Бейнелеу өнерін оқыту ең бірінші жалпы білім берушілік мақсаты көздейді. Негізгі міндет адамның ой өрісін кеңейту, қоғамның жан -жақты білімді мүшесін тәрбиелеу болып табылады



Дата16.10.2022
өлшемі24,52 Kb.
#43448

Бейнелеу өнері


1. Бейнелеу өнерін оқыту ең бірінші жалпы білім берушілік мақсаты көздейді. Негізгі міндет адамның ой өрісін кеңейту, қоғамның жан -жақты білімді мүшесін тәрбиелеу болып табылады.
Бейнелеу өнері адамның дамуына өте бай мүмкіндік туғызады. Бұл істе әсіресе сурет салудың орны ерекше. Сурет салу заттардың формасын талдауға және оны ұқыпты бақылауға үйретеді, дүннені тануға жәрдемдеседі, ойлауға және эстетикалық дамуға көмектеседі. Сурет өнері көру есін, кеңістікті ойлауды дамытып, образды елестету қабілетін арттырады. Ол нақты есептеуге, табиғат әсемдігін тануға үйретеді, ойлау мен сезу икемділігін арттырады.
Бейнелеу өнерінің сабақтары өздерінің оқу-тәрбие жұмыстары бойынша да, түрлеріне байланысты да әр түрлі болып келеді. Мектепке дейінгі ұйымдардың бағдарламасында оқу сабақтарының төрт түрі қарастырылады, Олар:

  • нұсқаға қарап сурет салу:

  • сәндік сурет салу:

  • тақырыптық сурет салу:

  • өнер туралы әңгіме.

Нұсқадан қарап сурет салу сурет және кескіндеме жұмыстарымен айналысуды көздейді, сәндік сурет салу – ою-өрнектерді көркем конструкциялау, ою-өрнек элементтерін құрастыру және т.б. жұмыстарын қарастырады.
Өнер туралы әңгімеде балалар кескіндеме, графика, мүсін, сәулет ескерткіштерімен және сәндік қолданбалы өнер шығармаларымен танысады. Бұл аталған әрбір сабақ жеке тұлғаның эстетикалық тәрбиесіне, шығармашылық қабілеттерінің дамуына, дүниетанымына, жан жақты дамуына ықпал етеді.


2. Бейнелеу өнерін оқыту мақсаттарының бірі көркемдік білім мен қатар эстетикалық тәрбие беру. Эстетикалық тәрбие-өмірдегі, табиғаттағы, өнердегі, ғылымдағы және қоғамдағы әсемдікті оқушылардың қабылдауын тәрбиелеу. Эстетикалық тәрбие – бұл адамды тек қана өнерге тарту емес, өмірдегі әсемдіктің барлық түрлері мен формаларына тарту болып табылады. Эстетикалық тәрбиенің мәні, әрбір адамның қызықты әдемі өмір сүруі, әсемдік қандай түрде кездесетіндігін түсініп, көре білуге үйренуі.
Эстетикалық тәрбие адамның шығармашылық қызметіндегі рөлі ете ауқымды. Өмірге деген эстетикалық қатынас адамға жігер беретін алғашқы негіз болып, еңбектің рухани қанағатқа жеткізетін қуаныш көзіне айналуына ықпал етеді.
Эстетикалық тәрбие үдерісінде адамның эстетикалық көзқарасы, сезімі, талғамы және идеалы қалыптасады. Эстетиісалық тәрбие адамды игілікті істерге, әсемдікке, адамгершілік істерге бастайды. Орта мектептің міндеті-эстетикалық тәрбиенің әртүрлі әдістерімен эстетикалық эмоциясын тудыра отырып әсемдікке тарта отырып, шығармашылық мүмкіндік тудыра отырып, оқушылардың әсемдік талғамын тәрбиелеу болып табылады. Әсемдіктің барлық қыр сырын түсіну мен сүйе білу әр бір адамға рухани байлығы үшін ғана емес, еңбекте де жаңа жетістекке жету үшін қажет. Ол қандай мамандық иесі болмасын ол әсемдіктің нәзіктігін түсіне де, көре де білуі тиіс.
Балаларды белсенді өмірге дайындау жан -жақты білім және тәрбиемен қатар оның жеке қабілеттерін дамыту әсемдік заңдылықтары арқылы өмір сүріп, жаңаны жасауға үйренуін көздейді. Балалардың әсемдікке деген талғамдарын ояту үшін бейнелеу өнері пәнінің мұғалімі балалардың назарын өмірдегі сүлулыққа аударып, оларды байқауға, сезуге, қабылдауға, сүйене білуге, қуана білуге үйретуі тиіс. Әсемдік талғам адамның туғанан пайда болатын қасиеті емес, ол дамиды. Оны мектепте дамытатын бейнелеу өнерінің мұғалімі.
Тәрбиеші балаларға табиғаттағы түстердің реңдерінің формалардың сан алуандығын көрсетеді. Нұсқасына қарап отырып табиғатты, ағаш жапырақтарын, гүлдерді салу барысында, зат формасын оқып үйрену кезінде балалар табиғатқа, олардағы бөяулар мен формалардың алуан түрлігіне онан сайын қызыға түседі. Мектепке дейінгі мекемелерде сурет салу адамға өмірді жан -жақты көре білуге үйретеді. Сондықтан өмір шындығын көре білу де өз алдына бір өнер.


З. Сурет салумен айналысудың ең басты міндеті — балаларға қоршаған өмір шындығын тануға көмектесу, олардың байқағыштығын дамыту, оларды дүрыс көре білуге үйрету. Сурет сабағында балалар қоршаған заттарды, олардың алуан түрлі формаларымен, түстерімен, өлшемдерімен және басқа да ерекшеліктерімен, танысуға тиіс. Бұл таныстық зат туралы елестетулерінің нақты және толық болуына ықпал етіп, көру әсерін кеңейте түседі. Бейнелеу процесі оқушыға бұрын бірақ рет шала көрген затты терең зерттеуге мүмкіндік туғызады. Сурет салу кезінде бала заттың формасын, құрылымын, пропорцияларын, түстер мен реңдік қатынастарын кеңістікте орналасуын зерттейді, сол арқылы оларды ұтымды да жан-жақты, терең де нақты қабылдауға үйренеді.
Мектепке дейінгі ұйымдарда сурет салу балаларға өмірді кең көлемде және жан жақты көре білуге жаттықтырады. Сурет салуға оқыту өзара байлынсты екі міндетті шешуге ықпал етеді; Олар: балалардың көру арқылы қабылдауын дамыту және олардың көргендерін ой елегінен өткізу дағдыларын қалыптастыру.
Баланың байқағыштығын дамыту – күрделі іс -әрекет сонымен бірге ол, оқыту әдістемесі үшін ең маңызды міндет. Баланың байқампаздығын дамыту жас кезінде, әсіресе адам қоршаған өмір шындығын жаңадан тани бастағанда маңызды. Ғылымдар қоршаған ортаны танудағы көру арқылы қабылдау басты орын алатындығын көрсеткен. Себебі олар 90% қабылданатын мәліметтердің көру арқылы алынатындығын дәлелдеген. Бұл адамға көрудің маңызды екендігін білдіреді. Сондықтан көруді дамытуды мектеп жасынан, жас шақтан бастап қолға алу қажет.
Ғалымдар бақылауды әлі де дүрыс кере білу, көргенін түсіне білу емес екендігін көрсеткен. Ересек адамдардың өзі заттың форма қүрылысындағы ерекшеліктерді, оның ұсақ бөлшектерін, форма сипатын көбінесе анғара бермейді. Мұғалімнің міндеті баларды осы қиындықтан шығару. Бейнелеу өнері сабақтарының міндеті нақтылы зейінге, ойлауға және зат формасына нақты талдау жасауға, үйрету. Сан түрлі әсерлерден байқағандардан дұрыс қорытынды жасап. оларды жалпы сипатқа біріктіру окушылардың ойлауын дамытып, оларды жаңа білімге ұмтылдырады. Саналы көру зейініні ретке келтіру, басқа зейін түрлерінің дамуына ыпқал етеді.
Сонымен мектептегі бейнелеу өнерін оқыту көптеген оқу-тәрбие міндеттерінің жүзеге асыру процесі, оқушылардың қоршаған орта туралы туралы елестетулерін жинақтап, тереңдетуге, дамытуға мүмкіндік тудырады, түптеп келгенде ғылыми дүниетанымының қалыптасуына ықпал етеді.


4. Мектепке дейінгі мекемелерде бейнелеу өнерін оқытудың бір мақсаты-сурет сала білу адамға кең көлемдегі іс-әрекет мүмкіндігін беретіндігін оқушыға үғындыру. Тәрбиеші алғашқы сурет сабағында балаларға сурет өнерінің адам өміріндегі рөлі ашып  көрсетуі тиіс. Сурет салу кез келген іс-әрекетке, кез келеген мамандыққа қажет. Сурет салудың қарапайым бағдарын меңгеру адамға машина деталдарының суретін салуға, үй құрылысының жоспарын жасауға, қарапайым заттардың формасын салуға жәрдемдеседі.
Кейде біз біреуге таныс емес, бір жерге қалай беру керектігін түсіндіру үшін жолдың бағыттарын суретке салып көрсетеміз. Сурет салу ғалымдарға да жәрдемін тигізген. Ғалым Ш.Уалихановқа сурет салу Қашқарияға барған сапарында көп жәрдемін берген. Ол бұл сапарда этнографиялық сипаттағы көптеген суреттер салғандығы белгілі.Бейнелеу өнерінің сауаттылығының негіздерін меңгеру әскерилерге, әскери барлаушыларға, космоновттарға да жәрдем беретіндігін олардың жазған естеліктерінен оқуға болады. Жау тылына барған барлаушы жаудың әскери күштерінің орналасу қүрылымын суретін салу арқылы нақты да дәл өлшем бірліктерімен көрсете білген. Кеңес одағының батыры И.Кожедуб өзінің сурет сала білу қабілеті, сандаған әуе шабылуы кезінде көмек бергендігін айтқан.
Сурет салу сондай-ақ агрономға, шоферға, станоктағы жұмысшыға, хирургке де күрделі істер атқаруға жәрдемдескен. Бұлармен қатар сурет салудың жобасы архитекторларға, конструкторларға қажеттігі көпшілікке мәлім. Бұл жас ұрпақты өмірге дайындаудағы суреттің практикалық мәнін көрсетеді.


5. Бейнелеу өнерін оқытудағы басты тағы бір міндеті -балаларға реалистік суреттің қарапайым негіздерін, сурет салудың ептейліктері мен дағдыларын меңгеру болып табылады. Тәрбиеші балаға қарандашты қолға қалай ұстау керек екендігін, сызықты қалай жүргізу қажеттігін, қағаз бетіне заттардың көлемін қалай бейнелеу керектігін көрнекті түрде салып көрсетеді. Сонымен қатар ол сурет салуға қажетті әр түрлі материалдармен, қүралдармен таныстырып, суретті қандай әдістемелік бірізділікпен орындау қажеттігі жайлы айтып түсіндіреді. Балабақшада баланы сурет салудың техникалық тәсілдерін меңгертудің қажеттігі аз деп ойлау дұрыс емес.
Шын мәнінде бала мектепте осы тәсілдермен танысуы тиіс. Мектепке дейінгі жастағы бала суреттегі тональдық қатынастар туралы түсінік алып, зат көлемін беруде тоналдық қатынастарды бере білуге қылқаламмен, қажетті бояу түсін алу үшін бояуларды араластыруға үйренуі тиіс. Мұндай техникалық дағдылар адамға еңбекте қажет іс-әрекеттер. Түсті көре білу және оны бояумен қағаз бетінде бере білу, жазықтың бетін тегіс етіп бояу халық шаруашылығының барлық саласында қолданылады. Мысалы құрылысшыға қабырғаны бояу үшін колор дайындау қажет болса, химикке реакцияны жасау барысын байқау үшін түстердің түрлі реңдерін жақсы ажырата білу керек. Бояғыш заттарды дайындау сонымен қатар текстиль және баспа қызметінің сапасын арттыруға жәрдемдеседі. Балқыған заттың түсіне қарап, металлург балқыған металдың дайын болғанын білуге мүмкіндік алады.
Балабақшада бейнелеу өнері сабақтарының міндеттерінің бірі–балаларға жұмысты ұйымдастыру, жұмыс жүргізу тәртібін ойластыру, ойлау, саналы да жоспарлы жұмыс істеуге үйрету болып табылады. Сурет салу мақсатқа бағытталған жүмыс. Сурет сала отырып бала белгілі бір мақсатқа жетуге үмтылады. Бірақ оның алдында көптеген кедергілер кездеседі. Олар кейде «Менің қолымнан келмейді»деп ойлайды. Бірақ ол бар қабілет мүмкіндіктерін жұмылдыру нәтижесінде белгілі үлгілерімге жететіндігін түсіне бермейді.
Бейнелеу өнері сабақтарында балалардың образды ойлауын дамыту оқыту міндетінің бірі. Бұл көру арқылы қабылдауды дамыту, байқауға үйрету, көру есінің, образдық қиялынның дамуымен байланысты. Бұл қасиеттердің маман жұмысшыларда, техникте, инженерде болуы өте маңызды.
Бейнелеу өнері сабағында Тәрбиеші балалардың шығармашылық қабілеттерін дамыту мақсатын қою арқылы, ол балалармен дұрыс жұмыс әдісін тандап алуы тиіс. Көптеген педагогтер өздерін қинамай-ақ өз оқушыларының шығармашылық қабілеттерін бетімен жібереді, сонан келіп әрбір оқушы өзінің шығармашылық қабілеттерін дамыту мақсатындағы тапсырманы өз бетінше орындауға талпынады.
Сондықтан мектеп баланың шығармашылық жұмыстарын басшылық жасауға болатын, бағыттауға болатын іс-әрекет деп тану қажет.
Балалардың шығармашылық қабілеттерін дамыту барысында педагог балардың қиялын дамытуға көңіл бөлуі тиіс. Адам қиялы адамның көңіл күйімен байланысты, сонымен қатар өнердің өзі көңіл күйге әсер етеді. Сондықтан бейнелеу өнері мұғалімі балалардың елестетулерін жинақтау процесін реалдық өмір шындығынан бастап, қиялмен шығармашылықпен өмірмен байланысты жаңа елестетулерге дейін бағыттауға болады.
Жаңа ашылымдар, шығармалар жасау үшін қажетті маңызы бар балалардың таң қалу, ырзалық сезім қабілеттеріне қолдау көрсету және сақтау бейнелеу өнерін оқыту мақсатына кіреді.
Таң қалу ғылым мен өнерде жаңа ашылымдарға қозғау салатындығына ғылымдар мен суретшілер аса көп мән берген. Эйнштейн ересек адамдардың таң қалу қабілеттерінің жойылуына өкініш білдірген. Ол егер бұл қабілет адам өмірінің соңына дейін сақталғанда, ұлы ашылымдардың саны мұнанда көп болар еді, -деп есептеген.
Бейнелеу өнерімен таныстыру өмірдегі және өнердегі әсемдікті түсінуге, отан мен табиғатты сүюге бағытталады. Әңгіме барысында мұғалім балалардың назарын өмір шындығының көркемдік бейнеленуі мен орындау техникасына талдау жасау арқылы өнер шығармасын тани білуге үйретеді.
Атап өтілген оқу –тәрбие міндеттерін жүзеге асыру үшін мүғалімге өнерді таныстырудағы белгілі жүйені ұстанып, балалармен жұмыс жүргізудің әртүрлі әдістерін қолдану қажет. Әрбір оқу сабақтары өзінің лайықты әдіс мен іс-әрекетке деген ерекше қатынасты қажет етеді. Бұл қызметте әсіресе дәрістерді өткізуге деген тапқырлық пен педагогтық шеберлік маңызы орын алады.
Бейнелеу өнері – болмыстың қабылданған образдардағы көркем кескіні. Бейнелеу өнері алғашқы қауымдық құрылыста пайда болды. Хайуанаттарды және аң аулау көрінісін бейнелейтін алғашқы суреттер сүйектен ойылып, тастан қашалып жасалған адамдар мен хайуанаттардың фигуралары – алғашқы мүсіндер, ою - өрнектермен әсемделген еңбек пен тұрмыс заттары сол кезге жатады. Өнердің өзіне тән ерекшелігі – болмысты көркем образдар арқылы бейнелеу.
Балабақшада бейнелеу өнерінің сан алуан түрлерімен: кескіндемемен, графикамен, скульптурамен, сәндік - қолданбалы өнер туындыларымен танысады. Мектеп жасына дейінгі мекемелерде ұйымдастырылған оқу іс - әрекеттерінде балаларды бейнелеу өнерімен таныстыру - балалардың түрлі жанрдағы шығармаларды толық қабылдауына жағдай жасайды. Балалар өнер арқылы әсемдікке, сүйіспеншілікке тәрбиеленеді, эстетикалық сезімдері дамиды. Олардың алдына айналадағы дүниенің, формалардың, қимыл - қозғалыстардың байлығы мен сан алуан реңкі ашылады. Өнердің көмегі арқылы балалар жаңа заттармен және өмір құбылыстарымен танысады, жоғары идеяларға бой ұрады, біздің елімізде болып жатқан өзгерістерге үн қосады.
Н.К.Крупская:«Балаға өнер арқылы өз ойлары мен сезімдерін тереңірек түсінуге, айқынырақ ойлап, тереңірек сезінуге көмектесу керек; балаға мұны өзін - өзі танып білу, басқаларды танып білу құралы, коллектив арқылы басқалармен бірге өсу құралы етуге және мүлде жаңа, терең де елеулі толғаныстарға толы өмірге бірге аяқ басуға көмектесу керек» - деп жазады.
Әлемдік білім кеңістігінде мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында балалар өнерін дамыту басты міндеттердің бірі болып отыр. Балабақшадағы бейнелеу өнері жекеленген заттарды бейнелеу, сюжетті(оқиғалы), декаративті сурет деп аталатын үш түрін қамтиды. Тәрбиедегі және үйретудегі жетістік көбіне белгілі мазмұнды балаларға жеткізу, оларда білімді, іскерліктер мен дағдыларды, сондай - ақ іс - әрекеттің қайсыбір саласындағы қабілеттілікті қалыптастыру үшін педагог қандай әдістер мен тәсілдерді қолданатынына байланысты.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет