Бекітемін: Мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары: Е. Байдрахманов



бет1/2
Дата15.01.2023
өлшемі69.5 Kb.
#61359
  1   2

А.Жанпейісов атындағы №105 мектеп-лицейі

БЕКІТЕМІН:


Мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары: Е.Байдрахманов

2022-2023 оқу жылында 9-сынып оқушыларын
физика пәнінен ОЖСБ-ға дайындау
жоспары

Пән мұғалімі: Ибрагимов Қ.Б


2022-2023 оқу жылы
Түсінік хат
Соңғы жылдары экономикамыздың қарқынды өсіп дамуы техникалық мамандықтарға деген сұранысты арттырып, оқушылардың политехникалық циклдағы пәндерге қызығушылығын оятты.
Оқушылар физикадан теориялық бөлігімен қоса эксперименттік және сандық есептерді шығара білу дағдыларын қалыптастыру керек. Сондықтан арнайы курста ОЖСБ-да кездесетін есептердің шығарылу жолдарын меңгеруге көп көңіл бөлу керек.
Физикада есеп шығару – оқу жұмысының қажетті элементі болып табылады.
Қайталау үшін әр тарауға жеке-жеке шолу жасай отырып, ондағы формулалар мен негізгі түсініктемелерді кестелерге немесе сызба нұсқаларға енгізген тиімді. Мұны мұғалім оқушылармен бірге жасайды. Әрі олар өз қолымен түсіне отырып сызып алған кестесін тест есептерін шығаруға пайдалану кезінде оңай жаттап алады.
Оқушылар негізгі физика заңдарын және формулаларын есте ұстауы керек. Оларды есеп шығару барысында түрлендіріп пайдалана ала білуі тиіс.
Оқушылардың өздері орындауға арналған жаттығу жұмыстарында тестілеуде көп кездесетін есептермен қоса сол есептердің күрделі деңгейінің жоғары болуында көп көңіл бөлуді ұйғардым. Себебі курсты таңдаған оқушы ОЖСБ-ге дайындалумен қатар жан-жақты ізденіп дайындалады.
Мақсаты:

  • оқушылардың физика пәніне деген қызығушылығын арттыру;

  • физикалық білім-біліктерді және физика ғылымының жетістіктерін күнделікті өмірде пайдалануды насихаттау;

  • логикалық ойлау, таным іс-әрекеттерін дамыту;

  • қиынға ұмтылу, зерттеушілік қасиеттерін арттыру;

  • ғылыми әдебиеттермен жұмыс істеуге машықтандыру.


Міндеттері:

  • оқушыларға терең, кеңейтілген білім беру;

  • ОЖСБ-дан оқушылардың жоғарғы балл алуын қамтамасыз ету;

  • қоршаған ортадағы жүріп жатқан құбылыстарды физикалық танымдық түсініктер арқылы ойлай білуге үйрету;

  • оқушылардың мамандықты дұрыс таңдай білуіне ықпал ету.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2023
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет