Бекітемін Басқарушы кеңестің төрағасы Қ.Ә. Байғарин



Pdf көрінісі
Дата30.12.2016
өлшемі2,24 Mb.
#764

Бекітемін ______________________ 

Басқарушы кеңестің төрағасы  

Қ.Ә. Байғарин  

 

 

 

 

 

 

 

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ҰЛТТЫҚ ГЕОГРАФИЯЛЫҚ ҚОҒАМЫНЫҢ  

ҰЛЫТАУҒА ЖАСАЛҒАН КЕШЕНДІ ЭКСПЕДИЦИЯСЫНА  

ҚАТЫСУ ТУРАЛЫ ЕСЕП-ҚИСАП 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Орындаушы 

С. Сакенов  

_________________ 

 

 

Астана, 2014 

 

 



                                                                                                                                     

 



ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ҰЛТТЫҚ ГЕОГРАФИЯЛЫҚ ҚОҒАМЫНЫҢ ҰЛЫТАУҒА 

ЖАСАЛҒАН КЕШЕНДІ ЭКСПЕДИЦИЯСЫНА ҚАТЫСУ ТУРАЛЫ ЕСЕП-ҚИСАП. 

11-ші  тамыздан  бастап  22-ші  тамыз  аралығында  Қазақстандық  ұлттық  географиялық 

қоғамының (ҚҰГҚ) Ұлытауға жасалған экспедициясына қатыстым.  Экспедицияны ҚҰГҚ 

ұйымдастырды және толықтай қаржыландырды. 

Экспедицияның  негізгі  мақсаттары  болып  ауданмен  танысу,  Ұлытау  ауданын 

Қазақстан  халқының  бесігі  ретінде  дәріптеу,  ауданның  туристтік  әлеуетін  арттыру  және 

Қазақстанның тарихи мұрасын зерттеуді насихаттау.  

Экспедицияның негізгі нәтижелері:  

1.

 

География 



мен 

тарихи-мәдени 

ескерткіштерді 

зерттеген 

кезде 

жаңа 


технологияларды  қолдану.  Экспедицияға  тікұшақ  типті  ұшқышсыз  аппараттың 

көмегімен төңіректі биіктіктен түсіру мамандары қатысты.  

2.

 

Негізгі  туризм  нысандарын  көрсету  арқылы  аймақтың  Туристтік  картасы 



жасалады. 

3.

 



Ауданда  экотуризмді  дамыту  және  қонақтар  үйінің  желісін  жасау  бойынша 

әкімдікпен уағдаластыққа қол жеткізілді. 

4.

 

Ұлытау туралы деректі фильм дайындалды. 



5.

 

Аймақты  дәріптеу  мақсатында  көптеген  мақалалар  мен  бейнероликтер 



шығарылды.  

a.

 



Мақалалар  баспасөзде  (КазПравда),  ғаламторда  (tengrinews.kz,  massaget.kz, 

youtube.com) орналастырылды.  

6.

 

Экспедиция туралы альбом-кітап дайындалып жатыр. 



 

Қарағанды облысы, Ұлытау ауданының елтаңбасы 

 

 

                                                                                                                                     

 



I.

 

ҰЛЫТАУ ЖӨНІНДЕГІ ГЕОГРАФИЯЛЫҚ АҚПАРАТ 

Географиялық анықтама:  

Ұлытау  ауданы  Қарағанды  облысында  орналасқан.  Өз  аумағы  бойынша  Қазақстан 

Республикасындағы ең ірі республикалық құрылым болып табылады,  оның ауданы 121,6 

мың  ш.м.  құрайды.  Әкімшілік  орталығы  болып  Ұлытау  ауылы  табылады.  Ауданның 

аумағы  12 293  105  га  құрайды.  (облыстың  жалпы  аумағына  шаққанда  28,7%),  облыс 

орталығынан алшақтығы 700 км құрайды. Тұрғындардың 2013 жылғы 1 қаңтардағы саны   

января  13840  адамды  құрайды  (облыстың  барлық  тұрғындарынан  1,1%),  ауданда  12 

ауылдық округ, 3 кенттік округ және 29 ауылдық елді мекендер бар. 

Ұлытау  ауданы  1927  жылғы  28  маусымда  Сырдария  губерниясының  Қарсақпай 

ауданы  ретінде  қалыптасты.  1928  жылы  Қызылорда  округына  өтті.  1930  жылы    Қазақ 

АКСР-ң тікелей бағыныштылығына өтті.  1932 жылы Оңтүстік Қазақстан облысына өтті, 

сол жерден 1936 жылы Қарағанды облысына тапсырылды. 

1940  жылдың  мамыр  айында  Қарсақпай  ауданының  атауы  Жезқазған  ауданы  деп 

өзгертілді. 1963 жылдың қаңтар айында қысқартылды, бірақ 1972жылдың наурыз айында 

қалпына келтірілді. 1973 жылдың наурыз айында Жезқазған облысына тапсырылды. 1974 

жылы атауы Ұлытау ауданы болып өзгертілді.  

 

Ұлытау  ауданы  оңтүстігінде  -  Оңтүстік  Қазақстанмен  және  Жамбыл  облыстарымен, 



солтүстігінде  -  Қостанай  облысымен  және  Қарағанды  облысының  Нұр  ауданымен, 

солтүстік-батысында  -  Ақтөбе  облысымен,  батысында  -  Қызылорда  облысымен 

шекараласып  жатыр.  Ауданның  шығысында  Қарағанды  облысының  Жаңаарқа  ауданы 

орналасқан. 



Физикалық географиясы 

Ауданның  аумағы  абсолюттік  биіктігі  400-1200  м  құрайтын  біршама  көтеріңкі 

жазықтықты  білдіреді,  оның  арасында  әртүрлі  шоқылар,  төбелер  және  аласа  таулар 

кездеседі.  

Ұлытаулық төмен таулы, ұсақ шоқылы, эрозиялық-тектоникалық үстірт, соның ішінде 

Арганат  сілемі  ірі  каледондық  көтерілімге  -  Ұлытаулық  антиклинорияға  теңестірілген. 

Осы  үстірттің  меридиандық  құрылымы  кмбрийге  дейінгі  құрылымдармен  ұсынылды. 

Ұлытау антиклинариясының ось аймағында палезой құрылымдарының шектеулі таралуы 

жер  шарының  осы  бөлігін  көтермелеудің  жалпы  ұзын  беталысына  слтеме  жасайды. 

Мезозой  дәуірінің  өзінде  Ұлытау  үстірті  жазықтықты  білдірді,  оның  фрагменттері  1000 

метрден  астам  биіктікте  сақталған.  Жазықтықтардың  бөлінуі  вернемел  және  төменгі 

палеоген  дәуірінде  орын  алды,  ол  кезде  салыстырмалы  көтеру  басым  болды.  Миоцен 

дәуірінде Ұлытау үстірті арал қабаттарының саздарымен жабылған еді, олар Ұлытау және 

Агғанат тауларының баурайында 1000 метрге дейінгі абсолюттік биіктікте анықалған еді. 

Төменгі  антропогенде  ежелгі  тау  құрылымдарының  аймағында  блокты  көтерілімдер 

қайтадан жанданғандай. Ұлытау көтерілімінің терең сипаты оның батыс баурайлары мен 



                                                                                                                                     

 



алқаптарының  арнасы  тәрізді  типі  сатылы  құрылымды  анықтайды.  Ұлытау  сілемінің 

шығыс  баурайы  -  еңістеу,  біртіндеп  Сарысу-Теңіз  су  айырығының  жиынтық  көтеріміне 

ауысады.    Батыс  жағынан  сілемге  Торғай  жырасының  ұлан-байтақ  құрылымдық  және 

аккумулятивтік  жазықтықтар,  ал  шығысынан  -  Сарысу-Теңіз  су  айырығының  ұсақ 

шоқылы тау тізбектері жалғасып жатыр. 

500-600  м  абсолюттік  белгілерінде  орналасқан  денудациялық  жазықтықтардың 

айналасында  аралдық  изометриялық  таулар  айрықшаланады:  Ұлытау  -  1133  м,  Едіге  - 

1064 м, Айыртау - 850 м, Жақсы-Арғанаты - 757 м.  

 

Аумақ  далалық  табиғи  аймақта  (ақшыл-талшын  топырақты  шөлденген  жусанды-



селеулі  жолақта)  шөлді  аймақтың  шекарасына  жақын  орналасқан.  Ботаникалық-

географиялық  аудандастырудың  заманауи  сызбасына  сәйкес  аумақ  Еуропалық-азиялық 

далалық  аймақтың  Завольжск-Қазақстандық  провинциясының  Орталық  Қазақстан 

қосалқы провинциясының Батыс округының батыс бөлігінде орналасқан. 

 

 

Қорғалатын аймақтар  



 

Қазіргі  таңда  осы  жерде  қорғалатын  аумақ  ауданы  19,3  мың  га  құрайтын  Ұлытау 

мемлекеттік  кешенді  табиғи  қорығы  бар,    ол  мемлекеттік  орман  қорының  жерлерінде 

орналасқан  және  «Ормандар  мен  жануарлар  әлемін  қорғау  жөніндегі  Ұлытау 

шаруашылығы»  ММ-ң  күшімен  қорғалады.  Бұл  жерлерде  ормандар  шоқалардың 

көлеңкелі  баурайларында,  ойпаттар  мен  таулы  шатқалдарда  өсіп  шыққан  аласа  қайың 

және көктерек орманшаларының азғантай учаскелері ретінде болып келеді. 

7,6  мың  га  жер  орманмен  жабылған.  Сондай-ақ  ауданның  аумағында  табиғат 

пайдаланушыларына  бекітілген  мынадай  балық  шаруашылығының  су  қоймалары 

орналасқан: Кенгір су қоймаы (3500 га), Жезді су қоймасы (1750 га), Кінембай пл. (500 га), 

Жанғылдыөзек пл. (60 га), Дайрат пл. (30 га), Шұрынкөл көлі (160 га), Бараккөл көлі (3500 

га),  Қоскөл  көлі  (бат,  200  га),  Босбайтал  көлі  (50  га)  -  аудан  бойынша  барлығы  9750  га 

Ғасырлар рухы. Тоқтап қалған уақыт.  

Су ресурстары  

Аудан  гидрографиясына  тән  ерекшелік  болып  өзен  желісі  табылады.  Ауданның 

өзендерінде су толу шамамен 5 сәуірден бастап 10 сәуір аралығында орын алды, ұзақтығы 

15-20  күнді  құрайды.  Ауданның  анағұрлым  ірі  өзендері  болып  Каракенгір,  Сарыкенгір, 

Сарыторғай,  Үлкен,  Жезді,  Блеуті,  Қараторғай,  Сарысуөзендері  табылады.  Ауданда  аз 

сулы  көлдер  көп,  олар  жаздың  соңында  жиі  кеуіп  қалады.  Ауданда  Бараккөл,  Қоскөл, 

Құмкөл, Ащыкөл деген көлдер бар, олардың орташа тереңдігі 10-15 м құрайды.  

Ұлытау ауданы көптеген бұлақтарға бай.  

 

Климаты 

Ауданның  климаты  күрт  континентальды,  қысы  қатал,  қар  аз  жаады,  орташа 

температурасы  20-25  С,  жазы  ыстық  және  өте  құрғақ,  орташа  температурасы  25-30  С. 

Тұрақты қар жамылғысы бар кезеңнің ұзақтығы 120-150 күн, қардың орташа қалыңдығы 

20-25  см.,  ауданның  қолайсыз  климаттық  факторларына  жиі  соған  дауыл  желдер,  қарлы 


                                                                                                                                     

 



және  шаңды  борандар,  көк  тайғақ  және  күшті  аяздар  жатады.  Жауын-шашындардың 

жылдық мөлшері 70-100 мм аралығында ауытқиды.  

 

Әулие тауы.  

 


                                                                                                                                     

 



 

 

1, 2, 3 - Ұлытау төмен таулы - ұсақ шоқылы эрозиялық-тектоникалық көтерілім; 4 



- Әулие үңгір; 5 - Ұлытауға әкелетін жол; 6 - Ұлытау - Әулиетау тауларының шыңы.   

 

 

                                                                                                                                     

 



Өсімдіктер мен жануарлар дүниесі 

Ауданның жануарлар әлемі әрқилы. Сайғақтар, қасқырлар, түлкілер, қояндар, еліктер, 

қабандар,  күзендер  көп  тараған;  бауырымен  жорғалаушылардың  арасында:  далалық  сұр 

жылан,  кесіртке,  сары  бауыр  кесіртке  тіршілік  етеді.  Ауданның  аумағында  құстардың 

бірнеше  түрлері  кездеседі:  үйректер,  аққулар,  бүркіттер,  жапалақтар,  үкілер,  жабайы 

қаздар,  тырналар,  дуадақтар,  тоқылдақтар,  көкектер  және  басқалары.  ҚР-ң  «Қызыл 

кітабына»  Ұлытау  тауларында  өсетін  шыршалар  және  Орталық  Қазақстанда  сирек 

кездесетін қайыңдар енгізілді. 



 

II.

 

ҰЛЫТАУ АУДАНЫНЫҢ ЭКОНОМИККАЛЫҚ-ГЕОГРАФИЯЛЫҚ 

СИПАТТАМАСЫ 

Ұлытау ауданының демографиялық күйі 

Аудан  тұрғындарының  саны  13810  адамды  құрайды.  2003-2009  жыл  аралығында 

шынайы өсімнің оңтайлы беталысы байқалады, 2009 жылы халықтың туу көрсеткіші 18,27 

промилле болуының және қайтыс болу көрсеткіші 9,11 промилле болуының негізінде 9,16 

промиллені құрады.  

2004-2009  жылдар  аралығында  тұрғындардың  механикалық  көші-қонының  тұрақсыз 

сальдосы  байқалады  және  теріс  мағыналар  арта  түседі.  Демографиялық  әлеуеттің  теріс 

беталыстарына көші-қондық жылыстауының есебінен аудандағы тұрғындардың 2,5%-дан 

артық шамаға азаюы жатады.  

Өнеркәсібі 

Ұлытау  ауданының  өнеркәсібін  тау-кен  өндірісі,  өңдеу  салалары  және  электр  қуаты 

мен суды бөлу құрайды. Ірі және орта өнеркәсіптік кәсіпорындардың қатарына «Орба тас» 

ЖШС, «Ақ тас» ЖШС, «Қазақмыс» корпорациясы тұсындағы Қарсакбай металлургиялық 

зауыты, «Ұлытау» ҚМК, «Жезбұлақ» ҚМК жатады. 

2008  жылдан  бастап  2012  жыл  аралығында  ауданның  өнеркәсіптік  өндірісінің 

көлемдері  897,6  млн,  теңгеден  393,0  млн.  теңгеге  дейін  немесе  44%-ға  азайды.  2009 

жылдағы физикалық көлемі 105%-ға ұлғайды. 

Ауданның  аумағында  басқа  облыстарды  тіркелген,  бірақ  Ұлытау  ауданындажерді 

жалға  алатын  ірі  өнеркәсіптік  кәсіпорындар  бар;  «Досстау  Литос»  ЖШС,  «Форпост» 

ЖШС және «Петро Қазақстан Құмккөл Ресорсиз» АҚ-ң ірі мұнай компаниялары, ,«Торғай 

Петролиум»  АҚ,  «Қазтрансойл»  АҚ,  «Қазақстан-қытай  құбыржолы»  ЖШС,  «Оңтүстік 

Шығыс  сервистік  тобы»  ЖШС,  «Орталық  жүйеаралық  электр  желілері»  филиалы, 

«КEGOC»  АҚ,  «Қазақмыс  Корпорациясы»  ЖШС,  «Қазақстан  темір  жолы»  Ұлттық 

компаниясы»  АҚ  ауданның  инвестициясын  арттыру  үшін  8  жылдан  астам  уақыт  бойы 

әрекет етуде. 

 


                                                                                                                                     

 



2007-2011 жылдар аралығында өнеркәсіптегі тауарлық өнімнің физикалық көлемі мен 

өндіріс көлемінің әріпсанының өзгеру қарқыны. 

 

 

Көліктік инфрақұрылым  



Автокөлік  жолдарыныңжалпы  ұзындығы  924,4  км  құрайды,  олардың  ішінен 

республикалық  маңызы  бар  жолдар  618  км,  облыстық  маңызы  бар  жолдар  474  км  және 

аудандық  маңызы  бар  жолдар  213  км  құрайды.  Жолдардың  көптеген  бөлігінің  топырақ 

жабыны бар.  

Жалпы  алғанда,  ауданда  жабыны  бар  жолдар  көп,  алайда  ауылдық  жерлерде  тұтқыр 

материалдармен  өңделмеген  жолдардың  жоқ  екендігіне  назар  аударған  жөн.  Қатты 

жабыны бар жолдардың үлесі 81 % құрайды. 

Ұлытау  ауданының  автокөлік  жолдарының  техникалық  күйі  мынадай  шаманы 

құрайды: 

 



республикалық  мағынасы  бар:  күйі  жақсы  –  44,9%,  қанағаттанарлық  –  32%, 

қанағаттанбайтын – 22%; 

 

облыстық  мағынасы  бар  жерлердің  арасынан  олардың  болмашы  көлемі  ғана 



жақсы  күйде  екенін  атап  өтуге  болады  –  барлығы  28  %.  Қалған  жолдарды 

сапасы  қанағаттанарлық  жолдар  (шамамен  35%)  және  қанағаттандырмайтын 

(37%) деп жіктеуге болады

 



аудандық  мағынасы  бар  жолдардың  күйі  нашар,  жолдардың  20%  ғана  күйі 

жақсы  жолдар  ретінде  сипаттала  алады,  43%  -  сапасы  қанағаттанарлық 

жолдарды құрайды және 37% – күйі қанағаттандырмайтын жолдарды құрайды; 

1368,6 


1435,3 

1666,7 


1941,7 

2249,8 


103 

103 


104,2 

113,9 


123,1 

90

95



100

105


110

115


120

125


130

0

500



1000

1500


2000

2500


2005г

 

2006г



 

2007г


 

2008г


 

2009г


 

промышленность всего в млн.тенге

 


                                                                                                                                     

 



 

кент  ішіндегі  жолдардың  күйі  жақсы,  күйі  жақсы  жолдары  -  10%, 



қанағаттанарлық – 16%, қанағаттандырмайтын – 74%.  

 

Ұлытау ауданында белгілі бағытпен жүретін автобустар бар. Мысалы: Ұлытау – Жезді 



–  Жезқазған,  Жезқазған  –  Жезді  –  Ұлытау  бағыты  6  елді  мекенді  қамтамасыз  етеді. 

Сонымен қатар, Жезді кентіне тасымалдар темір жол көлігімен же жүзеге асырылады.  

Автокөлік  жолдары  –  көліктік-коммуникациялық  кешеннің  маңызды  бағыттарының 

бірі. 


Ұлытау  ауданының  автокөлік  жолдарының  жалпы  ұзындығы  –  1052  км,  олардың 

ішінде: 


- республикалық мағынасы бар автокөлік жолдары – 179 км; 

- облыстық мағынасы бар автокөлік жолдары – 389 км; 

- аудандық мағынасы бар автокөлік жолдары – 296 км; 

- кент ішіндегі автокөлік жолдары – 188 км. 

 

III.

 

 ЭКСПЕДИЦИЯ БАРЫСЫ  

Экспедиция 11 тамыз бен 22 тамыз аралығында өтті, соның ішінде 11 – 12 және 22 тамыз 

Ұлытауға және кері жол жүру үшін жұмсалды. 

 

Бірінші күн, 2014 жылғы 11 тамыз.  

Экспедицияның қатысушылары Астана қаласындағы қалалық цирк ғимаратының алдында 

жиналды және жиналғаннан кейін теледидар арналарыүшін сұхбат берді және бірнеше рет 

ортақ фотосуретке түсті.  

Сондай-ақ  осы  күні  бізге  Қарағанды  қаласынан  келген  экспедиция  қатысушылары 

қосылды.  

 

Екінші күн, 12.08.14 

Экспедиция  таңертең  ертемен  Ұлытау  кентіне  келді.  Күннің  бірінші  жартысында 

әкімдікке,  Ұлытау  қорық-мұражайына  экспецдицияның  техникалық  командасымен 

(жүргізушілер,  жолсеріктер,  тамақтануды  қамтамасыз  етушілер)  бірге  бардық.    Кездесу 

түске  дейін  жалғасты.  Одан  әрі  автокөліктерге  жабдықтарды  тиеп,  экспедиция  тұрақты 

орналасатын  орнына  -  Айбас  Дарасы  төңірегіне  аттанды.  Сол  жерге  келгеннен  кейін 

экспедицияның  шағын  орманның  шетінде  лагерь  құрды.  Шығыста  таулар  орналасқан. 

Ормандар мен таулардың арасында төбелер тізбегі бар жазықтық орналасқан.  



                                                                                                                                     

10 


 

Көп ұзамай орманда бұлақты тауып алдық.  Ол тазартылған және техникалық сумен қамту 

үшін  дайындалған.  Одан  кейінгі  сағаттарда  жолдан  демалуға  және  келесі  күнді 

жоспарлауға және жоспарларды нақтылауға арналды. 

 

 

 



                                                                                                                                     

11 


 

1  -  Байқоңыр  өзенініңоң  жақ  жағалауындағы  тастарға  салынған  суреттер;  2  - 

Байқоңыр  өзені;  3  -  Тамды  өзені;  4,  5  -  Тамды  өзенінің  жағалауындағы  тастарға 

салынған суреттер; 6 - Тұңғиық (Nymphaéa) ( Тамды өз.). 

 

Үшінші күн, 13.08.14 

Таңертең  шамамен  7-де  ояндық,  жылдам  жиналып,  сағат  8-де  жолға  аттандық.  Шамалы 

уақыттан  кецін  әкімге  бару  үшін  мен  Шумахо  Кумыковпен  бірге  лагерьде  қалдым. 

Алайда,  әкім  біздің  лагерьге  өзі  келді  және  біз  экотуризмді  дамыту  мүмкіндігін 

талқыладық.  

Көтерілімде  джиптердің  бірінің  доңғалағы  шығып  кетті.  Бұл  шамамен  сағат  9:30-да 

болды.  Басқа  екі  автокөлік  Ұлытауға  басқа  командаларды  күту  үшін  аттанды.  Кешірек 

Желілік  технологиялар  зертханасының  (ЖТЗ)  мамандары  келді  және  қиындыққа  тап 

болған  көліктің  доңғалағын  жөндеу  үшін  қосалқы  бөлшектер  әкелу  үшін  Жезқазғанға 

аттанды. Мәжбүрлі үзіліс орын алды 

Осы  кезеңде  негізгі  топ  лагерьге  оралды,  ал  бір  бөлігі  (журналисттер  және  мен) 

кесенелерге  (Жошы  хан,  Алаш  хан  және  Домбаул)  аттандық.  Кесенелер  фильм  үшін 

түсірілді және журналисттер басылымдары үшін материалдар жинады.  

Өкінішке  орай,  дайындалмаған  автокөліктер  үшін  кесенелерге  апаратын  жол  біз 

жоспарлағаннан  да  артық  уақытты  алды,  біз  қайтып  оралған  кезде  (түнгі  сағат  3 

шамасында)  «ЖК  Бакаева»  шатханасында  түнеуге  тура  келді.  Таңертең  14  тамызда 

команданың басқа мүшелері үшін таңғы ас алып, біз лагерьге аттандық.  



 

Төртінші күн 14.08.14 

Тауларға бару. Үш автокөлік жасақталды. Жарты сағаттық жолдан кейін (қатысушылар су 

алу  үшін  Ұлытауда  тоқтадық)  бөктерге  жеттік.  Автокөліктердің  біріндегі  екі  адам 

қайтадан лагерьге кетті, қалғандары шыңға шыға бастадық. 

Алғаш  рет  шыңға  шығып  жатқандарды  сақтық  ету  үшін  топтасып  жүрдік.    Жолда 

түсірілімдер  жасау,  демалу  және  көз  алдымыздағы  көріністі  тамашалау  үшін  аздап 

аялдадық. Шамамен бір жарым сағат белсенді көтерілгеннен кейін шыңға да жеттік Жол-

жөнекей  Әулие  үңгіріне  кірдік.  Тұрмыс  құрған  әйелдер  бала  сүю  үшін  және  босануын 

жеңілдету үшін осы үңгірге келу керек деген аңыз бар.  


                                                                                                                                     

12 


 

 

Қасиетті үңгір 

Шыңның басында экспедиция мүшелері жалпы фотосуретке түсті, тамақтанып, күш-қуат 

жинағаннан  кейін  көтерілуі  мен  түсуі  қиын  баурайдың  бойымен  күрделі  бағыт  арқылы 

Айбас-Дарасы  жағына  қарай  аттанды.    Түсу  адам  аяғы  баспаған  сүрлеу  жолдар  арқылы 

жүргізілді.  Алдағы  науқанның  күрделілігін  ескере  отырып,  топ  мүшелерінің  бір  бөлігі 

стандартты сүрлеу жол арқылы төменге түсті.  

Түсу  оңайға  соқпады.  Алғашқылар  мен  соңында  келе  жатқан  арасындағы  қашықтық 

алшақтай бастады, сондықтан уақыт өте келе бір-бірімізді дауыстап шақыруға және алда 

келе  жатқандарды  жүрісін  баяулатуды  сұрауға  тура  келді.  Тастар  арқылы  түскен  кезде 

экспедиция  мүшелері  айтарлықтай  қиындықты  сезінген  жоқ,  тек  абай  болу  қажет  еді. 

Бірнеше  сағаттан  кейін  арша  бұталарымен  бірге  қиындықтар  да  басталды,  аяқтарымыз 

шұңқырларға түсе берді, бұтақтар сызаттар қалдырды және ұстанатын нәрсе де болмады.  

Күн бата бастаған кезде лагерьге оралдық. 

 

Бесінші күн, 15.08.14 

лагерьде  белгілі  тәртіп  орнатылды  және  таңымыз  әдеттегідей  өтті:  8-ге  қарай  тұрдық, 

аздап  таңғы  асымызды  ішіп  алдық,  көп  ұзамай,  көліктерімізге  мініп,  оңтүстік-батыс 

бағытына қарай аттандық.  

Шамамен жарты сағаттан кейін Жезді кентіндегі 1994 жылы ашылған тауы және балқыту 

ісінің таризының мұражайына жеттік. Мұражай Ұлытау тауларынан бастап ағатын Жезді-

Кенгір  (Магра)  өзенінің  жағалауында  орналасқан.  Өз  кескіні  бойынша  бұл  мұражай  ҚР 

үшін ғана емес, сондай-ақ барлық Орталық Азия үшін бірегей. Сондай-ақ бұл орын – Ұлы 

Жібек жолының тарамдарының бірі. 


                                                                                                                                     

13 


 

Мұражайда  ежелгі  уақыттағы  және  орта  ғасырдағы  тау  және  балқыту  ісі  бейнеленген, 

палеолит  дәуірінен  заманауи  уақытқа  дейінгі  тарихты  көрсетеді.  Мұражайдың 

экспозициясында  көлемді  жэкспонаттар,  кен  кесектері,  ежелдегі  мыс  балқыту  пешінің 

қолданыстағы  макеті,  этнографияны,  сондай-ақ  материалдық  және  мәдени  өмірді 

сипаттайтын мыңдаған сирек экспонаттар бар. 

Есте  қаларлық  көрініс  -  мұражайда  жартастардан  қабырға  салынған  және  оған 

Байқоғырдағы петроглифтердегі суреттердің 1:1 масштабты көшірмелері түсірілген.  

Бір  сағаттық  экспедияицдан  кейін  Қарсақпай  арқылы  Байқоңырдың  жағына  қарай 

аттандық.  

Қарсақпай  -  кенді  шығару  және  өңдеу  жөніндегі  үлкен  өнеркәсіптік  аймақ.  Онда 

карьерлер,  ауыттар,  балқытқыштар  көп.  Сондай-ақ  кеңес  дәуіріне  дейінгі  кезеңде 

ағылшындықтар  салған  әйгілі  қарсақпайлық  көпір  орналасқан.  Ол  әлі  күнге  дейін 

қолданысты  және  металлдан  бұрандамаларсыз  саоынған,  ондағы  арқалықтар 

тойтармалармен  байланыстырылған.  Қаланың  көрінісі  адам  шошырлықтай,  себебі 

бұзылған және ескі зауыттар тұр.  

Қарсақпайды  өткеннен  кейін  біз  Ұлытау  ауданының  кенті  -  Байқоңырдың  аумағына 

келдік.    Ауылда  ғарыш  алаңының  бар  екендігінің  көрінісін  жасайтын  көптеген 

инсталляциялар  бар.    (Мәселе  мынада,  КСРО-да  құпиялылық  үшін  2  Байқоңыр  болған, 

Жезқазған  облысындағы  осы  Байқоңыр  алдамшы  ретінде  болған  және  оның  ғарыш 

алаңының еліктемесі ретінде бірнеше құрылымдары бар).  

Одан  әрі  экспедиция  ауылдық  округтың  әкімдігіне  аттанды  (Жезді  кентіндегі  мұражай 

қызметкерлерінің кеңесі  бойынша)  және  алып  жүруші  адаммен  бірге  жартасқа  салынған 

суреттерге қарай бағыт ұстады.  

Петроглифтер орналасқан жер өте көркем және сондықтан болар, бұл жерлерге жергілікті 

тұрғындар  пикникке  жиі  шығады.  Құздың  алдында  шағын  тоған  бар,  оның  айналасында 

қамыстар орналасқан. Биік емес жағалаулық құз құлама өзен сағасының бойымен батысқа 

қарай  созылып  жатыр.  Судан  шығып  тұратын  тас  тақта  жануарларды,  аңшылықты  және 

алғашқы суретшілердің тұрмысын бейнелейтін петроглифтермен шұбарландырылған. 

Өкінішке орай, заманауи адамдар осы жерлерге келгенде, жабайылық әрекеттер жасағаны 

көрініп тұр, олар петроглифтердің үстіне бояулар төккен немесе өз есімдерін ойып жазған. 

Жездідегі  мұражадйдың  қызметкерлері  осы  суреттердің  көшірмелерін  жасап,  тарихтың 

бір бөлігін сақтап қалу үшін әрекет еткен еңбегі орасан зор. Өзеннің бойымен артқа қарай 

жылжи  отырып,  біз  петроглифтердің  одан  да  көп  санын  таптық,  қуантатын  бір  жайт  - 

оларға қатысты біздің кейбір замандастырымыз ешқандай қасақана әрекеттер жасамаған.  

Бірнеше сағаттан кейін, петроглифтерді зерттеуді аяқтағаннан кейін лагерьге аттандық.  

 

 


                                                                                                                                     

14 


 

Алтыншы күн, 16.08.14 

Бұл күні алыс қашықтыққа жолға шықпау туралы шешім қабылдадық, себебі кешегі күн 

зерттеушілерді де, жүргізушілерді де әбден шаршатты.  Одан әрі біз дәл осындай кестені 

ұстандық, яғни бір күн алыс қашықтыққа барсақ, келесі  күні  лагерьден алыс емес жерге 

баратын болдық.  

Алтыншы  күні  біз  Сарлық  кентіне  аттанды,  ол  жерде  Ш.  Кумыков  судың  сынамаларын 

алды  жәге  ауыл  тұрғындарының  арасында  су  ресурстары  мен  кәріз  жүйесі  туралы 

сауалнама  жүргізді.  Жергілікті  тұрғындар  экспедицияның  мүшелерін  ілтипатпен  қарсы 

алды және бауырсақтар мен әртүрлі тағамдарды ауыз тигізді. Кентке жақын жерде үлкен 

аңшылық орны және Әмір Темірдің (Темірлан) әскері жиналатын орын орналасқан, онда 

Темір  әскерінің  Тоқтамыс  ханмен  шайқасқа  түскені  туралы  ескерткіш  тас  орнатылған. 

Оқиға 1351 жылы орын алған.  

Темірдің әсері жиып қойған тастар аласа үстірттің үстінде орналасқан, ол жердегі таза ауа 

ерекше  көрінді  және  төңіректің  керемет  көрінісі  ашылады.  Экспедицияның  әр 

қатысушысы  ұлы  қолбасшыға  деген  өз  құрметін  білдіру  үшін  шың  басына  1  тастан 

көтерді.  

Келесі  тағайындалған  жер  Тамда  петроглифтері  болды.    Тамдаға  бара  жатқан  жолда  біз 

күтпеген  кездесуге  тап  болдық.  Біздің  көлігіміз  бірінші  болып  келе  жатқан  еді. 

Алдымызда қара нүктелерді  көрдік. СТВ арнасының операторы Олег Парамонов оларды 

бірінші  болып  анықтады.  Жүргізуші  газды  басты  және  біздің  көз  алдымызда  керемет 

көрініс  ашылды:  біздің  бағытымызда  бара  жатқан  айғақтардың  шағын  тобын  көрдік. 

Кірпік қағым уақытта біз 70 км/сағ. жылдамдығымен қозғалып келе жатқан сайғақтардың 

керемет  сұлулығынан  ляззат  алдық.  Мүйізді  сайғақ  еш  қорықпай,  біздің  жолымызды 

кесіп, қалған сайғақтарды бізден алысырақ алып кетті.  

Тамдаға  жете  берген  кезде  біз  тағы  бір  тосын  сыйға  тап  болдық.  Біздің  алдымызда 

маңғазданып отырған екі бүркітті көрдік. Біз көліктерімізден ытқып шығып, фотосуретке 

түсіре бастап едік, алайда, олар лезде ұшып кетті. Олар К. Моненің «Шағын құмыралар» 

суретіндегідей  көркем  тоған  табылған  шатқалдың  үстінен  ұшып  жүрді.  Шатқал  Тамда 

өзенінің  сағасындағы  көлдердің  тізбегі  болды.  Бұл  өзен  ыстық  мезгілде  қатты  кеуіп 

қалады, ескі арна түріндегі көлдердің тізбегін қалыптастырады және су толған немесе су 

тасқан  кезеңде  қайтадан  толады.  Өзеннің  жағалауларында  петроглифтері  бар  жартастар 

орналасқан. Өкінішке орай, бұл жолы петроглифтерді таба алмадық.  

Сондай-ақ Сарлыққа бара жатқан жолда команда Қазақстандық хандар салтанатты түрде 

жарияланған жерге барды. Бұл жер Хан Ордасы деп аталады.  

Осы  күні  команданың  бір  топ  мүшелері,  яғни  мен,  В.  Шуптар,  А.  Коржев  және  Ж. 

Ориспаев  өлкетанушылар  -  А.И.  Исмагуловпен  және  С.  Қожамсеитовпен  кездесу  үшін 

Жезқазған  қаласына  аттандық,  олар  бізге  осы  өлкенің  ежелгі  жәнезаманауи  тарихын 

айтып  берді,  өлкенің  көптеген  ауызша  хикаялары  мен  аңыздарын  айтып  берді.  Ж. 

Ориспаев  (massaget.kz  журналисты)  одан    әрі  өңдеу  үшін  және  жариялануы  мүмкін 


                                                                                                                                     

15 


 

сұхбаттар  алды.  Сондай-ақ  Әлмұқан  Исмағұлұлы  келесі  күні  өз  көлігімен  экспедицияға 

өлкетанушы және жолсерік ретінде қосылды.  

Жетінші күн, 17.08.14 

Кешке  біз  келесі  күні  Тамда  петроглифтерін  табуға  және    сипаттамасы  үзік-үзік 

келтірілген және орналасқан жеі болжалды үрде ғана мәлім болған тауға баруға бел будық 

(жеке түсірілімдер Google Earth жүйесінде келтірліген).  

Тамда петроглифтерін айтарлықтай жылдам тауып алдық. Нақылай келсек, петроглифтер 

келтірілген  үш  шығыңқы  жерді  анықтадық,  және  жағалаудың  бойымен  жүрсе,  тағы  да 

петроглифтерды  тауып  алуға  болады  деген  пікір  туындады.  Петроглифтер  туралы 

ақпаратты  бізге  жақын  жердегі  қыстақтың  жергілікті  тұрғындары  берген  еді,  олар 

птероглифтерді мал суаратын суға бара жатқан жолда көргендігін айтқан болатын.  

Одан  әрі  Тамда  петроглифтеріне  сипаттама  беру  жөніндегі  экспедицияны  ұйымдастыру 

қажет  болу  мүмкін.  Себебі  ол  жерлерде  тағы  да  петроглифтердің  болуы  әбден  мүмкін. 

Өзеннің  өзі  өте  көркем.  Көрікті  жағалаулар  да,  ыңғайлы  тәсілдемелер  де  бар.  Суда 

балықтар көп.  

 

Ұлытау петроглифі 

Одан әрі көлікке мінген топ ағыс бойымен Қостанай облысының шекарасына дейін барды, 

ол  жерде  таулы  құрылымдар  анықталды  және  картаға  енгізілді.  Жергілікті  тұрғындары 



                                                                                                                                     

16 


 

оны Ақжар тауы деп атаған екен (алайда атауы нақты болмауы мүмкін, себебі бұл жерге 

жергілікті тұрғындардың  өзі  сирек  келеді  екен).  Онда  су  өте  аз  және  өсімдіктер  жоқтың 

қасында, төңірек күн сәулесі мен ыстыққа әбден күйген сияқты. Топырақта көп мөлшерде 

темір  болғандықтан,  таулы  құрылымдардың  шыңы  қызыл  түсті,  ал төменірек  сары  түсті 

болып  келеді.  Геологтарға  түсірілімдерді  көрсету  керек,  мүмкін  олар  бұл  қандай 

құрылымдар  екендігін  анықтай  алар.  Менің  болжауым  бойынша,  бұл  жауын-шашынды 

құрылым  сияқты,  темірдің  көп  мөлшерде  болуы  және  шың  басындағы  қызыл  түс 

тотығатын  темірдің  салдарынан  болуы  әбден  мүмкін.  Сондай-ақ  таулардың  шыңындағы 

климат  ыстық, онда гипс пен әктастың минералдары көп мөлшерде кездеседі. Таулардың 

қызыты колориттік түсінің салдарынан бұл учаске Марсиандық көрініс деп аталады және 

туристтер үшін, әсіресе экстремалдық автотуристтер үшін өте қызықты болатыны сөзсіз, 

себебі бұл төңірекке жету қиын.  Себебі аяқ өткелдер, дала жолдары және кедіргілер көп 

кездеседі. Өзенге жақын жерде 19 ғасырдың қызық кесенесі орналасқан.  

 

 

1  -  Ақжар;  2  -  Ұлытау үстіртінің  заманауи  бедері;  3  -  Ұлытау  тауындағы  бұлтты 



ауа-райы; 4 - Арша (Juníperus) (түр. арча) 

 


                                                                                                                                     

17 


 

 

Сегізінші күн, 18.08.14 

Сегізінші  хайкингке  –  тауларға  мінуге  арналды.  Бұл  жолы  біз  Едіге  тауының  шыңына 

шығуға  бел  будық  (1064  м).  Топтың  қалған  мүшелері  Едіге  тауының  бөктеріне 

бағытталды. Тапсырма мынадай еді: Едігеге көтерілу және жол-жөнекей көтерілу туралы 

GPS  трек  жазу.  Көтерілу  үшін  шамамен  3-3,5  сағат  кетті.  Түсу  үшін  де  сонша  уақыт 

жұмсалды.  Көтерілу  Едігенің  солтүстік  жағынан  жүргізілді.  негізгі  шыңнан  аздап 

шығысқа  қарай  орналасты.  Одан  әрі  тура  сызық  арқылы,  жота  бойымен  батысқа  қарай 

Едігеге  дейін  бардық.  Шың  баынан  керемет  көрініс  ашылды,  барлық  алқап,  сондай-ақ 

біздің  оагеріміз  орналасқан  төңірек  те  жақсы  көрінді.  Шың  баында  журналисттер  осы 

таңғажайып көріністі суретке түсірді және бірнеше сұхбат алды. Шың басында сондай-ақ 

Едіге мен Тоқтамыстың мазарлары орналасқан, аңыз бойынша олар осы таудың шыңында 

жерленген  делінген.  Осы  екі  адам  осы  жерде  бірге  жерленгені  таң  қалдырады.  Демек, 

Тоқтамыс Тюмень қаласының жанындағы шайқаста қаза тапқан болатын. Сонымен қатар, 

олар  бірнеше  шайқас  өткізген  қарсыластар  болған.  Және  қайтқаннан  кейін  оларды 

жақындастыру  туралы  шешім  түсініксіз.  Түскен  кезде  ешқандай  күтпеген  оқиғаға  тап 

болған жоқпыз. Тау баурайында біз бірнеше жыдланды көрдік және қатысушыларға абай 

болу  туралы  ескертілген  болатын.  Сондай-ақ  үсіп  келе  жатқан  кезде  көтеруге  қатысқан 

бойжеткендердің  бірінің  жіліншігінің  бұлшықеті  тартылып  қалды.  Алғашқы  жәрдем 

көрсеткеннен кейін лагерьге аттандық.  

 

Тоғызыншы күн, 19.08.14 

Тоғызыншы  күні  экспедиция  қайтадан  бөлінді.  Экспедицияның  бір  бөлігі 

журналисттермен  бірге  Арғанаты  тауына  және  Заңғыртас  петроглифтеріне  аттанды. 

Экспедицияның  осы  бөлігі  жолда  Егіндібұлақ  деп  аталатын  бұлаққа  барды  (аудармасы 

«өнімді  бұлақ»  дегенді  білдіреді,  басқа  атауы  -  Қайнар  көз).  Өлкетанушы  Әлмұқан 

Исмағұлұлы  бұлақ  егістіктерді  суару  үшін  пайдаланғандығы  туралы  айтты.  Егістіктің 

айналасында  15-17  км  жерде  алқаптар  орналасқан.  «Қайнар  көз»  атауы  бұрыннан  бері 

берілген,  себебі  бұлақтың  түбінен  үнемі  ұсақ  ағыстар  бұрқырап,  топырақтың  беткі 

қабатын  жоғары  көтереді  және  су  қайнаған  кезде  бұрқырау  елестейді.  Суы  өте  мөлдір, 

таза  және  салқын.  Соңғы  жылдары  бұл  бұлақ  ұмыт  қалған  және  бітелуге  шақ  қалған. 

Экспедицияның  қатысушылары  бұлақтың  көзін  тазартты  және  бұлақтың  ағыстары 

қайтадан бұрқырай бастап, алғыс ретінде бізге өз балғындығын сыйлағандай болды.  

Одан әрі  жоңғарларға қарсы шайқастардағы  қолбасшылардың бірі болған,  сондай-ақ сол 

кезде абыройы асқақтап тұрған Әбілхайыр ханды өлтірген Барақ сұлтанның мұражайына 

бардық.  Барақкөл  көлінде  біз  көптеген  балық  аулаушыларды  байқадық.  Күннің  соңында 

Заңғыртас  (сыңғырлаған  тастар)  петроглифтерін  көруге  бардық.  Қызықты  үлгілерді 

байқадық.  Сондай-ақ  қатысушылар  атап  өткендей,  туристтік  нысандар  тізіліміне 


                                                                                                                                     

18 


 

енгізілген  нысандардың  кейбіреуі  қате  бағдармен  енгізілген  немесе  мүлдем  жоқ  немесе 

тоналған.    

Содан кейін топ лагерьге аттанды. 

 

Жошы ханның мазары 

 

Мен  және  ЖТЗ  мамандарынан  құралған  топ  таңертең  Жезқазған  қаласына  аттандық, 

негізгі  экспедиция  үшін  бензин  сатып  алдық  және  Ұлытау  ауылының  қасындағы 

Қазақстан  халықтарының  бірлігі  монументінде,  Жошы  хан  мен  Алаш  ханның 

мазарларында,  сондай-ақ  Домбаул  мазарында  ұшқышсыз  құралмен  түсірілім  жүргізуге 

аттандық.  

Биіктіктен  бейне  және  фототүсірілім  жасалды.  Сондай-ақ  KMZ  файлдарын  жасау  үшін 

түсірілім  жүргізілді.  Бұл  файлдар  GoogleEarth  жүйесінің  ғаламтор  желісінде 

орналастыруға  арналған.  ЖТЗ  мамандары  осы  мақсаттар  үшін  түсірілмдер  жүргізді. 

Экспедиция  оралғаннан  кейін  мәселе  анықталды.  Нысандарды  3Д  пішімінде  үлгілеуге 

арналған  түсірілімдер  дұрыс  жасалмаған  (бұл  ЖТЗ  мамандарының  алғашқы  тәжірибесі 

еді)  және  өкінішке  орай,  3Д  үлгісін  жасау  мүмкін  болмады.  Бірақ  мамандар  биіктіктен 

керемет  кадрлар  түсіріпті,  оларды  жарнамалық  роликтер  мен  фильмдерде  пайдалануға 

болады.  



                                                                                                                                     

19 


 

Артқы  жолды  біз  басқа  жолмен  жүріп  өттік,  себебі  жүрген  жолымызбен  қайтадан  жүру 

қызық емес және Жезқазғанға дейінгі жолды қысқарттық.  

 

Оныншы күн, 20.08.14 

Оныншы күні Едіге тауына оңтүстік баурайынан көтерілуге бел будық. Жол таулы және 

дала жолдары бойынша өте ұзақ болды және шамамен 4 сағатқа созылды. Грегор Кулитц, 

Катя Фойгт және ЖТЗ маманы Темірбектен құрылған хайкинг тобы Едігеге аттанған кезде 

біз  Едігені  ұшқышсыз  түсірілімге  кірістік.  Сол  кезде  ұшқышсыз  басқарылатын  құрал 

аспанға көтерілкен кезде, жылдамдығынан айырылып, таудың бөктеріне құлап, алғаш рет 

жарақттанып қалды. Сәтсіз ұшуды талдай отырып, біз бұрамалардың (барлығы - 4 бұрама) 

бірінің  жылдамдығы  үшін  жауап  беретін  мотор  сынып  қалған  және  синхронсыздану 

ұшқышсыз ұшатын аппаратты күрт төмен құлатты деген қорытынды жасадық. Қиындық 

ауада  басталды,  себебі  ол  бірқалыпты  көтерілген  еді.  ЖТЗ  мамандары  ауылға  оралып, 

ұшқышсыз аппаратты жөндеді.  

 

Тамда өзені сағасының көрінісі 

Одан  кейін  ол  тағы  үш  рет  құлады  және  басқа  жарақаттар  алды.  Ондайн  суретті 

трансляциялау  үшін  жауап  беретін  модуль  де  зақымдалды  және  ЖТЗ  мамандары  оны 

далалық  алқапта  жөндеді.  ЖТЗ  мамандарының  орасан  зор  еңбегін  атап  өткен  жөн,  олар 

бір сағаттың ішінде аппаратты жөндеп, барлық бөлшектерді дәнекерледі. Сурет көрінген 

кезде  біз  оны  қайтадан  ұшырдық,  бірақ  бұрамалар  жылдамдықтарының  синхронсыздану 

мәселесі  қайтадан  байқалды  және  ол  тағы  да  Ұлытау  тауына  құлап  түсті.  Осы  күні  оны 

соңына дейін жөндеуге мүмкіндік болмады. Оны лагерьге келгесін жөндеді.  



Он бірінші күн 21.08.14 

Жылысай  шатқалындағы  Балбалаларды  көру  үшін  экспецдиция  мүшелері  Қорғантас  деп 

аталатын жалғыз шыңға аттанды.  


                                                                                                                                     

20 


 

Қорғантас  маңында  қазақтар  мен  жоңғарлардың  шайқасы  болған,  онда  қазақтар  екінші 

жеңіске  жеткен  және  Ұлытауда  қамауда  ұсталған  қазақтарды  еркіндікке  шығару 

қозғалысы басталған. Осы шайқас болған  жердің атауының символикалық мәні  «Қалмақ 

Қырған». 

Сондай-ақ біз жақында археологиялық қазбалар жүргізілген жерлерге де бардық.  



 

Он екінші күн, 22.08.14 

Лагерьді  жинастырып,  үйімізге  оралдық.  Тараспас  бұрын  шайханада  тамақтанып  алдық, 

Қазақстан  халықтарының  бірлігі  монументінің  алдында  суретке  түстік  және  ежелгі 

керемет  Ұлытау  тауларына  соңғы  рет  қарап  шықтық.    Атап  өтетін  бір  жайт,  біз  кететін 

күні  Ұлытауға ҚР Президенті  келді және Ұлытаудың біздің еліміздің барлық халықтары 

үшін мәдени және тарихи маңыздылығы туралы жан-жақты сұхбат берді.  



 


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет