Балалар ұжымы- балалардың әлеуметтік тәжірибе жинақтайтын негізгі базасы болып табылады. Тәрбиеленуші тәжірибені отбасында, ұйымдаспаған мектептен тыс жағдайда құрдастарынан, жолдастарынан, бұқаралық ақпарат құралдары арқылы, кітап оқу және т.б. ақпарат көздері арқылы жинақтайды. Тек ұжымда ғана оны меңгеру арнайы жоспарланады және бағытталады. Адамдардың еңбек іс-әрекетін ұйымдастыруда оның рөлі өте жоғары. Сонымен бірге, ол балаларға дене және көркемдік потенциалдарын іске асыруға мүмкіндік береді.