Қазіргі таңда мектептерде ағылшын тілі пәніне көңіл де, ықылас та жылдан жылға артып, оны оқытудың тиімді әдіс-тәсілдері, технологиялары бойынша зерттеу жұмыстары, оларды тәжірибеге енгізу шаралары қолға алынды. Осыған орай білім беру саласында түрлі технологиялар енгізілуде, бірақ олардың ішінен қажеттісін таңдап, сабақтың әр кезеңінде тиімді қолдану басты талап. Мәселе технологияларды кеңінен пайдалану емес, мәселе – тұлғаны нәтижеге бағыттай білім беруде. Міне сондықтан, ағылшын тілін оқытудың әдісін жаңғыртудың мақсатында ең тиімді болып саналатын әдістердің бірі көрнекілік әдісін қолдану оқушылардың білім деңгейін арттырып қана қоймай, олардың кейіннен де ағылшын тілін меңгеруге мотивациясын оятатыны анық.

Педагогикада оқытудың көрнекілік принципін теориялық негіздеуді алғаш рет ұлы дидакт және ойшыл Я.А. Коменский ұсынды (1592-1670). Ол XVII ғасырдың өзінде айқындаушы дидактикалық қағидалар ретінде ізгілік, табиғатпен тектестік және сенсуализм қағидаларын атады.
Ағылшын тілі сабағында көрнекі құралдарды
қолданудың тиімділігі
1) көрнекілік материалды дұрыс түсінуді қамтамасыз етеді;
2) материалды түсінуге тірек болады;
3) меңгерілетін материалды практикада қолдану үшін жағдай жасайды;
4) қажетті дағдылар мен біліктерді меңгеруге көмектеседі;
5) сабаққа қызығушылық тудырады;
6) оқушылардың назарын сабаққа аудару мүмкіндігі артады;
7) шаршауды азайтады;
8) оқытудың барлық процесін қамтамасыз етеді.
Оқушылардың мотивациясын көтеруге, оқу процесіне қызығушылық туғызуға және танымдық іс-әрекетпен әуестенуге бағытталған болуы тиіс.
Берілген ақпараттың оқушыларға қолжетімділігі маңызды, яғни оқушылардың жас ерекшеліктеріне сай болуы шарт.
Заманауи ғылым тұрғысынан және теориялық материалдың мағынасын толық беру үшін ақпарат мазмұнды болуы тиіс.
Көрнекілік коммуникативтік жағдайларды ұйымдастыруға қабілетті интерактивті болуы шарт. Бұл интерактивтілік, яғни кері байланыс принципіне негізделген компьютерлік оқыту құралдарында іске асады.
) Мазмұны қиын мәтіндерді түсіну үшін қолданылатын материалдардың иллюстративтілігі аса маңызды рөл атқарады.
Ақпаратты беру барысында көрнекілікті оңтайлы қолдану маңызды.
Оқытудың көрнекі құралдарын келесі шарттарға сәйкес болуы керек:
Көрнекілік түрлері:
Оларды шартты түрде екі топқа бөледі:
1) Табиғилар (нысандар, заттар, құбылыстар, үдерістер), олармен оқушылар табиғатта және қоршаған ортада қандай түрде болса, сол түрінде танысады.
2) Бейнелеу (өнер және техника құралдарымен бейнелеуші заттар мен құбылыстар).
Бейнелеу көрнекі құралдары:
1) бейнелік көрнекі құралдар, заттар мен құбылыстарды шынайы, бейнелі түрде көрсететіндер (модельдер, макеттер, муляждар, фотосуреттер, картиналар, суреттер, коллаж, иллюстрацяилық кестелер, магнитофон жазбалары, диапозитивтер, бейнефильмдер т.б.).
2) шартты (схемалық) көрнекі құралдар, шартты графикалық таңбаларды, шартты түстерді және символикаларды (карталар, схемалар, графиктер, диаграммалар т.б.) пайдалану арқылы нәрседегі немесе құбылыстағы тек ең негізгіні белгілі қисынды өңдеумен беретіндер.
3)АКТ қолдану: компьютер, интерактивті тақта, Microsoft PowerPoint бағдарламасы, электрондық пошта, Интернет