Б. А. Джаамбаева Философия Оқулық



Pdf көрінісі
бет162/313
Дата31.12.2021
өлшемі1,78 Mb.
#22005
түріОқулық
1   ...   158   159   160   161   162   163   164   165   ...   313
Ламетри  Жюльен  Оффрэ  (1709-1751  жж.)  XVIII  ғасырдың  соңында 
француз  буржуазиялық  революциясының  идеялық  пісіп  жетілуіне  аса  зор 
үлес қосты. «Қасиетті отбасы» еңбегінде айтқан батыл ойлары үшін Маркс 
Ламетриді  Декарттың  «физикасынан»  ӛсіп-ӛнген  бағыт  беруші  «орталық» 
деп атаған болатын.  
Ламетри  патша  гвардиясында  дәрігер  болып  қызмет  етті,  әскери 
амалдарға  қатысып,  ақыры  ауруға  шалдығады.  Зерттеуші  ретінде  ӛзінің 
ауруына  бақылау  жүргізе  келіп,  адамның  психикалық  саулығы 
физиологиясымен 
байланысты 
болады 
деген 
тұжырым 
жасайды. 
Тұжырымын  дамыта  келе,  Ламетри  оның  философиялық  негіздерін 
толықтырды, жалғыз субстанция – материя бола алатындығы жӛнінде ӛзінің 
идеясын  ұсынды.  «Жанның  жаратылыс  тарихы»  жӛніндегі  алғашқы 
философиялық  еңбегінде  ол  осы  ойларын  жинақтап,  Жаңа  дәуірдің 
материалистік идеяларын дамытуға негіз қалады. Бұл еңбек те, автор да дінге 
және идеализмге дұшпандықпен қарағаны үшін қуғынға ұшырады.  
Жаратылыстану ғылымдарының нәтижелеріне сүйене отырып, Ламетри 
ӛзінің  «Адам-машина»  атты  екінші  еңбегінде  механистік  материализмнің 
басты  ұстанымдарының  негізін  қалады.  Басқа  француз  материалистері 
сияқты  Ламетри  де  Декарттың  физикасы  мен  Локктың  сенсуализмін  әрі 
қарай дамытты. «Жан» деп адамның сезу және ойлау қабілетін түсінді және 
сезім күнделікті ӛмірге ең сенімді жетекші бола алатынын айтты. Қоғамдық 
құбылыстарды  түсіндіруде,  әлеуметтік  ӛмірдің  қандай  болмағы  адамдардың 
мүдделері  мен  тілек-қалауларына  байланысты,  ал  ол  қоғамдағы  үстем 
идеяларға тәуелді болады деген пікірді ұстанды.  


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   158   159   160   161   162   163   164   165   ...   313




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет