Бекітемін
Мектеп директоры
---------Е. Аширов
1.02.2022ж.
Еңбек орта мектебінің білім алушылары арасында өтетін М.Мақатаевтың туылған күнін атап өтуге арналған іс-шаралар жоспары
№
|
Іс-шара атауы
|
мерзімі
|
жауапты
|
1
|
М.Мақатаевтың туылған күніне арналған іс-шара жоспарын құру
|
1.02.2022ж
|
К.Момынжанова
|
2
|
«Мұхаметқалидан Мұқағалиға дейін» тәрбие сағаты
|
1-8.02.2022ж
|
Сынып жетекшілері
|
3
|
«Қазақтың мұзбалағы» көрме
|
1-10.2022ж
|
С.Бегешова
|
4
|
«Мұқағали-мәңгілік ғұмыр» Мұқағали оқулары
|
2-3.02.2022ж
|
К.Момынжанова
|
5
|
Әлеуметтік желілер мен БАҚ-на орналастыру
|
Дер кезінде
|
А.Шалден
|
Жоспарды құрған:ДТІЖО К. Момынжанова
Еңбек орта мектебі КММ
Бекітемін
Мектеп директоры
-----------Е. Аширов
2.02.2022ж
«Мұқағали-мәңгілік ғұмыр»
атты
Мұқағали оқуларының бағдарламасы
2021-2022 оқу жылы
Еңбек орта мектебінде 2021-2022 оқу жылында өткізілген
Мұқағали Мақатаевқа арналған «Мұқағали – мәңгілік ғұмыр» атты
Мұқағали оқуының бағдарламасы
/Зал безендірілген, баяу әуен ойнап тұрады. Ортаға жүргізушілер шығады/
1-жүргізуші: Армысыздар, қадірлі ұстаздар мен қымбатты оқушылар! Жыл керуені алға жылжыған сайын Мұқағали Мақатаевтың артына қалдырған өшпес мұрасы, жарық жұлдыздың қараңғы түн қойнауынан құпия сәулесін шашқандай жарқырай, өркендей өсіп, айшықтала түсуде. Абай үндес Мұқағалидай перзенті бар халық-шынымен бақытты халық.
2-жүргізуші: Иә, Мұқағали- ғажайып, ақиық, сыршыл, гуманист ақын. Ол-бізге көрінбейтін сиқыр бояулардан, бізге естілмейтін құпия дауыстардан күш алатын жұмбақ ақын. Ақын өлеңдерін оқыған сайын ақиқат бейнелі рух, сезім мен сананың бірлігі көңілге ұялайды.
1-жүргізуші: Қымбатты ұстаздар, қонақтар, оқушылар! Ақиық ақынның шығармашылығына арналған «Мұқағали – мәңгілік ғұмыр» атты Мұқағали оқуымызды бастаймыз.
Алғашқы сөз кезегін Мектеп директоры Ербол Сапарбайұлы Ашировқа береміз
2-жүргізуші: Ақиық ақын 1931 жылдың 9-ақпанында Алматы облысы, қазіргі Райымбек (бұрынғы Нарынқол) ауданының Қарасаз ауылында дүниеге келген. Мұқағалидың әкесі Сүлеймен шаруа адамы болған. Бастауыш сыныпты Қарасазда оқып, орта мектепті Нарынқолда интернатта оқып бітіреді. Мектепте оқып жүрген кезде ең алғашқы өлеңдерін бастаған болатын. 1948 жылы орта мектепті бітірісімен, мәдени-ағарту саласында түрлі қызметтер атқарды. Мектепте әдебиет пәнінен сабақ берді. Аудандық газетте әдеби қызметкер болып істейді.
1-жүргізуші: Кезінде ақиық ақын М. Мақатаев:
«Ақынмын деп қалай мен айта аламын,
Халқымның өз айтқанын қайталадым.
Күпі киген қазақтың қара өлеңін,
Шекпен жауып өзіне қайтарамын», - деп қарапайым қазақтың қара өлеңінің жілігін шағып, майын ішті. Дегенмен, өзінің әділ бағасын ала алмай кеткен ақынның әділ таразысы халық болды. Оны күллі халық сүйіп оқыды. Мұқағали шын мәнінде, бір туар екенін халыққа таныта білді.
2-жүргізуші: олай болса кезекті «Айтып өткен ақында арман бар ма» атты Мұқағали шығармаларын жатқа айту кезеңіне кезек береміз.
1----------------------------------------------------------------
2-----------------------------------------------------------------
3-----------------------------------------------------------------
4Мұсылман А «Ғашықпын»
5Ұябаев А «Отан»
6-Әбдіразақова Айдана «Пай-пай,өмір!»
1-жүргізуші:
Көрер едің Шаламын ба, отпын ба,
Білер едің, Ақынмын ба, жоқпын ба?
Кектендірген хан Жәңгір де жоқ мұнда,
Көктенетін Махамбетте жоқ мұнда
Сырым да осы, Жырым да осы, алдыңда,
Байқашы бір, Бықсыдым ба, жандым ба?
Махаңдар жоқ, Махаңдардың сарқыты – Мұқағали Мақатаев бар мұнда , - деп бір күндік сәуледей ағып өткен қазақ жырының шоқ жұлдызы Мұқағали Мақатаев 9 ақпан күні туылған.
2-жүргізуші: Мұқағалидің тұңғыш өлеңі 1948 жылы Нарынқол аудандық «Советтік шекара» газетінде басылды. Мұқағали поэзиясы – таңғы шықтай мөлдір поэзия. Ақынның «Дариға жүрек», «Аққулар ұйықтағанда», «Өмір - дастан», «Атамекен», «Райымбек» т.б кітаптары жарық көрді
1-жүргізуші: Аламан бәйгеге оза шауып, өлең-жырда шамасына шаң жұқтырмаған ерен жүйрік, талантты тұлға Мұқағали ақынның өмір жолы әр алуан. Оны біріміз білсек, біріміз білмейміз. Олай болса, қыран тағдырлы ақын Мұқағали ағаның өмір жолынан деректерге назар аударайық.
/Интерактивті тақтадан Мұқағали Мақатаев туралы бейнеролик жүреді/
2-жүргізуші: Ақынның ғұмырлы поэзиясы бүгінгі таңда барша жұрттың жүрегінен берік орын алып, қуанышы мен қайғысын бөлісетін айнымас жан серігіне айналды.
1-жүргізуші: Ақынның «Аманат» жыр жинағы 2000 жылы Мемлекеттік сыйлыққа ие болды. Бүгінде Мұқағали ақынның 13 кітабы бойынша 1834 өлеңі, 19 поэмасы бар екені анықталып отыр. Мұқаңның 35 мың жолға жуық өлеңі поэзия сүйер қауымның іздеп жүріп оқитын жырына айналды. Ақын өлеңдеріне 100-ден астам әндер жазылды.
2-жүргізуші: ендеше , келесі кезекте «Көкірегімде жыр сәулесі маздайды...» айдарында оқушылар Мұқағалидың сөзіне жазылған әндерін орындайды.
1-------------------------------------------
2----------------------------------------------
3------------------------------------------------
4-------------------------------------------------
5--------------------------------------------------------
6----------------------------------------------------
1-жүргізуші: Бүгінде ақынның ортамызда болмағанына налимыз, ал медет тұтармыз – алып ақынның өзінің көзіндей көрінетін өркеш-өркеш өлеңдері халқынан қалтқысыз бағасын алып, келер ғасырға керуен көшін сенімді түрде ұзатып барады. Азаматтық пен адамгершілікті асқақ мұраты санаған ақынның жүрек сырлары шынайы болмысымен, ақиқаттың алдында аласармаумен қымбат та құнды.
2-жүргізуші: Мұқағали – біздің замандағы ғажайып ақындардың бірі. Ақынның өзі «Егер сіздер шынымен менің өмірбаянымды, шығармашылығымды зерттемек болсаңдар, онда мен не жазам, соның бәрін түгел оқып шығуды ұмытпағайсыздар. Мен өз өлеңдерімнен бөліп қарамауларыңызды өтінем» деген екен.
1-жүргізуші: Табиғатында адамға жаманшылығы жоқ, жаны жуас, жомарт, өзін басқаның бәрінен кіші санайтын ақын көкірегінен буырқана ағылған жыр жанартаулары өлең құмар халыққа таусылмайтын сый, мол қазына болып қала бермек. Ақынның сөзі өлмесе, өзі де өлмегені. Ақын мұрасы, маржан поэзиясы – мәңгілік болашақ ұрпақтың еншісі, қастерлеп, қадірлейтін қазынасы. Олай болса, жас ұрпақтың «Мұқағали» есіміне арнаған лебізі , қашан да ақиқаттың ақ туын көтеріп, әділет пен адалдақты тең ұстаған ақынның ғажайып сырлы өмірі жайлы жас ақындарымыздың шығармаларына кезек берейік.
1---------------------------------------
2---------------------------------------
3--------------------------------------
4-------------------------------------------
5-----------------------------------------
6---------------------------------------
2-жүргізуші:
Көп адам дүниеге бой алдырған
Бой алдырып, аяғын көп шалдырған.
Өлді деуге бола ма, ойлаңдаршы,
Өлмейтұғын артында сөз қалдырған
жүргізуші:М–Мұқағалидың Ұ–ұрпаққа Қ–қалдырған А–аманатын Ғ–ғасырлар А–арнасына Л–лайық деп И–иіліп , бас иеміз. –барлығы бірге: Рахмет!.
2-жүргізуші: Міне, бүгінгі кешке қатысқан тыңдарман қауым, Мұқағалидың сырлы, әуенді, мұңды жырларына қанық болдыңыздар деп ойлаймыз.
1-жүргізуші: Жылдар тізіліп өткен сайын Мұқағали ақынның бейнесі тұлғалана, биіктей түседі. Оның рухани қазынасын ұлт иелігіне асыратын XXI ғасырдың жастары-сендерсіңдер!
2-жүргізуші: «Ғасыр ақыны» атанған Мұқағали жырлары жылдан -жылға, ғасырдан- ғасырға жалғаса бермек! Мұқағали-мәңгілік өмір!
1-жүргізуші: Осымен, ақиық ақын Мұқағалиға арналған «Мұқағали-мәңгілік ғұмыр» атты Мұқағали оқулары аяқталды.
2-жүргізуші: Келесі көріскенше амандықта болайық
Арнау
Мұқағалиға Мұқағалиша
Ақиық ақын өлең жыр мұзбалағы
Сізге арнап жас балаң жыр жазады
Тартылмайды мәңгілік өзің құйған
Маржандай мөлдір таза жыр аралы
Ақын ата кеменгер дара тұлғам
Өзгеше басқалардан сенің тұлғаң
Мұхит болып Мұқаңдай жыр жазамын
Мен өзіңдей ақындыққа белді буғам
Мұқағали мәңгі өшпес ұлы ақын
Ұрпағымын жалғастырар мұрасын
Дауыл тұрып қарсы шығып жатсада
Шамшырақ болып мәңгі жанып тұрасың
Жерде жүріп көкті аңсаған аққу қаз
Іздеп сізді тұратындай қара саз
Білмеймін сырға толы жырларыңды
Ұрпағыңның бүгінде қарасы аз
Жабын Ерсұлтан 7 сынып
Мүқа сенің жолыңды қуып келем
Жаза алам ба өзіңдей бақытты өлең.
Ол жағын айдан анық білмегенмен,
Әйтеуір мен жолыңды қуып келем.
Сенен алам өлеңнің байлығын мен,
Алмасам да айырып айды күнен.
Өмірімнің сәттері өтіп жатыр,
Дәл ағасы өзіңдей ақындықпен.
Мен түсімде бағынбас биік көрем ,
Сол биікке қолымды созып келем.
Жетсем деймін аңсаған биігіме,
Тудырып бір тамаша жыр мен өлең.
Жабын Ерсұлтан 7 сынып
Достарыңызбен бөлісу: |