Білім алушылардың критериалды бағалау жүйесін жасау бойынша отандық ғалымдардың тәжірибесін зерттеу



бет1/5
Дата09.05.2022
өлшемі27,28 Kb.
#33565
түріСабақ
  1   2   3   4   5

Білім алушылардың критериалды бағалау жүйесін жасау бойынша отандық ғалымдардың тәжірибесін зерттеу

Жаңа инновациялық технологияларды пайдалану — заман талабы. Қазіргі жаңа талаптар оқушыға емес, қазіргі заман мұғаліміне қойылады, мұғалімдер тек «сабақ беруші» ғана емес, баланың оқу ортасын құра арлатын адам болуы керек. Педагогикалық технологияларды іске асыру үшін қалыпты емес жағдайда жұмыс істей алатын, технологиялық ұйымдастырылған білім беру процесін түсінетін, жаңа рөлді қабылдай алатын педагог болуы қажет. Ол үшін ол жаңашылдыққа дайын болуы керек.

Оқу процесінің тиімділігін арттырудың бірден-бір жолы- заманауи педагогикалық технологияларды қолдану. Жаңа заман  мұғалімдерінің білім мазмұнына өзгеріс енгізе алатын, оқыту мен тәрбиеге жаңа әдістер мен технологияларды енгізе алатын зор шығармашылық әлеуеті бар.

Сабақ мақсатына жету үшін оқушылардың уәж дағдыларын дамытуға жағдай жасау керек. Бұны іске асыру үшін:

сабақта түрлі әдіс-тәсілдерді қолдану;

әр оқушының сабақ процесіне белсене қатысуына жағдай жасау;

оқытуда саралап және даралап оқытуды қолдану;

бейімделушілікқабілеттерін, құрдастарымен және жеке жұмыс жасай алу қабілеттерін дамыту керек.

Оқушылардың өздері оқуға қатысқанда ғана оқу қызықты әрі тамаша болып шығады: жобалау, құрастыру, зерттеу,  ашу, осы сөздің шынайы мағынасында жаңалық ашу болып табылады. Мұның бәрі тек заманауи педагогикалық технологиялар негізінде өз бетімен білім алу жағдайында ғана жүзеге асады.

Қазіргі заманда оқушылардың белсенді танымдық және шығармашылық қызметі сұранысқа ие болу керек. Оқушылардың танымдық және шығармашылық белсенділігін дамытуда екі альтернативтік мәселені шешіп алу керек:

1) «Ұйқыдағы» оқушыларды ояту керек, яғни ортақ мақсатқа жету үшін белсенділігі жоғары оқушылардың арқасында белсенділігі төмен оқушыларды оқу процесіне тарту керек.

2) Заманауи қоғамның  шынайы проблемаларын шешуге тарту арқылы дарынды оқушылардың әлеуетін барынша ашу керек.

Менің бүгінгі тоқталғым келіп отырған тақырыбым — сабақта критериалды бағалаудың тиімділігі.

Қазақстан бойынша білім беру стандартына негізделген оқу бағдарламасындағы оқу мақсаттарымен өлшенген нақты критерийлер пән бойынша беріледі. Сол арқылы бағалаймыз. Бұл бағалау жүйесі бойынша Өскеменде тұрғанда үздік оқыған бала Астана, Алматыға көшіп барса да, сол үздік бағасын ақтап шығуы тиіс.

Гүлмира Жақсылықова, деңгейлік бағдарламалар орталығының тренері:

– Критериалды бағалау – біздің білім беру жүйесіне енгізіліп жатқан жаңа бағалау жүйесі ғой. Дәстүрлі бағалау жүйесінен негізгі айырмашылығы – критериалды бағалау жүйесінде сабақтың тақырыбына байланысты оқу мақсатына сай бағалау критерийі нақтыланады. Мұғалімнің мақсаты – осы бағалау критерийін тақырыпты берген кезде балаға таныстыру. Бала бағалау критерийін біле отырып, өзінің алдына мақсат қоюы керек. Сабақта оқушы бағалау критерийіне байланысты әртүрлі деңгейде тапсырмалар орындайды. Әр тапсырмаға дескрипторлар беріледі. Сол бағалау критерийлері мен дескрипторге байланысты баланың алға жылжуын мұғалім ғана емес, баланың өзі де бақылап, бағалап отыруы тиіс. Ертеректе біз бес балдық жүйемен 2, 3, 4, 5 деген бағаны ешқандай түсініктеме бермей қоя салатынбыз. Бала өзі дайындаған тапсырманы айтып, бесін, төртін алатын. Тіпті, үш қойылған оқушы не үшін үш алғанын түсінбейтін. Ал мына критериалды бағалау бойынша бала тапсырманы орындауда қай жерде тұрғанын түсініп тұрады. Мысалы, тапсырма берілді.


Тапсырмаға дескрипторлар берілді. Дескриптор дегеніміз – баланың тапсырманы орындау кезінде жасайтын қадамдары. Мысалы, мен орташа оқитын оқушымын делік. Мен барлық дескрипторды орындай алмасам, яғни мен толық жетістікке әлі жеткен жоқпын деген сөз. Көрдіңіз бе, қандай нәтижеге жетпей тұрғанын алдымен бала өзі бағалауы тиіс. Одан кейін мұғалім сол баланың қандай жетістікке жеткенін көре отырып, кері байланыс орнатып, балаға алға жылжуға мүмкіндік береді. Менің айтарым, бұл бағалау жүйесі оқушыға тек сабақта ғана емес, жалпы өмірде де өзін-өзі бағалауға, сондай-ақ қоғамда болып жатқан іс-әрекеттерге де сын тұрғысынан қарауға мүмкіндік береді. Баланың санасы өзгеріп, өзінің іс-әрекетін реттеуге күш салады.

Роза Чекетаева, тұлғаны тәрбиелеу және әлеуметтендіру кафедрасының аға оқытушысы, тарих ғылымдарының кандидаты, тарих және қоғамдық ғылымдар академиясының академигі:

– Критериалды бағалау еліміздің жалпы білім беретін мектептердің 1,2, 5 және 7-сыныптарына енгізілген. Осыған ұқсас жүйе еліміздің жоғары оқу орындарында бұрыннан бар. Ол кредиттік жүйе деп аталатын. С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінде оқитын кейбір студенттердің сынақ кітапшасын алып қарасыңыз, А, В, С деген баға қойылған. Әріптестерім айтқандай, жалпы бала білімін біз бұрыннан салыстырып бағалайтынбыз. Кейде мұғалім беске жетпей тұрса да балаға бес немесе төртке жетпей тұрса да төрт қойып жіберетін. Ал критериалды бағалауда салыстырып бағалау деген жоқ. Баланың білімі стандартта берілген деңгеймен бағаланады. Мысалы, бастауыш сыныптарда 21-50 пайыздың аралығы үш болып есептеледі. 50 пайыз алған баланың үші толық үш деп бағаланады. Критериалды бағалауда мынаған артық немесе кем қойып қойдың деген әңгіме жоқ. Пайызбен бағаны шығарғанда нақтысы шыға келеді. Мысалы, 1-2 сыныптарда 81-100 пайыз балдың аралығы бес болып есептеледі. Десе де 81 пайыз балл алған бала әлі де 100 пайызға жетуге ұмтылады. Бұл бағалау жүйесінің артықшылықтары өте көп. Критериалды бағалауда мұғалімдер қалыптастырушы бағалауға өте қатты мән береді. Қалыптастырушы бағалау дегеніміз – оқу үдерісін дер кезінде түзетуге мүмкіндік беретін, білім алушы мен мұғалім арасындағы кері байланысты қамтамасыз етіп, үздіксіз жүргізілетін бағалаудың түрі. Бұдан бөлек, жиынтық бағалау деген де бар. Жиынтық бағалау – оқу бағдарламасындағы бөлімдер, ортақ тақырыптар бойынша белгілі бір оқу кезеңі (бөлім, тоқсан, оқу жылы) аяқталғанда өткізілетін бағалаудың түрі.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет