Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
Академик Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды университеті
Баяндама Тақырыбы:Үйірме жұмысы
Орындаған: МиИ-19-1 тобының студенті Медет З. Е
Қарағанды, 2022
Жалпы білім беретін мектептердегі оқу-тәрбие процесінің маңызды құрамдас бөлігінің бірі – сыныптан тыс жұмыстар. Оның мақсаты оқушылардың шығармашылық қабілеті мен дербестіктерін жан-жақты дамыту, бос уақытын ұтымды ұйымдастыруға, мұғалімдердің шығармашылық қызметін шыңдауға жол ашады. Сыныптан тыс жүргізілетін жұмыстардың кең тараған түрі – үйірме жұмысы. Яғни, оқушылардың өзі қызығатын саласында практикалық жұмыспен айналысатын бірлестік. Егер үйірменің жұмысы қоғамдық пайдалы тапсырмаларды орындаумен, қоршап тұрған өмірмен, өндіріспен байланысты болса нәтижелі болады.
Мұны ұйымдастыру жүргізу үстінде мұғалімнің шығармашылық дербестігі айқын көрінеді. Үйірменің үйретері көп. Бала білімінің молаюына, дүниетаным аясының кеңеюіне үйірмелердің, сыныптан тыс жұмыс түрлерінің тигізетін әсері мол. Үйірме жұмысы алдымен кең тынысты шараларды жүзеге асыруға бағытталуы тиіс, сонда ғана ол оқушылардың ынта-ықыласын толық қанағаттандыра алады.
Ойдағыдай жұмыс істеу үшін әрбір жеке үйірмені білім деңгейі, іскерліктері, дағдылары шамалас екі (ең көп болғанда 3 сынып құрған абзал). Мысалы: техникалық үйірме ұйымдастырылса бастауыш сынып оқушыларына негізгі орта буын сыныптарына екінші жыл үйренетін ал жоғарғы сыныптарға одан кейінгі жылдары ұйымдастырылатын үйірмені бірнеше сатылы түрде ұйымдастыруға болады.
Үйірме арнаулы бағдарлама негізінде бірнеше жарты жылға жасалатын жоспар бойынша жұмыс істейді. Мұндай бағдарлама мектептің оқу бағдарламасына қарағанда үлгі ретінде болады. Ол үйірме жетекшісінің мектептің оқу бағдарламасына қарағанда үлгі ретінде болады. Ол үйірме жетекшісінің мектептің мүмкіндіктері мен қажеттіктерін оқушылардың жеке ерекшеліктерін талаптары мен ынталары әзірлік дәрежелерін т.б. ескеріп, нақтылы жұмыс жасауды жеңілдететін бағыт болып табылады. Әрбір үлгі бағдарлама танымдық және теориялық мәліметтердің белгілі түрлерін көздейді. Бірақ практикалық жұмыстарды таңдау әрқашан тек қана бағдарлама бойынша болмайды. Олардың орындалуы көптеген себептерде материалдық детальтармен саймандардың болуына жетекшінің білім мен іскерлік дәрежесіне үйірме мүшелерінің техникалық даярлығы мен ынталарына байланысты. Практикалық жұмыстардың сипаты мен көлеміне байланысты жетекші бағдарламаға бір тақырып бойынша көбейтуге жеке тақырыптарды шығарып, орнына жаңа тақырыптарды қосып өз өзгерістерін енгізе алады. Осыдан келіп үлгі бавғдарлама бойынша әрбір тақырыпқа берілген уақыттың шарттылығы туады. Бір түрлі модуль немесе құралды әзірлеуге жұмсалатын уақыт паралель екі үйірмеде әртүрлі болуы мүмкін, ол құрал – жабдықтарға, материалға, жұмыс істеушілердің санына олардың іскерлінгі мен басқа да жағдайларға байланысты. Жұмыс жоспарында бағдарлама тақырыптарын атап көрсетіп әрбір осы тақырыптар бойынша әңгімелер мен лабораториялық жұмыстардың графиктерін жобалап белгілеу керек. Бұл жоспарға үйірменің жүргізуге жоспарланған көпшілік шараларда енеді – экскурсия, тақырыптық кештер, көрмелер, жарыстар шығару т.с.с. жоспарды үйірме мүшелерінің түлектерімен ұсыныстарын ескерту үшін үйірме ұжымының бірінші немесе екінші сабағында талқылау қажет. Үйірме сабақтары оқушылардың мектеп бағдарламасына қосымша ой өрісін кеңейтуді ғылыми көпшілік әдебиетке ынтасы мен сүйіспеншілігін қалыптастырып оны пайдалана білуді үйретуі тиіс. Үйірмеде оқушылар үшін ережелерді қатан санаулы тәртіпті сақтау мәдени дағдыларды тәрбиелеу міндетті. Оқушылардың өз беттерінше жұмыс істей білуі тәрбиелік мақсатқа қызмет етеді. Үйірме мүшелері үйірме мүлкін сақтауға толық жауапты екендігін сезінуі қажет.
Үйірме жетекшісі староста мен басқа да сайланып қойылған адамдардың жұмыстарына бағыт беріп, оларға тапсырылған жұмыс үшін толық жауапкершілікті қажет етеді.