Бала құқығы мәселесі



Дата19.10.2022
өлшемі1,13 Mb.
#44135

Бала құқығы мәселесі

Орындаған: Сапаш Б

ФИ/у13


Баланың құқықтары - баланың заңды құқықтары.
Әрбір баланың отбасында тұрып, тәрбиеленуге құқығы бар. Отбасылық тәрбие кәмілеттік жасқа толмаған баланы тәрбиелеудің ең тәуір түрі, сондықтан да оған басымырақ маңыз беріледі. Баланың өз ата-анасының отбасында және өзге де туысқандарымен тұруына, олармен қарым-қатынас жасауға қақысы бар. Неке бұзылған кезде бала көбінесе анасының жанында қалып, сонымен бірге тұрады, ал әкесімен, әдетте, демалыс күндері жолығып тұрады. Ата-аналарының ажырасуы бұдан кейін бөлек тұра бастаған әкесі мен баласының арасындағы қатынастарды тоқтатуға әсер етпеуі тиіс. Бірақ сот практикасында баланың әкесімен кездесіп тұруына анасының рұқсат бермейтіндігінің, не әкесінің баласын және оны тәрбиелеуге міндетті екендігін ұмытып кететіндітінін: сансыз мысалдарын кездестіруге болады. Заң ажырасқан, ата-аналарға, екі жақта баланы тең тіррде тәрбиелеуді міндеттейді. Егер олардың біреуі өз міндетін орындамаса, сот оны орындауға мәжбурлеуге құқылы.
Баланың құқықтары жөніндегі конвенцияға сәйкес әрбір баланың өзінің даралығын сақтауға қақысы бар. Оны даралайтын белгілер аты, тегі, әкесінің аты. Балаға есім беру ата-анасының келісімімен жасалады. Ата-аналардың бала мүддесіне қайшы келетін, оған айналасындағы адамдардың күлкісін келтіретін немесе қолайсыз жағдайларға қалдыратын есім пайдалануларына болмайды.
Егер баланың әкесі анықталмаған жағдайда, оған есім — анасының айтуымен қойылады, баланың әкесі болып жазылған адамның аты оның әкесінің аты болады, ал тегі — анасының тегі болады.
Мемлекет балалардың мүдделерін қорғап және балаларды отбасында тәрбиелеу балаларға тәрбие берудің ең тәуір түрі екендігін тани отырып, тәрбиенің отбасылың турінің артықшылығын заң жолымен бекітті. Қазіргі кезде балалар деревнясының, отбасылық балалар үйлерінің құрылып, өріс алуы кездейсоқ жай емес. Жас аналар (әдетте, студент немесе кәмелетке толмағандар) материалдық қиыншылықтары шешілгенше, жоғары оқу орнын бітіргенше, кәмелетке толғанша балаларын уақытша тәрбиелеуге бере тұратын Үміт үйі кұрылды. Мұндай аналардың өз балаларына келіп, кездесіп тұруына, қамқорлық жасауына тыйым салынбайды.
Мемлекет балаларға қамқорлық көрсете отырып, бала туғанда жәрдемақы телейді, көп балалы отбасыларына барынша көмектесіп отырады.
Ата-аналар өздерінің конституциялық міндеттерін еркімен орындамаған жағдайда, олардан алиментті мәжбурлеп өндіріп алу да мемлекеттің балалар құқығын қорғауының бір керінісі болып табылады.
Бала құқығы облысында бірінші маңызды құжат болып 1959 жылғы 20 қарашадағы БҰҰ Бас Ассамблеясының қабылдаған — Бала құқығы декларациясы болды. Осы күндегі декларация қабылдауының мақсаты – барлық балаларға бақытты балалықшақ сыйлау және декларацияда көрсетілген құқықтар мен бостандықтарды өз қалауына және қоғам игілігіне қолдануына бағытталған.
Декларация барлық ата-аналарға, әйелдер мен еркектерге, ерікті ұйымдарға, жергілікті билікке және мемлекет өкіметіне, бала құқығын сыйлау, мойындау және үндеу ретінде идеясын бейнелейді.
Баланың мынылырға құқығы бар:
  • Туған кезінде ат алуға, азаматтық алуға, соның арқасында ата-анасы кім және солар тарапынан қамқорлыққа ие болуға құқылы. (7-ші баб)
  • Индивидуалдығының сақталуына құқы бар. (8-ші бабы)
  • Өз ата-анасымен бірге тұруға құқылы; егер баланы бір, әлде екі ата-анасымен айырса, ата-анасымен байланыста болуға құқылы. (9-шы бабы)
  • Өз ата-анасымен кез-келген елге кетуге және ата-анасымен қайта қауышуға немесе ата-анасымен жеке қарым-қатынас жасау мақсатымен кез-келген елге келу құқығы бар. (10-шы бабы)
  • Емін-еркін өз көзқарасын білдіруге, информация алуға, шекараға тәуелсіз информация және идеяларын таратуға құқы бар. (12-ші, 13-ші баптар)
  • Ерік бостандығына, ұждан бостандығына, дін бостандығына құқы бар. (14-ші баб)
  • Ешқандай мемлекет пен қоғам тарапынын қысымсыз басқа адамдармен кездесуге және ассоциацияға кіруге немесе оны өзі емін-еркін құруға құқы бар. (15-ші бабы)
  • Жеке өміріне, жанұя ісіне және үй іші ісіне, жазысқан хаттарға араласпауына құқы бар, өсең-аяңдар мен жаладан қорғаныс алуға құқы бар.(16-шы баб) т.б.


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет