Бағдарламасы аясында іске асырылды David В. Brinkerhoff, Rose Weitz, Suzanne T. Ortega


Институттардың тұрақты лы қ немесе



Pdf көрінісі
бет232/870
Дата07.01.2022
өлшемі30,13 Mb.
#17398
түріБағдарламасы
1   ...   228   229   230   231   232   233   234   235   ...   870
Институттардың тұрақты лы қ немесе 

теңсіздік агенттері  ретіндегі сипаты

Әлеуметтанушылар  әлеуметтік  қүрылымдарды  зерттеу  үшін  құры- 

лымдық  функционализм  және  конфликтология  сияқты  екі  негізгі 

теорияны  қолданады.  Біріншісі,  институттардың  әлеуметтік  және 

жеке түрақтылықты  қалыптастырудағы  рөлін қарастырса,  екіншісі, 

институттардың теңсіздікті заңдастырудағы рөліне  назар  аударады. 

Әрбір жүйе тұрақтылық пен тәртіпті әртүрлі қүндылықтар негізінде 

бағалайтындықтан,  әрқайсысы  әлеуметтік  құрылымдар  туралы  әр- 

келкі сұрақтар қоюға итермелейді.

Құрылымдық-функциялық  теорияны  жақтаушылар  институт- 

тардың  қоғамды  тұрақтандыруға  қалай  көмектесетінін  сұраудан 

бастайды. Бұл сұраққа жауап беру үшін олар күнделікті мәселелерді 

шешу мақсатында институттар ұсынатын заңдылықтарға баса назар 

аударады. Әр жаңа оқиға сайын немесе әр буын өсіп-жетілген сайын 

дөңгелектің жаңа баламасын ойлап таппас үшін құрылымдық функ- 

цияшылдар  «бұларға  негіз  болып  тұрған  әрбір  заңдылық  пен  инс­

титут  қоғам  өмірінің  біртіндеп  дамуына  мүмкіндік  береді»  деп  қа- 

райды. Оның үстіне, дәстүрдің арқасында бұл заңдылықтар қасиетті 

болып саналатындықтан, біз оларды моральдық тұрғыдан дұрыс деп 

есептеуге бейімбіз. Соның арқасында, әлеуметтік институттар біздің 

қажеттілігімізді  қанағаттандырып,  қауіпсіздігімізді  қамтамасыз 

етеді.


Конфликт  теориясы  қүрылымдық  функцияшылдардың  «инсти­

туттар  адамның  негізгі қажеттіліктерін  қанағаттандыруға  көмекте- 

седі» дейтін пікірімен келіседі. Бірақ олар: «Қоғам институттары неге 

бұл заңдылықтардың негізінде қүрылды?»  «Бұл заңдылықтарды кім 

қалыптастырды?», «Бұлардан ең көп пайда көретін кім?» деген сауал-



120

4-ТАРАУ

дарга көбірек көңіл бөледі. Олардың жауаптарынан институттардың 

әдетте биліктегілердің мүдделерін қорғайтынын байқаймыз.

Институттар  ертеден  келе  жатқандықтан  біз  отбасылық,  діни 

және  саяси  жүйелерді  тек  белгілі  бір  қажеттіліктерді  қамтамасыз 

етудің  тәсілі  ретінде  ғана  емес,  жалғыз  қолайлы  жол ретінде  қарас- 

тырамыз.  Он  бірінші  ғасырдағы  христиан  «Сиқыршыларды,  әрине, 

өртеу  керек»  деп  ойлайтын  болса,  біз  «Әрине,  әйелдер  бала  тәрибесі 

жолында  мансаптарын  құрбан  етуі  тиіс»  деп  ойлауға  бейімбіз.  Екі 

жағдайда  да  конфликт  теориясы  дәстүрлі  формадағы  теңсіздікті  қа- 

лыпты, тіпті болуы тиіс жағдай етіп көрсетеді және соның арқасында, 

қажетті әлеуметтік өзгерістерді кідіртіп қояды.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   228   229   230   231   232   233   234   235   ...   870




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет