Баудинова Нәзипа Батырбекқызы
МНО-23-115(2)-10
Тақырып: Мектептің тұтас педагогикалық үдерісін диагностикалалау.
Жоспар:
ТПҰ-жұмыс істеуінің әр түрлі кезеңдеріндегі жай-күйі туралы ақпарат-диагностиканың негізі.
ТПҰ-ның жай-күйі туралы ақпаратты өңдеудің әдістемесі және нәтижелерін мектеп қызметіне болжау үшін ұсыну.
ТПҰ-жұмыс істеуінің әр түрлі кезеңдеріндегі жай-күйі туралы ақпарат-диагностиканың негізі. Қазіргі жалпы ғылыми көзқарасқа сүйенсек, «диагностика» дегеніміз – белгілі бір обьектінің ахуалын танып білу немесе оның тәртібінің болжауы мен сол тәртібіне әсер етуінің мүмкіншіліктері туралы шешім қабылдау мақсатында сол обьектінің негізгі параметрлерін тез тіркеу жолымен содан кейін оны белгілі бір диагностикалық категорияға жатқызу жүйелерін тану болып табылады.
Педагогикалық диагностиканың ақпараттық, жобалаушылық, бақылау-түзетушілік, бағалаушылық және ынталандырушылық қызмет атқарады.
Педагогикалық диагностиканың қызметі.Педагогикалық диагностиканың бағыттары: обьектілік; субьектілік; іс-әрекеттілік; экзистенциалистік; тұлғалық; жүйелік; құзыреттіліктік.
Педагогикалық диагностиканың бағыттары.Педагогикалық диагностиканың формалары: бастапқы; ағымдық; қорытынды. Педагогикалық диагностиканың әдістері: бақылау; әңгімесу; сұхбат; сауалнама жүргізу; тест; құжаттарды зерттеу; ғылыми жоба; педагогикалық портфолио және т. б.
Педагогикалық диагностиканың әдістері.Қазіргі педагогикада мұғалімнің іс-әрекет нысаны педагогикалық процесс деп мойындалған. Соған орай мұғалімнің жұмыс тиімділігі оның іс-әрекет нысаны ретіндегі біртұтас педагогикалық процесс теориясын қаншама білуіне және диагностикалау дағдысын меңгеруіне тікелей байланысты.
ТПҰ-ның жай-күйі туралы ақпаратты өңдеудің әдістемесі және нәтижелерін мектеп қызметіне болжау үшін ұсыну.
Ақпараттық мәдениетті, сауатты адам ақпараттың қажет кезін сезіну, оны тауып алуға, бағалауға және тиімді қолдануға қабілетті, ақпарат сақталатын дәстүрлі және автоматтандырылған құралдарын пайдалана білуі керек.
Ақпараттың негізгі түрлері:
Бастапқы ақпарат. Ол менеджерге алғашқы мәліметті алуға көмектеседі. Бастапқы ақпарат жеткілікті ұзақ бөлігінде (1-3 жыл және одан да көп) қалыптасады және жеткілікті ұзақ мерзімді әрекеттегі педагогикалық процестің тенденциясын көрсетеді.
Тактикалық ақпарат. Ол оқушылармен жүргізілетін жұмыс формаларын дұрыс құрастыруға жәрдемдеседі. Тактикалық ақпарат менеджердің нақты бір кезеңді өткізудегі педагогикалық процестің кейбір мәселелерін оңтайлы шешу мүмкіндіктерін көрсетеді.
Жедел (ағымдағы) оперативтік ақпарат. Ол алдыңғы екі түрді толықтыруға, педагогикалық процесс жағдайы туралы нақты мәлімет алуға жол ашады. Ақпараттың бұл түрі қысқа мерзім бөлігінде (күн, апта) толығып отырады. Дегенмен, оның мәні тез жойылады (білімалушылардың сабаққа қатыспау себебін жою, материалды түсінбей қалған жағдайда көмек көрсету, т.б.).
Педагогикалық жүйені басқаруда кез келген ақпарат маңызды, әсіресе жүйенің оңтайлы жұмыс жүргізу үшін қажетті басқару ақпаратының маңызы ерекше. Түрлі белгілеріне қарап басқару ақпаратын төмендегідей топтастыруға болады:
уақыты бойынша – күнделікті; айлық; тоқсандық; жылдық;
басқару қызметіне қарай – талдамалық; баға берушілік; конструктивті;ұйымдық;
жиналған мәлімет көзіне қарай – мектепішілік; ведомстволық; ведомстводан тыс;
мақсатты пайдалануы бойынша –директивалық; таныстырушылық; кепілдемелік және т.б.
Ақпараттық банк қалыптастыру, оны шұғыл қолдану технологиясын енгізуде, еңбекті басқару ғылыми ұйымдастырудың деңгейін арттырады.
Достарыңызбен бөлісу: |