Бәйдібек Баба- алып


Халықұлы Ғазиз - қоғам қайраткері



бет58/415
Дата30.08.2022
өлшемі3,29 Mb.
#38307
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   415

Халықұлы Ғазиз - қоғам қайраткері


1942 ж. Талдықорған облысы Панфилов ауданы Басши селосында туған. 1950 ж. Қоңырөлең селосында Қоңырөлең қазақ орта мектебін бітірген. 1960 ж. Өскемен қаласындағы жол - құрлысы институтынан жоғарғы білімді жол құрлысы инженері мамандығын алған. 1969-84 жылдары Талдықорған облыстық тұрмыс қажетін өтеу шаруашылығында қатардағы инженерліктен бастап облыстық атқару кеңесінің осы бөлімінің бастығы болды. 1984-87 ж. Республика Тұрмыс қажеттін өтеу министрлігінде құрылыстағы күрделі жөндеу Бас басқармасының бастығы қызметін атқарады. 1987-89 ж Қазақстан Республикасы Министрлер кеңесінде жергілікті тұрғындардың тұрмыс қажетін өтейтін бөлімінде жетекшілік етті. 1989-91 ж. Қазақстан Республикасы Тұрмыс қажетін өтеу министрлігінің министрі. 1996 жылдан Алматы қаласынның "Су-торабы" өнеркәсіп бірлестігінің Бас инженері.

Махамбетов Еңбекбай - аудандық кеңес төрағасы


/1935 ж. 10.VII/ Елағасы,зейнеткер. Қазіргі Ұйғыр ауданы Сүмбе ауылында туған. Сүмбе орта мектебін /1950/ оқып, үлкен Ақсу орта мектебін /1953 ж./ бітірген. Алматы мал - дәрігерлік институтынан / 1958 ж./ жоғары білімді зоотехник мамандығын алды. Комсомол /1949 ж./, партия /1960-1991 жж./мүшесі. Сүмбе қыстағында /1958 ж./ зоотехник. Ұйғыр ауданы коммунист I- секретары /1960-62 жж./, ауданы партком /1962-64 жж./ нұсқаушы, Панфилов ауданы, өндірістік партия комитетінде ұйымдастырушылық қызметін атқарды. Алматы Жоғарғы партия мектебін /1966 ж./ бітірді. Нарынқол ауданының ауыл-шаруашылық басқармасы бастығы /1966-74 жж./, Нарынқол ауд, атқару кеңесінің мемлекеттік қой заводының


директоры /1980-84 жж./ қызметін атқарды. Қазақстан Республикасы ауыл-шаруашылық министрлігінде /1984-95 бас маман/. 1995 жылдан зейнеткер.
"Құрмет белгісі" /1979 ж./орденімен, Ерен еңбегі үшін 4-рет медальмен марапатталған. Кеңестер Одағының Жоғарғы /1978 ж./, Қазақстан Республикасының Жоғарғы кеңесінің /1979 ж./, Кеңестер одағы Ауыл -шаруашылық министрлігінің құрмет грамоталарымен / 1980 ж./ марапатталған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   415




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет