Сро-5
1.Тәрбие жүйесінің субъектісі ретінде сынып жетекшісі жұмысының ерекшеліктерін талдап, олардың бала тәрбиесіндегі маңыздылығын ашып көрсету.
Қазақстан Республикасында сынып жетекшісі - сабақтан тыс тәрбие жұмысын ұйымдастырып, үйлестіріп, келістіріп, өткізетін педагог.
Бүгінгі күні сынып жетекшісі - кәсіпкер-педагог, ол өсіп келе жатқан бала үшін:
• жалпы адамзаттық мәдениетті меңгеретін оқушы мен қоғамның арасындағы рухани жалғастырушы;
• сынып ұжымының алуан түрлі бірлескен іс-шаралары барысында өзара ынтымақтастық қарым-қатынасының қалыптасуын ұйымдастырушы;
• оқушы тұлғасының қалыптасуына қолайлы жағдай жасау мақсатымен, олардың дамуын бақылаушы; тәрбие жүйесіне қажетті өзгерістер енгізуші, мектеп психологымен бірігіп оқушының қоғамдық өміріне кейбір түзетулер жасаушы;
• оқушының күнделікті өмірі мен әрекетін ұйымдастыруда, кәсіби бағдар беруде, қоғам өмірінің әлеуметтік-экономикалық, саяси ерекшеліктерін түсінуде көмекші, кеңесші;
• сыныпта қолайлы моральдық-психологиялық ахуал қалыптастыру үшін сынып ерекшеліктерін ескере отырып, қажетті тәрбиелік ықпалдар жасаушы;
• оқушының дамуы мен жетілуіне ықпал жасайтын тәрбиелік күштердің (мектеп, отбасы, қоғам) басын қосушы, үйлестіруші.
2. Сынып жетекшісі қызметінің бағыттары мен жұмыстарының мазмұнын сипаттау.
Сынып жетекшісінің негізгі міндеттері:
Тәрбиеші-педагог назарынан тыс қалдырмайтын бірінші объект, бастапқы міндет тәрбиелік және дамытушылық маңызы бар әрекет ұйымдастыру. Ұйымдастыру қызметі болмағанда тәрбие болмайды, тұлғаның даму барысында кездейсоқ жағдайлар орын алады.
Сынып жетекшісінің назарындағы екінші объектісі мен міндеті - ұжымды ұйымдастыру және дамыту.Сынып жетекшісінің үшінші міндеті - оқушы тұлғасының калыптасуына көмектесу, оның қабілеттерінің, қызығушылығының, бейімділігінің және ішкі табиғи күштерінің ашылып, арта түсуіне жағдай жасау.
Кейбір зерттеушілердің пайымдауы бойынша, сынып жетекшілері оқушылар және олардың ата аналарымен қарым-қатынастар ұйымдастырғанда төрт түрлі міндеттер атқарады:
Бірінші топ міндеттері - әлеуметтік міндеттер: баланы қорғау, көмек көрсету, әлеуметтік байланыстар жүйесіне енгізу, Отбасымен және тәрбие институттарымен баланың дамуына
және оның даралық қасиеттерін калыптастыруға қолайлы жағдай жасау үшін байланыс орнату.
Екінші топ міндеттері - диагностикалық-әдептік-этикалық: сыныппен тәрбие жұмысын дұрыс ұйымдастыру, өз оқушыларын, олардың ерекшеліктерін, дара қасиеттерін білу.
Үшінші топ міндеттері — адамгершілік міндеттер: баланың жақсылық пен жамандықтың белгілерін ажырата алуына, белгілі жағдаяттарда оқушының адамгершілік шешімдер қабылдай алуына мүмкіндік беру.
Төртінші топ міндеттері — жеке-дара тәжірибелік сипаттағы міндеттер: оқушылармен жұмыс ұйымдастыруға тиімді педагогикалық құралдарды таңдап алу, өз жұмысын жоспарлау, талдап түзету және педагогикалық рефлексия.
Осы бастапңы міндеттерді ескере отырып, сынып жетекшісінің негізгі қызметтері айқындалады. Олар: диагностикалық, коммуникативтік, тәрбиелік, жобалаушылық, ұйымдастырушылық-әрекеттік, дамытушылық, әдептілік, ынталандырушылық, бағалаушылық, қорғаушылық-қамқоршылық, түзетушілік.
Сынып жетекшісінің атқаратын қызметтері: Талдау қызметі:
• балалардың жеке дара ерекшеліктерін зерттеу;
• өр оқушының отбасындағы тәрбиесін зерттеп, талдау;
• оқушы мен ұжымның тәрбиелік деңгейін талдап, бағалау;
• сынып ұжымының қалыптасуы мен дамуын зерттеп, талдау;
• ортаның сынып оқушыларына ықпалын зерттеп, талдау;
• өткізілетін іс-шараның тәрбиелік құндылығын талдау; Болжамдық (прогностикалық):
• тәрбиелік ықпал мен жоспарланған іс-шараның нәтижесін болжау;
• оқушылардың жеке дара даму деңгейінің нәижесін болжау;
• ұжымның қалыптасуы мен даму кезеңдерін болжау;
• мектептің тәрбие жүйесіне сәйкес сыныптағы тәрбие жүйесінің моделін құру;
• ұжымдағы қалыптасып келе жатқан қарым-қатынастардың салдарын болжау (оқушылар арасындағы, ата-аналар оқытушылар арасындағы) ұйымдастыру-үйлестіру:
• әр оқушының даму ерекшеліктерін психологиялық-педагогикалық картада көрсету;
• оқушының оқу әрекетінде көмек көрсету;
• әрбір оқушыға және ұжымға жеке дара ықпал жасау;
• оқушыларға үйірмелер, клубтар, секциялар, бірлестіктер арқылы қосымша білім алуға көмектесу;
• оқушылардың дербестігі мен құқықтарын қорғау.
• оқушылардың отбасылары мен байланыс ұйымдастыру: ата-аналар жиналысын өткізу, оларға кеңес беру, т.б.;
• өз сыныбы оқушыларының үлгеріміне байланысты кіші педагогикалық кеңестер жұмысын ұйымдастыру, пән мұғалімдерінің сабақтарына қатысу;
• көсіби бағдар беру, болашаң мамандығын таңдауға саналы көзқарас қалыптастыру;
• қажетті іс-қағазды жүргізу (журнал, сабаққа қатысуын қадағалау, оқушылардың күнделіктерін тексеру, жеке іс қағазды, сынып жетекшісінің жұмыс жоспары);
Коммуникативтік:
• оқушылар арасында өзара қарым-қатынас қалыптастыру, ұжымға үйренуге, қатарларының арасындаөзін қанағаттандыратын статусқа ие болуға көмектесу;
• "оқушы-оқушы, оқушы-ата-ана, ата-ана-оқушы арасындағы өзара қолайлы байланысты орнату;
• оқушылардың қоршаған ортамен қолайлы қатынас орнатуы;
• ұжымда әр оқушыға қолайлы психологиялық ахуал орнатуға үлес қосу.
Жеке шәкірттері жайлы сынып жетекшісі білуі керек мәліметтер:
• баланың денсаулығы;
• отбасындағы өмірі мен тұрмыс жағдайы;
• баланың ішкі жан-дүниесі, рухани байлығы;
• мінез-құлқы, темпераменті, қызығушылығы, еркі, зейіні, т.б. психологиялық ерекшеліктері;
• үлкендермен, кішілермен, ата-анасымен, жолдастарымен қарым-қатынасы;
• моральдық бейнесін, адамгершілік қасиеттері;
• еңбекке көзқарасы;
• әстетикалық талғамдары, қызығулары, өнерге, әдебиетке көзқарасы;
• интелектуалдық дамуы;
• саяси сауаттылығы, т.б.
3.Жалпы бала тәрбиесінде сынып жетекшісі институтының әлеуметтік-тарихи қалыптасып дамуына талдау жасау және оның болашақтағы перстпктивасын дәлелдеу.
Сынып жетекшісі жұмысының негізгі мақсаты-мектеп оқушыларын қоғамның белсенді және саналы азаматы етіп тәрбиелеуге барынша ықпал жасау.Сыныптағы әрбір жеке тұлғаның ғылыми дүние танымының қалыптасуын, адамгершілік қасиеттерін, еңбекке деген сүйіспеншілігін қамтамасыз етіп, жан-жақты жарасымды дамуына жағдай туғызу.Сондықтан оның жұмысының мазмұны мен тәрбиелік шараларының бәрі осы мақсатқа бағытталуы тиіс. Атап айтқанда тәрбиенің негізгі салалары: ақыл-ой, адамгершілік, эстетикалық, еңбек және дене тәрбиесіне, елжандылық т.б. тәрбие міндеттерін мектеп пен сыныптың нақтылы өмір жағдайларына байланысты қарастыру.
Сынып жетекшісінің міндеті – сан алуан.Сол себепті ол жүргізетін тәрбие жұмысы өзінің психологиялық мазмұны жағынан өте күрделі әрі көп ізденісті талап етеді.
Тұлғаны тәрбиелеуде оның ертеңгі қуаныш күнін,болашағын болжау,оны жобалаудың да маңызы ерекше.А.С.Макаренко адамдағы жақсы қасиет әркезде оны жобалау арқылы келетіндігіне үнемі назар аударған.Сол секілді В.А.Сухомлинский де ‘‘тәрбиені ғылыми тұрғыда алдын ала болжамау, онда ол қарапайым көрініске: тәрбиеші – сауатсыз күтушіге, педагогка – балгерлікке айналар еді’’ – дейді.Сондықтан, тәрбие процесінің нәтижесін алдын ала жобалау, болжау сынып жетекшісі қызметінің маңызды бір буыны болады.Онсыз тәрбиедегі, біріншіден мақсаттылықтың, екіншіден, тәрбие процесінің өзі де болмаған болар еді.
Сынып жетекшісінің оқушылардың оқу және тәрбие процесіне бақылау жүргізіп және оны түзетіп отыруы – бұл оның нәтижесін, сапасын қадағалауға мүмкіндік беріп, оны үнемі жетілдіріп отыруды қамтамасыз етеді.Бақылаудың нәтижесіне талдау жасау барысында сынып жетекшісі қажет болған жағдайда балалар ұжымы немесе жекелеген оқушылардың іс — әрекеттеріне түзету енгізуді жүзеге асырады.Дегенмен де, сынып жетекшісінің оқу – тәрбие процесін бақылауы және түзетіп отыру қызметі тек оқушылармен және пән мұғалімдерімен бірлескен жұмыстары барысында ғана іске асады.
Сынып жетекшісінің жоғарыда көрсетілген қызметі оның педагогикалық әрекетінің мазмұнын анықтайды.
Бүгінде сынып жетекшілері өздерінің педагогикалық қызметінің көлемінің тым ұлғайып бара жатқанын айтады.Ол, бір жағдайда, барлық жерде балалар ұйымы жұмысының тоқталуымен байланысты болса , ал екінші жағдайда, көптеген мектептен тыс балалар мекемелері қызметінің ақылы жүйеге ауысуы да кері әсерін тигізуде.
Дұрыс тәрбие — балаға өмір бойы азық.Сол дұрыс тәрбиені ұйымдастырытын басты тұлға – мектептегі сынып жетекшісі.
4.Сынып жетекшісінің тәрбиелеуші ортаны ұйымдастыру және дамыту жолдары мен технологиясын сипаттау.
Тәрбие жұмысының баланың жеке тұлғасының даму процесін басқару міндеттерін анықтайды.Сондықтан, сынып жетекшісінің мақсат қоюшылық қызметі тәрбие жұмысын жоспарлауда көрініс табады.
Жоспарлау – бұл сынып жетекшісінің педагогикалық және ұжымының оқу – тәрбие процесіндегі әрекеттерін нәтижелі ұйымдастырудағы маңызды буын.Жоспардың қызметі – педагогикалық ықпалды жүйеге келтіру, пндагогикалық талаптарды орындауды қамтамасыз ету, ондағы белгіленген тәрбие шараларының бірізділігі мен басқару тимділігін қамтамасыз етуді көздейді.Жоспарлау – мақсатқа жетудің бірден – бір негізгі жолы.
Сынып жетекшінің тәрбие жоспары – міндетті педагогикалық құжат.Жоспар оқушылар ұжымының қалыпты дамуына мақсатты және жүйелі түрде ықпал етеді, тәрбие міндеттерін дұрыс ұйымдастыруға мүмкіндік туғызады.Тәрбие – қиын да күрделі процесс.Жоспар болмаған жағдайда тәрбие процесінде көп қиыншылықтар туады.
Жоспар – тәрбие жұмысының айнасы. Ол сынып жетекшісі мен оқушылар ұжымының бірлесе атқаратын жұмысын айқындайды.Сынып жетекшісінің тәрбие жоспарындағы оның мақсат – міндеттері және мазмұнымен танысу барысында, белгілі бір сыныптағы оқушылардың тәрбиелік деңгейінің сапасын, адамгершілік қасиеттерін, қызығушылығы мен жеке бастарының кемшілігін т.б. қасиеттерін байқауға болады.Ол үшін тәрбие жоспары объективтік тұрғыда сыныптағы оқушылардың нақтылы жағдайларын ескере отыра жасалуы тиіс.Сонда ғана мектеп оқушыларын тәрбиелеу қоғамның талабына сай нәтижелі жүргізіледі.
Жоспар – ұжымдық еңбектің жемісі. Сынып жетекшісі тәрбие жұмысын жоспарлау барысында, оған оқушыларды қатыстыруы міндетті.Жоспарлау барысында оған балаларды тарту оның нақтылығын, мектеп пен оқушылар өмірін тығыз байланыстыруға, сынып жетекшісінің тәрбиелік қызметін нәтижелі ұйымдастыруға мүмкіндік туғызады.
Сынып жетекшісі мектептегі оқу – тәрбие үрдісін жоспарлау барысында оқушылармен қарым – қатынас орнатпаған жағдайда, тәрбие жоспарындағы атқарылатын шаралар оқушыларды қызықтырмауы мүмкін, нәтижесінде ынтымағы жарасқан, белсенді, жауапкершілігі мол оқушылар ұжымын құруға кері әсерін тигізеді.
Тәрбие жұмысын жоспарлау оқушылар ұжымының бүгінін ойлауға, ертеңінің негізін қалауға көмектеседі.
5.Сынып жетекшісі жұмысының қызметі және ол туралы ережені (сынып жетекшісінің құқықтық-нормативтік аспектісі) негіздеу.
Күнделікті атқаратын қызметтері:
-Сабаққа кешігіп келген оқушылармен жұмыс және кейбір оқушылардың сабаққа қатыспай қалған себептерін анықтау.
-Оқушылардың тамақтануын ұйымдастыру.
-Сынып кабинетінде кезекшілік ұйымдастыру.
-Оқушылармен жеке-дара жұмыс.
Апта сайын өткізілетін жұмыс
-Оқушылардың күнделіктерін тексеру.
-Жоспар бойынша сыныппен іс-шара өткізу.
-Ата-аналармен жұмыс (нақты жағдайға байланысты).
-Пән мұғалімдерімен жұмыс (нақты жағдайға байланысты).
-Оқушылардың ауырып қалуына байланысты алған анықтамасы бойынша мектеп -дәрігерімен кездесу.
Ай сайын: Өз сыныбындағы сабақтарға қатысу.
- Мектеп психологымен кездесу.
-Ата-аналар комитетімен кездесу.
-Жұмыс жоспарлауға байланысты мәжіліске қатысу.
Тоқсан сайын: Тоқсан бойынша сынып журналын тексеру.
-Сынып жетекшілерінің оқуына (семинарына) қатысу.
-Тоқсан бойынша тәрбие жұмысын қорытындылау, жаңа тоқсанға жоспарды толықтыру, -өзгерістер енгізу (қажет болса).
--Ата-аналар жиналысын өткізу.
Жылына 1 рет:
-Ашық іс-шара өткізу.
-Оқушылардың жеке құжаттарын толтыру.
-Сынып жұмысының жоспарын жасау және талдау.
-Сыныптың статистикалық көрсеткіштері (1 қыркүйек күні).
Сынып жетекшісінің шығармашылық зертханасы
-Нормативтік –құқықтық құжаттар
-Ата-анамен жұмыс, ата –ана комитетімен жұмыс, сыныппен жұмыс, қыздармен жұмыс, ұлдармен жұмыс
-№1 тәрбие жұымысының бумасы
-№2 тәрбие жұмысының бумасы
-Оқушының күнделігі
-Тәрбие жұмысының жоспары, бағыттары
-Сыныптың тәрбие жүйесі
-Оқушының іс – құжаты Құжаттар
Достарыңызбен бөлісу: |