Бағдарламасы бойынша «Органикалық химия 1»



Дата21.12.2023
өлшемі29,41 Kb.
#142458
түріБағдарламасы
Байланысты:
Билет сурактары ОХ1 2023

6В05302 – Химия білім бағдарламасы бойынша


«Органикалық химия 1»
Оқу пәнінен

АУЫЗША ЕМТИХАН СҰРАҚТАР


1. А.М. Бутлеровтың химиялық құрылыс теориясын мысал келтіру арқылы дәлелдеңіз.
2. Көмірсутектердің галоген туындылары. Анықтамасы жалпы формуласына тоқталып, гомологтық қатарын құрап, изомериясына мысал келтіріңіз.
3. Пентанол-2 дегидратация нәтижесінде алынатын қосылысты атаңыз.
4. Органикалық қосылыстардың классификациясына тоқталып, мысал келтіріңіз.
5. Тиоспирттер мен тиоэфирлер. Анықтамасы, изомериясы, номенклатурасы және
гомологтық қатарына тоқталыңыз.
6. Процестің соңғы өнімі қандай қосылыс болуы мүмкін.
Cl,hυ KOHсипрт Cl2,5000С KOH /су/ H2
Пропан → А → В → С → D → Е
7. Алкандар анықтамасын және жалпы формуласын еске түсіру арқылы қаныққан көмірсутектердің гомологтық қатарын жазыңыз.
8. Көмірсутектердің галоген туындыларын синтездеу жолдарын көрсетіңіз.
9. Бутанолдың барлық изомерлерінің санын көрсетіңіз.
10. Алкадиендерді алу жолдарын келтіріңіз.
11. Спирттердің химиялық қасиеттерін реакция теңдеулерін жазу арқылы
дәлелдеңіз. Молекула аралық және молекула ішілік су бөліну реакциясына
тоқталыңыз.
12. 80 г. Метанды толық жағу үшін қажет оттегінің қалыпты жағдайдағы көлемін анықтаңыз.
13. Алкандардың классификациясы және номенклатурасына тоқталыңыз.
14. Спирттердің физикалық қасиеті, молекулярлық массалары өскен сайын суда
ерігіштігі, балқу, қайнау температуралары қалай өзгереді?
15. ИЮПАК және рациональды номенклатура бойынша (СН3)2СНСН2ОН заттың
дұрыс атауын атаңыз.
16. Гомологтық қатар туралы сипаттама беріңіз. Органикалық қосылыстардың негізгі кластарын негізге ала отырып, жалпы формулаларын ескеріп гомологтық қатар құраңыз.
17. Алкиндердің химиялық қасиеттерін еске түсіре отырып, реакция теңдеулерімен
дәлелде. Полимерлену құбылысына тоқталыңыз.
18. Вюрц реакциясы бойынша бутан неден алынады тұжырымдаңыз.
19. Алкандарды алу жолдарын реакция теңдеулерін жазу арқылы көрсетіңіз.
20. Белоктар туралы жалпы мағлұмат беріңіз.
21. Рационалды номенклатура бойынша изобутанның аталуын келтіріңіз.
22. Алкиндер анықтамасы жалпы формуласын дәлелдей отырып, гомологтықтық қатарды құраңыз.
23Альдегидтерді синтездеу жолдарын келтіріңіз.
24. Натрий ацетатының электролизі нәтижесінде түзілетін затты атаңыз.
25. Изомерия құбылысы туралы сипаттама беріңіз. Органикалық қосылыстарда кездесетін изомерияның түрлеріне тоқталыңыз.
26. Көмірсутектердің галоген туындыларының физикалық қасиетін айтыңыз.
27. Алюминий карбиді сумен әрекеттескенде түзілетін затты атаңыз.
28. Алкендердің физикалық қасиетіне тоқталыңыз.
29. Оксикарбон қышқылдар туралы жалпы мәлімет айтыңыз.
30. С5Н12О неше альдегид изомерін көрсете алады дәлелдеңіз.
31. Органикалық химияға кіріспе. Органикалық химияның дамуына үлес қосқан ғалымдарды атаңыз.
32. Екі атомды спирттердің химиялық қасиеттеріне тоқталыңыз.
33. Құрамы мынадай: С-54,55%, Н-9,09%, О-36,36% заттың сутекпен
салыстырғандағы тығыздығы 22-ге тең. Ол күміс оксидін оңай
тотықсыздандырып, қышқыл түзеді. Осы заттың атауын табыңыз.
34. Алкадиендерді синтездеу жолдарын келтіріңіз.
35. Аминоқышқылдардың химиялық қасиетін реакция теңдеулері арқылы көрсетіңіз.
36. Реакциялар тізбегінің соңғы өнімін (Д) атаңыздар:
HCI Mg,эфир CH3-CO-CH3 НOH
пропилен → A → Б → C → Д
37. Полиэтиленнің түзілу схемасын жазып, қолдану салаларын айтыңыз.
38. Монокарбон қышқылдарын алу жолдары, раекция теңдеуін жазып дәлелдеңіз.
39. Метилацетилен Кучеров реакциясы жағдайында сумен әрекеттесіп, қандай
қосылыс түзетінін дәлелдеңіз.
40. Алкандардың физикалық қасиеттеріне тоқталыңыз.
41. Спирттерді синтездеу жолдарын реакция теңдеуі арқылы көрсетіңіз
42. 4,4-диметил-2-пентенді озонмен әрекеттестіріп, одан әрі озонидті сумен
ыдыратқанда қандай заттар түзілетінін көрсетіңіз.
43. Алкадиендердің физикалық қасиетіне тоқталыңыз.
44. Екі негізді карбон қышқылдарының жалпы формуласын, гомологтық қатарын және соған байланысты физикалық қасиетін көрсетіңіз.
45. 4моль Ацетиленнен синтездеу арқылы алынған бензолдың массасын табыңыз.
46. Алкадиендер анықтамасына, жалпы формуласына тоқтала отырып, оларды қандай типтерге біріктіруге болады?
47. Екі атомды спирттер. Олардың жеке өкілдеріне тоқталыңыз.
48. 1-хлорбутанға сілтінің спирттегі ерітіндісімен әсер еткенде қандай көмірсутек түзілетінін анықтаңыз.
49. Алкандардың химиялық қасиеттері: Галогендеу, нитрлеу, бөлшектену, тотығу яғни жану реакцияларының теңдеулерін жазып көрсетіңіз.
50. Карбон қышқылдарының физикалық қасиетіне тоқталыңыз.
51. Винилхлорид металл натриймен әрекеттескен кезде қандай көмірсутек
түзілетінін көрсетіңіз.
52. Үш атомды спирттер. Жеке өкілі глициринге тоқталыңыз.
53. Оксикарбон қышқылдарының химиялық қасиеттері: Карбоксил тобы бойынша жүретін реакцияларға және гидроксил тобы бойынша жүретін реакцияларға мысал келтіріңіз.
54. Этилхлорид металл натриймен әрекеттескен кезде қандай көмірсутек түзілетінін көрсетіңіз.
55. Алкендердің химиялық қасиеттерін реакция теңдеулерін жазу арқылы дәлелдеңіз.
56. Альдегидтермен кетондар жалпы формулалары, классификациясы, екеуінің ұқсастықтары мен айырмашылықтарын сипаттаңыз.
57. Винилхлорид және пропилхлоридтті металл натриймен әрекеттескен кезде
қандай көмірсутек түзілетінін дәлелдеңіз.
58. Алкендердің жалпы формуласын ескере отырып гомологтық қатарын құрып, номенклатурасымен таныстырыңыз.
59. Жай эфирлерді синтездеу жолдарын көрсетіңіз.
60. ИЮПАК номенклатурасы бойынша (СН3)2СНСН2 СН2ОН заттың дұрыс атауын
дәлелдеңіз.
61. Алкендерді алу жолдары: Алкандардан, спирттерден, галогентуындылардан, ацетиленді көмірсутектерден синтездеу реакция теңдеулерін жазыңыз.
62. Монокарбон қышқылдарының химиялық қасиеттеріне тоқталыңыз. Карбоксил тобының электрондық құрылысын сипаттаңыз.
63. Этиленнің озонолиз нәтижесінде түзілетін заттарды көрсетіңіз.
64. Алкадиендердің химиялық қасиеттеріне тоқталыңыз. Бутадиен 1,3ке 1,2 және 1,4 қосылу реакцияларының механизмін қарастырыңыз.
65. Монокарбон қышқылдары. Анықтамасы жалпы формуласын айта отырып, гомологтық қатарды құрып, номенклатурасымен таныстырыңыз.
66. Бутен-1 озонолиз нәтижесінде түзілетін заттарды атаңыз.
67. Каучуктың маңызына тоқталыңыз.
68. Альдегитерге тән сапалық реакция теңдеулерін жазыңыз. «Күміс айна» реакциясы, Фелинг сұйықтығымен реакциясы, күкіртті фуксин қышқылымен реакциясына тоқталыңыз.
69. Рационалды номенклатурасы бойынша (СН3)2СНСН2 СН2ОН заттың дұрыс атауын көрсетіңіз.
70. Карбиттік әдіспен ацетилленді алу схемасын келтіріңіз.
71. Жай эфирлер. Анықтамасы жалпы формуласын пайдаланып гомологтық қатарын құрыңыз.
72. Реакциялар тізбегінің соңғы өнімін (Б) атаңыз:
HCI Mg,эфир
2-метилпропен-1 → A → Б
73. Көмірсутектердің галоген туындыларынның физикалық қасиетіне сипаттама беріңіз.
74. Кетондардың химиялық қасиеттерінің реакция теңдеуін жазыңыз.
75. δ байланыстың (sp3- sp3) ұзындығы нешеге тең екенін дәлелдеп беріңіз.
76. Алкиндерді синтездеу жолдарын келтіріңіз
77. Нитроқосылыстардың классификациясына номенклатурасына тоқталыңыз.
78. Мына түздарды: 1)СH,-CH,-COONa, 2) (CH,),CH-CH,-COONa, 3) CH,-COONa
натрон ізбесін қосып кыздырғанда кандай заттар түзіледі ?
79. Алифатты аминдерді алу жолдарын көрсетіңіз.
80. Белоктар. Пептидтік байланыс түзу схемасын жазызыңыз.
81. Мына қосылыстарды: 1) 2-бром-2-метилбутанды, 2) 1-иодпропанды, 3) 1,4-дибромпентанды сілтінің спирттегі ерітіндісінде қыздырғанда қандай көмірсутектер түзіледі ?
82. Алкендердің химиялық қасиетіне байланысты реакция теңдеулерін жазыңыз.Вагнер реакциясына тоқталыңыз.
83. Жай эфирлерге байланысты сипаттама беріңіз.
84. Бромның және бромды сутектің пропиленге, бутен-1, бутен-2, 2-метилпентен-2 қосылу реакциясының электрофильді механизмін түсіндіріңдер. Морковников ережесін тұжырымдаңыз.
85. Алкиндер анықтамасы жалпы формуласына тоқтала отырып гомологтық қатары бойынша формуласын, номенклатурасы мен изомериясына сипаттама келтіріңіз.
86. Альдегидтер мен кетондарды ажырату реакциялары жазыңыз.
87. Формуласы CsH12 изомерлі циклоалкандардың құрылыс формулаларын
жазып атаңыздар.
88. Алкадиендердің қатысында түзілетін полимерлерді құраңыз.
89. Алкиндердің физикалық қасиетіне тоқталыңыз
90. Кучеров реакциясы бойынша винилацетиленнен метилвинилкетон
алынады. Осы реакция теңдеуін жазыңыз. Эльтеков ережесін тұжырымдаңыз.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет