Әлеуметтік тарихтың төртінші кезеңі 19 -20 ғасырды қамтиды. Адам жөнінде ғылым. Огюст Конт әлеуметтануы. Эмпирикалық социологиялық зерттеулердің қарқынды дамуы



бет1/3
Дата06.01.2022
өлшемі31,7 Kb.
#14986
  1   2   3
Байланысты:
Документ


  1. Әлеуметтік тарихтың төртінші кезеңі 19 -20 ғасырды қамтиды. Адам жөнінде ғылым. Огюст Конт әлеуметтануы. Эмпирикалық социологиялық зерттеулердің қарқынды дамуы. Әлеуметтану позитивизмінде методологиялық бағыттың басымдылығы. Конт заманынан бастап, қоғам жөнінде білімнің жеке саласы ретінде академикалық әлеуметтану кезеңі басталады. Түрлі ғылыми мектептер қалыптасады: натурализм, эволюционизм, органицизм, социал-дарвинизм және т.б. 19 ғ. аяғы мен 20 г. басы әлеуметтануда натурализмның терең дағдарысымен байланысты, бұл қызығушылықтың әлеуметтік әрекет пен өзара әрекет мәселелеріне ауысуын, түсінуші әлеуметтану әдістері мен тұлға әлеуметтану концепциясының құрастыруымен байланысты болды (М.Вебер, Э.Дюркгейм және т.б.). 20 ғасырдың 20-80жылдар аралығында әлеуметтануда қазіргі негізгі бағыттардың қалыптасуы, қарқынды салалық жіктеліс пен зерттеу әдістерінің жетілу үрдісі жүрді. 80-шы жылдардан бастап әлеуметтану дамуында жаңа қазіргі кезең басталады. Әлеуметтану түсінігі 1832 жылы ғылыми айналымға 19 ғасырдың француз ойшылы Огюст Контпен (1798-1857) алғаш рет қолданылды). Ол қоғамдық өмір құбылыстарын тарихи және жүйелік аспектілерінде біліп тануа талпыныс жасады. Конт негізгі еңбектеріне алтытомдық «Позитивты философия курсы»(1830-1842), «Позитивты саясаттың жүйесі, немесе адамзат дінін орнататын трактат» (1851-1854) және т.б. Конт пікірінше, әлеуметтану жаратылыстану ғылымына сай, әлеуметтік құбылыстарды эмпирикалық және аналитикалық түрде зерттеу және фактілер негізделу қажеттілігін түсіндірді. Бұл әлеуметтанудың ауызша, абстрактылы талдаудан алшақтап, «позитивты», яғни қоғамдық өмір мәселелерін қолайлы шешу қабілеті деп тұжырымдады. Конт әлеуметтануды әлеуметтік статика мен әлеуметтік динамикаға ажыратады. Әлеуметтік статика қоғамды олардың элементтерінің тұтастығы мен тепе-теңдігі жағдайы ретінде зерттейді және негізгі заңы ретінде әлеуметтік гармония заңың қолданады. Әлеуметтік статиканың міндеті – отбасы, адам, өмір шарттарын зерттеу. Әлеуметтік динамика қоғам дамуының жетекші күшін айқындайды. Конт мазмұндауында мұндай күштерге; экономикалық табиғи шарттар, климат, географиялық орта, сондай-ақ адам санасы, ойы, көз-қарастары жатады. Әлеуметтік статика, өмір сүру заңдарын қарастырса, әлеуметтік динамика қоғам өзгерісінің кезеңдерін мен заңдарын сипаттайды. Конт қоғам тарихын үш кезеңге бөлді: теологиялық, метафизикалық және позитивтік. Теологилық кезеңді Конт қоғам дамуының белгілі кезеңі 17-18 ғасырға дейін созылған деп дәйектеді. Сол кезеңде идеялық сипаттағы негізгі үстем күш дін болды. Бұл кезеңде адамзат санасы құбылыстардың не бастапқы не соңғы себебін табуға тырысады. Адам санасы абсолюттік білімге тырысады. Екінші кезең – метафизикалық. Қоғамда абстракция, метафизикалық концепциялар үстемдік етеді. Бұған Конт материалистік философия мен революциялық қағидаларды жатқызады. Бұл концепцияларды сынға алып, ол марксизмнің, әсіресе таптық күрес жөніндегі көз-қарастарымен келіспеді. Үшінші кезең – позитивистік. Конт тұжырымы бойынша, қоғам үшін ең лайықты кезен деп сипаттады. Бұл діни, философиялық тұжырымдамалардан алшақтап, эмпиризм, физикализм, позитивизм принциптер негізінде қоғамның барлық салаларын қарастырады. Эмпиризм – дүние жөнінде нақты ақиқат дерегі ретінде тәжірибе болып табылады. Позитивизм – пәніне нақты фактілер ғана жатқызылады. Физикализм – бұл физика ғылымы тұрғысында қарастырылатын, ғылыми түсініктер. Осымен Конт әлеуметтануды жаратылыстану ғылымдары, әсірессе физика үлгісі бойынша бағыттады. Әлеуметтану қоғам дамуын табиғат заңдарынан ажыратылмайтын, универсалды заңдарды қарастыруға бағытталады. Өз ғылыми жаңалықтарын ол төрт әдіс арқылы іске асырады: бақылау, эксперимент, салыстырмалы және тарихи әдіс. Әлеуметтанудың кейінгі дамуына Конт еңбектерінің маңызы зор болды. Қазіргі батыс әлеуметтанушылар Контты әлеуметтанудың әкесі деп бағалайды. Конт еңбектерінде нақты эмпирикалық зерттеулерге көшу алғышартын қалыптастырды. 19ғ. аяғы мен 20ғ. басында әлеуметтік ойдың негізгі бағыттарының сипаттамасына тоқталайық. 19ғ. аяғы мен 20ғ. басындағы батыс әлеуметтануының биорганикалық мектебі қоғамның дамуын табиғи ағза аналогы ретінде қарастыруы және әлеуметтік өмірді биологиялық заңдылықтар негізінде түсіндіруге талпыныс жасаған бағыт. Оның негізгі өкілдері Г. Спенсер, Л.Гумплович, А.Гобино және т.б. Биорганикалық мектеп өкілдері, әлеуметтанудың негізін салушылардан гөрі, қоғам ағза деп дәйектеді және қоғам мен ағза арасындағы жаңа ұқсастықтарды іздеумен айналысты. Олардың ойынша, мысалы, сауданың қоғамдағы қызметі, ағзадағы қанайналым қызметімен тең келеді, ал үкімет қызметі бас миы қызметіне ұштастырылады. Герберт Спенсер (1820-1903), ағылшын философы мен әлеуметтанушы- позитивисты әлеуметтануда натуралистік бағыттың көрнекті өкілі болып келді. Ол қоғамды биологиялық ағза аналогиясында қарастырды. Спенсердің әлеуметтік оқулары «органикалық теориялар» отауына ие болды. Ол бойынша қоғам жанды дамушы ағза ретінде оның негізгі құрамдас бөліктерінің өзара әрекет дамуы негізінде қарастырылады. Қоғам функциялары тірі ағза функцияларымен ұқсас келеді. Спенсердің «Әлеуметтану негіздері» басты еңбегінде, қоғамды зерттеуде эволюциялық-тарихи тәсіл құрылымдық-функционалдық және жүйелік ұштас келеді. Әлеуметтік ағза үш басты «жүйеден» тұрады: «реттеуші», «өмір үшін қажет шарттарын қалыптастыру» және «үлестіруші». Спенсер қоғамның екі түрін ажыратты: әскери және өндірістік. Олардың әрқайсысында өмір сүру күрес құралдары әртүрлі келеді. Қоғамның бірінші түрі әскери қайшылықтарға бағытталса, ал екіншісі өндірістік бәсекеге, яғни жігер, күш, қабілеттер негізінде жеңіске жетеді. Осындай күрес түрі қоғам үшін қолайлы, себебі бұл қоғамның интеллектуальды және моральды деңгейінің өсуіне әкеледі. Конт сияқты, Спенсер әлеуметтік дамудың органикалық үрдісіне күштеп араласу талпыныстарын, мысалы, революцияны жағымсыз бағалады. Социализмнің қарсыласушысы ретінде, Спенсер бұл жүйе бюрократиялық аппараттың өсуіне әкеледі деп дәйектеді. Бір уақытта ол теңдік жақтасы болып, тұлғаның құқық еркіндігі мен заң алдындағы теңдігімен түсіндірді. Спенсердің әлеуметтік қағидасы функционализм және құрылымдық функционализм сияқты батыс мектептердің қалыптасуына елеулі әсерін тигізді.

Жиырмасыншы ғасырдың басында әлеуметтік ойдың дамуына француз ғалымы Э. Дюркгейм (1858- 1917) мен неміс зерттеушісі М.Вебермен терең ықпал етілді. Дюркгейм (басты еңбектері- «қоғамдық еңбек бөлінісі жөнінде», «Әлеуметтік тәсел ережелері») жаңа әлеуметтік ойды құрастырды. Оның мәні қоғамды әлеуметтік фактілер жиынтығынан қалыптасқан, әлеуметтік шындық ретінде қарастырды. Осы фактілерді зерттеу әлеуметтану пәнін құрайды. Әлеуметтік фактілерді статистикалы түрде зерттеу ұсынды. Әлеуметтік фактілерге ол ұжымдық әдеттерді, дәстүр, тәртіп ережелерді жатқызды. Дюркгейм пікірі бойынша, барлық адам көріністері тәртіп үлгілерінде құралады: жалпы елес, жалпы бағалау, жалпы сезімдер мен әрекеттер. Оның ойынша, бұның бәрі ұжымдық таным. Дюркгеймнің орасан зор еңбегі қоғамды құнды-норма жүйесі ретінде белгілеуі жатады. Әлеуметтік тәртіп үнемі қандайда бір тәртіп ережелерімен реттеледі. Анатомия концепциясына негізделіп, ол өзін-өзі өлтіру құбылысын зерттеді. Зерттеу нәтижесі негізінде келесі қорытындыларға келді, дағдарыс немесе айқынды өзгерістер кезінде өзін-өзін өлтіру деңгейі әдеттегіден елеулі өседі.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет