Балаларға телефонға(теледидар) көп қарамау үшін мен не істей аламын, маман ретінде



Pdf көрінісі
Дата01.10.2023
өлшемі6,37 Mb.
#112149
Байланысты:
Балаларға телефонға(теледидар) көп қарамау үшін мен не істей аламын, маман ретінде



БАЛАЛАРҒА
ТЕЛЕФОНҒА(ТЕЛЕДИДАР)
КӨП ҚАРАМАУ ҮШІН МЕН НЕ
ІСТЕЙ АЛАМЫН, МАМАН
РЕТІНДЕ
Орындаған: Абубакир Ж.
Тексерген: Арынова Г. 
Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті 


Ең алдымен, балаға бос уақытыңызды
бөліңіз. Көбінесе, бұл адам жасына қарай
тәулігіне бір сағаттан аспайды. Сонымен
қатар, уақытты жоспарлау маңызды, өйткені
оны белгілеп қоймасаң, таба алмайсың. Бала
үшін ең алдымен ата-анасы бірінші орында
болатыны барлығымыз үшін сөзсіз мәлім.
Алайда қазіргі уақытта көптеген ата-аналар
уақыт тапшылығынан балаларына көңіл
бөлмей қойып жатады. Бұл бала үшін кері
әсер етеді. Сол себепті күніне 1-2 сағат
уақытыңызды балаңыз үшін жұмсағаныңыз
өзіңіз үшін де, балаңыз үшін де тиімді болып
табылады. 


Баланы телефоннан
алшақтатудың тағы бір жолы –
ата-анамен бірлесіп жұмыс
жасау. Балаларды үйдің
жұмысына тарту қажет, тамақ
пісіруге, үй тазалауға немесе
жазда бақшада көмектесу.
Бала бос отырмас үшін, оны
түрлі үйірме немесе спорт
секцияларына беруге болады.
Кейбір жағдайда үй жануарын
алып келіп, балаға оны қарауын
сұрағанда мәселе шешілуі
мүмкін. Баланың далаға шығып
жиі ойнағаны дұрыс.


Балалардың телефонға
қатты әуес болуының
бірден-бір себебі 
Балалардың телефонға қатты әуес болуының
бірден-бір себебі – ата-ана арасындағы қарым-
қатынастың аздағы дейді психолог. Өзін жалғыз,
дәрменсіз, елеусіз сезінген кезде оның ең жақын
досы электронды құрылғы болатыны сөзсіз.
Маманның айтуынша, баладан телефонды бірден
түбегейлі бас салып тартып алуға болмайды. Бұл
оның ашушаң болып өсуіне әсер етеді екен.
Бастапқыда кешкі сағат 21.00-ден кейін смартфон
қарамаймыз, тәулігіне 5 сағаттан артық телефон
ұстауға болмайды деген секілді аздаған шектеулер
енгізу керектігін айтады.


Алдымен балаңызбен сөйлесуге уақыт бөліңіз. Ас үйден бөлмеге айқайлап,
асықпаңыз. Сізді алаңдататын бір мәселені талқылағыңыз келетінін айтыңыз. «Мен
байқадым», «Менің ойымша», «Мен сезінемін» деген конструкцияларды
қолданыңыз. Нені талқылағыңыз келетінін түсіндіріп, баланың пікірін алыңыз,
телефонға тыйым салмаңыз. Сіз жағдайды бірге шешу жолдарын іздеуге дайынсыз.
Есіңізде болсын, екі экстремалды да жаман - немқұрайлылық пен шектен тыс
қорғаныс. Жеке шекара - әрбір адамның, соның ішінде баланың негізгі
қажеттіліктерінің бірі. Оларсыз олардың әрекеттеріндегі алаңдаушылық пен
белгісіздік күшейеді. Егер мұны әрқашан ата-анасы шешсе, бала оған не жақсы
және пайдалы екенін өз бетінше түсіне алмайды. Сондықтан баламен кез келген
тақырыпта сөйлесу өте маңызды.
Ата-ана бақылауы бойынша
кеңестер


«10-жасқа дейінгі балаларға телефонды
тәулігіне 1,5 сағат қана қарауына рұқсат. Ал
одан жоғары жастағы жасөспірімдерге 3
сағатқа дейін қарауына болады. Көрсетілген
нормадан артық қараған жағдайда жүйке
жүйесіне кері әсер етеді. Баланы телефоннан
алшақтатудың тағы бір жолы – бірге отырып
сурет салу немесе бірігіп ас дайындау секілді
басқа нәрсеге қызығушылығын дамыту»


Зерттеуге сенсек, қазір жеткіншектердің 80
пайызы өмірін телефонсыз елесте аламайды
екен. Оған көпшілікке жүргізген сауалнама
нәтижесі дәлел. 
Әлемдік ғалымдардың пікірінше, смартфонды
шамадын тыс пайдалану көз жанарын құрту
мен мидың қызметін бұзудан бөлек, обыр
ауруына дейін шалдықтыруы мүмкін екен.
Сорақысы сол, оның қауіптілігі есірткі мен түрлі
психотроптық заттардан да зиян дейді
дәрігерлер. Сол себепті мамандар баланы
әсіресе өтпелі кезеңде қатаң бақылауға алу
керек.


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет