Дерсе ханның үлы да, қызы да жоқ еді. Ол бүл қорлыққа шыдай алмай, қара отаудан шығып кетті. „Қайғымен қан жүтып жылады



бет1/2
Дата29.12.2023
өлшемі73,41 Kb.
#144809
  1   2
Байланысты:
емтихан сұрақтары



1. «Қорқыт ата кітібының» бірінші хикаясы – Дерсеханұлы Бұқаштың сюжеті туралы жазыңыз. „Ежелден қалыптасқан дәстүр бойынша, Баяндыр хан жылына бір той жасап, оғыз бектерін қонаққа шақыратын еді. Бүл жолы да солай істеді. Тойға түйеден — бура, жылқыдан — айғыр, қойдан — қошқар сойылсын деп жарлық берді. Сол күні бір жерге ақ отау, бір жерге қызыл отау, енді бір жерге қара отау тіктіріп қойды. Тойға жиылған бектерден үл баласы барларын ақ отауға, үлы жоқ, бірақ қызы бар кісілерді қызыл отауға, үлы да жоқ, қызы да жоқ қонақтарды қара отауға кіргізді. Қара отауға кірген қонақтарға қара қойдың етін беріп, қара киізге отырғызды. «Не үлы, не қызы жоқ жандарды тәңірінің өзі қарғаған, бізде солай етеміз» деді Баяндыр хан.
Дерсе ханның үлы да, қызы да жоқ еді. Ол бүл қорлыққа шыдай алмай, қара отаудан шығып кетті. „Қайғымен қан жүтып жылады».
Бүл жырда Дерсе ханның қатты ашуы келіп, үйіне оралғанда өз әйеліне баласының жоқтығы туралы зарлап айтатын үзақ монолог-өлеңі бар. „Қорқыт ата кітабының» түпнұсқасында, сондай-ақ түрік және әзербайжан тіліндегі аудармаларында осы монолог поэзия тілімен, жыр күйінде берілген. Алайда академик В. В. Бартольд кезінде оны неміс және орыс тілдеріне қара сөзбен аударып бер- ген. Сол себепті бүл монолог орыс тілінен қазақшаға про- за күйінде берілген.
Сөйтіп, тойдан намысқа шыдамай қатты ашуланып қайтқан Дерсе хан үйіне келген соң әйеліне былай дейді: „Уа, сүйген жарым, басыма қонған бақ, отбасымның тірегі едің, бойың кипарис ағашындай сүңғақ, тілерсегіңе түскен қолаң қара шашың бар, иілген жақтай имек қара қасың бар…
…Хан қызы! Отырған жерінде қарулы қолдарымның уысына алып, бетіңді тіліп, кеңірдегіңнен қысып өлтірсем не болар еді? Қайыспас қара болат семсерді қолға алып, басыңды алсам не дерсің? Өмірдің қызығынан мені неге қүр еттің? Қызыл қаныңды судай төксем қайтер едің? Уа, хан қызы, осының себебін айт! Айтпасаң жазаңды бе- ремін!»
Ақыры әйелінің кеңесі бойынша Дерсе хан аш-жа- лаңаштарға қыруар көп қайыр-садақа беріп, ата-бабасы- ның аруағына сиынып, тәңірден бала тілейді. Күндердің күнінде әйелі босанып, бір бала туады. Бала он бес жасқа толады. Бір күні достарымен асық ойнап жүргенде ханның семіздіктен қүтырған бүқасы босанып кетіп, балаларға тап береді. Барлық балалар қашып кеткенде Дерсе ханның ұлы қорықпай, дәу бүқаны жүдырықпен үрып жығады. Содан бала Бүқаш аталып кетеді.
Бүған риза болған әкесі үлына енші беріп, оны бектер қатарына қосады.
Бірақ Дерсе ханның күншіл нөкерлері әкесін баласына қарсы айдап салады. Бір күні Дерсе хан аң аулап жүріп, өз баласын өзі атып кетеді. Бір сүмдықтың болғанын жүрегі сезген анасы өзінің қырық нөкер қызымен баласын іздеп жолға шығады. Айдалада өлім аузында жатқан үлының жарақатын анасы ақ сүтімен емдеп, аман алып қалады. Сол кезде опасыз нөкерлері Дерсе ханның өзін өлтірмек болады. Батыр Бүқаш әкесінің жауларын қырып салып, Дерсе ханды түтқыннан босатады.
Бүл секілді сарын қазақ эпосында көп қолданылады. Қазақ дастандарында алып батырлар осылайша „әулиеге ат айтып, қорасанға қой айтып” ата-бабалар қабіріне түнеп, айтылған көп тілектерден кейін барып қана туыла- ды. Осылайша өмірге келген болашақ батырлар өсе келе ел-жүртының қорғаны, қамқоршысы болып шығады. Қазақ халық эпосында көптеген батырлардың бәрінің ту- ылуы осы дәстүрге қүрылған.
Бүл туралы қазақ ауыз әдебиетін зерттеуші көрнекті ғалым Р. Бердібаев мынадай пікір айтады: „Көшпенді ел жағдайында әкеден қалған мүраға ие болатын үлдың тууы ерекше оқиға саналған. Перзентсіздік ең ауыр қасірет бо- лып танылған. Мүның көрінісі эпикалық жырларымызда мейлінше мол орын алғаны белгілі. Алпамыс та, Қобыланды да, Шора да, Сайын да ата-аналарының көп ар- ман етіп, жаратқаннан медет тілеп алған балалары болып сипатталады».
2. Ислам мәдениеті, өркениеті туралы түсінік жазыңыз. Ислам өркениеті - ислам дінінің құндылықтары негізінде қалыптасқан әлемдік өркениеттердің бірі. Ислам өркениетінің алғашқы нышандары VII ғасырдың басында Хиджаз арабтарының арасында қалыптаса бастады. Оның басты себептеріне Сауд Арабиясы түбегінде көшпелі және қалалық мәдениеттердің жаңа рухани негізде біріге бастауы, ежелгі тайпалық діндердің тоқырауы және жалпыарабтық этникалық сананың пайда болуы жатады. Ғасырлар бойы ата-бабаларымыз ислам дінін ұстанып, келеді. Тарихымызға көз салсақ, кезінде теңдесі жоқ, мәдениеті мен ғылымы дамыған өркениетті мұсылман мемлекеттер өмір сүрген. Сол мәдениеттің мирасшыларынан болған халқымыз өз дінін, тілін, тарихы мен мәдениетін жоғары бағалай білгені жөн.
Мәдениеттің қалыптасуында дін ең мағызды фактор. Өйткені дінсіз, сенімсіз бір қоғамның өшпес және үлгілі бір мәдениет құруы мүмкін емес. Өйткені дәуірлерде кең байтақ жерді қол астында ұстап, алып мемлекеттер құрған қаншама қауымдар өткен. Алайда олар ұзақ сүрмеді. Арттарында тағылық пен үрей ізін қалдырып, тарих сахнасынан өшіп кете барды.
«Ислам» сөзі «бейбітшілік», (Алланың заңдарына) «мойынсыну» болып есептеледі. Ал шариғат терминологиясында ислам — толық мойынсыну, Аллаһтың парыздары орындау, одан басқа құдайға табынбау болып есептеледі.
Шын мәнінде өркениет жөнінде ең алдымен ислам мәдениеті туралы айтқымыз келеді. Адамзат тарихында ислам мәдениетінің орны ерекше. Өйткені ислам мәдениеті бүкіл әлемді жаратқан Ұлы Аллаһтың барлығы мен бірлігіне және ахырет күніне деген шынайы сеніммен сусындаған. Мұндай сенімге ие болған адамда мұндай сенім орын алған қоғам да тек дүние өмірін ғана ойламай, одан да маңызды мәңгі болған ахырет өміріне қамданып, бақытқа жетуге тырысып бағады. Өз нәпсісінің қалауы мен бас пайдасына қарай емес, дінінің әмірі мен тиымдарына сай әрекет етеді.
Ислам діні әуел бастан-ақ жаһандық миссияны мақсат еткен, өйткені Құрандағы сүрелер жеке бір халық, ел немесе нәсілге арналмаған, ол бүкіл адамзатты хақ дінге баулуды мұрат етеді. Сонымен қатар Мәдинеде Мұхаммед (с.а.у.) пайғамбар тарапынан құрылған ең алғашқы мұсылман мемлекеті барлық аз халықтардың құқығын қамтамасыз етуге кепілдік берген. Пайғамбар өзінің соңғы өсиеттерінде жаңа әлем тәртібін белгілеп, адам құқықтарының декларациясын жариялады. Мұсылман діндарларының пікірінше, осыдан бастап адамзат қоғамы жаһандануға бет алған. Тарихшылар орта ғасырды Еуропаның қараңғылық шағы деп сипаттап, ал ислам мәдениеті үшін алтын шақ деп атайды. Ол кездері ғалымдар мен шәкірттері елден-елге, бір білім орталығынан екіншісіне ілім жолында сапар шекті. Әл Хорезми, Әл Фараби, Ибн Сина, Бируни, Қожа Ахмет Яссауи, Имам Ғазали сияқты әлемге танымал ғұламалар айналасына білім нұрын шашты. Ислам ғұламаларының қазіргі ғылым мен мәдениетімізге қалдырған жемістерінің негізінде ислам дінінің білім мен ғалымдарға берген маңызы зор.
Ортада әлі оқылатын бір кітап жоқ дәуірде, оқу-жазу білмейтін бір пайғамбарға Аллаһ тарапынан түскен ең алғашқы әмірдің: «Оқы!» — деген әмір болуы баса назар аударарлық жайт. Дініміз білім іздеуді әрбір мұсылман ер-әйелге бірдей жүктеген, ғылымға үлкен маңыз берген, әсіресе екі дүниенің бақыт кілті болған дін ілімін үйренуді міндеттеген.
3. «Құтты білік» дастанының көркемдік ерекшеліктерін түсіндіріңіз. «Құтты біліктің» тілі ежелгі қарлұқ, ұйғыр, үйсін, оғыз тілдерінің үлгісіне жақын келеді.Дастанның тілінде оғыз, ұйғыр тілдеріне сай келетін барыс, табыс, тәуелдеу жалғаулары көбірек кездеседі.Жалғыз-ақ «ж» орнына «и», «с» орнына «ш», «з» дыбыстары көбірек қолданылады.
«Құтты білікті» оқып отырып, автордың Шығыс классикалық поэзиясының таңдаулы үлгілерімен, әсіресе ұлы Фирдоусидің «Шахнаме» дастанымен жақсы таныс екенін, одан үлгі-өнеге алғанын аңғару қиын емес.Мәселен, Жүсіп Баласағұн жырдағы әрбір сөздің мағынасын құбылтып, ойнатып пайдалануды, әрбір лексикалық элементті ажарлап, айшықтап беруді ұлы ұстазынан үйренген секілді.
«Құтты білік» дастанының авторы метафора, аллегория, гипербола, меңзеп яки астарлап сөйлеу сияқты көріктеу құралдарын зор шеберлікпен, білгірлікпен пайдаланып отырады.
Сондықтан жырдағы сан қилы адам бейнелері, табиғат көріністері, қаһармандардың көңіл-күйі мейлінше айқын, әсерлі шыққан.
Ақын табиғаттың кейбір сиқырлы құбылыстарын, жан-жануарлардың кейбір қасиеттерін адам мінез-құлқына ұқсата отырып, қаһарманның көркем бейнесін айқындай түседі.
Сондай-ақ ол адамға тән қасиеттерді табиғат көріністеріне теңеу арқылы далаларды, асқар тауларды тілсіз өзен-көлдерді кәдімгідей жандандырып, құбылтып, адамның өзіне ұқсатып бейнелейді.Мұның бәрін ол зор ақындық шабытпен, өз қаһармандарының ішкі жан дүниесіне терең поэтикалық барлау жасау арқылы суреттейді.Бұған «Құтты білік» дастанының көркем көріністерін жырлайтын өлең жолдарынан мысал келтірейік:
Қара жер ағы кетіп, жұпар шашты,
Безенбек болып дүние көркін ашты.
Қаһарлы қысты қуды көктем лебі,
Жарқын жаз дәулет құрды, өктемдеді.
Қу ағаштар жасыл тонын жамылды,
Безеніп, көк, жасыл, сары тағынды.
Қаз, үйрек, шіл, аққулар қалықтады,
Қиқулап, биік-төмен шарықтады.
Қайсысы ұшып, қайсыбірі қонады.
Бірі ойнаса, бірі суға қанады.
4. «Құтты білік» дастаны мен сюжетін түсіндіріңіз.
5. Әбу Насыр әл-Фарабидің «Ізгі қала тұрғындарының көзқарасы» еңбегі туралы жазыңыз. Ізгі қала тұрғындарының көзқарасы (Қайырымды қала тұрғындарының көзқарастары туралы трактат) — Әбу Насыр Әл-Фарабидің негізгі еңбектерінің бірі.
Ғұламаның бұл шығармасы ағылшынның атақты утопист-социалисі Томас Мордың еңбегіне негіз болғаны белгілі. Трактатта тарихи дәлдігі жағынан сирек кездесетін өз заманындағы қоғамның көрінісін ерекше әлеуметтік утопиямен көрсетіп, әділетті әкімнің бейнесін суреттейді.
Әл-Фараби бұл кітаптың алғашқы нұсқасын «Китаб ас-сийаса ал-маданиййа» (Азаматтық саясат кітабы) деген атпен 942 жылы жазған. Ал «Китаб ‘ара’ ‘ахл ал-мадйна ал-фадила» деп аталған толық нұсқасын 948 жылы Мысырда аяқтап шығарған.
Кітап алты тараудан тұрады. Бірінші бөлімде Алланың болмысы және оның сипаттары қарастырылады. Екінші бөлімде рухани жандар мен періштелер болмысы және аспан денелері туралы айтылады. Үшінші бөлімде аспан денелерінің өзара байланысы туралы айтылады. Төртінші бөлімде адам және оның жан, тән қуаттары туралы сөз қозғалады. Бесінші бөлімде «қайырымды қала тұрғындары» кімдер, олардың ерекшелігі туралы баяндалады. Алтыншы бөлімде надан көзқарастар мен қоғамдар, қайырымсыз қалалар мен басшылар, олардың іс-әрекеттерінің салдары жайында айтылады.
Бақытқа жету мақсатымен бір-біріне көмектесіп отыратын халық — қайырымды халық. Егер халықтар бақытқа жету мақсатымен бір-біріне көмектесіп отырса, бүкіл әлем қайырымды болмақ.
6. Марғасқа жыраудың өмірі мен шығармашылығы туралы жазыңыз. Марғасқа Жырау (т.-ө.ж.б.) — ақын. Қазақ поэзиясында жауынгерлік рухты жырлап, көне дәстүрді жалғастырған жыраудың өмірі мен өлеңдерінің туындауы туралы нақты деректер сақталмаған.
Шыққан тегі Орта жүз құрамындағы Найман тайпасының матай руынан
Ол Есім ханның жорық жырауы, қол бастаған батыры болған. Ташкент өңірін билеп тұрған Тұрсын ханның Есім ханға қарсы бүлігін басуға қатысқан (1627). Марғасқа Жыраудың бізге жеткен санаулы ғана жырлары оның от тілді, орақ ауызды жырау болғандығын көрсетеді. «Ей, Қатағанның хан Тұрсыны» атты өлеңінде Ташкент ханының қазақ ауылына опасыздықпен шабуыл жасағанын, жазықсыз жандарды қырып-жойғанын бетіне басады. Марғасқа жырау Қазанғап Байболұлының құрастырып жазып шыққан "Еңсегей бойлы ер есім" атты тарихи жырды алғаш жырлаушы болған деген болжам бар. Бірақ оның «Ей қатағанның Тұрсын ханы» деген 13 жолдан тұратын жыры ғана ауызша сақталған. Басқа жазбалары кездеспейді. Қазанғап Байболов «Еңсегей бойлы ер есім» атты дастанын Бекасыл әулиенің «Жаныс шежіресі» тарихи-шежіре кітабының желісі бойынша жазылғанын ескерте кетейік. Қазанғап жырау одан басқа Шәкәрім, Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы, Шойбек датқа, Астай имам, Арғынбай Баймағанбетұлы, Ботбай Тұрта, қара молда Еркебек, сияқты авторлардың жазбасын пайдаланғаны жөнінде сілтеме жасаған. 1940 жылы жазбаларының ұрлануына байланысты Қазанғап жырау 1941 жылы көктемде Ұлттық ғылыми кітапханасы тарихи қолжазбалар қорына «Еңсегей бойлы ер есім» және «Төле бидің тарихы» деген екі дастанын тапсырған. Авторлық құқығы бекітілген. Есім хан ордасы қазіргі Төле би ауданы, Кеңесарық ауылының жанындағы «Төрткүлтөбе» деген жерде болған «Қатаған қырғыны» атты Есім хан мен Тұрсын ханның соғысы осы аудандағы Саңлақ, Дабырашылы, деген жерде өткен. Саңлақ — Майбұлақ, Қазақстан ауылының арасындағы Сайрамсу мен Балдыбірек өзендерінің оң жағасындағы тастақты жердің атауы
7. Көтеш ақын «Кәрілік, жылы жұмсақ ас жарай ма» жатқа айту, идеялық талдау. Кәрілік, жылы-жұмсақ ас жарай ма,
Қазы, қарта, жал, жая, бас жарай ма?
Кәрілік, мұның бәрін жақтырмайсың,
Үйген топырақ, қалаған тас жарай ма?!
Алдымнан алты пұшық анталады,
Тілге келмей біреуі балталады.
Осы аурудан, сірә, жан қалмас білем,
Балтасы тиген жері қанталады.
Япыр-ай, бұл не деген ел боларсың,
Не малдан, не перзенттен кем боларсың.
Қарап жүрген Көтешке тиемін деп,
Баласына Құлболдының жем боларсың.
8. Ақын, жыраулардың толғауларын жаттап, талдау.
9. Тәтіқара ақынның өмірінен негізгі белестерді көрсететін тарихи деректердің тізімін жазыңыз. Тәтіқара ақын(1705-1780). Абылай ханның тұстасы. Қалмаққа қарсы жорыққа қатысқан, Абылайға сын сөздер де айта білген, үш жүздің баласы көтерген хан, сол үш жүзіңді баласындай көрмеді деген сөздерден кейін ханпен арасы суиды. Халық аңызы бойынша Тәтіқара сарай маңынан қуылып, жасы ұлғая келе жоқшылық көріп өледі. шамамен 1780 жылы 75 жасында дүние салады
10. Әл Фараби мен Абай дүниетанымдық үндестігін түсіндіріңіз. “Егерде бізге осы XX ғасырда әл-Фарабиге ең жақын, рухани сабақтас адам барма десе, алдымен ол Абай дер едік. Әл-Фараби мен Абай арасын жақындастыру, оларды үндестіру - біздің халқымыздың мыңжылдық мәдени-рухани дүниесін тірілту деген сөз. Демек, бұл зор мақсатты халықтық іс деп білу керек”. Aқжан МАШАНИ. әл-Фараби бабамыздың «Музыка туралы үлкен кітабы» және басқада да музыка жөніндегі трактаттарын осы саланың мамандары болмаса, кез-келгеніміздің түбегейлі түсіне алмайтынымыз шындық. Осындайда ән өнері саласындағы данышпан Абай даналығы ойға оралады. Ол... бақырғанның бәрі ән емес, өнерден мақұрым қалу сән емес, надандар жан емес, еңбексіз бос жүру жөн емес. Яғни, ән-өнер, бұл өнерден хабарсыз болу – надандық, өнер жолында ізденбеу – еңбексіздік, арамтамақтық. Абай әнді сүйген, ән-туғаннан өлгенге дейінгі адамның өмір серігі, көңіл күйінің сәулесі, «жақсы ән – жан азығы» - деп білген. «Құлақтан кіріп, бойды алар, жақсы ән мен тәтті күй» - дейді ол. Абай – ұлы композитор, Абай әндерін білмейтін, тыңдамаған адам бар ма екен, сірә!? «Ән өнерін үлкен эстетикалық ойшылдықпен Абайша көркем суреттеп сипаттау қазақ поэзиясында болған емес» - дейді абайтанушылар. Оның «Көңіл құсы құйқылжыр шартарапқа» - деп басталатын тоғыз шумақ өлеңін оқып қараңызшы, ағайын... (Ж.Ж.) «Ғылымды кәсіп, өнерді нәсіп етіп алмауы керек, әрі оны мол-дүние табу құралы етіп жібермеуі қажет» - дейді, әл-Фараби. «Сый дәметпе, берсе алма еш адамнан, Нең кетеді жақсы өлең сөз айтқаннан? Сүйсінерлік адамды құрмет қыл, Аулақ бол әнін сатып нәрсе алғаннан» Бұл енді, Абай сөзі..., қос ғұламаның терең мағыналы сөзі. Ғұламаның бірі тәрбиесіз берілген білімді,өнерді мансұқтаса, екіншісі «пайда ойлама, арды ойла», «сұрамсақ, ашкөз-қанағатсыздықтан аулақ бол» - деп толықтырады. Абай «ермек үшін» өлең де, ғақлия да жазбаған, әл-Фараби Дамаскінің бір бауын қарауылдау үшін кешкісін барады екен де, шырақты жағып, кітап оқуға кіріседі екен, еңбегіне төрт дихрам күміс ақшаны ғана қанағат етіпті. Сондай-ақ Әбу Насыр әл-Фараби өз дәуірінің көрнекті ақыны, әдебиет теориясының негізін салушылардың бірінен саналады. Араб ғалымы ибн Әби Усайбианың айтуы бойынша, Фарабидің өлең құрылысын зерттеуге арналған «Өлең және ұйқас туралы сөз» , «Өлең ырғағы туралы», « Поэзия өнерінің негіздері туралы трактат» деп алалатын зерттеулері болған. Соңғы жылдары әл-Фарабидың бұрын ғылымға белгісіз болып келген аса құнды арабша жазылған «Өлең кітабы» деп аталатын бір шығармасы Братислава университетінің кітапханасынан табылса, «Өлең өнерінің қағидалары туралы трактат» аталатын еңбегін Лондонда үнді офисы кітапханасынан белгілі шығыстанушы ғалым Артур Арберри 1937 жылы тапқан болатын. Әбу Насыр Әл-Фараби өзінің бұл шығармаларында поэзияның бірқатар теориялық мәселелеріне – өлеңнің композициялық құрылысына, шумағына, өлшеміне, ұйқасына т.б. шолу жасай келіп, жырдың барлық компоненттері ақынның айтайын деп отырған ой жүйесіне лайық, орынды болуы керек деген түйін жасайды. Жақсы өлеңде қашан да басы артық, оғаш тұрған шумақ, тармақ болмайтынын, сонда ғана ол оқырманның ойынан шығатынын ескертеді. Әбу Насыр Әл-Фараби сол кездегі грек поэзиясын: трагедия, дифирамбы, комедия, ямб, драма, эпос, диаграмма, сатира, поэма, риторика, космогония, акустика – деп, топқа бөліп, әрқайсысын бөлектеп сыпаттайды. Бұл айтылған өлең формалары бүгінгі әдебиетке әбден орныққан әдеби жанрлар саналады. Ұлы ақын Абай шығармашылығында осы жанрлардың бәрі бар. Ақынның «Ескендір», «Масғсут» поэмаларымен қатар, аяқталмай калған «Әзім әңгімесі», М.Ю. Лермонтовтан аударған «Вадим» поэмаларын көп жұрт біле бермейді. Ғұлама, ойшылдардың екеуінің де поэзияға қояр талаптары бір арнаға тоғысып, өзара үндесіп жатыр. Абай поэзиясында өлең сөзге аса жоғары баға беріледі. Өзінің «Өлең сөздін патшасы, сөз сарасы...», «Біреудің кісісі өлсе, қаралы – ол...», «Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін» деген өлеңдерінде ақын сөз өнерінің қадір-қасиетін, өлеңнің адамның сезімі мен қоғамдағы жағдайын бейнелеудегі қызметін, жалпы ақындық өнерге қойылар талаптар мен өлшемдерді үнемі алға тартып отырады.
11. “Ақиқат сыйы” тақырыбының басқа түркі дастандарымен үндестігін түсіндіріңіз.
12.Қазтуғанның «Қазтуғанның қонысымен қоштасуы» толғауын жатқа айту, толғаудағы кейіпкер бейнесіне талдау жасап, кейіпкердің тұлғалық болмысын анықтау.

Арайна,билер,арайна,
Арайна десем, болғай ма?!
Арайнасыз әр қайда
Ердің ісі оңғай ма?!
Арайна болған
Қазтуған,
Қайғыланып сонда толғай ма?!
Ел қияға қонғай ма?
Еділ, Жайық арасы
Кеңшілік қоныс болғай ма?!
Ебей басты құба үлек
Ернімен шырпы шалғай ма?!
Бұл қоныста отырып,
Біздің мұсылман баласы
Жағасы босап тынғай ма?!
Еділді қоныс етпеңіз,
Жағалай қалмақ алады.
Жайықты қоныс етпеңіз,
Сыдыра біткен көкжиек,
Кәпірлер қала салады.
Аштарханды қоныс етпеңіз,
Шәһәрін оның алады.
Еділді алса - елді алар,
Енді алмаған не қалар?
Жайықты алса - жанды алар,
Жанды алған соң не қалар?
Ойылды алса - ойды алар,
Ойлашы, сонда не қалар?
Қара мауыты мұшақат
Бүтін тоғай жерді алар.
Жаз кіреге жақсы деп,
Дулығалы нарды алар,
Қыс кіреге жақсы деп,
Шудасы қалың айырды алар.
Сусынына шай алар,
Шайнауына май алар.



13. Үмбетей жыраудың өмірі мен шығармашылығы туралы жазыңыз. Үмбетей Тілеуұлы (1706-1778) - Ақмола облысында, яғни Орталық Қазақстанда дүниеге келген. Арғын тайпасы Қанжығалы руынан шыққан[1]. Ол жас жағынан Бұқар жыраумен құрдас болған деген дерек бар:
Үмбетей Бұқармен дос, құрдас екен,
Қайтыс боп үш жыл бұрын құса-дерттен,-
деген өлең жолдары осыны меңзейді.
Бұл өлеңді Бөгенбайдың немересі Бапан би шығарған деседі ел аузында. Үмбетей жас күнінен-ақ кедейліктің зардабын тартады. Ақындық даңқы шыққан Үмбетейді Абылай хан өз айналасында ұстайды, ол сол кезден-ақ жырау атанған. Ол Бөгенбай батырға серік әрі оның жыршысы болған. Жырау қазақ халқының Жоңғар басқыншыларына қарсы күресте болып, тарихи оқиғаларды нақты жырлаған. Ол халық мүддесі үшін хан көңіліне қарамай, әділ,тура өлеңдер қалдырған. Жырау Ақмола өңірінде жүз жасап дүниеден өткен.
Үмбетей жырау- дидактикалық поэзияның әйгілі шеберлерінің бірі. Ол жастайынан сөз өнеріне ден қойған. Оның осы жолдағы алғашқы ұстазы - өз әкесі болған. Ол ән өнерін жақсы білген, ел тарихына өте қанық адам болғанға ұқсайды. Сол себепті халық шежірелерінен, шешендік сөздерінен, халық дастандарынан көп тағылым алған.
Үмбетей жырау- елінің қорғаны болған батырларды жырына арқау еткен. "Бөгенбай өліміне", "Бөгенбай өлімін Абылай ханға естірту" атты толғауларында ол Бөгенбай бастаған халық батырларын дәріптеп, қайратты ерлерді ұрпағына өнеге еткен. Жырау Бөгенбай батырдың ерлік бейнесін тамаша өрнектейді. Оны асқар Алатауға теңейді, тегеурінді бүркітке балайды, "Боламшыдай анадан болат тудың,Бөгенбай" деп қастерлейді. Атамекен жаудан қорғап қалған, халқымыздың ұлан-байтақ жерін-Баянауыл, Қызылтау, Абыралы, Шыңғыстау- бүкіл Сарыарқа атырабын қалмақтардан аман алып қалған Бөгенбай батырдың ерлігін сүйсіне жырлайды.
14. Әл-Фарабидің «Өлең өнерінің қағидалары туралы трактат» деген еңбегіндегі ғылыми ой –пікірлерін жазыңыз.
15. «Аттила» жыры, оның тарихи негізі, әлем әдебиетіндегі көріністері туралы түсіндіріңіз. “Аттила“ дастаны Аттиланың Еуропаға жасаған жауынгерлік жорықтарын тарихи деректер мен аңыз-әфсаналар негізінде баяндайтын қаһармандық жыр. Осы дастан бізге түгелдей жетпегенімен, герман және скандинавия халықтарының батырлық эпостары саналып келген “Нибелунга туралы жыр“ және “Алып қолды Вальтария“ ”Waltarius vanu fortis” поэмалары «Аттила» дастанының сюжеттік негізінде орта ғасырда қайта жазылғаны дәлелденді. Ғалымдар бұл поэмалардың авторлары қыпшақтардың әдет-ғұрпын, салт-санасын, жан дүниесін, психологиясын егжей-тегжейлі біліп жазған қыпшақтар дейді. Қазақ халқының арғы ата-бабалары ғұндар мен оның патшасы Аттиланың мифтегі орны көркемдік бейнеболып біраз санада сақталып кеткен, сол себептен оныңбатырлық тұлғасына байланысты жазылған деректердегі мәліметтерге мән берсек.Аттиланы қазақтың хас батыры деп атауымыздың себебі көп. Еділ батыр туралы мағлұматтар еуропа әдебиетінде ғана емес қазақтың көне жырларында даерекше орын алған. Еділ батырдың батырлық сипатын өмірі мен тарихының тікелей біздің қанымызға байланысты екенін зерттеген қаламгерлер мен ғалымдарымыз– С.Өтенияз, т.б болып бірауыздан Аттила - қазақтың арғы бабасы, ертеден бергі жырға қосылған Еділі, һәм хас батыры деген. Атилланың есімінің айналасында тарихи деректермен бірге, көптеген мифтік аңыздар да бар.Соның бірінде «Маған, яғни бүкіл түрік жұртына енді қарсы тұрар ешкім жоқ, сондықтан мен соғыспаймын”-деп, астындағы Алтынжал атты тұлпарын босатыпты. Ел аузындағы аңыз Еділ Рим империясын бағындырған соң: “Алтынжал қалықтап аспанға ұшып кетеді. Иесіне керек уақытында келіп тұрған. Әрине, халық ұғымында батырдың тұлпардан айырылуы не босатып қоя беруі жақсы ырым емес…Сол себепті, Еділ батыр қаза болған соң өзі құрған империяның ыдырауы халық ырымын растайды. Аспанда жүрген Алтынжал анда – санда көрініп кететін болған. Әсіресе Еділ ұрпақтарын жоғарыда жүріп бақылаған. Еділ секілді батыр туғандай жағдай болса, қайтып келмекші болған. Әрине, тарихи шындыққа қарасақ, Еділ ұрпақтары Европа жерінде үш жүз жылдай үстемдік еткені рас. Еділ ұрпақтарының тасы өрге домалаған кезі Баян хан заманында еді. Алайда, Еділдің тұлпары Алтынжалды халық “құйрықты жұлдызға” теңеп жырлаған. Сондықтан “құйрықты жұлдыз түссе, ақырзаман болады” деген ел ұғымы осы Алтынжал аңызымен байланысты екенін көреміз»
16. Ақын, жыраулардың толғауларын жаттап, талдау.
17. Ақтамбердінің суырып салма жырау екендігін, ел қамын ойлаған ер екендігін, ділмар - шешен, ру басыларының бірі екендігін, һәм ойшыл жырау екендігін жазыңыз.
Қазақ тарихында жыраулық мектептің ірі өкілі, дипломат, халық арасында батыр ретінде де танылған атақты Ақтамберді жырау 1675 жылы қазіргі Оңтүстік Қазақстан өңірі, Қаратау маңында дүниеге келіп, өзінің бар ғұмырын елі мен жерінің тағдырына арнаған. Ақтамберді жырау 1768 жылы, кей деректерде 1869 жылы қайтыс болған деген мәліметтер сақталған. Әрі жырау, әрі батыр Ақтамберді өзінің жалынды жырларымен жоңғарларға қарсы күресті ұйымдастырушылардың бірі болды. Оның өмір сүрген кезі Абылай ханның заманына тұстас келіп, ол өзінің жыраулық, батырлық және елшілік қызметтерімен танылды.
Ақтамбердінің танымал болуына оның жыраулық қасиеттері мен қабілеттері ықпал етті. Өзінің өткір тілімен ол барлық қоғамдық ортада көзге түсіп, қазақ хандары мен сұлтандарының алдына шығып отырған. Ақтамбердінің жыраулық сөздері «Ақтабан шұбырындыдан кейін Ордабасыда өткен бүкілқазақ жиынында көрінді. Оның жоңғарға қарсы айтқан сөзі қазақ батырларының жауға қарсы аттануына үлкен дем беріп, қазақ әскерінің рухын көтерді. Ақтамберді жырау – қолбасы, қазақтың жыраулық мектебінің белді өкілі, мәмілегер. «Он екіде аттанып, қылыш ілдім білекке» – дегеніне қарағанда, күреске ерте араласқан жауынгер жырау санатына жатады. Тұрмыстың қыр-сырын, отбасы, елдік, ерлік, жер мәселелерін жырларында жақсы бейнелеген. Ақтамберді жырау – қысқа да нақыл, шешен сөздердің шебері. Көңіліне түйгенін, піскен ойын шашыратпай, шиыршық атқан күйінде айтып кете берген. Эпикалық кең тынысты туындылары да болуы мүмкін. Бірақ қолымызға әлі қомақты дүниелері түсе қойған жоқ. Ақтамберді жырау – эпикалық жанрдың да ақыны. Өзінің жырларында ол батырлардың ересен ерліктерін асқақтатып береді. Даңқты жыраудың артында қалған рухани қазынасының ең негізгілеріне кішкене тоқталып өтсек, оның «Күмбір-күмбір кісінетіп», «Уа, қарт Бөгенбай», «Менімен, ханым, ойнаспа», «Жауға шаптым ту байлап», «Заманым менің тар болды» жəне т.б. өлең-толғаулары батылдыққа, ізгілікке, отансүйгіштік күй-сезімдерге толы. Бүгінде Ақтамберді жыраудың 26 туындысы белгілі. Олар тақырыбы жағынан үш топтан тұрады жəне тиісінше жауынгер-ақын өмірінің үш кезеңін: жастық шағын, толысып, даңқы шыққан жылдарын жəне егде тартқан кезін бейнелейді [4, 554 б]. Ақтамберді жырларында азаттық күрестің басты мақсаты өз алдына ел болу, төгілген қанның өтеуі бейбіт тіршілік, азат ел, мамыражай тіршілік дегенге саяды. Оны «қой үстінде бозторғай жұмыртқалаған» заманда тəуелсіз елдің тыныштығын ел арасындағы дау-жанжал бұзбаса, береке-бірліктің құтын қашырмаса деген тілек қатты толғандырады.
18. Мөңке бидің өмірі мен шығармашылығы туралы жазыңыз.
Тілеуұлы Мөңке би — белгілі би, Әбілқайыр хан кеңесшілерінің бірі, жырау. Тілеу Айтұлы (1630, қазіргі Ақтөбе облысы – 1684, Сайрам қаласы) – би әрі батыр қолбасшы. Ноғай ұлысының билеушісі Мұсаның ұрпағы, Мөңке бидің әкесі. Әлімұлы тайпасы Шекті руынан шыққан.[1]
Шамамен 1675 жылы дүниеге келген. Ата тегі шежіре бойынша өз әкесі Тілеу әрі қарай Айт, Бөлек, Қалу, Сирақ, Мұса хан, Уақас би, Нұраддин болып жалғаса береді.
Әбілқайыр хан дүние салған соң Нұралы ханның билігін тану туралы Елизавета Петровнаға жазылған хатқа Орта жүздің беделді адамдары Жәнібек тархан мен керей Наурыз би бастаған топпен, сондай-ақ Кіші жүздің 30 би, батырларымен бірге қол қойған.
Мөңке би өз заманында «ердің құнын екі ауыз сөзбен шешкен сұңғыла би», келер күнді айнытпай болжайтын сәуегей және дала даналығының көрінісі іспетті ой-тұжырымын тағылымды поэтикалық жырға айналдырған жырау ретінде танылды. Мөңке бидің философиялық толғаулары, риторикалық сұрақ-жауап, болжау, билік, кесім, шешім түріндегі мұралары өзіндік ерекшелігімен көзге түседі. Көшпелі тірліктің тіні бұзылмаған қоғамда заман аңысын аңдап, оның келешек кескін-кейпін дәл болжай білу Мөңке би шығармашылығының басты белгісі. Оның “Түрлі-түрлі халық болады‚ Күндіз-түні жарық болады… Дүниенің жүзіне‚ Өре мен темірден жол тартылады… Адам ақысыз жұмыс істемейді‚ Дүниені түрлеп кестелейді” деген толғау жолдарынан келер күнді болжаған сәуегейлік көрінеді. “Құрамалы-қорғанды үйің болады‚
Айнымалы‚ төкпелі биің болады.
Халыққа бір тиын пайдасы жоқ
Ай сайын басқан жиын болады.
Домалақ-домалақ түймедей дәрің болады‚
Жастарға билігі жүрмейтін кәрің болады,
Алашұбар тілің болады‚
Дүдәмалдау дінің болады.
Әйелің базаршы болады‚
Еркегің қазаншы болады” деп келетін жолдардан болашақтың бет алысын‚ бағыт-бағдарын тап басып танығандығы аңғарылады.
Мөңке бидің Сырым батырға қойған астыртын сұрақтары мен оған Сырымның қайтарған жауаптары, сондай-ақ оның шеркеш Түрке би, тана Нүрке билермен кеңесе отырып айтты дейтін «Бұл, бұл үйрек, бұл үйрек» дейтін толғаулары белгілі.
Оның көркем бейнесі Ж. Аймауытовтың «Ақбілек» романы мен «Ел қорғаны» пьесасында, Ә. Кекілбаевтың «Үркер» романында көрініс тапты. Мөңке бидің өмірі мен шығармашылық мұрасы туралы әр жылдары А. Жұбанов, Т. Кәкішев, С. Негимов, Б. Адамбаев, Қ. Сыдиықұлы, М. Тілеужанов,С. Байменше, Б. Омаров, Ж. Асанов, К. Төлеубайұлы, тағы басқалар ғалымдар ғылыми-зерттеу еңбектерін жазды.
«Шекті Мөңке би жеті жасында билік айтып, кісі құны дауды бітірген екен». (А.Байтұрсынов).
19. «Ақиқат сыйынан» жатқа айту, идеялық талдау.
Ахмет Әдіб – атым, үлгі сөзім,
Қалады мұнда сөзім, кетем өзім.
Күз келер, жазда кетер, өмір де өтер,
Сонымен жұмылар да екі көзім.
Ей, досым, жадуым кітап түрікшелеп,
Мейлің сөк, мейлің, қала ерекшелеп.
Артымда ат қалсын деп жаздым мұны,
Ғажайып таңсық сөзбен ерекше елеп.
20. Шалкиіз жыраудың шығармашылығының хронологиялық кестесін жасаңыз.

1879ж(1905)

«Бір ханға бірр бидің жамандардан көргендегі айтқан сөзі»

А.Б. «Қазақ хрестоматиясы»

1885ж

«Темір ханға айтқаны», «Би Темірге»

«Қазақтың эпостық және лирикалық поэзиясының үлгілері»

1886ж

«Хан би Темірге айтқандары»

А.Харузин «Киргизы Букеевской орды» жқ

1912ж

толғаулары

А.Берқалиұғлы «Ақын» жинақ

1912ж

Темірді қажылық сапарынан тоқтату

«Шайыр»


21. Доспанбет жыраудың «Қоғалы көлдер, қом сулар» толғауындағы көркемдегіш құралдарды жазыңыз. Екі арыстан жау шапса, Оқ қылқандай шаншылса, Бетегелі Сарыарқаның бойында Соғысып өлген өкінбес. екі арыстан жау шапса-метафора, оқ қылқандай шаншылса-теңеу, бетегелі Сарыарқа -эпитет екі арыстан жау шапса-теңеу оқ қылқандай шаншылса-эпитет, бетегелі Сарыарқа -градация екі арыстан жау шапса-литота оқ қылқандай шаншылса-арнау, бетегелі Сарыарқа -метафора

Қоғалы көлдер, қом сулар
Қоныстар қонған өкінбес. (ассонанс)
Арыстандай екі бұтын алшайтып,
Арғымақ мінген өкінбес. (аллитерация)
Кілең


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет