Барыс жалғаулы сөз тіркестері



Дата25.02.2022
өлшемі185,29 Kb.
#26370
түріҚұрамы

Барыс жалғаулы сөз тіркестері


Барыс жалғаулы есімдер мен етістіктерден құралған сөз тіркестері өзара меңгеріле байланысады да,жанама толықтауыштық.пысықтауыштық қатынастарда жұмсалады.

Барыс жалғаулы есімдер қатысқан етістікті сөз тіркесінің қарым-қатынасының әр түрлі болуы сөз тіркесі құрамының түрлі-түрлі болуымен байланысты


  • Тауға шығу (бет алыс)
  • Тоғайға кіру,үйге келу (мекен)
  • Балаға беру (арнау)
  • Оқуға келу (мақсат)
  • Кешке келу,жазға киіну (мезгіл)

Барыс жалғаулы есімдер кез келген етістіктермен тіркесе бермейді,олармен мағыналық үйлесімде бола алатын етістіктермен ғана тіркеседі.

Олар мынадай етістіктер :

беру,кету,келу,жату,отыру,ұмыту,сену,нану,жалыну,ұнау,қуану,шығу,түсу,кіру,айту,қызығу,көріну,қарау,салу,жетуқамау,жақындау дайындау т.б

Етістіктердің көпшілігі-күйді,қимылды,сезімді білдіретін салт етістіктер.Салт етістіктердің жетегінде айтылатын барыс жалғаулы есімдер зат есім,есімдік,сын есім,сан есім,есімше басыңқы сөздерге қатысты болады.


  • Бұл сөзге Абай жеткенде,Тәкежан қатты сескеніп қалды.
  • Байжан іске кірісті.
  • Абайға ағашты таулар шидем айналдырып киген кәрінің өңіндей көрінеді.
  • Паромға мініп ар жаққа бұлар да өтті.
  • Олар заңға бағынады.
  • Нұрланды көрген соң , табалдырықтан әрі аттамай тұра қалды.

Сабақты етістіктер де барыс жалғаулы есімді меңгере алады,бірақ олардың көпшілігі жоғарғы тізімде саналған салт етістіктерден жасалған сабақтылар болады.

Адамға жол бермеген қайран тілім

Нақ терезе алдында өскен алма ағашы бөлмеге күн сәулесін түсірмейді

Быков күрегін қарға басқа жұрттан бұрын салды

Ушаков Сарыарқаның әр қырқасына бір қазық қағып,көмірді темірге,темірді мысқа,мысты қорғасынға қосақтап,арқандап тастады.

Барыс жалғаулы есімдер етістікті сөз тіркесінде объектілік және пысықтауыштық қатынастарды жұмсалады.

Объектілік қатынастағы сөз тіркестері,негізінде,қимыл процесінің кімге,неге арналғанын,бағытпен,қандай затпен үстемеленгенін,қандай затпен түйәскенін,неге қамтылғанын білдіреді.

Тоқсандағы Жамбылға толқындатып сөз келді

Абайға үйдегі кемпір де бұрылып қарады

Төрт түлікке толды аймақ,осынау ауылым колхозда

Дәулетке батып белшеден ырысқа қандым,кенелдім

Бұл жігітті қызметке алу керек

Пысықтауштық қатынастағы сөз тіркестері,негізінде,қимыл процесінің бағытын білдіреді және мекендік,мезгілдік,мақсаттық мағыналарды жұмсалады.

Мен ауданға барамын



Қарағандыға жүз елу кісі жіберілді

Ол үйге кірді

Бұл үйдің барлық адамдары далаға жүгіріп шығыпты

Ушаковты қонаққа шақыра келіпті

Барыс жалғаулы есімдерді кейде есім мен көмекші етістіктермен болған құрама баяндауыштарды да меңгереді.

Сейіт бұл топқа жалпы сәлем берді де,тоқтамай өтіп кетті



Судьялар ешкімге тәуелді емес

Толқынға бөгет бола алмай,ит қорлыққа көне алмай

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет