыда көрсетілгеннің ешқайсысын да ақшаға сатып ала алмайсың. Ойыңа келген материалдық игіліктердің кез келгенін сатып алуға болады, тіпті келешекке қор жасау мүмкіндігі де бар. Бірақ көңілің тоқ болмаса, жан-дүниең қаңыраған бос болса, бұның бәрі бекер, құр әурешілік, өзің де қуыс дөңбексің! Сенен не үміт, не қайыр?!
  • Кедейшілік дегеніміз не?
  • Кедейшілікті неден көруге болады?
  • Баланың жауабынан өзіңе не түйдің?

1-тапсырма.Сұраққа жауап беріңіз.
2-тапсырма.
Әлеуметтік теңсіздіктің негізгі белгілерін атап, сипатта.
Түрлері
Белгілері
3-тапсырма.«Байлық» ұғымына SWOT талдауын жасаңыз.

Бағалау критерийі

Тапсыр
ма

Дескриптор

Балл

Мәтіндегі негізгі ойды анықтайды.

1-2
  • мәтіндегі негізгі ойды анықтайды;
  • сұрақтарына жауап береді;
  • кестені толтырады;
  • әлеуметтік теңсіздіктің түрлерін атайды;
  • белгілерін сипаттайды.

1
1
1
1
1

Көтерілген мәселеге өзіндік баға береді.

3
  • сызбаны сауатты толтырады;
  • байлықтың мүмкіндіктері;
  • байлықтың жақсы жақтары;
  • байлықтың қауіптері;
  • байлықтың әлсіз жақтары.

1
1
1
1
1
10

Назарларыңызға рахмет!



Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет