Берілген графиктер бойынша (1-сурет) дене қозғалысының теңдеуін жазыңдар. ІІ және ІІІ денелердің кездесетін жері мен уақытын табыңдар.
20 Н күш әсер еткенде дене 0,4 м/с2 үдеумен қозғалады. Ал 50 Н күш әсер еткен кезде ол дене қандай үдеу алады?
Массасы 2 кг ағаш білеушені қатаңдығы 100 Н/м серіппенің көмегімен горизонталь ағаш тақтайдың бетімен бірқалыпты сүйреп келеді. Үйкеліс коэффициенті 0,3-ке тең болса, серіппенің ұзаруын табыңдар.
60 Н күш денеге 0,8 м/с2 үдеу береді. Қандай күш осы денеге 2 м/с2 үдеу бере алады?
Трактор 36 кВт пайдалы қуат өндіре отырып, жер жырту кезінде 10 кН кедергі күшін жеңеді. Трактор қандай жылдамдықпен қозғалады.
Көтергіш кран жүкті 0,05 м/с жылдамдықпен көтереді. Егер мотордың қуаттылығы 1,5 кВт болса, онда осы кран массасы қандай жүкті көтере алады?
Көлемі 4 дм3 мыс деталь 2 м биіктікте орналасқан. Детальдің потенциалдық энергиясын анықтаңдар?
Массасы 1 кг дене жердің бетінен 2 м биіктікте орналасқан. Осындай потенциалдық энергияға ие болу үшін массасы 0,5 кг денені қандай биіктікте орналастыру қажет болады?
Массасы 0,4 кг тасты вертикаль жоғары 0,2 м/с жылдамдықпен лақтырады. Тастың 15 м биіктіктегі кинетикалық және потенциалдық энергиялары неге тең?
Поезд станциядан шығады және бірқалыпты, үдемелі қозғала отырып, 40 с ішінде 200 м жол жүреді. Егер осы жолдағы Тарту күшінің жұмысы 8000 кДж болса, онда поездың массасын табыңдар. Поездың қозғалысына кедергі коэффициенті 0,005.