Бақылау сұрақтары: Қарапайым, люминесцентті және электронды микроскоптардың құрылымы. Макро және микро бұрағыштармен жұмыс істеу тәртібі



Дата13.04.2023
өлшемі15,6 Kb.
#82256

Бақылау сұрақтары: 1 Қарапайым, люминесцентті және электронды микроскоптардың құрылымы. 2 Макро және микро бұрағыштармен жұмыс істеу тәртібі. 3 Микроскоптың окуляры мен басқа да оптикалық бөлімдері, олардың үлкейту дәрежелерін анықтау. 4 Микробиоло-гиялық зертхананың бөлімдері, қауіпсіздік техникалары.
Жауабы:

  1. Люминесцентті микроскоп өте күшті жарық көзінен (сынапты-кварц шамы), жарық сүзгілерінен және биологиялық микроскоптан тұрады. Жарық көзі мен микроскоп айнасының ортасында көк күлгін сүзгіш болады, қысқа толқынды жарық сәулелері препаратқа түскенде жарқырауды қоздырады. Микроскоптың окулярына сары жарық сүзгісін кигізеді. Ол көк күлгінді сәулелерді (спектрдің қысқа толқынды бөлігі) шашып, көзге көрінетін ұзын толқында сәулелерді өткізеді.

Электронды микроскоп құрылысының принципі электрондардың магнит өрісінде магнитті линзалар ауытқу қасиетін қолдануға негізделген. Электрондардың көзі ретінде электр тоғымен қыздырылатын вольфрам сымы қызмет етеді. Объект кескіні электронды микроскоптың көмегімен 500 000-нан аса ұлғайтылады. Электронды микроскопияның ұлғайту дәрежесі ангстреммен өлшенеді.

  1. Макрометрлік бұрағыш зат үстелін көтеріп түсіреді. Микрометрлік бұрағыш микроскопия кезінде өте қысқа қашықтыққа қозғайтын қозғалысты қамтамасыз етеді. Микрометрлік бұрағыштың толық бір айналымы тубусты 0,1мм-ге жылжытады.

  2. Микроскоптың оптикалық бөліміне жарық беретін аппарат, объективтер және окуляр кіреді. Жарық беру аппараты зат столының астында орналасқан. Ол жарық сәулелерін бағыттайтын жазық және ойыс беті бар айнадан, диафрагмалы конденсордан тұрады.Объективтер құрғақ және иммерсионды болып екіге бөлінеді. Құрғақ объективтерді қолданғанда объективтің маңдай алды линзасы мен препараттың ортасында ауа қабаты болады. Препараттың шынысы арқылы өткен жарық сәулелері ауа қабатында сынып, ауытқып, толығымен объективке түспейді. Егер объективтің линзасының диаметрі біршама үлкен болса, онда жарықтылық жеткілікті болады. Мұндай линзалар фокус аралығының үлкендігінен, шашырағыштығының аздығынан затты 10, 20, 40 есе ғана ұлғайтады.Окулярдың жоғарғы рамкасында көбейту таңбасы бар сан белгілері болады. Бұл – окулярдың ұлғайту дәрежесінің көрсеткіші. Микроскоптың жалпы ұлғайтуын объективтің ұлғайту дәрежесінің көрсеткішін окулярдың ұлғайту дәрежесіне көбейту арқылы табады (мысалы, объектив 120 есе ұлғайтады, ал окуляр х9). Объективтің жалпы ұлғайтуы 120х9 =1080.

  3. 1) Микробиологиялық зертханаға міндетті түрде халатпен кіргізіледі.

2) Бұл жерге бөгде заттарды алып кіруге тыйым салынады.
3) Белгілі бір орында жұмыс істеп, тек қана бекітілген құрал жабдықтарды қолдану керек.
4) Жұмыс кезінде тазалық сақтаған жөн. 5) Ауруды жұқтырмау үшін үзіліс уақыттарында темекі шегуге, тамақтануға болмайды.
6) Үстелдің үстінде тек қана тапсырманы орындауға арналған құрал-жабдықтардың ғана болуы шарт.
7) Сабақтың соңында жұмыс орны мен жабдықтарды ретке келтіру қажет.
8) Бір спирт шамын екінші біреуінің көмегімен тұтандырмаған абзал, ол үшін шырпы мен шақпақты қолданған жөн.
9) Электр жүйесінің сымдарына, түйіспе бөліктеріне металл немесе басқа заттарды жанастыруға болмайды.
10) Оқытушының немесе зертхана қызметшілерінің рұқсатынсыз электр құралдарын тоққа қоспау керек.
11) Химиялық және басқа да реактивтермен жұмыс істеу ережелерін қатаң сақтау қажет.
12) Зертханадан шығар алдында қолды сабынмен жуады.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет