Теңдеу құру арқылы есептер құрастырудың жолдары



Дата01.12.2022
өлшемі17,61 Kb.
#54203
Байланысты:
Теңдеу құруға арналған есептер 402


Теңдеу құруға арналған есептер оқушылардың математикаға деген ынтасын арттырады, қызығушылығын оятады, өз білімдерін тереңдетуге, қабілетінің кемелденуіне мүмкіндік береді
Теңдеу құру арқылы есептер құрастырудың жолдары.
Теңдеу құру арқылы шығарылатын есептер оқушыларды алғырлыққа, салыстыруға, белгісіз шамаларды анықтауға, есептің нәтижесін тексере білуге тәрбиелейді.
Теңдеу құруға берілген есептерді шығару үшін төмендегі шарттарды орындау керек.
1. Есептің мәтінін анықтау.
2. Белгісіз шамаларды анықтау.
3. Теңдеу құру.
4. Теңдеуді шешу.
5. Теңдеудің шешімдерін зерттеу.
6. Есепті тексеру.
7. Есептің толық жауабын жазу.

Мысалы төмендегідей есептерді теңдеу құру арқылы шығарып көрейік.


1.Еркін әкесі 36-ға келген кезде туылған болатын. Қазір оның жасы әкесінің жасынан 5 есе кіші. Еркіннің әкесі қазір нешеде болғаны?
Шешуі:
Х жылдан кейін әкесінің жасы баласының жасынан 5 есе кіші болады деп тұжырымдаймыз да, оның сандық мәнін іздейміз.
Ол үшін тапсырма шартына сәйкес теңдеу құрамыз.
5*(0+Х)=36+Х
5*Х=36+Х
5*Х-Х=36
4*Х=36
Х=36:4
Х =9
5*(0+9)=36+9
45=45
Баласы 9 жаст а болса, онда әкесінің жасын табу үшін:
36+9=45
Жауабы: Әкесі қазір 45 жаста.
Тапсырмалар СӨЖ

№1
Төрт сөмкеде 99 алма бар. Бірінші, екінші сөмкедегі алмалар бірдей.Үшіншісінде біріншідегінің жартысындай. Ал төртіншіде екіншіге қарағанда 2 есе артық..Әр сөмкеде неше алма бар?


№2
Бұзау сиырдан 5 есе жеңіл.Ал олардың жалпы массасы 480 кг. Бұзау мен сиырдың әрқайсысының массасы қанша?
№3
Әуежайдың ұшу алаңының ұзындығы 928 м. Оның үстіне әр 8м сайын белгілер салынған. Осы ұшу алаңында неше белгі бар?
№4
Белгісіз санның жазылуында (1-ден 28-ге дейін) 1,5 және 7 цифрлары жоқ.Ол тақ сан және 3-ке бөлінбейді.Осы санды тап.
№5
Көгалда қояндар мен қаздар жүрді. Қояндардың аяқтарының саны қаздардың аяқтарының санына тең. Қояндар көп пе, әлде қаздар көп пе?
№6
Кез келген екі таңбалы саннан сол санды жазу үшін қолданылған цифрлардың қоСоңғысындысының мәнін азайт.Алынған айырманың мәні әрқашанда 3 және 9 сандарына бөлінетінін тексер.

№7
Зәуре, Айнұр, Қымбат және Самалдың біреуі:6 наурызда, екіншісі 7 сәуірде, үшіншісі 6 шіледеде, төртіншісі 20 наурызда туған. Айнұр мен Қымбат бір айда туды, ал Қымбат пен Зәуренің туған күндері бірдей.Әр қыздың қай күні және қай айда туғанын анықта.


№8
Ойыншық жасау үшін қыз бала 4 жолақ кесті.Әр келесі жолақты ол алдыңғысынан 2 есе қысқа кесті.Егер төртінші жолақтың ұзындығы 42 см болса, бірінші жолақтың ұзындығын тап.
№9
Дымбілиес пен оның достары 3 алты орынды зымыранмен Айға ұшпақшы болды.Егер зымыранда 9 орын болса, неше зымыран қажет болады?
№10 
Екі қызда барлығы 9 шар болды.Бірінші қыздың 2 шары, ал екінші қыздың 3 шары ұшып кеткенде, қыздардың шары тең болды. Әр қыздың қолында неше шардан болды?
№11
Динарада үш түсті 66 қағаз бар.Көк түсті қағаздар қызыл түстілерден 2 есе артық.Ал қызыл түсті қағаздар ақ түсті қағаздардың үштен бір бөлігін құрайды.Динарада әр түстен неше қағаз бар?
-

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет