Бақыт Шұғыла Мұғалім-куратор



Дата03.10.2024
өлшемі90,82 Kb.
#146578
Байланысты:
Т Аружан Ұсыным хат (1)




Бақыт Шұғыла
Мұғалім-куратор
“Достық” білім беру орталығы
Өскемен қаласы, Славский жағалауы 3, 2-қабат
тел. 8 747 144 16 74


Ұсыным хат
Мен “Өскемен-Достық” білім беру орталығының кураторы Бақыт Шұғыла оқушым Төлеуқазы Аружанды 2022 жылдың желтоқсан айынан бері жақсы танимын.
Бір жылға жақын уақыт ішінде Аружан жайдары, қарапайым мінезі мен өзін сабырлы, өте байсалды ұстауының арқасында тез тіл табысып, жақсы араласып кеттік. Ең бірінші бізді байланыстырған білім саласы болғандықтан, көзге түсіп, алдыға суырылып шығуына да ықпал еткен - ақылдылығы мен еңбекқорлығы. Ата-анадан алған жақсы тәрбиесі мен білімділікке, еңбекқорлыққа ұмтылысының арқасында жыл бойы еккен егінінің жемісін көрді. Сонымен қатар, қазіргі уақытта бітіруші түлектердің көпшілігі қабілеттерін аша алмай, пән таңдауда басқа адамдардың айтуына еріп қателесіп жатады, дегенмен Аружанды ол топтың арасына қоспас едім. Себебі Аружанды мұғалімдік, әсіресе, үйретуге деген қызығушылығы өте жоғары деңгейде. Кез келген сабақта оңай әрі оңтайлы, жаңа тәсілдерін білсе, жақындарына түсіндіруден жанын аямайды, өзі де түсінбей қалған тақырыптарын әрдайым білетін сыныптастарынан, ұстаздарынан сұрап әрдайым ізденісте жүреді. Осы уақытқа дейін әртүрлі пәндік олимпиадаларына қатысқан. Сонымен қатар жан-жақты Аружан қоғамдық іс-шараларға да белсене қатысып бойынша бақ сынап жүлделі орындардың қатарынан көріне білді.
Өлмейтін мамандықтың бірі болып саналатын ұстаздық жолын не үшін таңдадың? - деген сұрағыма: “Мұғалім мамандығы ешқашан өзектілігін жоғалтпайды. Мен қоғамға пайда әкеліп, жаңа білім бергім келеді. Бұл мамандық өзіме ұнайды, себебі ұстаз жаңа ұрпақты дұрыс жолға салып, қоғамды жақсы жаққа өзгертеді” - деп жауап берген болатын. Бұндай жауапты есту - тек мұғалімге емес, ұлт, ұрпақ абыройын ойлаған кез келген адам үшін үлкен мотивация. Ұстаздық жол оңай емес әрине, бірақ соны өз еркімен қалаған әрбір адам жұмысынан ләззат алып, тек оның жақсы жақтарын көре алады деп ойлаймын. Аружан өзіне артылғалы тұрған жауапкершілікті жоғары деңгейде алып шығып, еліміздің мақтанышы болатынына сенімім мол.
Құрметпен
“Өскемен-Достық” ББО-ның мұғалімі: Бақыт Ш.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет