Бар балаларды жалпы



бет1/3
Дата06.01.2022
өлшемі4,79 Mb.
#14816
  1   2   3
Байланысты:
Инклюзив слайд


СЕНСОРЛЫҚ БҰЗЫЛЫСЫ

БАР БАЛАЛАРДЫ ЖАЛПЫ

БІЛІМ БЕРУ ҮРДІСІНЕ ҚОСУ

Орындағандар: Бексұлтанова Баян

Бодыкова Амина

Тексерген:



Жоспар:
  • Көру дегеніміз не?
  • Тифлопедагогиканың міндеттері
  • Қазақстандағы алғашқы мектеп
  • Көру қабілеті бұзылған балаларды топтау
  • Пайдалы жаттығулар
  • Тифлопедагогика саласында кездесетін ауру түрлері
  • Нашар көретін балалар үшін жасалуы керек жағдайлар
  • Пайдаланылған әдебиеттер тізімі



Көру – көру мүшелерінің және көру таңдағыштарының анализатор жарықты қабылдауы арқылы ағзаның қоршаған орта нысандары (олардың шамасы, тұрпаты, түсі т.б) жайлы ақпарат алуы.

Тифлопедагогика (гр. typhlos – соқыр және педагогика) – педагогика ғылымының көру қабілеті бұзылған балаларды оқыту және тәрбиелеу жөніндегі саласы. Ғылым саласы ретінде XIX ғасырдың басында дами бастады.

Тифлопедагогика ғылымының міндеттері:

Көру қабілеті бұзылған тұлғаларды психологиялық-педагогикалық тұрғыдан зерттеу;

КҚ бұзылу кезіндегі психологиялық, физикалық даму аномалиясының типологиясын анықтау;

КҚ кемістігі салдарынан дамымаған немесе бұзылған функцияларды түзету, жетілдіру, орнын толтыру жолдары мен жағдайларын қарастыру;

КҚ бұзылу түрлеріне байланысты тұлғаны жан-жақты дамыту, қалыптастыру жағдайларын анықтау, зерттеу

Балаларды мектепке дайындыққа, мектеп көлемінде жалпы және орта кәсіптік білім алуға, рухани өсуге, эстетикалық тәрбиеге, дене тәрбиесіне әлеуметтік-психологиялық және еңбекке қалыптастырады. Көру кемістігі бар ересектерді оқытудағы мақсат – өмірлік мен жалпы біліктілігін, білімін және әлеуметтік дәрежесін көтеру. Оқыту мен тәрбиелеудің әдістеріне арнайы нұсқау, бағдарлама, методика, тифлотехнологиялық жабдықтар т.б. жатады.

Қазақстанда соқырлардың алғашқы мектебі 1932 жылы ашылды. Көру қабілеті бұзылған балаларға оқу процесін қабылдау және танымдық қабілеттерінің қалыптасу қиындығы тән құбылыс, өйткені дені сау бала мүмкіндігі шектеулі балаға қарағанда қоршаған ортаны 83% көру жүйесі арқылы, 11% есту арқылы, 3.5% мұрын арқылы, 1.5% сипап-сезу арқылы, 1% дәм сезу арқылы танып біледі.

Көру қабілеті бұзылған бала жалпы білім беретін мектепте оқытылса, сол сыныпқа сабақ беретін педагог баланың қабілетін жіті тексеріп және денсаулығына байланысты қойылған даигнозына қарай оқытуы тиіс. Бұл баланың көзі көрмейд, не нашар көреді деп ысырып тастауға мүлдем болмайды. Бұл топтағы балалардың диагноздары, көзінің көру мөлшерлері, қабылдауы, ойлау ерекшеліктері, зейіні, есте сақтау қабілеттері әр түрлі болып келеді.

1 – топтағы мүлдем көрмейтін балалар

2 – топтағы көру деңгейі төмен балалар

3 – топтағы көру деңгейі функционалдық бұзылған балалар (қыли, амблиопия)

Көру қабілеті бұзылған балалар үш топқа бөлінеді:

Әр 15 минут сайын көз бұлшықеттері шаршамауға, көру деңгейі

төмендемеуі үшін көзге арналған жаттығулар жасап тұру керек.

Мысалы мынадай жаттығуларды қолдануға болады:

  • Брайль жүйесінде оқитын балаларға әуеннің сүйемелдеуімен орнында отырып, басты

  • оңға, солға, алға, артқа айналдыру. Қолды алға созып

    алақандарымызды ашып-жұму. (15-20 рет). Орнынан тұрып, басын

    жүректен төмен қойып, дем алып, дем шығару. Қолдарын жаңға созып,

    жұдырығын түйіп білегін, шынтағын, айналдырады, қолдарын жоғары

    көтеріп жұдырықтарын ашу. (15-20) рет, басында 5-10 рет, т.с.с.

    Сонымен қатар саусақ ұштарына, алақанға бүдірлі заттармен жеңіл

    массаж жасау.

  • Көру деңгейі төмен балалар мен көру деңгейі функционалдық

  • бұзылған балаларға мынадай үлгідегі көзге арналған жаттығулар

    жасатуға болады. Әуеннің сүйемелдеуімен көзді ашып, жұму, ауаға

    көзбен көлденеңнен сегіз салу (15-20 рет), көзге сұқ және ортаңғы

    саусақпен жеңіл массаж жасау, т.с.с. Көзге арналған жаттығулармен

    қатар денеге де жаттығулар жасап отырылады. Сонымен қатар көзге

    арналған электронды жаттығулар мен тренажорлар бар.



Кездесетін ауру түрлері:

Миопия


Гиперметропия

Астигматизм

Амблиопия

Нистагм


Қыли көзді ауру

Егер балада миопия ауруы болса, жақында тұрған

нәрселерді жақсы көреді де, алыстағыны көрмейді. Бұл

баламен жеке жұмыстану қажет және көзге арналған

арнайы жаттығуларды жасап отыру керек. Жұмыс

орны жарық болуына ықпал жасау және баланың

денесін тіке ұстап отыруына бақылау жасап отыру

керек. Көрнекілік түстері үйлесімді реңмен берілуі тиіс

(қара реңге- қызғылт сары, жасыл түсті). Көру

жүктемесі 10 минуттан аспауы тиіс, ауызша

жұмыстану 10 мин.

Қыли көзді ауруы (косоглазия) – көз қимылының бұзылуы. Қыли

көзінің көру қалдығының төмендеуі. Егерде балада көзінің

ауытқушылығы 15-20 градус болса көз әйнекті тағуға міндетті. Көздің

қарашығы екі жаққа қарап тұрса, кітап қоюға арналған кітапқойғыш

керек емес. Ал, егер көз мұрынға қарап тұрса кітапқойғыш міндетті

түрде қажет. Баланы асықтыруға мүлдем болмайды.

Нистагм көз ауруында – баланың көзі төмен-жоғары, көлденең

ойнақшып тұрады. Мұндай баламен жеке картамен жұмыстану керек.

Жүргізіп оқыған кезде коррекциялық сызғышты пайдалануды қажет

етеді. Балаға оқуға ыңғайлы уақытты таңдау қажет.

Амблиопия – көру мүшесінің төмендеуі. Егер амблиопия туа пайда

болса, бала басқаша көре алатынын білмейді. Сондықтан бала қалай

көріп тұрса солай қабылдайды. Сол себептен көзіне байланысты шағым

айтпай жүре береді. Көрнекілік нақты, артық сызба, сурет болмауы

керек. Тақтадағы суретке жақсы көретін көзімен қарауы қажет. Сурет,

графикалық үлгілер үлкен болуы шарт.

Нашар көретін оқушылар жалпыға білім беретін мектептің үлкен шрифтпен басылған және көру қабылдауына әсер ететін арнайы өзгертілген суреттері бар кітаптармен оқытылады. Көрмейтін балалар Брайль жазу жүйесінің көмегімен оқытылады.





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет