Бәйдібек Баба- алып


Рысмендиев Әрмен Жақсыбекұлы - академик, медицина ғылымының докторы



бет60/415
Дата30.08.2022
өлшемі3,29 Mb.
#38307
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   415

Рысмендиев Әрмен Жақсыбекұлы - академик, медицина ғылымының докторы


Алматы облысы Кеген ауданында 1940 жылы 13 тамызында дүниеге келген. 1958 ж. Жалаңаш орта мектепті бітірген. 1965 Алматы Мемлекеттік медицина институтын аяқтады.
1972 жылы "Ұсақ шоғырлы коронарогенді невроз және миокардтің жедел дистрофиясы" деген тақырыптан кандидаттық диссертациясын табысты қорғады.
1992 жылы "Негізгі жүрек қан тамырларының аурулары және оның Қазақстандағы жергілікті ауыл жағдайында"алдын алу" тақырыбында докторлық диссертациясын ойдағыдай қорғап шықты.
Белгілі ғалым академик А.Ж. Рысмендиев Қазақстанның қардиология ғылымын көптеген Европалық және Дүние жүзілік Конгресстерінде таныта білді.
Оның 215 ғылыми жұмыстары баспасөз беттерінде жарық көрді: ол 14 монографиялық, 20 астам әдістемелік нұсқаулардың және 6 ғылыми еңбектер жинағының редакторы болып табылады, 4 өнертапқыш істің авторы. Оның тікелей басшылығымен 49 ғылыми -зерттеу жұмыстары, 2 салалық ғылыми- техникалық жоспарлар аяқталды.
А.Ж. Рысмендиевтің басшылығымен 6 докторлық және 20 кандидаттық диссертациялар қорғады.
Қазақстан Республикасы Президентінің ісін Басқару Медициналық Орталығының кеңесшісі, РФ МҒА"Кардиология", "Центрально - Азиатский медицинский журнал" журналдарының редакциялық кеңес мүшесі, "Сердце и сосуды" журналының редакторы ретінде де үлкен ғылыми-қоғамдық жұмыстар атқарып келеді. Оның тікелей жетекшілігімен Орталық Азия Кардиологтар Ассоцияциясының Конгрессі өткізілді. 1999 жылы Бішкекте өткен ТМД кардиологтарының Конгрессінде профессор А.Ж.Рысмендиев оыс кардиологтар Ассциациясының Президенті болып сайланды А.Ж. Рысмендиев МҒА және ПМА және Нью-Йорк ғылыми Академиясының академигі, Америка кардиологтар алқасының


кеңесшісі, сондай-ақ Күміс медалімен марапаттанып, Халықаралық Жыл Адамы" /1997-1998/ атануы оның әлемдегі беделі мен абыройын айғақтаса керек.
А.Ж. Рысмендиевтың ғылымды дамытуға, ғылыми кадрларды даярлауға және қоғамдық жұмыстары қосқан үлесі орасан зор. Ол ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Мақтау Грамоталарымен бірнеше мәрте марапатталды, "Қазақстан Республикасының Денсаулық Сақтау ісінің Үздік" белгісінің иесі, "Қазақстанның Еңбегі сіңген қызметкері".




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   415




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет