11-сынып. Жмб. Бақылау жұмысы №1 «Электромагниттік тербелістер». 1-нұсқа



бет1/21
Дата13.10.2022
өлшемі110,04 Kb.
#42780
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21


11-сынып. ЖМБ.
Бақылау жұмысы №1 «Электромагниттік тербелістер».


1-нұсқа.



  1. Егер тербелмелі контурдың индуктивтілігін10 есе арттырып, ал сыйымдылығын 2,5 есе кемітсе периоды қанша есе өзгереді?

  2. Айнымалы ток өтетін тізбек ұштарындағы кернеу U=U0sin(2πt) заңы бойынша өзгереді. t=1/12 с уақыт мезетіндегі кернеудің лездік мәні 9 В. Кернеудің амплитудалық мәнін табыңдар.

  3. Трансформатордың бірінші реттік орамдағы ток күші 0,5 А, ал оның ұштарындағы кернеу 220 В. Екінші реттік орамдағы ток күші 11 А, ал оның ұштарындағы кернеу 9,5 В. Трансформатордың ПӘК-ін анықтаңдар.

  4. * 1000 Гц жиілікте индуктивтілігі 0,5 Гн болатын катушка және сыйымдылығы

0,1 мкФ конденсатор тізбектей жалғанған. Осы электр тізбегіндегі толық реактивті кедергіні анықтаңдар. Толық реактивті кедергі қандай жиілікте нольге тең болады?


2-нұсқа



  1. 400 Гц жиілікте айнымалы ток тізбегіне индуктивтілігі 0,1 Гн катушка қосылған. Резонанс болу үшін осы тізбекке сыйымдылығы қандай конденсатор жалғау керек?

  2. Трансформатордың бірінші реттік орамдағы ток күші 2 А, оның ұштарындағы кернеу 220 В. Екінші реттік орамдағы кернеу 40 В. Екінші реттік орамдағы ток күші неге тең болады? Трансформатордағы шығынды ескермейміз.

  3. Ампермен өлшенетін ток күшінің мәні i=0.28sin50πt теңдеуімен берілген.Ток күшінің амплитудасын, жиілігі мен периодын табыңдар.

4 * Кернеудің әсерлік мәні 220 В болатын және жиілігі 50 Гц айнымалы токка актив кедергісі 5 Ом, индуктивтілігі 0,5 Гн катушка мен сыйымдылығы 40 мкФ конденсатор тізбектей қосылған. Ток күшінің әсерлік мәнін табыңдар.

11-сынып. ЖМБ.
Бақылау жұмысы №1 «Электромагниттік тербелістер».


1-нұсқа

  1. Екі есе артады.

  2. 18В

  3. 95%

  4. 1548Ом,

2-нұсқа

  1. 1,6 мкФ

  2. 11 А

  3. 0,28А, 25Гц, 0,04с






Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет