Байтұрсынов оқулары халықаралық Ғылыми-практикалық конференция материалдары


В процессе водоочистки используют доломит в умеренно обожженном виде с целью по-



Pdf көрінісі
бет19/51
Дата06.02.2017
өлшемі39,27 Mb.
#3501
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   51

В процессе водоочистки используют доломит в умеренно обожженном виде с целью по-
лучить  магномассы,  которая  используется  для  стабилизационной  обработки  воды  и  нейтра-
лизации сернокислых сточных вод, а также в качестве фильтровальной загрузки, считающей-
ся лучше известняковой, по причине того, что не образует гипс на поверхности как побочный 
продукт [5]. 

ҚАЗАҚСТАННЫҢ АӨК ИННОВАЦИЯЛЫҚ ДАМУЫ: АУЫЛШАРУАШЫЛЫҚ, ВЕТЕРИНАРЛЫҚ ЖӘНЕ 
ТЕХНИКАЛЫҚ ҒЫЛЫМДАРДЫҢ ДАМУ ТЕНДЕНЦИЯЛАРЫ 
ИННОВАЦИОННОЕ РАЗВИТИЕ АПК КАЗАХСТАНА: ТЕНДЕНЦИИ РАЗВИТИЯ СЕЛЬСКОХОЗЯЙСТВЕННЫХ, 
ВЕТЕРИНАРНЫХ И ТЕХНИЧЕСКИХ НАУК 
 
117 
 
В Казахстане существует достаточно большое количество месторождений карбонатных пород. 
Стоит отметить гиганты-месторождения Тенгиз и Кашган. 
Таким  образом,  недра  Республики  Казахстан  изобилуют  природными  сорбентами,  которые, 
можно использовать для коррекции качества воды. Проблематика поиска данных сорбентов заключа-
ется в их сосредоточенности на востоке Республики и дорогой разработкой недр земли, однако, дан-
ные преграды можно обойти путем тщательных предварительных геологических исследований и про-
думанного плана использования природных сорбентов в очистке природных вод.  
 
 
Литература: 
1      Отчет  по  охране  окружающей  среды  за  2012  [Электронный  ресурс]  //  Экология.  –  URL: 
http://www.anpz.kz/index.php?uid=ecology (дата обращения: 09.02.2016 г.) 
2      Обзоры  результативности  экологической  деятельности.  Казахстан.  Второй  обзор  организа-
ция  объединенных  наций,  Нью-Йорк  и Женева,  2008  [Электронный  ресурс]  //  обзоры  результативно-
сти 
экологической 
деятельности. 
– 
URL: 
https://www.unece.org/fileadmin/DAM/env/epr/epr_studies/kazakhstan%20II%20r.pdf 
(дата 
обращения: 
09.02.2016 г.) 
3      Кляев  В.И.,  Слисаренко  Ф.А.  Структура  адсорбентов  и  методы  ее  изучения  //  Физико-
химическое исследование природных сорбентов и ряда аналитических систем. - Саратов: Изд-во Са-
ратовского университета, 1967. - С. 5-11. 
4   Овчаренко Г. И. Природные минеральные сорбенты. - М.: Высшая школа, 1960.- 371 с. 
5   Судникович В.Г., Лебедев В.Т. Очистка сточных вод с помощью природных цеолитов // Цвет-
ные металлы. - 1984. - № 9. - С. 90-91. 
 
 
 
ӘОЖ 581.8 
 
CHLOROPHYTUM  COMOSUM   МЕН CHLOROPHYTUM  COMOSUM  
VARIEGATUM  ӨСІМДІГІ ЖАПЫРАҒЫНЫҢ  САЛЫСТЫРМАЛЫ  
АНАТОМИЯЛЫҚ ҚҰРЫЛЫСЫ 
 
Валиахметова  Э.К.  -  магистрант,  Ш.Уәлиханов  атындағы  Көкшетау  Мемлекеттік 
университеті. 
Дурмекбаева  Ш.Н.  -  б.ғ.к.,  доцент,  иология  және  оқыту  әдістемесі  кафедрасының 
меңгерушісі, Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау Мемлекеттік университеті.  
Смаилова  Г.Т.  –  а.ш.ғ.к.,  доцент,  Ш.Уәлиханов  атындағы  Көкшетау  Мемлекеттік 
университеті. 
 
Chlorophytum   comosum және  декоративті  түрі  Chlorophytum    comosum  variegatum 
жапырақтарының анатомиялық құрылысына салыстырмалы талдау жүргізілді. 
          Негізгі  сөздер:  Chlorophytum comosum,  Chlorophytum    comosum  variegatum,  жапырақ 
анатомиясы, эпидерма. 
 
Вегетативтік  және  генеративтік    мүшелердің  анатомиялық  құрылысын  зерттеуде  әртүрлі 
құрылымдық  элементтерінің  қатынасы,  клетка  қабаттарының  саны  мен  қалыңдығы  бойынша  
өсімдіктердің экологиялық жағдайы анық байқалады. 
Өсімдіктер  түрлерінің  экологиялық  жағдайларын  анықтайтын    структуралық    белгілерге  
трихомалардың болуы, эпидермис қалыңдығы, эпидермада устьиценің орналасуы, механикалық және 
өткізгіш ұлпаның даму дәрежесі және т.б. жатады [1, б. 295].  
Анатомиялық    зерттеулер  өсімдіктер  организмінің  әртүрлі  мүшелерінің  құрылыс  ерекшеліктері 
мен тіршілігінде алатын орнымен тығыз байланысты болуына негізделген. 
Chlorophytum    туысы — даражарнақтылар класына  жататын  көпжылдық  түйнек  жуашықты, 
кейде  тамырсабақты  шөптесін    өсімдіктер.  Chlorophytum      туысы   әдетте  Солтүстік  жарты  шардың 
қоңыржай  белдеулерінде  өседі.  Оларды  Еуропада,  АҚШ-та,  Канаданың  оңтүстігінде  кездестіруге 
болады,  олар  сондай-ақ  Жапония  және  Үндістанның  оңтүстігіне  дейін,  бүкіл  Азияда  тарап,  Азияның 
Филиппинмен қатар, барлық оңтүстік аймақтарында жиі кездеседі. Қазақстанда 21 туысы мен 196 түрі 
кездеседі. Chlorophytum  туысы  3500-4000 түрді біріктіреді, құрғақ облыстарда кездеседі [ 2,115]. 

ҚАЗАҚСТАННЫҢ АӨК ИННОВАЦИЯЛЫҚ ДАМУЫ: АУЫЛШАРУАШЫЛЫҚ, ВЕТЕРИНАРЛЫҚ ЖӘНЕ 
ТЕХНИКАЛЫҚ ҒЫЛЫМДАРДЫҢ ДАМУ ТЕНДЕНЦИЯЛАРЫ 
ИННОВАЦИОННОЕ РАЗВИТИЕ АПК КАЗАХСТАНА: ТЕНДЕНЦИИ РАЗВИТИЯ СЕЛЬСКОХОЗЯЙСТВЕННЫХ, 
ВЕТЕРИНАРНЫХ И ТЕХНИЧЕСКИХ НАУК 
 
118 
 
Chlorophytum    туысының  түрлері  көлеңке  сүйгіш  өсімдіктер  қатарына  жатады.  Көптеген 
лалагүлділердің    практикалық  маңызы  зор.  Chlorophytum    туысы   мал  азықтық,  тағамдық,  дәрілік 
өсімдіктер  ретінде  де  бағаланады.  Ерте  заманнан  бері  Сhlorophytum    туысының    өсімдіктері  мәдени 
түр ретінде өсіріліп келеді [3]. 
Chlorophytum туысына жататын өсімдіктер – ең пайдалы гүлдердің бірі. Ғалымдар хлорофитум 
өсімдігінің  ауаны  формальдегид  пен  улы  тұншықтырғыш  газдан  жақсы  тазартатынын  анықтап,  бұл 
өсімдікті әсіресе ас бөлмесіне және жатын бөлмеге қоюға кеңес береді. Сол себептен бірінші немесе 
екінші  қабатта  тұратын  тұрғындар  үшін  өте  қажетті  өсімдік  болып  есептеледі.  Оның  оттегі, 
фитонцидтер 
бөлуімен 
бірге, 
ауадағы 
зиянды 
бактерияларды 
жоятын 
қасиеттері 
бар. 
Антибактериялық  қасиеттері  жоғары  болуына  байланысты  хлорофитум  зиянкестермен  зақымданып 
ауырмайтыны туралы мәліметтер кездеседі [4,135]. 
Грек тілінен аударғанда «chloros»-жасыл, “phyton” – өсімдік деген мағынаны білдіреді. Кейде бұл 
өсімдікті «жасыл лалагүл» деп те атайды. Отаны – Оңтүстік Африка. Тропикалық және субтропикалық 
аймақтарда – Оңтүстік Америка, Африка, Мадагаскар аралы, Оңтүстік Азия, Австралияда тараған. ХІХ 
ғасырларда  хлорофитум  өсімдігі    Европа  елінде  мәлім  болды,  ал  Голландияда  бұл  өсімдік  200 
жылдан артық өсіріліп келеді [5, 175 б]. 
Зерттеу  жұмысымыздың  мақсаты  Chlorophytum   comosum   және  декоративті  Chlorophytum  
comosum  variegatum  өсімдіктерінің  анатомиялық  құрылысындағы  диагностикалық    белгілерді 
салыстырмалы зерттеу. 
Анатомиялық  құрылысын  зерттеу  үшін жалпы  қабылданған  әдістеме  М.  Н.  Прозина  (1960)[6,11 
б.],  А.  Я.  Пермяков  (1988)  [7,50  б.],  Р.  П. Барыкина  (2004)  [8,120  б.]  құрылымдық  талдаулар  әдістері 
арқылы  жүргізіліп,  уақытша  препараттар  даярланды.  Анатомиялық  құрылысын  сипаттауда  К.Эзау  [1, 
б.  358,  369]  еңбегі  пайдаланылды.  Өсімдіктің  эпидермасы  мен  жапырақ  тақтасынан  уақытша 
препараттар  даярланып,  глицеринмен  бекітілді.  Анатомиялық  кесінділер  қалыңдығы  10–15  мкм,  50 
ден  аса  уақытша  препараттар  даярланып,  микрофотолар  жасалды  және  морфометрикалық  талдау 
жүргізілді.  Анатомиялық  талдауда  тринокулярлы  стереоскопиялық  микроскоп  Биомед  МС-1Т  ZOOM, 
бинокулярлы микроскоп Биомед-6 ФК және анатомиялық көрсеткіштерді анықтауда сызықтық өлшеуге 
арналған окулярлы микрометр (окуляр х15, объектив х8) қолданылды.  
Зерттеуге    көлеңке  жағдайында  өсірілген  Chlorophytum   comosum     (1-сурет)  және  декоративті 
түрі Chlorophytum  comosum variegatum (2-сурет) өсімдіктері  алынды.  
Chlorophytum comosum   өсімдігінің диаметрі мен биіктігі 50 см дейін жетеді.Көпжылдық шөптесін 
гүл  жасыл  немесе  ақ-жасыл  жіңішке  жапырақтары,салбырақ  мұртшалары  мен  кішкентай  түпшелері 
болады.  
Жапырақтары  ұзын,  ұшы  доғал,  қияқ  тәріздес,  жапырақ  тақтасы  жалаңаш,  сағақсыз.  
Жапырақтарының  түсі  түріне  байланысты:  жай  сұрыптары  жасыл,  қою  жасыл  болса,  сұрыпталған 
түрлерінің жапырақтары ақала, сарыала болып келеді. Жасыл жапырақтарының ортасында ақ сызық 
болса,  екінші  түрінде  керісінше  ортасында  жасыл  сызық,  ал  шеттері  ақ  немесе  сары  түсті  болып 
келеді.  
Түпшенің  ортасынан  80-100  см-дей  сарқылмас  жас  өркен,  өсіп  шығады.  Оның  кішкентай 
жапырақшалары мен гүлдері болады [9,161 б]. 
Ерте  көктемде  гүлдейді.  Гүлдері  ұсақ,  ақ  түсті,төрт  күлтелі,  пішіні  лала  гүлдікіне  ұқсайды, 
актиноморфты, гүлдері гүлсидамында кезектесіп орналасады. Гүлдерінің иісі әлсіз.  
Табиғи  жағдайда  ол  эпифит  тәрізді  ағаш  қабығында  өседі.  Құрғақшылық  кезеңінде,  ауа  мен 
ағаш қабығында ылғал аз болғанда, өсімдік  түп-тамырына жинаған ылғалды пайдаланады.  
Бұл өсімдіктің өмір сүру ұзақтығы – 10 жыл [10, 512 б].            

ҚАЗАҚСТАННЫҢ АӨК ИННОВАЦИЯЛЫҚ ДАМУЫ: АУЫЛШАРУАШЫЛЫҚ, ВЕТЕРИНАРЛЫҚ ЖӘНЕ 
ТЕХНИКАЛЫҚ ҒЫЛЫМДАРДЫҢ ДАМУ ТЕНДЕНЦИЯЛАРЫ 
ИННОВАЦИОННОЕ РАЗВИТИЕ АПК КАЗАХСТАНА: ТЕНДЕНЦИИ РАЗВИТИЯ СЕЛЬСКОХОЗЯЙСТВЕННЫХ, 
ВЕТЕРИНАРНЫХ И ТЕХНИЧЕСКИХ НАУК 
 
119 
 
           
           
    
          1-сурет Chlorophytum  comosum                        2-сурет Chlorophytum  comosum Variegatum 
 
Chlorophytum  comosum  variegatum  көпжылдық  шөптесін  өсімдік,  тамыры  жуан,  түйнекті, 
жапырағы  қияқ  немесе  семсер  тәріздес    ақшыл-жасыл,  жапырақ  тақтасы    жалаңаш,  ұшы  доғал, 
сағақсыз,  ұзындығы  20-30  см,  ені  1-2,5  см,  бірте-бірте  түпше  мен  үстіне  қарай  тарылып  өседі. 
Жапырақтың түсі күңгірт жасыл, шеттері ақ болып келеді[11,116 б]. 
Ерте  көктемде  гүлдейді.  Гүлдері  ұсақ,  ақ  түстес,  күлтесі  төртеу,  гүлдері  кішкентай   
жұлдызшалар  тәрізді,  актиноморфты,  гүлдері  гүлсидамында  кезектесіп  орналасады.  Гүлдеп  болған 
соң,  гүлдеген  жерлерінен  балапандар  шығарады.  Балапандары  біраз  уақыттан  кейін  үлкейіп  өсіп, 
тамырланады. Оны бірден аналығынан бөліп, бөлек түбекке отырғызу керек. 
Көктемде өсімдік тыныштық жағдайынан шығып, белсене өсе бастайды.  
Бұл  сипаттамалар    морфологиялық  белгілердің  талаптарына  толығымен  сәйкес  келеді [12,175 
б].   
Chlorophytum comosum  және Chlorophytum comosum variegatum жапырақтарының анатомиялық 
құрылысы  эпидерма,  мезофилл,  өткізгіш  шоқтарынан  тұрады.  Жапырағы   ̶  изолатеральды,  яғни 
мезофилл  бағаналы  және  борпылдақ  болып  бөлінбеген.  Мезофилл  бірдей  паренхималық 
клеткалардан тұрады.  Өткізгіш шоқтар склеренхима клеткаларымен қоршалған.  
             
 
А                                                                                                     Б 
 
                                                                         3 -сурет 
           Chlorophytum comosum (А) және Chlorophytum comosum variegatum (Б)   өсімдігінің 
жапырағының анатомиялық құрылысы. 1-эпидерма, 2-мезофилл, 3- өткізгіш шоқтар 
 
Chlorophytum  comosum    жапырақ  тақтасының  жоғарғы  эпидермис  клеткалары  бiрқатарлы,  iрi 
клеткалы, сопақша  пішінді, хлоропластары жиi болады, эпидермис клеткаларының  қабықшасы жұқа, 


1




ҚАЗАҚСТАННЫҢ АӨК ИННОВАЦИЯЛЫҚ ДАМУЫ: АУЫЛШАРУАШЫЛЫҚ, ВЕТЕРИНАРЛЫҚ ЖӘНЕ 
ТЕХНИКАЛЫҚ ҒЫЛЫМДАРДЫҢ ДАМУ ТЕНДЕНЦИЯЛАРЫ 
ИННОВАЦИОННОЕ РАЗВИТИЕ АПК КАЗАХСТАНА: ТЕНДЕНЦИИ РАЗВИТИЯ СЕЛЬСКОХОЗЯЙСТВЕННЫХ, 
ВЕТЕРИНАРНЫХ И ТЕХНИЧЕСКИХ НАУК 
 
120 
 
кутикуласы болмайды (4-сурет, А). Төменгі эпидермис клеткалары бірқатарлы, ірі клеткалы, мөлшері 
ірі,  саны  көп,устьица  аппаратының  типі  –  аномоцитті.  Устьица  клеткалары  тек  төменгі  эпидермисте 
кездеседі, яғни жапырағы гипостоматикалық жапырақ болып саналады  (4-сурет, Б). 
 
  
          
 
 
             А 
 
 
 
 
 
              Б 
4 - сурет. Chlorophytum comosum  өсімдігі  жапырағының эпидермисі. А- Жоғарғы; Б- 
төменгі. 
 
Chlorophytum  comosum  variegatum  жапырақ  тақтасының  жоғарғы  эпидермис  клеткалары 
бiрқабатты, клетка қабықшалары бір жақты, iрi клеткалы, сопақша  пішінді,  эпидермис клеткаларының 
қабаты  жұқа,  кутикуласы  болмайды  (5-сурет,  А).  Төменгі  эпидермис  клеткалары  бірқабатты, 
толқынды, ірі клеткалы,  устьицелері  терең емес, мөлшері ірі, саны көп (5-сурет, Б).  
 
            
 
       
 
 
 А 
 
 
 
 
 
                 Б 
5-сурет Chlorophytum comosum variegatum  өсімдігі жапырағының эпидермисі.А- 
Жоғарғы; Б- төменгі. 
  
Сонымен  Chlorophytum  comosum  мен  Chlorophytum  comosum  variegatum  өсімдіктерінің 
эпидермисі    мен  жапырақтың    анатомиялық  құрылысына    салыстырмалы  талдау  жүргізілді. 
Chlorophytum  comosum    және  Chlorophytum  comosum  variegatum      жапырақтарының  анатомиялық 
құрылысын  зерттеуден  алынған  нәтижелерді  талқылау  нәтижесінде  Chlorophytum  туысына  жататын 
екі түрдің жапырақтары  арасында айқын анатомиялық айырмашылықтары байқалмады.  
 
 
 
 

ҚАЗАҚСТАННЫҢ АӨК ИННОВАЦИЯЛЫҚ ДАМУЫ: АУЫЛШАРУАШЫЛЫҚ, ВЕТЕРИНАРЛЫҚ ЖӘНЕ 
ТЕХНИКАЛЫҚ ҒЫЛЫМДАРДЫҢ ДАМУ ТЕНДЕНЦИЯЛАРЫ 
ИННОВАЦИОННОЕ РАЗВИТИЕ АПК КАЗАХСТАНА: ТЕНДЕНЦИИ РАЗВИТИЯ СЕЛЬСКОХОЗЯЙСТВЕННЫХ, 
ВЕТЕРИНАРНЫХ И ТЕХНИЧЕСКИХ НАУК 
 
121 
 
Әдебиеттер: 
1    Эзау К. Анатомия семенных растений. − М.: Высшая школа, 1990. − 558 с. 
2  Голышенков  П.П.  Лекарственные  растения  и  их  использование  /  П.П.  Голышенков.  Саранск: 
Мордовское книжное издательство, 1990. -292 c. 
3  Горбачева Г., Мамедова Э. Комнатные растения. – М.:ЗАО «Фитон+»,2005. - 184 с. 
4  Гортинский Г.Б. Целебные растения в комнате / Г.Б. Гортинский, Г.П. Яковлев. – М.: Высшая 
школа, 1993. - 270 с. 
5  Корниенко Г., Добруцкий И. Искусство цветов. – К.: МСВП "Компьютерные системы, 1992. - 260 
с. 
6  Прозина М.Н. Ботаническая микротехника. – М., 1960. – 208 с. 
7  Пермяков А.Я. Микротехника. – М.: Изд. МГУ, 1988. – 58 с. 
8  Барыкина Р.П. и др. Справочник по ботанической микротехнике. Основы и методы. – М.: Изд-
во МГУ, 2004. – 312 с. 
9  Лотова Л.И. Ботаника – морфология и анатомия  высших растений : учебник- М.: Издательство 
КомКнига, 2007. -  560 c. 
10  Александров В.Г. Анатомия растений. –  М.: Издательство Высшая школа,1966.- 355 c. 
11  Мякишева  С.  Н.  Ботаника:  анатомия  и  морфология/  С.  Н.  Мякишева, М.  Т.  Логуа/  КемГСХИ.-
Кемерово: Кузбассвузиздат, 2004. – 312 с. 
12  Воронова  О.Г.,  Мельникова  М.Ф.  Ботаника  -  морфология  и  анатомия  растений.  –  Т. 
Издательство Тюменский гос. Университет, 2006. – 228 с. 
 
 
 
ӘОЖ 619:616.9 
 
ІРІ ҚАРА МАЛДАРДЫҢ ХЛАМИДИОЗЫ КЕЗІНДЕГІ САУЫҚТЫРУ ШАРАЛАРЫ 
 
Елеусизова  А.Т.  –  Ахмет  Байтұрсынов  атындағы  Қостанай  мемлекеттік  университеті,  
ветеринариялық санитария кафедрасының аға оқытушысы, ветеринария ғылымдарының магистрі 
Мусатова  Д.  -  Ахмет  Байтұрсынов  атындағы  Қостанай  мемлекеттік  университетінің 
магистранты 
 
Осы  мақалада  Қостанай  облысындағы  ірі  қара  малдардың  хламидиозын  жоюға  бағытталған 
емдік-алдын алу шаралары, алғашқы ошақтағы індетті жою және аурудың таралуына жол бермеу 
шаралары  бейнеленген.  Құнды  асыл  тұқымды  ірі  қара  малдардың  хламидиозымен  тиімді  күресу 
әдістері көрсетілген. 
          Кілтті сөздер: хламидиоз, ірі қара малдар, сауықтыру шаралары. 
 
Хламидия инфекциясының мәселесі Қазақстандағы фермерлер үшін ғана емесе, сонымен қатар 
Кеден  Одағының  басқада  елдері  үшін  маңызға  ие,  сауда-саттықтың  кеңеюінің  нәтежиесінде  бұл,  ірі 
қара  малдардың  евроазиялық  популяциясында  инфекциияның  таралуы  қауіпінің  жоғарлауына  алып 
келеді. Сонымен бірге инфекцияның адамға жұну қауіпі де артады [1]. 
 
Қазіргі  таңда  тәжірибедегі  ветеринариялық  дәрігерлердің  күрделі  мәселелерінде  бірі  жоғары 
бағалы асыл тұқымды жануарлардың ерекшелігінде хламидиоз терапиясының тиімділігінің міндеттері 
қалады 
[2]. 
Хламидиоз 
инфекциясы 
кезінде 
ғылыммен  және 
тәжірибемен 
ұсынылатын 
антибиотиктердің  арсеналы  шектелген  және  олар  әр  қашан  тиімді  емес.  Сондықтан,  МемСТ 
талаптарына  сәйкес  жануарлар  өнімдерін  алуға  мүмкіндік  беретін,  көрсетілген  инфекцияларды 
антибиотиктермен емдеу тәсілдерін қарастыру бойынша зерттеулердің жалғасы, заманауи ғылымның 
және тәжірибенің өзекті мәселесі болып табылады [3].  
 
Жоғарыда  айтылғандарды  ескере  келе,  бұл  жұмыстың  мақсаты  хламидиоз  бойынша  қолайсыз 
шаруашылықтарды  сауықтырудың  тиімді  сызбасы  жасалды.  Негізгі  түйіні  ірі  қара  малдардың 
хламидиозын  жоюға  бағытталған  емдік  –  алдын  алу  шараларын,  біріншілік  ошақтарда  инфекцияны 
тоқтату және аурудың таралуына жол бермеу болды.  
 
 
 
 
 
 
 
Зерттеу әдістері мен материалдары 
 
Зерттеулер  Әулиекөл  ауданының  «Москалевское»  ЖШС-де  жүргізілді.  Осы  асылдандыру 
шаруашылығында тайыншалар мен сиырлар арасындағы этиологиясы анықтамаған іш тастау мен өлі 
туулар ең бірінші 2012 жылы бастап алды. Алдағы жылдары спорадикалық түсіктер мен дамуы әлсіз 

ҚАЗАҚСТАННЫҢ АӨК ИННОВАЦИЯЛЫҚ ДАМУЫ: АУЫЛШАРУАШЫЛЫҚ, ВЕТЕРИНАРЛЫҚ ЖӘНЕ 
ТЕХНИКАЛЫҚ ҒЫЛЫМДАРДЫҢ ДАМУ ТЕНДЕНЦИЯЛАРЫ 
ИННОВАЦИОННОЕ РАЗВИТИЕ АПК КАЗАХСТАНА: ТЕНДЕНЦИИ РАЗВИТИЯ СЕЛЬСКОХОЗЯЙСТВЕННЫХ, 
ВЕТЕРИНАРНЫХ И ТЕХНИЧЕСКИХ НАУК 
 
122 
 
төлдердің тууы тіркелді. Түсік тастаған сиырлардан алынған сарысуының серологиялық талдауы, осы 
шаруашылықта хламидиоз инфекциясының бар екендігін көрсетті. 
Эпизоотологиялық  жағыдайын  анықтап,  түсіну  үшін  арнайы  хламидиоздық  антигенмен  ИФТ 
арқылы  кешеннің  аналық  бастарына  (n=1044)  зерттеулер  жүргізілді.  Антиденелерге  жүргізілген 
зерттеуле  нәтежиесінде,  1:800  –  антиденелерінің  орташа  титрімен  26  оң  әсер  етуші  бастарда  (2,3%) 
хламидиоз  ауруы  анықталды.  Анықталған  спецификалық  антиденелер  моноинфекцияның  ағымын 
көрсетті. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Жануарлардың  ауруы  бойынша  күмәнді  және  ауруларын  негізгі  малдардан  оқшаулады  және 
емдеуге алды. 
Ірі  қара  малдардың  хламидиозы  кезінде  сауықтыру  шараларын  жүргізу  мақсатында, 
иммуномодуляторлармен 
сәйкестендірілген 
доксциклин 
негізіндегі 
антибактериалдық 
препараттардың тиімділігі зерттелді. Емдеудің терапиялық тиімділігі клиникалық – этиологиялық және 
зертханалық зерттеулермен анықталды. 
Алынған 
мәліметтер 
математикалық 
статистиканы 
қолдану 
арқылы 
өңделді. 
Айырмашылықтардың шынайылығын Стьюденттің t-критерилерімен бағаладық [4,5].  
Тәжірибе  жүргізу  үшін  пар-аналог  қағидаттары  бойынша  жануарлардың  3  тобы  құрылды:  1-ші 
тәжірибелік тобы – 10 бас, 2-ші тәжірибелік тобы – 10 бас және 3-ші бақылау тобы – 6 бас.  
   
 
Зерттеу нәтижелері 
 
Зерттеулердің  нәтижелері  хламидиямен  тудырылған  инфекциялардың  репродуктивті  жүйе 
ағзаларының  патологиялық  үрдістеріне  (57,7%),  тыныс  жүйесіне  (19,2%)  және  полиартрит 
құбылысына (23%)  ерекше әсер ететіні көрсетілді.    
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Ауру жануарларды 1-кестеде көрсетілген сызба бойынша емдедік 
 
Кесте  –  1  –  Әулиекөл  ауданындағы  «Москалевское»  ЖШС-ң  хламидиозбен  ауратын 
сиырларды емдеудің оңтайлы сызбасын жасау 
Жануарлар тобы 
Топтағы 
жануарлардың 
саны 
Препарат атауы 
Препарат мөлшері және 
енгізу тәсілі 
1-ші тәжірибелік топ 
10 бас 
«Риботан» 
иммуномодуляторымен 
бірге «Доксилокс» 
доксициклин негізіндегі 
антибактериалдық 
препарат 
Жануардың 10 кг 
салмағына 1 мл-ден 
бұлшық ет ішіне, 
клиникалық сауыққанға 
дейін 48 сағаттық 
интервалмен үш рет, бір 
уақытта тері астына 
иммуномодулятор  3 күн 
интервалмен 5 мл дозада 
бір рет, емдеу курсына 5 
инъекция. 
2-ші тәжірибелік топ 
10 бас 
Окситетрациклин 
гидрохлориді 
Жануарлардың тірі 
салмағына 15 мың 
бірлік/кг мөлшерде 
бұлшық ет ішіне 6 
сағаттық интервалмен екі 
рет. 
3-ші бақылау топ 
6 бас 
Залалсыздандырылған 
физиологиялық ерітінді 
Бұлшық ет ішіне 
 
1-ші  кестеде  көрсетілгенде  бірінші  топтың  сиырларына  Риботан  иммуномодуляторы  бар 
Доксилокс антибиотигі енгізілді. 2-ші тәжірибелік топтың жануарларына окситетрациклин гидрохлориді 
қолданылды. Үшінші бақылаудағы топтарға – интакты.  
 
 
 
 
 
Барлық  тәжірибелерді  жасау  кезінде  жануарлар  клиникалық  бақылауда  болды,  күніне  екі  рет 
термометрия  жасалды.  Сонымен  қатар,  ветеринариялық  –  санитариялық  іс  –  шаралар  кешені 
(толыққанды  азықтандыруға  назар  аударылды,  ғимаратты  күнделікті  тазалап,  ағымдық,  шарасыз 
дезинфекция жасалды) жүргізілді. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Келтірілген  емдеу  тәсілдерінің  тиімділігін  объективті  бағалау  мақсатында,  емдеуге  ұшыраған 
жануарлар  қанының  серологиялық,  биохимиялық  және  морфологиялық  көрсеткіштері  ескерілді  (2-

ҚАЗАҚСТАННЫҢ АӨК ИННОВАЦИЯЛЫҚ ДАМУЫ: АУЫЛШАРУАШЫЛЫҚ, ВЕТЕРИНАРЛЫҚ ЖӘНЕ 
ТЕХНИКАЛЫҚ ҒЫЛЫМДАРДЫҢ ДАМУ ТЕНДЕНЦИЯЛАРЫ 
ИННОВАЦИОННОЕ РАЗВИТИЕ АПК КАЗАХСТАНА: ТЕНДЕНЦИИ РАЗВИТИЯ СЕЛЬСКОХОЗЯЙСТВЕННЫХ, 
ВЕТЕРИНАРНЫХ И ТЕХНИЧЕСКИХ НАУК 
 
123 
 
кесте).  Зертханалық  зерттеулерді  жүргізуге  арналған  қанды  емдеуден  кейін  28-ші  күні  алынды. 
Аурудың  клиникалық  белгілерінің  жоғалуын  және  ИФТ  бойынша  қан  сарысуын  зерттеу  кезінде 
хламидиоздың  спецификалық  антиденелерінің  төмендеуін  сиырлардың  сауығу  критерилері  деп 
есептедік.  
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   51




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет