БАУЫРЖАНОВА АЛТЫНАЙ БИОЛОГИЯ-6В01505 1-КУРС 10-АПТАНЫҢ ТАПСЫРМАСЫ ТАҚЫРЫП:САБАҚТЫҢ СОҢҒЫ АНАТОМИЯЛЫҚ ҚҰРЛЫСЫ Сабақтың соңғы құрылысы, тамырдағы секілді соңғы меристеманың — камбиңдің пайда болуымен байланысты. Сондықтанда ол жалаңаштұқымдыларға және қосжарнақты жабықтұқымдыларға тән. Камбий орталық цилиндрде алғашқы флоэма мен алғашқы ксилеманьщ арасында түзіледі. Ол прокамбийден және алғашқы өзектік сәулелердің паренхимасьшан пайда болады. Камбий сабақтың шетіне қарай соңғы.қабықтьщ элементгерін бөліп шығарады. Соңғы қабықтьщ өзіне тән гистологиялық элеменггері — сұзгілі түтіктері, серіктік клеткалары, тіндік талшықтары, тіндік паренхималары және өзектік сөулелердің паренхималары бар, соңғы флоэмадан (екінші ретгік тін) түрады. Өзекке қарай камбий түтіктерден, трахеидтерден, сүректік талшықтан, сүректік паренхимадан және өзектік паренхимасынан түратын соңғы ксилеманы бөліп шығарады. Атап көрсеткен жөн, соңғы сүректің элементтері, одетте соңғы қабықтың элементтерінен өлде қайда көп болінеді. Камбийдің белсенділігінің нәтижесінде сабақ қалыңдап жуандайды. Соңғы қүрылысқа ауысқанда сабақтың алғашқы қабығы тамырдағыдай бірден өлмей, тіршілігін жалғастыра береді.
Сонымен сабақтың соңғы құрылысы эпидермистен немесе тоздан (пробка), алғашқы және соңғы қабықтан, камбийден, соңғы және алғашқы сүректен түрады. Сабақтың соңғы қүрылысының алуан түрлілігі, оның алғашқы құрылысының алуан түрлілігіне, сонымен бірге камбийдің белсенділігіне байланысты болып келеді. Сабақтың соңғы қүрылысының мынадай типтері ерекше кең таралған: шоқсыз, аралық, шоқты. Құрылысы шоқсыз болып келген жағдайда прокамбий цилиндрдің бойымен түзіліп қалыптасады да, көп үзамай камбийге айналады. Яғни, сабақтың алғашқы және соңғы құрылысында да флоэма мен ксилеманың элементтері тұтас цилиндрдің бойымен орналасады. Сабақтың қүрылысының бұл типі ағаштарға (қылқанжапырақтыларға және жалпақ жапырақтыларға), сонымен бірге кейбір шөптесін өсімдіктерге тән (қызыл бояу, шырмауықгүл, зығыр және басқалар). Қарағайдың сабағының ортасында аздаған қабықшалары жұқа клеткалардың участогі — өзек орналасады . Өзектен шетке қарай сабақтың көп бөлігін сүрек қабаты (ксилема) алып жатады.
Күнбағыстың сабағының сыртын,