Шұғыла МАЛАЕВА
Күн кешкірді тағы да,
Ымырт түсті жерге кеп.
Төсегімнің жанында,
Сиынамын тізерлеп.
Қараңғылық жапса да,
Аула, бау мен бақшаны.
Тәңір Ием естиді,
Мен жолдаған дұғаны.
Жаман түстен қорғап тұр,
Жастығымның басында.
Ал мен тәтті түс көрем,
Жылы көрпе астында.
Айман ҚЫЗЫЛБӨРІКОВА
Нағыз досым бар менің,
Оны жақсы көремін.
Түссем қиын жағдайға,
Сол досыма келемін.
Мұңая қалсам жұбатып,
Жағдайды жақсы біледі.
Қиналсам тастап кетпейді,
Мәңгілік достық тілегі.
Сақтау керек достықты,
Ренжітуге болмайды.
Ұнатпайды Ол күнәні,
Әділ істі қолдайды.
Суретін салған Жүніс ЫБЫРАЙЫМОВ
ШАР
АПА
Т 4/2010
2
Ол үлкен, мен баламын,
Оған қарап жатпайды.
Үлкен, кіші деместен,
Достықты адал сақтайды.
Керек пе саған нағыз дос?
Исаны онда шақырғын.
Дұрыс таңдау жасадың,
Онымен болсаң ақылдым.
НАҒЫЗ ДОС
Ұйықтар алдында
3
ШАР
АПА
Т 4/2010
Құдайым қасымда
Құдайым қасымда
Ұйықтар алдында
Бүгін Йенсен ханымның бос уақыты
бар болатын. Олар апельсин жеп, үстел
басында ұзақ отырды. Ал Жонатанның
анасы Пеллеге жаңа Досын көре алмаса
да, өзінің Онымен сөйлесуге болатынын
айтты. «Сен Исамен кез келген уақытта
сөйлесе аласың, бұл мінәжат ету деп ата-
лады, – деді ол. – Қымбатты Иса! Менің
жүрегіме еніп, ұдайы менімен бірге бол-
шы! – деп айтсаң, Ол сенімен бірге бо-
лады, ал сен Оған өз ойларыңды, не
істегің келетінін айта аласың. Бір нәрсеге
қуанғаныңда: «Иса, саған рахмет!» – деп
айта аласың. Егер сені бір нәрсе маза-
лап жүрсе немесе алдыңда бір күрделі
мәселелер тұрса, онда: «Иса, маған
көмектесе гөрші!» – деп өтінуіңе бола-
ды. Жалғыз қалып, бойыңды қорқыныш
жайлаған кезде сен өзіңнің жалғыз емес-
тігіңді, өйткені Исаның ұдайы өзіңмен
бірге екенін білуге тиіссің. Иса әлемдегінің
бәрінен де құдіретті».
Пеллеге мұндай сөздерді есту жағымды
еді, өйткені оның басында өзін бір нәрсе-
лер мазалаған немесе әлденеден қорық-
қан жағдайлар болып тұратын. Ол
өзінің түнде бір бөлмеде жалғыз жату-
дан қорқатынын Йенсен ханымға да,
Жонатанға да айтқан емес. Бұрын ол ата-
анасымен бірге солардың бөлмесінде
ұйықтайтын, бірақ кішкентай қарындасты
болғаннан кейін, бөлек бөлмеге жатуына
тура келді.
Жалпы, Пелленің бөлмесі өте әдемі
болатын. Оның көптеген ойыншықтары,
қанша секіріп ойнаса да шыдас беретін
қалың матрасы, тіпті онда шведтік қабыр-
ға шкафтары да бар болатын. Күндіз, жа-
рық кезде ол көп уақытын өз бөлмесінде
өткізеді. Ал қараңғы түскенде көзге
бәрі де басқаша болып елестейтін.
Пеллеге төсек астында қорқы-
нышты мақұлық жасырынып
жатқандай болып көрінетін.
Сондықтан да, ол түнде қорық-
пас үшін өз бөлмесінің есігін
сәл ашып қояды. Жатар ал-
Кари ВИНЬЕ
Сегізінші тарау
(Жалғасы. Басы өткен сандарда)
Сен кенеттен ағаш қоршауда
пайда болған тесікті көрсең
не істер едің? Одан әрі қарай
өтер ме едің? Пелле де солай
етті. Осылайша Жонатанмен
танысып, онымен достасып
кетті. Жонатан мен оның
анасынан Иса туралы көптеген
қызықты нәрселер естіді. Ол
Исаның бізге – адамдардың
бәріне Дос болғысы келетінін
білді.
ШАР
АПА
Т 4/2010
4
ЖӘНЕ КӨРІНБЕЙТІН ДО
С
ЖӘНЕ КӨРІНБЕЙТІН ДО
С
дында ұдайы шөлдейтін болғандықтан ана-
сы оған су әкеліп береді немесе уақыттың не-
ше болғанын білу үшін әкесін шақырады. Со-
дан соң қайырлы түн тілеу үшін әке-шеше-
сін тағы да шақырады немесе тағы да су
сұрайды. Содан кейін қонақ бөлмеден өзінің
ертегі кітабын әкеледі, ал содан соң...
Иә, Пелле жалғыз қалғандағы қорқыныштың
қандай болатынын жақсы біледі. Бірақ енді ол
жалғыз емес, оның көрінбейтін, әлемдегі ең күшті
Досы бар. «Иса, менің төсегімнің астында жасы-
рынып жататын мақұлықтарды қуып жібере ала-
ды ғой, солай емес пе?» – деп сұрады ол Йен-
сен ханымнан. «Төсек астында жасырынып жа-
татын ешқандай мақұлық болмайды, – деді ол
баланы тыныштандырып. – Тіпті, болған күннің
өзінде Иса оларды қуып жіберген болар еді».
Мұны естіген кезде Пелле бірден өзін анағұрлым
батылырақ сезінді.
Сол күні кеште Пелле шөлдемеді, сағаттың
неше болғанын да білгісі келген жоқ және қо-
нақ бөлмеге де ешнәрсесін ұмыт қалдырма-
ды. Өзі риза сезімде төсегінде тып-тыныш
5
ШАР
АПА
Т 4/2010
жатты. Бірақ анасы ойлағандай мүлде
тыныш жатқан жоқ болатын, өйткені ол
Исамен сөйлесіп жатты. «Иса, – деді сы-
бырлап, – Сенің ұдайы өзіммен бірге
болғаныңды қалаймын».
Осыдан кейін Пелленің жүрегі қуаныш-
қа кенелді. Өйткені көрінбейтін Досының
өзімен бірге екенін және оны естіп
тұрғанын білетін. «Мен Йенсен ханымның
не ойлайтынын білемін, – деді Исаға.
– Ол қорқынышты мақұлықтар болмай-
ды деп есептейді. Бірақ, мүмкін, Сен
қалай болғанда да менің төсегімнің асты-
на көз саларсың? Олар ұдайы сол жер-
де тығылып жатады. Бәрін қуып жіберші!
Енді мұнда келмеңдер деп айтшы. Рахмет,
Иса! Маған енді шынында да қорқынышты
емес».
Пелленің ақырын сөйлегені сондай, он-
ың дауысын ешкім де естіген жоқ. Ас
үйде ыдыс-аяқ жуып жүрген анасы да
естімеді. Бірақ сол сәтте ол Пелле тура-
лы ойлап тұрған болатын. Оның ұлына
не болған? Ол мүлде өзгеріп кеткен
секілді. Мүмкін, қысымы көтеріліп, ауы-
рып қалған болар? Анасы жұмысын қоя
салып, Пелленің бөлмесіне қарай беттеді.
Пелле өз бөлмесінде жайбарақат ұйықтап
жатты. Жоқ, қысымы көтерілгенге мүлде
ұқсамайды.
Сонда да Пелленің төсегінің басында
біраз тұрып қалды. «Сірә, ұлы жақсы түс
көріп жатса керек», – деп ойлады. Оның
жүзінде үлкен бір құпияны бүгіп жатқандай
күлкі ойнап тұр еді. Ол солай болатын да.
Суретін салған Виктория ДУНАЕВА
ШАР
АПА
Т 4/2010
6
Сірә, сен қазір менің, Тәңіріміз Иса сені сүйеді және Ол – сенің Досың деп
айтқанымды күтіп отырған боларсың? Осылай деп айтуға болады, бірақ...
Мұны айтпас бұрын біз алдымен бұл сөздерді Исаның кімге, қайда және қандай
жағдайда айтқанын қарап шығуға тиіспіз.
Иса бұл сөздерді шәкірттеріне, яғни,
Өзіне қызмет етуге таңдап алған адам-
дары – Өз елшілеріне айтты. Енді Исаның
осы сөздерінің бізге қатысы бар ма, жоқ
па, соны қарастырайық.
Иса туралы естіген елшілері Оның
– Мәсіх, яғни, әлемнің Құтқарушысы
екендігіне сенді. Сен де Оған елшілері
сенгендей сенесің бе? Сен Иса әлемнің
Құтқарушысы екеніне сенесің бе?
Иса шәкірттерін Өзінің соңынан
еруге шақырды. Олар бұл шешімді шын
жүректерімен қабылдады. Бәрін тастап,
өз Ұстаздары және Құтқарушысының
соңынан ілесті. Ал сендегі жағдай қандай?
Иса туралы естіп, Ол сені Өзінің соңынан
ілесуге шақыратынын шын жүрегіңмен
сезінгенде, Оның шәкірттері секілді
ештеңеге мойын бұрмастан соңынан
еруге бел байладың ба? Сен Оған шын
жүрегіңмен: «Иса, өмірімнің соңына дейін
Сенің артыңнан ілескім келеді. Менің
өміріме Өзің басшылық жаса!» деген
сөздерді айттың ба?
Біздер Құдай Сөзін, Ізгі хабарды оқимыз
ба және Исаның бізге нені өсиет еткенін білеміз бе? Бұл не үшін соншама
маңызды? Ал егер оны оқымасақ, онда Исаның өзімізден нені күтетінін біз
қалай білеміз? Иса былай деді: «Егер Менің тапсырғандарымды орындасаңдар,
Маған доссыңдар». Оның бізге нені тапсырғанын білу оңай: Киелі кітапта Ол
туралы не жазылғандарын оқып шық, сонда бәрін білетін боласың. Ең басты
нәрсе туралы осы тараудың алдыңғы аяттарында айтылады: «Сендерге айта-
тын өсиетім мынау: бір-біріңді Менің өздеріңді сүйгенімдей сүйіңдер!» (Жохан
15:12). Біз Исаның осы өсиетін орындап жүрміз бе? Оған сенетін басқа адам-
дарды сүйеміз бе?
Егер сен осы сұраулардың бәріне «иә» деп жауап беретін болсаң, онда Иса
Мәсіх өзіңнің Досың екендігіне сенімді бола аласың. Ол сені Өз достарының
қатарына қосады!
Болат ҚАҺАРМАН
ҚҰДАЙ – МЕНІҢ ДОСЫМ
ҚҰДАЙ – МЕНІҢ ДОСЫМ
«Егер Менің тапсырғандарымды орындасаңдар, Маған доссыңдар» (Жохан 15:14).
7
ШАР
АПА
Т 4/2010
КІМ ТАПҚЫР
КІМ ТАПҚЫР
Айман ҚЫЗЫЛБӨРІКОВА
1. Көзіңе жас толып,
Жүрегің сыздаса.
Көмекке келетін,
Досымыз Ол – _______.
2. Бойы қысқа болған соң,
Исаны көре алмай.
Шығып алды ағашқа,
Есімі оның – ________.
3. Ізгілікті бұл хабар,
Жетті ауыл-аймаққа.
Иса қайта тірілді,
Керілген _________.
4. Кемені салғанда,
Келеке қылды жұрт.
Сенімнің атасы
Есімі оның – ________.
5. Балалар Исаны білсін деп,
Келеді өзі жол бастап.
Қызыққа толы беттері
Досымыз біздің _________.
Суретін салған Лариса ГОРОШКО
ШАР
АПА
Т 4/2010
8
ЖҰМБАҚТАР
ЖҰМБАҚТАР
Кім тапқыр қанеки,
Жұмбақтарды шешейік.
Киелі жазбаны оқып,
Рухани бірге өсейік.
Киелі кітап оқысаң,
Кейіпкерді табасың.
Сөзін тыңдап Құдайдың,
Алтын қалаға барасың.
Нешеде болсын жасымыз,
Шарапат біздің досымыз.
Жақсы тәлім беретін,
Асыға оны тосыңыз.
ҚОЛӨНЕР БҰЙЫМЫ
ЖҮРЕК
ЖҮРЕК
– дейді
Жарат
ушы Ие.
Малахия 1:2
«М
ен с
енд
ер
ді
ж
ақсы көр
дім»
Көлемі 21х29 см болатын
қағаз парағын алып, оны
1а
суретте көрсетілгендей
етіп бүкте; содан соң, оны
жазып,
1б
суреттегідей етіп
бүкте содан кейін тағы да
бүктеуін жазып, 1в суретте-
тегідей, оны бүктеу сызық-
тарының қиылысқан жері-
нен қағаздың жоғарғы қыр-
ына параллель етіп бүкте.
2.
Қағаздың бүктеуін тағы да жазып,
оны «үйге» ұқсатып бүкте.
Үйдің «шатырының» оң жә-
не сол жақ бұрыштарын
жоғарғы бұрышқа қайыр, ал
қағаздың оң және сол жақ
қырын – қағаздың ортасы-
на қарай бүкте.
4.
Оны кері аударып, жоғарғы
бөлігін төмен қарай бүкте.
5.
6.
7.
8.
Оның тік бұрышты бөлігін төменгі жағы, жоғар-
ғы көлденең бүктеумен сәйкес келетіндей етіп
бүкте.
Төменгі бұрышта-
рын бір-біріне
қайыр.
Содан соң жоғарғы бұрыштарын
төмен қайырып, оларды жүректің
формасы шығатындай етіп «қалта-
шаларға» кіргіз.
Екінші жағына
Киелі кітаптан
аятты жаз.
1.
3.
1а
1б
1в
9
ШАР
АПА
Т 4/2010
Нұрлан қуанышты сезімде оянды. Алақай!
Ешқайда асығудың қажеті жоқ, демалыс
басталды. Көптен күткен жазғы демалыс!
Күн сәулесі терезе перделерінің арасынан
сығалай өтіп, оның төсегінің жанына, еден-
ге келіп орын тепті. Нұрлан оны алақанына
салуға талпынды, бірақ күн сәулесі қайтадан
еденге секіріп кете берді.
– Тентегін қарашы өзінің! – деді Нұрлан
күліп.
Сыртқы есіктің ашылған дыбысын естіп,
баланың қуанышы сап тиылды. Ол кешегі
өзінің мысықты тоңазытқышқа тығып қойға-
ны үшін ата-анасынан таяқ жегенін есіне
алды. Ата-анасына мысықты тоңазытқыш
ішінде шыдауға үйреткенін түсіндіруге ты-
рысты: Мысықты алдымен екі минут тұрғы-
зудан бастап, біртіндеп уақытты жарты
сағатқа дейін жеткізген болатын. «Олар
мұны қалайша түсінбейді? – деп ойлады
ренжіп. – Біз мысығымыз екеуіміз саяхатқа
шығып, Солтүстікті зерттеуші болғалы жүр-
міз ғой, сондықтан суыққа шыдап, үйрену
екеуміз үшін аса маңызды. Бірақ мысықтың
жарты сағат тоңазытқыш ішінде отырған
кезінде бүкіл етті жеп қойғанына не
істейсің?! Өйткені, суықта көп жүргеннен
Барша адамның ДОСЫ
Рима БОЛМАНОВА
ШАР
АПА
Т 4/2010
10
кейін тәбетіңнің ашылатынын өз басымнан
білемін. Олар мысықты менің досым емес,
жай ғана – үй жануары және адамдарға
тек адамдар ғана дос бола алады дегенді
қайдан шығарды екен? Ол менің досым,
досым! – деді қабағын түйіп алған Нұрлан
қасарысып, – өзі бәрін түсінеді және бәрін
де менімен келіседі, бірақ тек сөйлей ал-
майтыны ғана жаман. Маған бір бөпе тауып
беріңдер деп айттым. Балалардың бәрінің
іні-қарындастары бар, ал менде – тек үй жа-
нуары ғана, оның өзімен де достасуыма ти-
ым салады».
Нұрлан екінші қырына аунап түсіп,
көңілсіз ойларға берілді: «Көршілеріміздің
жеті баласы бар. Бәрі сондай тату тұрады:
бір-бірлерін қорғап, көмектесіп жүреді.
Бір-бірлерімен дос, ал мен – жалғызбын».
Нұрлан ауыр күрсінді.
Ата-анасы көршілерінің сенуші адамдар
екенін айтады. Нұрлан сенушілердің кім
екенін білмейтін еді және ол туралы ата-
анасынан сұрауға батылы жетпейтін. Бұл
сөзді ата-анасының құлықсыз атайтынын
байқайтын. Әкесі бірде былай деді: «Жа-
райды, біздің шешеміздің жасы келді, ал
мыналар ше, жап-жас адамдар ғой».
Бірақ балаға көршілері ұнайтын, олар
қайырымды және үнемі күлімдеп жүретін
адамдар болатын. Олар тіпті мұның әке-
шешесіне ұқсап қабақтарын да шытып
қоймайтын. Нұрлан ата-анасынан олардың
неліктен үнемі қабақтарын шытып жүретін-
діктерін сұрағанда, «қиындықтан» деп жа-
уап берген. Көршілері үнемі күлімдеп
жүретіндіктен, олардың басында ешқандай
қиындықтардың болмағаны ғой. Қандай
бақытты адамдар! Кенет оның ойы мүлде
басқа бағытта өрістеді: «Бүкіл жаз бойына
ауылға, әжеме кетіп қалсам ғой!» Ешқашан
шаршауды білмейтін мейірімді әжесін есіне
алған бала күлімсіреп қойды. Ол тағы
күрсінді: «Бұл туралы тек армандауға ғана
болады». Осы сәтте баланың бөлмесінің
есігі жайлап ашылды. Нұрлан өз көзіне өзі
сенбеді: есіктен оған әжесі күлімсірей қарап
тұр еді.
Арада үш күн өткенде Нұрлан әжесімен
бірге пойызда кетіп бара жатты. Міне, нағыз
саяхат! Терезенің сыртынан қалып бара
жатқан ауылдар мен ормандардың сұлбасы
көрінеді. Әрине, ауылда Нұрлан өзіне жаңа
достар тауып алады.
... Арт жағынан тарс-тұрс ете қалған ды-
бысты естіген Нұрлан артына жалт қарады.
Әжесі екеуі жүріп келе жатқан жолдың бой-
ында ішіне құм толтырылған – қарсыласты
жоюға арналған «бомба» жатыр еді.
– Әже, бұл не?
– Біздің ауылдың балалар үнемі осы
арада ойнайды, ал мынау... Тіпті, оның не
екенін де білмеймін.
Осы кезде: «Атысқа дайындалыңдар!
Дұшпанға соққы беріңдер!» – деген бұйрық
естілді. Сол сәтте бала мен оның әжесіне
қарай қарағай бүршіктері мен емен
11
ШАР
АПА
Т 4/2010
жаңғақтары жауды. Әжей күліп жіберді:
– Олар сенімен осылайша танысып жа-
тыр.
– Мен ешқандай да қарсылас емеспін!
Мен бұл жерден өзіме достар табармын деп
ойлап едім, бірақ бәрі керісінше болып тұр.
– Сен мұны уайымдама, олардың бәрі
жақсы балалар, сендер достасып кетесіңдер.
Әй, балалар, мұнда келіңдер, мен сендерді
немереммен таныстырайын!
Бірақ балалар ізім-қайым жоқ болып кетті.
Кешкі тамағын ішкен соң, Нұрлан бақшаны
аралап келуге шықты. Кенет оның тура ал-
дынан шаштары ұйпа-тұйпа баланың басы
пайда болды.
– Ей, сен кімсің? Көшеге шық! – деді ол
Нұрланға.
Сол сәтте сытыр-сытыр еткен дыбыс
естілді де, бала асылып тұрған қоршауымен
бірге Нұрланның дәл алдына құлап түсті.
– Қазір әжем саған көресіңді көрсетеді! –
деген Нұрлан, үйге қарай тұра жүгірді.
Әлгі бала, онымен бірге қоршаудың сыр-
тында күтіп тұрған балалардың бәрі жан-
жаққа қаша жөнелді. Немересінің айқайлаған
дауысын естіп далаға шыққан әжесі болған
жағдайды көріп, көңілді үнмен:
– Жарайсыңдар, балалар, оны құлатуға
көмектестіңдер, әйтпесе менің қолым тимей
жүр еді, – деді.
Сөйтті де, жерде жатқан ағаш сынықтарын
жинастыра бастады. Бұған баланың таң
қалғаны сондай, тіпті ол әжесінің не деп
сөйлеп жүргенін де естіген жоқ. «Менің әке-
шешем болса әлгі балаларды оңдырмас еді!
Ал әжеме бәрібір!» – деп ойлады.
– Әже, сен неге балаларға ашуланбай-
сың, олар қоршаудың бәрін сындырып тас-
тады ғой? – деді әжесіне.
– Адамдарды түсіну керек, – деді ол
немересінің басынан сипап тұрып. – Олардың
бұлай еткілері келген жоқ қой, солай емес
пе?
Аз ойланған Нұрлан онымен келісуге
мәжбүр болды, бірақ, бәрібір оның мұндай
балалармен достасқысы келмес еді:
– Әже, сенімен өмір сүру өте жеңіл және
қуанышты. Ал әкем мен шешемнің өмір
бойы қиындықтары таусылмайды, үнемі бір
нәрселермен айналысып, қолдары тимей
жүреді. Көбіне олар мені түсінбейді және
мысыққа тиіскенім үшін ұрса береді.
Аз уақыт үнсіз қалған әжесі былай деді:
– Олардың ең үлкен қиындығы –
сол қиындықтарды оңай шешіп беретін
Әлдекімнен алшақ болуларында, міне, сон-
дықтан да олар азап көріп жүр.
– Ал Ол кім, әже? Оларды
Онымен таныстыршы.
ШАР
АПА
Т 4/2010
12
– Өкінішке орай, ата-анаңның Ол туралы
естігілері келмейді.
– Ал мені Онымен таныстырасың ба?
– Міндетті түрде, Нұрланжан, міндетті
түрде. Бұл дүниеде Онсыз өмір сүруге бол-
майды. Ол Иса Тәңір, біздің Құтқарушымыз
және Досымыз. Иса сені сүйеді және сенің
де Досың бола алады.
– Ал мұны қалай істеуге болады?
– Сенің жүрегіңде кішкентай есік бар, со-
ны ашып, Исаны жүрегіңе кіруге шақыруыңа
болады. Бірақ, бұл үшін алдымен Оны-
мен танысу керек, мен сені міндетті
түрде Онымен таныстырамын.
Кешке ұйықтар алдында әжей тізесін
бүгіп, Исамен жанында тұрған
Досымен әңгімелесіп жатқандай
сөйлесе бастады. Нұрлан да
әжесінің жанына тізерлей
жайғасып,
әжесіне ұқсап көзін жұмып отырды. Ке-
нет оның бойындағы алыс жол жүріп
шаршағандық, ауыл балаларына деген жек
көрушілік сезімдері бірден ғайып болып кетті.
Оны Әлдекім кішкентай кезіндегідей қолына
алып, кеудесіне қысып тұрғандай. Баланың
өзін соншалықты жақсы сезіне бастағаны
сондай, ол өзінің еркінен тыс:
– Иса, Сенімен тезірек танысқым келеді,
– деді.
Ертесі күні аспан шайдай ашық бол-
ды. Әжесі таңғы асқа жұмыртқа қуырып
қойыпты. Нұрлан оны өте жақсы көретін еді,
көңіл-күйі де тамаша болатын.
– Әже, сенде бәрі сондай тамаша! Бүгін
сен мені өзіңнің Исаңмен таныстыршы, жа-
рай ма?
Әжесі баланы иығынан құшақтады да,
оның көздеріне тура қарап:
– Ол сенің де, көрші Нағима апайыңның
да, кеше өзіңмен таныспақ болған бала-
лар мен олардың ата-аналарының да Иса-
сы. Ол – жер бетіндегі барлық адамның
Құтқарушысы. Иса адамдардың бәрін өте
жақсы көреді, сондықтан да Ол адамдардың
бәрі үшін өлді.
Нұрлан таңданғанынан, тіпті, дем
ала алмай қалды:
– Өлгені қалай? Сонда
Ол енді жоқ па? Тірі емес
пе?
– Жоқ, балам, Ол қайта
тірілді, Ол – тірі! Оны
13
ШАР
АПА
Т 4/2010
сүйетіндер бұл туралы жақсы біледі, өйткені
Иса олардың жүрегінде өмір сүреді.
Таңғы ас үстінде әжесі оған кешегі
қоршауды құлатып кеткен баланың әкесі келіп,
оны қайта қалпына келтірмек болғанын баян-
дады. Әжесі оған жаңа қоршауға керектінің
бәрін даярлап, содан соң шақыратынын ай-
тыпты.
Таңғы астан соң әжесі балаға көшеге
шығып, балалармен танысуды ұсынды.
– Ой, әже, олар маған бір түрлі, ұнамай-
ды. Менің олармен достасқым келмейді.
– Ал сен достарыңның болғанын қалайсың
ба?
– Иә, бірақ олар секілді емес.
– Кел, Құдай Сөзінің бұл туралы не дейтінін
оқып көрейік.
Әжей Киелі кітапты ашты да, оған
Сүлейменнің нақыл сөздері кітабынан он
сегізінші тарауындағы жиырма төртінші аят-
ты оқуға берді: «Достары болғысы келген
адамның өзі де дос пейілді болуы керек».
Арада бір сағат өтпей-ақ Нұрлан көшеде
балалармен асыр сала футбол ойнап
жүрді. Екі беті қызарып, көздері жарқ-
жұрқ етеді. Ол балалардың бәрінің атта-
рын біліп алды және олармен қарым-
қатынасы дәл бір бұрыннан таныс адамдар-
дай болып кетті. Ойыннан шаршаған бала-
лар әжейдің үйінің жанындағы бөрене үстіне
демалуға отырды. Нұрлан үйге кіріп, әжесінен
балалардың бәріне су алып шығып
беруін сұрады. Әжесі оларға су және
әрқайсысына өзі қазір ғана әзірлеген
жеміс бәлішінен бір-бірден әкеліп
берді. Бәліштерін тездетіп жеп
алған балалар бірінің сөздерін бірі
бөле соққан голдары туралы айта
бастады. Олар сәл тынышталған
соң әжей оларға Иса туралы әңгіме
тыңдауды ұсынды.
– Иә, әже, сен бүгін мені
Онымен таныстырам
деп уәде етіп едің ғой, –
деді Нұрлан қуанып.
– Ал мен Оны
білемін, – деді ба-
лалардың іш-
індегі ең кішкентайы. Ол балалардың
аяқтарына оратылып, ойындарына көп
кедергі жасаған болатын. – Мамам маған
Иса туралы айтып берген.
– Міне, біз Ілияс екеуіміз сендерге Иса
туралы әңгімелеп береміз, – деді әжей оны
құшақтап.
Осы бір түскі ас алдындағы бөрене үстіндегі
демалыс балалардың күндегі әдеттеріне ай-
налды. Балалар әжейдің айтқандарынан
және суретпен көркемделген Киелі кітаптың
көмегімен Иса туралы: Оның жерге не үшін
келгені, не үшін азап шегіп өлгені, қалай
қайта тірілгені, қазір Оның қайда екендігі
және жақында не үшін қайта келетіні туралы
білді. Балалардың осы сұрақтарының бәріне
әжей шыдамдылықпен, мейірлене жа-
уап қайтарып отырды.
Әжесінің қолында болған жазғы дема-
лыс кезінде Нұрланның бойы өсіп,
күнге күйген денесі шоколад түстес
күйге енді, ал ең маңыздысы – ол
бұл жерде өзінің Досын тапты.
Енді бала Оны ата-анасымен та-
ныстырып, олардың Онсыз бұл
әлемде өмір сүрудің мүмкін
емес екенін түсінгендерін ар-
мандайды. Әйтпесе, қиын-
шылықтан олардың
қабақтары одан әрмен
түйіліп, қиыншылық
оларды көрші
ШАР
АПА
Т 4/2010
14
Хасен ағай секілді жаншып тастайды. Ол
кейінгі кездері араққа көп салынып, ақыры
өзіне-өзі қол жұмсаған болатын. Артына
«Мұндай өмірден құтылу жоқ» деген қағаз
жазып қалдырып кетіпті.
Нұрлан үйіне қайтуға бір күн қалғанда
балалардың бәрі әжеймен бірге өздерінің
сүйікті орындары – бөрененің жанына жинал-
ды. Нұрлан үшін әжесін, достарын, ауылдың
таза ауасын тастап кету оңай емес еді. Оған
жүрегінде өмір сүріп жатқан Иса Мәсіх қана
жұбаныш болды.
Күз жақындап келе жатқан. Аспан-
да бұлттар әр түрлі бейнеде
қалықтап жүр. Бөрене үстінде отыр-
ған балалар аспанға көз салып,
әжейден Исаның шәкірттерінің көз
алдында бұлт үстімен аспанға
көтеріліп кеткенін және бүкіл жер
бетіндегі адамдардың көз
алдында дәл осы жол-
мен қайтып орала-
тыны туралы уәде
бергенін білгеннен
кейін бұлттарға
жаңа
көзқараспен қарап,
ойланып отыр.
Аспанға көз салып
отырған балалардың
ең үлкені:
– Біз Исаны күтетін
боламыз! – деді ой-
лы үнмен.
Ал балалар-
дың ең кішісі:
– Біз Оны
сүйетін бола-
мыз! – деп
қосты. Әжесі
Нұрланның әке-
шешесімен телефон арқылы сөйлесіп, бала-
ны апарып тастай сала, дереу кері қайтатын
болып келісті. Өйткені, жаңа қоршауды
тұрғызу үшін оны адамдар күтуге тиіс бола-
тын.
Нұрланның ата-анасы і ұлдары келе жат-
қан пойыздың терезелеріне көз тастап, пер-
ронда тұр. Мысығы да баланы күтіп алуға
шығыпты, ол жан-жағымен сапырылы-
сып өтіп жатқан адамдарға сескене көз та-
стап, анасының аяқтарына үйкеліп тұр.
– Сен қатты өзгеріп кетіпсің! – деді әкесі
оны тік көтеріп алып.
Нұрлан анасын құшақтай алды, ал ана-
сының көздері жасқа толып, ұлының күнге
күйген беті мен маңдайынан сүйіп жатыр.
– Мен сендерді өте жақсы көремін! Ал
Иса сіздерді менен де жақсы көреді. Мен
сіздерді Онымен міндетті түрде таныстыра-
мын! Ол – әлемдегі ең жақсы Дос! – деді ба-
ла ойындағының бәрін ақтарып. Содан соң
мысығын қолына алды да: Мысық – үй жа-
нуары, ол нағыз досты алмастыра алмай-
ды деп өздеріңіз айтушы едіңіздер ғой.
Енді менің ауылда көптеген достарым бар.
Ал Иса ұдайы менімен бірге және менің
жүрегімде. Иса барлық адамдардың До-
сы бола алады.
Ал мысығым болса – ол ойыншық емес,
оның қамын ойлау керек. Әжем бұл ту-
ралы маған Киелі кітаптан оқып берген.
Оны тоңазытқышқа салып мұздатуға бол-
майды, ауырып қалуы мүмкін, – деді.
Нұрлан сөзін аяқтаған кезде әкесі ұлы мен
анасын құшақтап, көңілді үнмен:
– Ал біз анаң екеуіміз саған жарты жыл-
дан кейін бір іні немесе қарындас сыйлайық
деп шештік, – деді.
– Менің тілегімді орындағаның үшін Саған
рахмет, Иса! – деді бала еріндері күбірлеп.
Суретін салған Жүніс ЫБЫРАЙЫМОВ
15
ШАР
АПА
Т 4/2010
ЖҮСІПКЕ ҚҰДАЙ ЖАР БОЛДЫ
Көп
балалы отбасында өскен жақсы. Бірақ, ондай отбасында да ұрыс-керістер болып тұрады.
Сенің өзіңе әділетсіздік жасаған сәттерді басыңнан өткерген кездерің болды ма? Сен өзіңді
ескерусіз, жұртта қалғандай болып сезініп көрдің бе? Мүмкін, мұны істеген саған қарсы емес,
керісінше, сенің сөзіңді сөйлеуге тиісті бауырың, әпкең немесе досың болар? Бүгін мен саған Киелі
кітапта жазылған бір жас жігіттің басынан өткен оқиғасы туралы баяндап берейін.
Жүсіптің он бір бауыры бар еді. Оның әкесі Жақып Жүсіпті өзге балаларынан артық жақсы
көретін, сондықтан да оған түрлі-түсті әдемі киім сыйлады (ол уақытта бұл айрықша нәрсе
болып саналатын). Әрине, оның бауырлары әкелерінің Жүсіпті өздеріне қарағанда артық жақсы
көретінін білетін. Сондықтан да олар Жүсіпті көре алмайтын еді. Жүсіптің бұған қарсы істер
амалы болмады. Бірақ, бірде ол ақылсыз іс жасады. Түсінде Құдай оған бүкіл отбасының
өзіне табынып жатқанын көрсеткенде, Жүсіп мақтанып, оны бауырларына айтып қойды. Осыдан
кейін бауырлары оны одан әрмен жек көре бастады. Бірде Жүсіп ағалары қой жайып жүрген
жайылымға келген кезде олар Жүсіпті ұстап алып, терең шұңқырға тастады, содан соң оны сол
тұспен өтіп бара жатқан саудагерлерге сатып жіберді. Ал әкелеріне Жүсіптің жыртқыш аңға
жем болғанын айтты.
Саудагерлер Жүсіпті Мысырға алып кетті. Енді ол құлға айналып, ауыр жұмыстар істеуіне
тура келді. Бірақ Құдай оған жар болып, істеген істерінің бәрінде көмектесіп жүрді. Соның
нәтижесінде қожайыны Потифар оны өзінің үй басқарушысы етіп қойды. Жүсіп бұл үшін
Құдайға қарыздар екенін білетін.
Бірде Потифардың әйелі Жүсіпті азғырып, оның басын айналдырып
алмақ болды. Бірақ Жүсіп қарсы болып: «Қалайша сондай ауыр
қылмыс жасап, Құдайдың көз алдында күнәға батпақпын?!» –
деді. Жүсіп күнә жасаудан бас тартқандықтан, Потифардың әйелі
оған жала жауып, түрмеге қаматты. Міне, Жүсіп өмірінде екінші
рет әділетсіздікке душар болды. Бірақ, Құдай оны
қалдырған жоқ! Мұны түрменің бастығы байқап,
Жүсіпті тұтқындарды басқарушы етіп қойды.
Құдай оған одан кейін де көмегін көрсетті. Бірде
мысыр патшасының түрмеде отырған бұрынғы
бас шарапшысы мен бас наубайшысы әдеттен
тыс түс көрді. Жүсіп Құдайдың көмегімен
олардың әрқайсысының көрген түсін
жорып берді. Ол бас шарапшыдан
еркіндікке шыққанында өзі туралы
ұмытпай, перғауынның есіне салуын
өтінді. Бәрі дәл Жүсіп жорығандай
болып шықты. Бірақ бас шарапшы
Жүсіптің өтінішін ұмытып кетті.
Суретін салған Тарас ГОНЧАРЕНКО
ШАР
АПА
Т 4/2010
16
Жүсіп тағы да адамдардың өзгелер туралы оңай ұмытып, оларды жалғыздықта тастап кететіннің
куәсі болды. Сондай-ақ, Жүсіп Құдайдың Өз көмегін үнемі бірден жібере бермейтінін түсінді.
Ол Құдайдың көмегін күтіп тағы да екі жыл түрмеде отырды. Міне, ақыры оның уақыты келіп
жетті. Бір күні түнде Құдай перғауынға екі түс көрсетті. Бірақ перғауынның жорамалшыларының
ешқайсысы да оның түсін жорып бере алмады. Тек сонда ғана бас шарапшы Жүсіпті есіне алып,
түрмеде отырғанында көрген түсін Жүсіптің жорып бергенін перғауынға айтып берді. Перғауын
дереу адам жіберіп Жүсіпті сарайына алдырды. «Мен екі түс көрдім, бірақ оны ешкім жорып
бере алатын емес. Сенің түсті жақсы жори алатының туралы естідім», – деді перғауын оған.
«Оны мен емес, тек Құдай ғана істей алады! Ол түс арқылы саған бір нәрсе айтқысы келеді»,
– деп жауап берді Жүсіп оған. Перғауын көрген түстерін айтып берді, сонда Жүсіп: «Құдай
перғауынға Өзінің не істемек екенін хабарлады. Екі түстің де мағынасы біреу: мысыр жерінде
жеті жыл аста-төк молшылық болады, астық халыққа қажетті мөлшерден артық мол өнім береді.
Ал содан кейін жеті жыл аштық болады, сол кезде жерге ештеңе шықпай, халық ашаршылыққа
ұшырайды. Бұл өте ауыр кезең болады».
Перғауын Жүсіптің кеңесі бойынша үлкен қоймалар салдырып, оларға молшылық болған жеті жылдағы
астықты жинатты. Ол Жүсіпті өзінен кейінгі екінші адам – Мысырдың әміршісі етіп қойды. Өйткені
Перғауын Құдайдың Жүсіппен бірге болып, оған даналық бергенін түсінген болатын. Молшылықтың жеті
жылы аяқталған соң, адамдар астық сатып алу үшін бүкіл мысырдан және басқа елдерден Жүсіпке келе
бастады. Астық тек Мысырда ғана болды. Адамдардың бәрі Жүсіптің алдында тағзым етті.
Ашаршылықтың екі жылы өткенде Қанахан жерінен Мысырға Жүсіптің ағалары да келді.
Олар да Жүсіптің алдында тағзым етті. Өзгелер секілді, олар да астық сатып алу үшін келген
болатын. Олар Жүсіпті танымады. Ал Жүсіп өзінің кім екенін айтқан кезде, олар қорқып кетті.
Ағалары өздерінің Жүсіпке қатігездік жасағандарын жақсы түсінетін еді. Бірақ Жүсіп
олардың көңілдерін орнына түсіріп: «Қорықпаңдар, мен сендерге ашулы
емеспін. Құдай осындай жолмен сендердің ашықпауларыңның қамын
жасады. Сол себептен де Ол мені Мысырға жіберді. Тезірек
әкеміз Жақыпқа барып, оны осында алып келіңдер.
Мұндағы азық бәріне де жетеді. Біз енді тағы да
татулықта бірге өмір сүре аламыз. Сендер маған қарсы
жамандық ойладыңдар, ал Құдай оны жақсылыққа
айналдырды», – деді.
Осылайша Құдай Жүсіп арқылы адамдарды
аштықтан сақтап қалды. Ал Жүсіп Құдайдың
сүйіспеншілігі мен адалдығы өте шексіз екендігіне көзін
жеткізді. Құдай тіпті әдейілеп істелген жамандықтың
өзін жақсылыққа айналдыра алады.
Вольфганг ВЕТЦЛЕР
17
ШАР
АПА
Т 4/2010
Жүсіп туралы оқиға Киелі кітаптағы
Жаратылыстың басталуы кітабында
37-тараудан басталады
ЧАЙНВОРД
ЧАЙНВОРД
1. Жүсіптің әкесі (Жар. баст. 46:8).
2. Жүсіптің інісі (Жар. баст. 46:19).
3. Жақып өлгеннен кейін дәрігерлер оның денесіне не
істеді? (Жар. баст. 50:2)
4. Жүсіпті мысырлықтарға құлдыққа сатып жіберуге
ұсыныс жасаған бауыры (Жарт. бас. 37:26, 27).
5. Жүсіптің әйелінің аты ((Жарт. бас. 41:45).
6. Жүсіптің арғы атасы (Жарт. бас. 48:15).
7. Жүсіптің тұңғыш ұлы (Жарт. бас. 41:50).
8. Бас шарапшы оған түсін әңгімелеп береді: – Түсімде
бір жүзім бұтасын көрдім. Бұтаның үш сабағы бар
екен. Көгере бастасымен гүлдеп, жүзім пісіп те
үлгеріпті. Қолымда перғауынның шарап ішетін
тостағаны бар екен. Сонда мен жүзімді алып, сығып,
шырынын тостағанға ... , перғауынның қолына беріппін
(Жарт. бас. 40:9–11).
9. Жүсіп мал бағып жүрген бауырларын тапқан қала
(Жарт. бас.37:14–17).
10. Патша Жүсіпке: – Сен бауырларыңа мынаны айт:
«Есектеріңе астық артып алып, Қанахан еліне
тартыңдар. Сонан соң әкелерің мен отбасыларыңды
алып, маған келіңдер. Сендерге жердің ... жеу үшін
Мысыр елінің ең жақсы бөлігін беремін»
(Жарт. бас. 45:17, 18).
11. Жүсіптің екінші ұлы (Жарт. бас. 41:51, 52).
12. Жол үстінде, Жүсіптің анасы болған әйелі қайтыс
болғанда Жақып қай жақтан келе жатыр еді?
(Жарт. бас. 48:7).
Достарыңызбен бөлісу: |