Бақылау жұмысы №1 Тапсырма №1



Дата15.11.2023
өлшемі30,5 Kb.
#123707
Байланысты:
6-Тақырып Тапсырма


Бақылау жұмысы №1

Тапсырма №1. Хабарлы сөйлем түрлерін анықтаңыз:
а) баяндау мәнді хабарлы сөйлем:
ә) суреттеме мәнді хабарлы сөйлем:
б) түсіндірме мәнді хабарлы сөйлем:
1) Бақташылардан естуім: өзі үзіліп түскен алма тез шірейді.
2) Алғашқы көргені, алғашқы білгені бала жүрегінде ұйып қалған уыздай сақталады.
3) Ал дәл ұғымды, айтқым келген ойларымды өлеңге ұқсатып жазамын.
4) Әйтеуір найза ұшындай Аспара басында жал-құйрығы от болып жалбыраған, бәкен сирақ ат мінген қызыл салт аттының сонау шыңнан ап-анық көрінгені рас.
5) Айтпақшы, өлшеп көруге болады.
6) Тірліктегі бір өтінішім болсын, жалғыз балам ғой, өзің қамқор боларсың.

Тапсырма №2. Сұраулы сөйлемнің жасалуы:


а) сұрау есімдігі:
ә) шылаудың қатысы арқылы:
б) интонация немесе көмекші етістік арқылы:
1) Бейсеке, өрге қарсы ауыр екенін білетін шығарсыз? Білемін.
2) Күйдің күш екенін ше? Білемін
3) Көп ұйықтағанша, көп істеген пайдалы екенін білесің бе?
4) Бәрін білдіңіз. Ана желкеңіздегі жортқан не?
Өмір жолына серіктесіп шығар алдында менің үш шартым бар.
5) Бірінші? - деді Байжан
6) Мамандық алудың махаббатқа не бөгеті бар?
7) Неге асығасыз сіз?
8) Екінші шарт? - деді сөзден тосылған Байжан
9) «Қа» деп бастай беріп, тоқтай қалдың ғой?


Тапсырма №3. Сөйлемнің мақсаттық түрлерін анықтаңыз:


а) хабарлы сөйлем:
ә) сұраулы сөйлем:
б) бұйрықты сөйлем:
1) Жанды мақұлық түгіл, мына алма сияқты жемістер де, мезгілі жетсе үзіліп түспей ме
2) Біраз үнсіз отырғаннан кейін, Гүлнәрдің аузына «қайтпаймыз ба» деген сөз кеп қалып еді
3) – Ал енді қайтпекпіз
4) Қайткен керек, ақылға келетін іс көрінбейді ғой
5) Өзеннің аржағына өтіп алайық
6) Бойыңда менмендік болса кетпесін
Бақылау жұмысы №2
1) Әлі шам жағылған жоқ, жұрттың бәрі тыста мал жайлап жүр. 2) Кішкентай күнінде Абай өзі де кеш сайын осы жырдың тербеуімен ұйықтайтын. 3) Соқырдың өзіне қадалған жалғыз көзі еріксіз жауап айтуды тосып тұрғанын аңғартады да, Сармолла Абай жайын айтып береді. 4) Ой желке, қамыс құлақ қара көкпін, Тұнықтан жүзіп ішіп тоймайтұғын. 5) Кеудесінде балалықтың бұлбұл жанған мақтаны бар ма, қалай, аяғын кейде сәндене басып ойнақшып келеді. 6) Білімдіге дүние жарық, білімсіздің күні ғаріп. 7) Шаруам болғасын, келем де. 8) Бір-екі рет тұсынан өткенде байқады: мұндай от шашып тұрған жанар жоқ та болар. 9) Күйеулер ауылдың қызығын молайтып, қыз-келіншек, бала-шаға, бозбалалардың желігін көбейткендей. 10) Жас қыздың өтер күні де бүгін, өтер сағаты да осы. 11) Нұрперзент әлгінде диірменге бұрып салан суды кешіп өтіп еді, қызыл тікен жырған сирағы суға тиіп ашып жүр. 12) Профсоюз атынан қаттырақ айтамын, бұдан былай бір машинаның маманы бола алмаған жұмысшы өзін-өзі кінәласын. 13) Мыс пен жездің айырмасын, Мыстау мен Жезқазған деген сөздердің айырмасын білгісі келіп еді, Жүсіп оны айта алмады. 14) Оның үстіне Игілік жұрт көзін сүріндіретін істерді істеп салатын да, өз басы оған мән бермейтіндей көрінгісі келетін. 15) Екі дүниеде бір-ақ тілегім бар: балаларым кісі есігін көрмесе екен. 16) – Бар, келін, бар, мен де ере барайын. 17) Үй тігіліп жатса, жүк жиналып жатыр. 18) Егер құлын кезінде қолға түспесе, жабайы тарпаңнан айырмасы шамалы. 19) Ұлбосын секілді замандастарымның бейнесін жасауым, өздеріңіз білесіздер, көңілдің күйі, жүрек шабыты. 20) Абай келгеннен бері, Тоғжан үлкен ағасы Асылбектің отауынан осы үйге біреше рет келіп кетті. 21) Бері жүр, ақылдасатын шаруа бар. 22) Біз аудан орталығынан шыға, алдымыздан колхоз бастығы жолықты. 23) Өткен іс көңілде өшпес таңба қалдырғаны көрініп тұр, бірақ әңгімесінде өксу мен өкініш те, бүкпе мен қоспа да жоқ. 24) Әлі айналада шаңыт па, тұман ба, әйтеуір көкшіл буалдыр бар. 25) Мұның себебі молдадан ба, яки өзімізден бе, әйтеуір думен шәкірт атанып жүре беруші едік. 26) Сағат сайын төмендеп барады, білмеймін, жазыла ма, жоқ па? 27) Сені түнде, ел жатқаннан былай қарай, көрер ме еді! 28) Құанбай, ел жайлауға шығардан бұрын, былтыр өзі Қарашоқыдан көшірген Бөкенші, Борсаққа Жігітек жерінің жапсарынан жайлау берген болатын. 29) Құнанбайды ақтамаса, Бөжейді де құптаған жоқ. 30) Ересек азаматтар, бозбалалар ауылдан алыста, асуға тақау барып, таңертеңнен бері сонда тосып жүр.
Тапсырма №1. Жеке сөйлем түрлерін анықтаңыз:
а) Жай сөйлемдер:
ә) Салалас құрмалас сөйлемдер:
б) Сабақтас құрмалас сөйлемдер:
Тапсырма №2. Құрмалас сөйлем сыңарлары былайша байланысқан:
а) Шылаулар арқылы:
ә) Орын тәртібі арқылы:
б) Интонация арқылы:
в) Баяндауыштың тиянақсыз тұлғасы арқылы:

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет