Заттардың тасмалдануы Тақырып: Жануарлардың жүрек – қан тамырлары жүйесі құрылысы мен
қызметі.Қантамырлар жүйесінің түрлері және қанайналым
шеңберлері. Жүрек - қантамырлар жүйесі аурулары
8 сынып биология
Оқу мақсаты:
8.1.3.8 жануарлар жүрегінің құрылысы мен қантамырлар жүйелерінің маңызын сипаттау
8.1.3.10 қантамырлар жүйесі түрлерін анықтау
8.1.3.12 қантамыр жүйесі ауруларының себептері мен ауру белгілерін сипаттау
Бағалау критерийлері:
Жануарлар жүрегінің құрылысы мен қантамырлар жүйелерінің маңызын сипаттайды
Қантамырлар жүйесі түрлерін анықтайды
Қантамыр жүйесі ауруларының себептері мен ауру белгілерін сипаттайды
Ағзада қанның үздіксіз қантамырлардың бойымен ағуын (қозғалысын) қанайналым дейді. Қанайналым жүйесіне – жүрек және қантамырлар жатады. Қанның қантамырлардың бойымен тұйық түрде, яғни қанайналым шеңберімен ағатынын XVІІ ғасырда ағылшын ғалымы У.Гарвей ашты.
Қанайналым мүшелері
Кеуде қуысы:
1 – жүрек; 2 – қабырғалар; 3 –көкет (диафрагма)
Қанайналым жүйесінің қызметтері:
Тасмалдау
Терморегуляторлық
Қорғаныштық
Гуморальды реттеу
Тапсырма 2.
Жүрек Қантамырлары
Қанайналым жүйесі
Эволюция барысында қан және қанайналым жүйесі ең алғаш рет буылтық құрттарда пайда болды. Оларда жүрек болмады, жүректің қызметін дененің алдыңғы жағындағы “жүрекше” деп аталатын
5 ірілеу сақиналы қан тамырлары атқарды.
Бауыр – ағзадағы ең ірі без
Жүректің әрбір бөлігінде бір жүрекше, бір қарынша болады. Әр бөліктегі жүрекше мен қарынша өзара қуыстар арқылы байланысады. Оң жақ жүрекше мен оң жақ қарыншаның арасында үш жақтаулы , сол жағында қос жақтаулы қақпақшалар орналасқан
Жүрек қабырғасы
Сыртқы қабаты
(эпикард)
Өте жұқа, жүректі қоршап тұратын қабат
Ортаңғы қабат
(миокард)
Жүректің бұлшықетті қабаты
Ішкі қабаты
(эндокард)
Жүректің ішкі қуыстарын, қақпақшаларын астарлап жататын қабаты
Жүрек – пішіні конус тәрізді, кеуде қуысының сол жақ жартысына ығыса, екінші – бесінші қабырғалардың деңгейінде орналасқан қуыс бұлшық етті мүше.