Бауыр циррозы



бет1/3
Дата21.12.2023
өлшемі30,08 Kb.
#142028
түріПротокол
  1   2   3

9.Бауыр циррозы. Анықтамасы, этиологиясы, патогенезі, классификациясы, клиникалық көрінісі, диагностикасы, екшеу диагнозы (соның ішінде онкологиялық патологиялардан), асқынулары және ҚР ДСМ клиникалық протоколы бойынша емдеу принциптері мен реабилитациясы. Шұғыл медициналық көмекті талап ететін патологиялық жағдайлардың екшеу диагнозы мен диагноз қою алгоритмі. Жоспарлы және шұғыл госпитализациялаудың көрсетпелері Болжамы мен реабилитациясы. Уақытша және тұрақты еңбекке жарамсыздықтың сараптамасы. Бауыр циррозы. Анықтамасы, этиологиясы, патогенезі, классификациясы, клиникалық көрінісі, диагностикасы, екшеу диагнозы (соның ішінде онкологиялық патологиялардан), асқынулары және ҚР ДСМ клиникалық протоколы бойынша емдеу принциптері мен реабилитациясы. Шұғыл медициналық көмекті талап ететін патологиялық жағдайлардың екшеу диагнозы мен диагноз қою алгоритмі. Жоспарлы және шұғыл госпитализациялаудың көрсетпелері Болжамы мен реабилитациясы. Уақытша және тұрақты еңбекке жарамсыздықтың сараптамасы.
Бауыр циррозы - бауырда дәнекер тінінің өрбіп өсуімен, бауыр тінінің патологиялық регенерациясымен және ағза құрылысының өзгеруімен сипатталатын, бауырдың функциялық жетіспеушілігінің әр дәрежедегі белгілерімен және портальдық гипертензияның белгілерімен көрініс беретін созылмалы үдей дамитын ауру.
Этиологиясы және патогенезі. Бауыр циррозының этиологиялық факторларына В, С гепатитінің вирусы, созылмалы алкогольмен улану, генетикалық факторлар ,бауыр іші және бауырдан тыс өт жолдарының аурулары (бірінші және екінші ретті билиарлық цирроздар), бауырдан ағатын вена қанынын обструкциясы (Бадд-Киари синдромы), созылмалы қан айналысы жетіспеушілігі (оңқарыншалық жүрек әлсіздігіндегі, үшжармалы қақпақ жетіспеушілігіндегі, констрикциялы перикардиттегі қан іркілуден туындайтын бауыр циррозы), улар (төртхлорлы көміртегі), дәрілер (допегит, изониазид. нитрофуран катарының дәрілері, метотрексат), паразиттік инвазиялар (описторхоз, шистосомиаз), жіңішке ішектін аумақты бөлігін бөліп тастайтын (семіздікте) ішекке шунт салу операцияларындағы алиментарлық дисбаланс жатады. Көрсетілген себептердің ішіндегі ең жиі себептер - В гепатитінің, С гепатитінің вирусы және алкогольдік интоксикация (барлық бауыр циррозының 70-80%). Науқастардың 10-35% бауыр циррозының себебі анықталмайды (криптогендік цирроздар).
Вирусты инфекцияның ұзақ сақталып, иммундық қабыну процесін шақырып аутоиммунды реакциялардың дамуы.Вирустардың В,С,D гепатотоксикалық әсері. Аутоиммунды бауыр циррозының өрбуінде басты рөл- клеткалық және гуморальды иммунитеттің туа біткен кемістігінің нәтижесінде қабыну процесінің үдей дамып, бауыр тінінің әрбір құрылымына қарсы аутоантиденелердің түзіліп, қабыну процесін үдей дамытып фиброзды тіннің шамадан тыс түзіліп, гиперрегенереторлы түйіндерді қалыптастырумен сипатталады. Бұл ауру ауыр ағымда өтіп қысқа уақыттың ішінде науқастың шетінеуіне әкеледі. Алкогольді бауыр циррозының даму негізінде гепатоциттердің этанолмен және ацетальдегидпен уланып некрозға және күшті білінген фиброзға ұшыраған гепатоциттер фиброздың дамуын үдетіп гиперрегенераторлық,микронодулярлық бауыр циррозының дамуына әкеледі. Биллиарлық бауыр циррозында өт түтікшелеріне қарсы бағытталған аутоиммундық реакция дамып өт каналшаларының эпителиі некрозға ұшырап, фиброзды тінмен алмасады да өт жолдарының обструкциясы дамиды. Ол- холестаз синдромымен білінеді. БДДСҰ –ның эксперттерінің қорытындысы бойынша бауыр циррозы фиброздың түзілуімен, ағза құрылымының аномальды түйіндерге өтуімен сипатталады да,ол мына процестерге байланысты жүреді:

  • Бауыр гепатоциттерінің үздіксіз некрозға ұшырап созылмалы қабыну процесін ұстап тұруы;

  • Гепатоциттердің үздіксіз регенерацияға ұшырауы;

  • Күшейген шамадан тыс фиброздың дамуы;

  • Бауыр бөлікшелерінің архитоктоникасының бұзылып, жалған бауыр бөлікшелерінің дамуы.

Бауыр циррозын жіктеу оның этиологиясын,морфологиялық сипатын,порталдық гипертензия сатысын және бауыр клеткалық жетіспеушілігін, қабыну процесінің белсенділігін,ағымының вариантын есепке ала отырып жүргізіледі.
Клиника. Жеделдеу цирроз (гепатит- цирроз)- жедел гепаттиттің фонында пайда болады,ұзақтығы 4-12 ай жедел гепатиттің циррозға өткенін көрсетеді (жиілігі 6,8%)


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет