Педагогтерді аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шарттары Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 30 желтоқсандағы № 533 Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 27 қаңтардағы № 83 бұйрығымен бекітілген 0 05 06 Біліктілік бағалауын өткізу тәртібі Педагогтердің біліктілігін бағалау білім беру ұйымдары жүргізеді.
Аттестатталатын педагогтердің құжаттары ақпараттық жүйеде толтырылады (ақпараттық жүйе болмаған жағдайда электрондық немесе қағаз форматында беріледі).
«Педагог» біліктілік санатына:
тиісті бейін бойынша педагогикалық немесе өзге де кәсіптік білімі бар талаптарға сәйкес келетін қайта даярлау курстарынан өткен және кемінде 1 жыл педагогикалық өтілі бар адамдар;
Біліктілік тестілеуінен сәтті өткен адамдарды қоспағанда, оның ішінде:
педагогикалық лауазымдағы жұмысын қайта бастаған (жалпы педагогикалық өтілі 1 жылдан кем емес 5 жылдан аспайтын педагогикалық лауазымға қайта бастау мерзімі) және біліктілік санаты жоқ;
«Педагог» санатына үміткер педагогтер № 338 бұйрыққа немесе кәсіптік стандартқа сәйкес біліктілік талаптарына және мынадай кәсіптік құзыреттерге сәйкес келуі тиіс:
оқу пәнінің, оқу-тәрбие процесінің мазмұнын, оқыту және бағалау әдістемесін біледі; білім алушылардың
психологиялық-жас ерекшеліктерін ескере отырып, оқу-тәрбие процесін жоспарлайды және ұйымдастырады,
білім алушының жалпы мәдениетін қалыптастыруға және оны әлеуметтендіруге ықпал етеді, білім беру
ұйымы деңгейіндегі іс-шараларға қатысады, білім алушылардың қажеттіліктерін ескере отырып, тәрбиелеу
мен оқытуда жеке тәсілді жүзеге асырады, кәсіби-педагогикалық диалог дағдыларын меңгерген, цифрлық
білім беру ресурстарын қолданады;
Lesson Study сабақты зерттеуді жүргізеді, Action Research әдісін қолданады;
«Педагогикалық этиканың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 11 мамырдағы № 190 бұйрығына сәйкес педагогикалық этиканың негізгі нормаларын сақтайды;