Бастауыш сынып оқушыларының СӨйлеу әрекеттерін бағалау тәсілдері нурова Құндыз Сәрсенбаевна



бет1/2
Дата09.03.2023
өлшемі26,97 Kb.
#72728
  1   2

БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ СӨЙЛЕУ ӘРЕКЕТТЕРІН БАҒАЛАУ ТӘСІЛДЕРІ

Нурова Құндыз Сәрсенбаевна

Ш.Есенов атындағы Каспий технологиялар және инжиниринг университеті


«Педагогика» кафедрасының оқытушысы



Еліміздегі білім беру мазмұнының жаңаша бағытта дамуы білім беру саласындағы мұғалімдердің кәсіби дамуына, жаңаша көзқарасының қалыптасуына, олардың педагогикалық әдістемелерін тәжірибеге енгізуге мүмкіндік беруде. Сапалы білім беру – оқыту мен тәрбиелеудің үздіксіз үдерісі. Қазіргі білім берудегі басты мақсат – сапалы білімді, өмір сүруге бейім, өзіндік ой-талғамы бар, ұлттық рухани санасы қалыптасқан, қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру. Сондықтан да мектептің оқу-тәрбие үдерісінде қазіргі оқушының өздігінен білім іздеуге құштар жеке тұлға екендігіне ерекше мән беруіміз керек. Мұндай тұлғаға қойылатын бірінші кезектегі нақты талаптар – белсенділік, жауаптылық, шығармашылық, терең білімділік, кәсіби сауаттылық. Бұл талаптарды жүзеге асыру үшін оқушы білімін бағалауда мүлдем жаңа бағытта жұмыс істеу қажеттілігі туындайды. Осы қажеттілікті шешу жолдарының бірден-бір жолы – оқушы білімін критериалды бағалау жүйесі бойынша сараптау.


Жаңартылған білім беру мазмұнының негізгі ерекшелігі – оқушылардың білімін бағалаудың жаңа жүйесінің, яғни, критериалды бағалаудың енгізілуі. Критериалды бағалау жүйесінде ең маңызды нәрсе – оқу үдерісінің өзі, сол арқылы оқушы өзін-өзі бағалауды үйреніп, өз білімінің артықшылықтары мен кемшіліктерін көріп, әрі қарай қалай даму керектігін түсінеді, яғни бұл жүйеде оқушының қалай жұмыс жасағаны, қалай ойланғаны бағаланады. Бағалауды өткізу үшін, оқушылардың нені білетіндігін және не істей алатындығын анықтау қажет. Критерийлер – оқытудың міндеттерін жүзеге асыратын өлшемдер, атап айтқанда, оқушылар жұмыс барысында орындайтын іс-әрекеттер тізбесі.
Критериалдық бағалау – бұл білімнің мақсаты мен мазмұнына сәйкес келетін, оқушылардың оқу- танымдық біліктілігін қалыптастыруға себепші болатын, айқын анықталған, ұжыммен шығарылған, білім процесінің барлық қатысушыларына алдын ала белгілі критериялармен оқушылардың оқу жетістіктерін салыстыруға негізделген процесс. Егер балаға оның белгілі бір деңгейге жеткендігін айтса, онда бұл оған үздік нәтижеге жету үшін не істеу керектігін түсінуге көмектеспейді; бұл ретте егер баламен бірге оның жұмысында мұндай бағалауға не әкелгенін және бағалау өлшемдерін түсіндіруге талдау жасаса, онда бұл балаға өзінің нәтижесін жақсарту үшін кейін не істеу керектігін түсінуге мүмкіндік береді [1].
Бастауыш сыныптарда критериалды бағалау жүйесі қалыптастырушы (ағымдық) бағалау (ҚБ) және ішкі жиынтық бағалауды (ІЖБ) қамтиды [2]. Тоқсандық баға 50% де 50% пайыздық қатынасында бөлім/ортақ тақырыптар бойынша жиынтық бағалау нәтижелерінің негізінде қойылады. Бұл білім алушы тоқсандық бағаның 50%-ын бөлімдер/ортақ тақырыптар бойынша жиынтық бағалау нәтижелері, 50%-ын

  • тоқсандық жиынтық жұмыстың нәтижелері бойынша жинайтынын білдіреді. Осы екі бөліктің қосындысы тоқсанға қойылатын қорытынды бағаны көрсетеді [3].

«Бағалау» термині «жақын отыру» латын тіліндегі мағынада – бағалаудың негізгі сипаты бір адам басқа адамның не айтып, не істегенін немесе өзін-өзі бақылау жағдайында өзінің дербес ойлауын, түсінігін немесе тәртібін мұқият бақылауы [4].
Формативті бағалау: «өте жақсы», «жақсы», «орташа», ал ынталандыру арқылы бағалау
«Жарайсың», «Мен сабақтағы сіздің жұмысыңызға ризамын», «Сіз жақсырақ жұмыс істей алар едіңіз» тәрізді бағалаулармен анықталады.
Оқушылардың оқу жетістіктері мына дағдыларды қолдану арқылы бағаланады: білу, түсіну, қолдану, сыни ойлану, анализ, синтез, бағалау, зерттеу дағдылары, рефлексия, коммуникативті дағдылар, тілдік дағдылар, жеке жұмыс жасау дағдылары,
топта жұмыс жасау дағдылары, мәліметті іздеу дағдылары, тәжірибелік дағдылар, шығармашылық дағдылар, IT-технологияларды қолдану дағдылары [1].
Соның ішінде, коммуникативтік дағдыларды бағалау тапсырмалары негізгі 4 элементтен құралады:

    1. Үлгі: негізгі тапсырма.

    2. Дескрипторлар: нұсқаулықтар.

    3. Күтілетін нәтиже: мұғалім оқушыдан қандай нәтижені күтеді.

    4. Тапсырмадан кейінгі бағалау: сөйлеу әрекеттерінің қаншалықты пайдалы болғандығын бағалау. Сөйлеу әрекеттерін бағалаудың тәсілдері: өзін-өзі бағалау, портфолионы бағалау, өзара (жұптық, топтық) бағалау [5].



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет