4 Дәріс. Жаңартылған білім беру бағдарламасында қолданылатын негізгі құжаттар
Мемлекеттік жалпыға міндетті негізгі орта білім беру стандарты (бұдан әрі - МЖМББС) бойынша білім алушылардың дайындық деңгейін, білім беру мазмұнын, білім алушылардың оқу жүктемесінің ең жоғарғы көлемін, оқу мерзіміне қойылатын жалпы талаптардың жиынтығын анықтайды.
Бағалаудың стандарты болып табылатын күтілетін нәтижелер пәндер бойынша МЖМББС-нда таксономиялық тәсіл арқылы ұсынылды. Таксономиялық тәсілдер негізінде білім беру деңгейін аяқтау бойынша білім алушылардың білуі, түсінуі, қолдануы, талдауы, синтез жасауы және бағалауы анықталады.
Оқу бағдарламасы
Оқу бағдарламасы әр пәннің мақсатын, құндылықтарын белгілейді, мұғалімнің
ұстанымына сәйкес педагогикалық тәсілдерді қысқаша сипаттайды. Бұл құжат әр пәннің құрылымы мен мазмұны туралы ақпараттарды қамтиды. Оқу бағдарламасының мазмұны бөлім, бөлімше, ортақ тақырыптар бойынша берілген.
Оқу жоспары
Оқу жоспарында оқу бағдарламасының мазмұнын пәндер бойынша оқытудың ұсыныстары сыныптар арқылы көрсетілген. Мұғалімдер оқу жоспарында көрсетілген іс-шаралар түрлерін білім алушылардың оқу бағдарламасы мазмұнын білетініне және барлық оқу мақсаттарына жеткеніне көз жеткізу үшін қолдануына болады.
Мұғалім мен білім алушылардың сабақта нәтижеге қол жеткізуі үшін оқу мақсаттарына қатысты ортақ түсініктері болуы маңызды. Ортақ түсініктің болуы үшін мұғалімдер оқу жоспарында көрсетілген түрлі стратегияларды қолданады.
Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру бағдарламаларын жүзеге асыратын, білім беру ұйымдарындағы білім алушылардың оқу жетістігін критериалды бағалау тәртібі
Құжатта мемлекеттік жалпыға міндетті бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру стандартына сәйкес білім беру ұйымдарында білім алатын білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалауды ұйымдастыру, өткізу тәртібі анықталады. Құжат төмендегідей бағалау рәсімдерімен реттеледі:
тоқсандық және оқу жылына қойылатын бағалар рәсімдері.
Негізгі және жалпы орта мектеп мұғалімдеріне арналған критериалды бағалау бойынша нұсқаулық
Критериалды бағалауға арналған бұл нұсқаулық жаңартылған білім беру мазмұнын енгізу аясында білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалау бойынша
44
мұғалімнің іс-әрекетіне өзгерістер енгізудің теориялық және тәжірибелік негізін анықтайды. Берілген ұсыныстар бағалау рәсімдерін, олардың белгіленген стандарттарға сәйкестігін, әр білім алушының оқудағы қажеттілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Өңірлік және мектеп үйлестірушілеріне арналған критериалды бағалауды енгізу бойынша нұсқаулық
Әрбір қалалық/аудандық білім беру бөлімдерінде, мектептерде критериалды бағалау жүйесін енгізу үдерісін үйлестіретін жауапты тұлғалар тағайындалады. Өңірлік үйлестірушілер қалалық/аудандық білім беру бөлімдерінің әдіскерлерінің ішінен, мектепте жалпы білім беретін мектеп директоры орынбасарларының ішінен анықталады. Үйлестірушілердің негізгі рөлі бағалау жүйесінің сапасын жалпы басқаруды, қалыптастырушы және жиынтық бағалаудың рәсімдерін, үдерістерін жүзеге асыру үшін әдістемелік қолдау көрсетуді қамтамасыз ету болып табылады.
Өңірлік және мектептегі үйлестірушілер үшін критериалды бағалауға арналған нұсқаулық педагогикалық өлшеулер төңірегінде білім беру саясатын дамытуды, өңір, облыс және мектеп деңгейінде оны жүзеге асырудың негізгі қағидаттарын, жолдарын қамтып көрсететін құжат болып табылады. Нұсқаулықта бағалау үдерісін ұйымдастыру бойынша іс-әрекеттердің негізгі бағыттары мен тәжірибелік ұсыныстар үйлестірушілерге көмек ретінде берілген.
Қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырмалар жинағы
Жинақта оқу бағдарламасындағы барлық оқу мақсаттары бойынша қалыптастырушы бағалауды өткізуге арналған тапсырмалар үлгілері дескрипторлармен бірге ұсынылған. Тапсырмалар ұсыныс түрінде берілген, білім алушылардың мүмкіндігін, қажеттіліктерін есепке ала отырып, бейімдеуге болады.
Жиынтық бағалауға арналған әдістемелік ұсыныстар
Әдістемелік нұсқаулықта бөлім/ортақ тақырыптар бойынша және тоқсандық жиынтық бағалауды ұйымдастыру, өткізу жолдары көрсетілген. Құжат бөлім /ортақ тақырыптар бойынша жиынтық бағалаудың дескрипторлары, балдарымен бірге берілген тапсырмалар үлгілерінен тұрады.
Тоқсандық жиынтық бағалау спецификациясы
Тоқсандық жиынтық бағалаудың спецификациясы стандартталған және тоқсандық жиынтық бағалауды өткізу үшін міндетті құжат болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: |