Басқарма Бюджеті



Дата29.01.2023
өлшемі6,69 Mb.
#63507

"Алматы облысының Табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы " ММ 2021 жылдың 1 қаңтарына "Азаматтық бюджеті"

Басқарма Бюджеті


Шығындар – 3 218 187,0 мың теңге
006-Жануарлар дүниесін қорғау-48 825,0 мың теңге
005-Ормандарды күзету, қорғау, молықтыру және орман өсіру-2 013 955,0 мың теңге
001-Жергілікті деңгейде қоршаған ортаны қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер-96 221,0 мың теңге
008-Қоршаған ортаны қорғау іс-шаралары-842 746,0 мың теңге
032 - Ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелерінің және ұйымдарының күрделі шығыстары-200 000,0 мың теңге
002 – Су объектілерінің су қорғау аймақтары мен белдеулерін белгілеу-15 000,0 мың теңге
022 - Қоршаған ортаны қорғау объектілерін дамыту-1440,0 мың теңге
2021 жылға арналған 005 бюджеттік бағдарлама бойынша жұмыстар жоспары
Алматы облысының мемлекеттік орман қоры 3,7 млн.га, оның ішінде орманмен көмкерілген аумақ 1,6 млн. га.
Мемлекеттік орман қорын күзету, сақтау, орман ресурстарын пайдалану, орман өсіру және молықтыру жұмыстарын 14 орман шаруашылығы коммуналдық мемлекеттік мекемелерінің 1030 мамандары мен қызметкерлері атқарады.
Орманды өсіру, молайту бойынша 2021 жылға 1341,2 га. орман қоры жеріне орман екпелерін отырғызу жоспарланған: оның ішінде 168,2 га. отырғызу, 1173,0 га. себу (шырша, қарағай, өрік, алма ағашы, жиде, қайың, қарағаш, сексеуіл). 151,0 га. жерге орман дақылдарын толықтыру жоспарланған, 1703,0 га. жерде орман дақылдарына күтіп – баптау жұмыстарын жүргізуге жоспарланған.
Орман питомниктарында 6,0 га. аумақта көктем – күз мезгілдерінде ағаш тұқымдас тұқымдарын себу жоспарланған. Тұқымбақтың сеппе бөлімінен орман жай бөліміне 5,2 га. жер көлеміне арша, балқарағай, Шренк шыршасы, көгілдір шырша, Қырым қарағайы, кәдімгі қарағай, Шығыс туясы, терек, қайын, шаған, емен, тал, Сиверс алмасы және т.б. орман сеппелері отырғызылады.
Ормандардағы өрттің алдың алу, болдырмау және өрт қауіпсіздігі жөнінде жұмыстарын жүргізу мақсатында орман шаруашылығы коммуналдық мемлекеттік мекемелері 2021 жылдың жоспары бойынша 71 км жерге жаңадан минералданған жолақтар жүргізу, бар минералданған жолақтарға 2320 км жерге күтім жұмыстары жүргізіледі. Ормандарда үгіт-насихат жөнінде «ормандарда өрт қауіпсіздігін сақтау, орман заңдылықтарын бұзушылардың алдын алу, браконъерлікке қарсы» 512 дана аншлаг, 353 дана панно, 119 билборд жасалып тиісті жерлерге орнатылады. Орманға іргелес орналасқан жеке, заңды және шаруа қожалықтарының субъектілеріне өрт қауіпсіздігі жөнінде семинарлар мен лекциялар өткізіліп, үнбеттер таратылады. Бұқаралық ақпараттар құралдарына мақалалар мен сұхбаттар беріледі. Оған қоса облыстық «Жетісу» телеарнасында күнделікті «ормандарда өрт қауіпсіздігін сақтау, орман заңдылықтарын бұзушылардың алдын алу, браконъерлікке қарсы» бейнеролик жүргізіліп тұрады.
Орманды орман зиянкестері мен ауруларынан сақтау жөнінде 523,7 га жерде авиациалық және жермен химиялық өндеу жұмыстары жүргізіледі.
2021 жылға арналған 006 бюджеттік бағдарлама бойынша жұмыстар жоспары
Алматы облысының аңшылық және балық шаруашылығы резервтік қорында жануарлар дүниесін қорғау «Жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі жедел қызмет» коммуналдық мемлекеттік мекемесімен атқарылады. Мекеменің штаттық саны 18 адамды құрайды, олар 5 автокөлікпен қамтамасыз етілген.
2020 жылы құқық қорғау органдарымен және орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясымен бірлескен 79 рейд жүргізіліп, 111 жануарлар дүниесін пайдалану ережелерін бұзу анықталды.
Жалпы 2103550 теңге айыппұл салынды, келтірілген залалдың көлемі 698981 теңге. Оның ішінде «Жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі жедел қызмет» коммуналдық мемлекеттік мекемесімен 44 хаттама толтырылды, оның ішінде Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 382-бабы бойынша 25 және 283-бабы бойынша 19 хаттама толтырылды.
«Жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі жедел қызмет» коммуналдық мемлекеттік мекемесімен бұқаралық ақпарат құралдары арқылы аң және балық аулау ережелерін бұзудын алдын алу мақсатында тұрақты түрде үгіт-насихат жұмыстары жүргізілуде.
2021 жылға арналған 008 бюджеттік бағдарлама бойынша жұмыстар жоспары
Қаратал ауданы Қаратал өзенінің сағасы тармағының арнасын механикаландырылған тазарту жұмыстары – аяқталу мерзімі 2022 жылдың 25 қарашаға дейін.
Балқаш ауданының Балатопар ауылдық округінде Топар тармағының арнасын механикалық тазарту жұмыстары.
Балқаш ауданында Бестамақтан бастап Шұбарқұнан арқылы Іле өзенінің Жиделі, Қосқызыл, Асаубай тармақтарын тереңдету және механикаландырылған тазарту жұмыстары – аяқталу мерзімі 2021 жылғы 22 қарашаға дейін.
" Алматы облысы Балқаш ауданы Бәйменей тармағынан Балқашкөліне дейін Ир тармағын механикаландырылған тазарту және тереңдету" нысаны бойынша жобалау-сметалық құжаттамасын түзету
Алматы облысы Балқаш ауданы Бәйменей тармағынан Балқаш көліне дейін Ир тармағын механикаландырылған тазарту және тереңдету жұмыстары
«Балқаш ауданы Көктал ауылдық округіндегі Кертобел және Мықыбай ағысының арналарын механикаландырылған тазрату» нысаны бойынша мемлекеттік сараптамасы
«Балқаш ауданы Көктал ауылдық округіндегі Кертобел және Мықыбай ағысының арналарын механикаландырылған тазрату» нысаны бойынша мемлекеттік сараптамасы
Панфилов ауданындағы уран кен орындарының үйінділерін рекультивациялау жұмыстары» нысаны бойынша мемлекеттік сараптамасы
Алматы облысы бойынша жергілікті маңызы бар балық шаруашылығы су айдындарынын паспорттау
Бағдарламамен белгіленген мониторингтік нүктелерде атмосфералық ауаның, жер үсті суларының, топырақ және гамма фоның сапасын мониторингілеу жұмыстары
Назарларыңызға рахмет!

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет