М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті
Ұстаз институты
Физика және ІТ кафедрасы
Орындаған: Орынбай А.
Қабылдаған: Оразымбетова Г.
Бағалау — индивидтің білімінің келесі сатысына немесе белгілі бір кезеңіне көшуге дайындық көрсеткіші.
Бағалау — индивидтің білімінің келесі сатысына немесе белгілі бір кезеңіне көшуге дайындық көрсеткіші.
Бағалау
ұғымының ауқымы өте кең: ол қандай да бір процесті немесе жұмыстың нәтижесін көрсетеді; бағалау – іс-әрекеттің жағымды және жағымсыз жағын анықтау; бағалау – білім сапасын бақылау; бағалау – оқыту процесіндегі жетістікті, дамуды анықтауға мүмкіндік беретін құрал; бағалау – білім беру барысында оқытушы қолданатын білім алушының іс-әрекетін түзету әдісі.
Бағалау
Бағалардың әрқайсысы өзіндік психологиялық ерекшеліктерге ие. Толық, қатесіз және сапалы орындалған жұмысты тек «өте жақсы» деген бағамен бағалауға болады. Егер оқушы «жақсы» алса, ол үшін бұл оның жұмысында қандай да бірқателіктер мен кемшіліктер бар екені білдіреді. Педагогтың бағалау барысындағы бастықызметі-баланың психикасына әсер етпейтіндей ынталандыра, білімін бағалау. Баға оқушы өміріне елеул іөзгеріс әкелуі мүмкін. Сол себепті бағалар көтермелеу және жазалау жүйесінде жүріп отырады. Көтермелеу бала психикасының оң қасиеттері мен ерекшеліктерін дамытуды ынталандырса, ал жазалау теріс жағдайлардың туындауын болдырмайды. Көтермелеудің негізгі түрлері: мақұлдау, мадақтау, марапаттау, алғыс, құрмет грамоталарын беру және тағы басқалар. Бағалау әсерінен балаларда өзін-өзі бағалау және талаптану деңгейі сияқты маңызды қасиеттер қалыптасады. Психологиялық-педагогикалық әдебиеттеpде бағалауды оқушының жеке тұлғалық сапасының және оның оқу қызметiнiң нәтижелеpiнiң көpсеткiшipетiнде түсiну кеңiнен көpсетiлген.
Бағалау
ды әртүрлі тәсілдермен жүзеге асыруға болады: сандық көрсеткіштер түрінде бағалау керек болса, баға немесе балл қойылады;сапалық көрсеткіштер түрінде; жұмыс нәтижесі туралы сөзбен (мысалы, алғыс, мақтау-мадақтау түрінде) немесе эмоциялық реакция арқылы бағалауға болады.