Бастауыш сынып оқушыларының СӨйлеу әрекеттерін бағалау тәсілдері нурова Құндыз Сәрсенбаевна



бет2/2
Дата09.03.2023
өлшемі26,97 Kb.
#72728
1   2
Өзін-өзі бағалауы. Қалыптастырушы бағалау оқушының өзін-өзі бағалауы мен сыныптастарының бағалауын қолдануын қарастырады. Бұл тәсілдер қалыптастырушы бағалаудың тиімділігін арттыруын қалыптастырады. Оқушылар өзін-өзі бағалау мен өзара бағалау дағдыларын меңгеріп жатса, онда бағаның әділ қойылғанына күмән болмайды. Бірақ баға сезім негізінде қойылмай, тек белгіленген критерийлер негізінде қойылуын оқушыларға түсіндіргені дұрыс. Өзін-өзі бағалау мен өзара бағалаудың мәні – оқыту үдерісінде мақсат қойылып, бағалау критерийлер түсінікті болғанда ғана оқушылар өздерін бағалай алады.
Оқушылардың өзара бағалауы. Өзара бағалау барысында оқушы басқа оқушының жұмысын тексереді. Оның жақсы немесе жаман жақтарын көріп, өзінің жұмысын да талдау жүргізе алады. Бірақ мұғалім оқушыларға тексеретін оқушының өзін емес, оның жұмысын тексеру керектігін еске түсіріп отыру тиіс.
Критериалды бағалау: Мұғалімдерге:

  • сапалы нәтиже алуға бағытталған критерийлер әзірлеуге;

  • өзінің іс-әрекетін жоспарлауға және талдауға жедел түрде ақпарат алуға;

  • білім беру сапасын арттыруға;

  • оқытудың сапасын жақсартуға;

  • әр оқушының жеке ерекшеліктері мен қабілеттерін ескере отырып, жеке оқыту траекториясын құруға;

  • бағалаудың түрлі тәсілдері мен құралдарын қолдануға;

  • оқу бағдарламасын жетілдіруге ұсыныстар енгізуге мүмкіндік береді.

Оқушыларға:

  • өзінің түсінігі мен қабілетін көрсету үшін оқытудың түрлі стильдерін және ойлау әрекетінің типтерін қолдануға;

  • өз нәтижелерін болжау арқылы табысқа жету үшін бағалау критерийлерін білуге және түсінуге;

  • өзінің және өз құрдастарының жетістіктерін бағалап, рефлексияға қатысуға;

  • шынайы міндеттерді шешу үшін өз білімдерін қолдануға, түрлі көзқарастарды білдіруге, сын тұрғысынан ойлауға мүмкіндік береді [4].

Қазақ тілі сабағында оқушыларының коммуникативтік дағдылары, жазылым дағдысы бойынша жазба жұмыстары мынадай көрсеткіштер бойынша бағаланады және тексеріледі:

  • жазба жұмыстарының грамматикалық сауаттылығы;

  • жазба жұмысының мазмұны;

  • жазба жұмысындағы тілдік құралдарды пайдалану сапасы;

  • жазбаша тапсырманы орындау кезінде өз бетінше тілді қолдана алу дәрежесі.

Жазылымға берілген тапсырмаларды тексеру кезінде мұғалімдердің барлығы дерлік жұмысты дұрыс бағалаудан қиналатындығы белгілі. Едуард Уайт (1986) жазу жұмысын бағалауда ең басты ескеретін нәрсе негізінен мұғалімдер оқушылардың жазу жұмыстарын дұрыс бағалау туралы аз біледі, тіпті білмейтіндері де бар, себебі жеткілікті түрде үйренбегендігін айтады. Джеймс Уиллиамстің айтуы бойынша, барлық жазуды бағалау алдын-ала белгіленген стандартқа негізделеді. Кей жағдайларда ол стандарт бөлім немесе аймақ деңгейіндегі нұсқауға сүйенеді, кейбір жағдайда мұғалімнің өзінің білім беру тәжірибесінде қалыптасқан жеке қабылдауына байланысты жүзеге асады. Яғни,

  • тақырыпты аша білуі;

  • грамматикалық сауаттылығы;

  • ойын анық, толық, түсінікті, жүйелі, байланысты етіп жеткізе білуі;

  • сөйлемдерді дұрыс құра білуі, грамматикалық, стилистикалық, орфографиялық нормаларды сақтай білуі;

  • әдеби көркемдегіш құралдарды орынды қолдана алуы;

  • өз ойын сын тұрғысынан дәлелдей білуі бағаланады [6]. Жазылымды бағалаудың түрлері:

  1. Тікелей бағалау: сөйлем құру деңгейі, грамматика, пунктуация, сөйлем құрылымдары.

  2. Жанама бағалау: мазмұны, өзіндік идеясы, тематикалық сөздер, грамматика, синтаксис.

Оқушының жазылымына пікір жазу талаптары:

  1. Жазылымның қай мәселесі туралы пікір жазылатыны алдын ала ойластырылып, сол жайында түсінік пен дәлелдер берілуі тиіс.

  2. Әрбір жазылым тапсырмасына пікір жазу барысында алдағы уақытта жұмыс жасалынатын 3 қана мәселе қаралуы керек.

  3. Пікір өте ұзақ болмауы тиіс.

  4. Пунктуацияға байланысты қателер 3 реттен кейін түзетілмей, пікір жазылуы тиіс.

  5. Пікір жазуда қызыл сиядан басқа түстерді пайдалану жөн, себебі ол оқушыға жағымсыз әсер етеді [5].

Тыңдалым дағдысы бойынша, тыңдалымға берілген тапсырмаларды оқушының түсінгенін бағалау үшін төмендегі талаптар қойылады:

  • а) мәтін мазмұнының толық, дәл айтылуы және түсіну тереңдігі;

  • ә) тақырыпты (айтылған ойды) анықтауы;

  • б) тілдесушілердің мінездерін өзінше түсінуі (әлеуметтік, психологиялық, жасына және рөліне қарай, таныстық деңгейлері және т.б.);

  • в) аудиомәтіндегі кейіпкерлердің қатысымға түсу ниеттерін анықтау (келісу, кеңес беру, ақпарат алмасу);

  • г) оқушының түсінген-түсінбегенін бақылау үшін, альтернативті мәтін ұсынуға болады. Жоғарыда атап өткеніміздей, тыңдалымды меңгертумен қатар, оны бақылау, бағалау қатар жүріп отырғанда ғана жұмысымыздың нәтижесін көре аламыз [7].

Оқылған мәтінді түсіну деңгейі төрт деңгей бойынша бағаланады: 1. фрагментарлық түсіну; 2. жалпы түсіну; 3.толық түсіну; 4. терең сыни түсіну.
Сөйлеу әрекетінің «Айтылым» түрі бойынша қалыптастырушы және жиынтық бағалау аясында төмендегі критерийлерді қолдана отырып, өткізу ұсынылады.
Бағалау критерийі: білім алушы

    1. Сөйлеу әрекетінің түрлерін әлеуметтік ортада қолдана алады.

    2. Өз ойын жүйелі, еркін жеткізеді.

    3. Оқиғаның жүйесін (басы, негізгі бөлім, соңы) сақтап баяндайды.

    4. Сөйлеу барысында тілдік нормаларды сақтайды.

Оқылым дағдысы бойынша. Оқылымның мақсаты – мәтіндегі негізгі және қосымша ақпаратты әр түрлі деңгейде қабылдауы және түсіне білуі, тілдің айтылым заңдылықтарына сәйкес оқи алуы. Оқылым бойынша біліктілік деңгейін анықтау және бағалау келесі нәтижелермен айқындалады:

    • түсініп оқу;

    • зерттеп оқу;

    • шолып оқу;

    • мәселені сын тұрғысынан бағалау;

    • негізгі аргументті анықтап, дәлелдеу.

    • мәтіндегі негізгі және қосымша ақпаратты қабылдауы және түсіне білуі;

    • тілдің айтылым заңдылықтарына сәйкес оқи алуы;

    • оқу дағдыларының (теріп оқу, қажетті ақпаратты тауып оқу) деңгейі бағаланады [6]. Оқу дағдыларын қалыптастыру және дамыту нақты мәселені шешуге бағытталған бірнеше кезеңнен тұрады. Оқылымды үйрену оқу техникасы мен оқығанды түсіну негізінде қалыптасады. Оқу техникасы – білім алушылардың әріп және дыбыс байланыстарын игеріп, оқыған ақпаратты синтагмаларға біріктіріп, интонацияны дұрыс қоюды білдіреді. Оқу техникасын бағалау критерийлері:

      • оқу жылдамдығы;

      • екпін түсіру ережелерін сақтау;

      • үзіліс жасау ережелерін сақтау;

      • дауыс ырғағын дұрыс қолдану;

      • оқығанды түсіну [8].

Қорыта айтқанда, сабақта критериалды бағалау жүйесін қолдану арқылы біз оқушының тұлғалық бағытын белсенді позицияға бағыттаймыз, тұлғаны өзіндік жауапкершілікке, тұлғалы нәтижеге, бағытқа жеткіземіз, білім алушылардың дайындық деңгейі мен өсу динамикасын кез келген кезеңде анықтаймыз, әртүрлі жұмыстардан алған бағаларды дифференциалдауға қол жеткіземіз.


Әдебиеттер:



  1. Мұғалімдерге арналған нұсқаулық ІІІ деңгей. «Назарбаев Зияткерлік мектебі» ДББҰ, 2012. 12-б.

  2. Оқу бағдарламасы. Бастауыш білім беру (2-4 сыныптар). – Астана, 2015.

  3. Әдістемелік-нұсқау хат/2017-2018 оқу жылы.

  4. Мұғалімге арналған нұсқаулық. Үшінші деңгей. – Астана: «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет