Білім алушылардың оқу жетістіктерін бақылау және бағалау бойынша материалдар 1 Аралық бақылаудың -тапсырмасы
Спорттық жүруді оқыту техникасы мен әдістемесі (оқыту әдістері, негізгі қателер және оларды түзету, жетекші жаттығулар)
Спорттық жүріс
Спорттық жүріс ерекшеліктері:
Жерге аяқ бірінші өкшеден бастап қойылады және тік жағдайын сақтайды.
Жамбас қозғалысы көлденең және сагитталды ось бойынша көбірек көрінеді (жамбас қозғалысы)
Қолдың шынтақ буыны 90 °-95° болу керек.
Спорттық жүру-жүрудің спорттық түрі. Әрине, екеуінің айырмашылығы жер мен көктей. Спорттық жүрістің негізгі ережесі, әрбір аттаған сайын, яғни, алға аттаған аяқтың ӛкшесі жерге тимейінше итерілетін аяқты жерден кӛтеруге болмайды. Демек, адамның екі аяғы да жерге тимейтіндей кӛтеріліп кететін фазасы болмауы керек. Бұл жағдайға кез келген спортшы қалыптасып үйрене бермейді. Табиғи жүрісте кӛтеріліп кететін фазасы болады. Яғни, жүгірудің алғы шарты орындалады. Спорттық жүріспен жарысқа қатысқан спортшы жүгіріп кетпес үшін кӛтеріліп кететін фазасын тӛрешілер мұқият қадағалайды. Жүру –адам қимылдауының табиғи тәсілі. Спорттық жүрудің жай жүруден айырмашылығы- жылдамдығы жағынан тезірек қимылдауы. Спорттық жүру бір қалыпты сипатқа ие. Спорттық жүрудің ережелері шектеулі. Біріншіден, спорттық жүруде ұшу кезеңдері болмауы қажет, әрқашан жермен байланыс болуы қажет. Екіншіден, бірінші шектеуді орындау барысында, тігінен тұрған тірек аяқ тізе буынынан жазылуы керек.Спорттық жүруден қарапайым жүрудің айырмашылығы: жаяу жүрісте аяқты тізе буынынан бүгуге болады, ал спорттық жүрісте аяқ тік болуы қажет. Спорттық жүрістің негізгі техникасы бірқалыпты қимылды құрайды, олекі адымнан тұрады, сол жақ аяқ пен оң жақ аяқтың адымы. Ол қалып тӛмендегілерден құралады: а) жалғыз тіректің екі кезеңі; б) екі тіреудің екі кезеңі; в) сермейтін аяқты ауыстырудың екі кезеңі.. Спорттық жүрістің циклін алты шабағы бар дӛңгелек түрінде елестетуге болады. Екі қос шабақ дӛңгелекті екіге бӛледі - екі тіреудің кезеңі, екі жалғыз шабақосы жартыларды тӛртке Репозиторий КарГУ 17 бөледі -жалғыз тіреудің кезеңі. Бір аяқтың жалғыз тірегінің кезеңі басқа аяқтың ауысу кезеңімен сәйкес келеді. Екі тіректі период ӛте жылдам болады, оны кӛбі байқамай қалады. Бір периодты тірек ұзағырақ болғандықтан екі кезеңге бӛлуге болады: 1) алдыңғы тіректің қатты фазасы; 2) итеру фазасы. Ауысу фазасы да екіге бӛлінеді: 1) артқы адым фазасы; 2) алдыңғы адым фазасы. Жоғарғы білікті жүрушілер адымдарының жиілігі минутына 190-нан 230 адымға дейінбарады. Адымның ұзындығы 95 см –ден 130 см -ге дейін болады. Осылардың барлығы спортшының аяғының ұзындығы мен бұлшық етіне тығыз байланысты. Аяқ-қолдың қозғалысы,иық пен жамбастың кӛлденең осіайқасқан, яғни оң аяқ алға жылжығанда ,сол қол алға жылжиды немесе керісінше.Омыртқа мен жамбас күрделі бір-біріне қарама-қарсы қозғалады.Итеру фазасының соңында жамбастың иілуі артады , ал тік тұрған кезде аяқтардың ауысуы барысында азаяды.Жамбастың ілгері кейінді бағытқа ауытқуы тіректен итерілетін аяқтың санын артқа апаруға көмектеседі.Сондай-ақ, жамбастың кӛлденең осінің иілуі ӛзгереді: ауыстыру кезінде ол сілтейтін аяққа қарай түседі,ал қос тірек кезінде қайтадан түзеледі.Жамбастың мұндай сілтейтін аяққа қарай түсуі маятниктің қозғалысына байланысты. Бұл бұлшық еттерге, бағыттаушы санға(бедро), бойын еркін ұстауға кӛмектеседі. Омыртқа да ауыстыру кезінде сілтейтін аяққа қарай иіледі, әрбір қадамда дененің кеуде тұсы күрделі, бір мезгілде қимыл жасайды, болмашы бүгіледі және жазылады, екі жақ бүйірге иіледі және кеудесімен бұрылады. Қол мен аяқтың, иық пен жамбастың айқасып қозғалуы, сонымен қатарәрбір қадамдағы кеуде қозғалысы дененің тепетеңдігін сақтауға көмектеседі.
Спорттық жүру кезіндегі қолдың қозғалысы адым жиілігін ұлғайтады, сондықтан иықтың жоғарғы жақ бұлшық еттеріне күш түседі. Әсіресе, арақашықтықтың соңғы жағында, шаршаған кезде кӛңіл аударуға болады.Қолдың қозғалысы былай жүзеге асады;қолдар шынтақ буынынан 90°-қа бүгілген,қолдың саусақтары жартылый бүгілген, иықтың бұлшық еттері босаңсыған. Спорттық жүрудегі барлық қозғалудың негізі ол- тепетеңдік әрекет күші, бағыты, қисық сызықты траекторияда байқалады және күш әсеріне тәуелді. Итеру- бұл бұлшық еттің таза нәтижесі емес, бұлшық ет пен тірекке түсетін инерция күшінің ӛзара әрекеті. Тірек неғұрлым қатты болса, итеру кӛлемі соғұрлым үлкен болады. Мысалы, екі тірек алайық: жүгіретін жол және тегіс жол. Жүгіретін жол тегіс жолға қарағанда қатты, демек, жүгіретін жолдағы тірек реакциясының күші кӛбірек болады. Итеру күшінің кӛлемі: - тіректің сапасына; - бұлшық етке күш салу кӛлеміне; - инерциялықкүші кӛлеміне; - бұлшық ет пен күштің қозғалу бағыты; - дененің белсенді салмағының пассив салмағына карым – қатынасы (дененің белсенді массасы-бұлшық ет массасы, дененің пассив массасы - бұл спортшының қалған дене массасы). Спорттық жүрісте итерудің күші ӛте маңызды.Спорттық жүруде аяқты тірекке қою бұрышы,сондай-ақ, осының нәтижесінде пайда болатын күш маңызды болып саналады. Сілтейтін аяқты қою бұрышы аяқтың тірекке жанасуы кезінде анықталады.Бұл шамамен айтылған кӛлем, бұрыш тірек реакциясы күшінің жылдамдығының векторымен және тіректің сызығымен дәл анықталады. Аяқты қою кезінде тірекке қысым түсіру күші әрекет ете бастайды және оған қарама-қарсы тіректің реакция күші пайда болады, олардың бағыттары мүлде қарама қайшы.Бұл күштер жағымсыз болып саналады, өйткені ете бастайды және оған қарама-қарсы тіректің реакция күші пайда болады, олардың бағыттары мүлде қарама қайшы.
жүрушінің қозғалысына қарсы әрекет етеді және қозғалу жылдамдығын азайтады. Жүру нәтижелі болу үшін оларды жою керек немесе мүмкіндігінше олардың жағымсыз әрекетін кеміту керек. Осыдан пайда болған ауырлық күші жылдамдықтың ӛзгеруіне әсер етпейді. Жағымсыз күштердің әрекетін үш түрлі жолмен қалпына келтіруге болады: 1) аяқ қою бұрышы 90° -қа жақындау, аяқ ДООпроекциясына мүмкіндігінше жақын болу керек, бірақ адым ұзындығы азаяды;2) аяқ қою амортизациясы, алайда жарыс ережесі бойынша аяқты тірекке тізе буынын бүкпей тік қою керек, яғни амортизация болмайды; 3) итеру фазасынан кейін аяқты тіректен алғаннан кейін сандардың тез түйілуі сілтейтін аяқтың инерция күшін арттырады. Спорттық жүру кезінде ОЦМ қозғалысы түзу сызықты траекторияда емес, керісінше күрделі қисық сызықты траекторияны орындайды. Тік тұрғанда теңселудің кӛлемі неғұрлым аз болса, соғұрлым спорттық жүрудің техникасы тиімді болады. Осылайша, спорттық жүрудегі қозғалыс жылдамдығына әсер ететін факторлар анықтадыды. Жағымды факторларға төмендегілер жатады: - тіректің сапасы - итеру күшінің кӛлемі; - итеру бұрышы; - итеру уақыты; - сермейтін аяқты ауыстыру уақыты. Жағымсыз факторларға: - аяқты қою бұрышы; - аяқты қою кезіндегі тіреу реакциясының тежегіш күші. Спорттық жҥрудің техникасы Споттық жүрудің жеңіл атлетиканың бір түрі ретінде пайда болуы мен қалыптасуы ХІХ ғасырдың ортасында басталды. Ең алғашқы жарыс Англияда 7 мильді жүріп ӛту 1867 жылы болды.
Алғашқы ұзақ қашықтықтағы жүрудің дистанциясы Вена – Берлин – 578 км; Париж – Бельфор – 496 км; Турин – Марсель – Барселона – 1100 км. Ол 1908 жылғы Олимпиада бағдарламасына 3,5 және 10 шақырымдық спорттық жүруді енгізгенше жалғаса берді. Екінші кезең: 1908 жылдан 1932 жылға дейін жалғасын тапты. Бұл уақытта спорттық жүріс олимпиада ойындары түріне енгізіледі. 1932 жылы Лос – Анджелестегі олимпиадалық қашықтық 50 км болып енгізілді. Әлемдік рекордтар: 1918ж – 20 км тіркелсе, 1924ж – 50 км тіркелді. Үінші кезең – 1932 – 1952 жылдары жаттығудың қызған кезі. Әр түрлі заманға сай әдістермен жаттықтырады. 1964 -1976 жылдары спорттық жүру біраз елдерге тарады.. Мысалы: Африка, Азия, Латын Америкасы, Шире кешенді әдіс – тәсілдер жүйелі түрде қолданылды. Спорттық жүріске дайындалатын адамдар саны кӛбейе түсті.Әр түрлі сатыдағы спортшылар дайындала бастады. Осыдан бастап спорттық жүруді нәзік жандыларда меңгере бастады. 1892 жылы Ресейде алғаш рет спрттық жүрістен 1,3 және 10 шақырым қашықтықтажарыс ӛтті. 1894 спорттық жүрістен жарыс Петербург пен Царское село арасындағы елді - мекендерде ӛтті. 1946 ж спорттық жүріс бойынша 50 км қашықтыққа алғашқы жарыс ӛтті. 1952 ж Кеңестік тезжүргіштер Олимпиада ойынына қатысып, шет ел спортшыларына кәдімгідей қарсыластық танытады. Әр түрлі дәрежедегі медальдарды жеңіп алады. Спорттық жүру әдісінін негізі адамның күнделікті жүрісіне ұқсас,бірақ кейбір ерекшеліктері бар. Олар жоғарғы жылдамдықпен қозғалу, жерге қою сәтінде аяқтың толық түзетілуі,жамбас қозғалысының анық байқалуы (әсіресе, тік білек бойымен қозғалғанда). Жарыстарда аяқты бүгіп жүру әдісін тіреу кезінде қолдануға болады, бірақ тіреу кезеңінде аяқ тік болу керек.
Спорттық жүру мен қарапайым жүрістің кӛптеген ұқсастықтары бар. Сонымен қатар координациялық күрделігімен, тиімділігімен, үнемділігімен ерекшеленеді.Жалпы теориялық әдістемелік талапқа сай болу қажет, яғни спорттық жүрушінің қозғалысы үнемді, нәтижелі болған абзал. Спорттық жүрудің негізгі айырмашылықтары: - жоғары жылдамдықты қозғалыс; - минутына 200-ден астам адымға жететін қозғалыс; - адымның ұзындығы 100см-ден асады, -вертикальді осьтің айналасында жамбастың қазғалысы; -қолдардың алға-артқа белсенді қозғалысы. Ғылыми зерттеулер жүру техникасының негізгі сипаттамаларын анықтады: -кеуденің иілу бұрышы және дененің вертикальді теңселу кӛлемі; -адымдардың жиілігі мен ұзындығы және олардың жүру жылдамдығына байланысты; -жүрудің фазалары мен кезеңдері; Жылдам жүрушілерде кӛп кездесетін қателер- жарыстан шығарылатын қателер, аяқ тік кезінде түзетпеу және ұшу фазасының байқалуы, тірексіз қалыпта қозғалыстың болуы. Спорттық жүруде жоғарғы нәтижеге жету үшін созылған бұлшық еттерді босата білу керек, ол жоғарғы нәтижеге жету сатысы болып табылады.Спорттық жүру жоғарғы жылдамдықпен орындалса да,адымды алшақ қойған абзал,бірақ адымды мейлінше созу кӛп күшті талап етеді, сонымен қоса, жүру әдісі нашарлап, кӛрсеткіш тӛмендейді. Жерден табанмен итерілгеннен кейін аяқтың сирағы жоғары кӛтеріледі.Сермелетін аяқтың табаны жерден сәл кӛтеріледі. Осы қалыпта қозғалысты жалғастырып, аяқты саннан жоғары кӛтеріп, тізе буынынан алға қозғайды.Керекті биіктікке жеткен кезде, сермелетін аяқ толық түзетіледі.Бірінші кезеңде жермен байланысты ӛкшеден бастайды, ортаңғы қозғалу сызығынан аз аралыққа қойылады.Содан кейін жүруші аяғынкӛп жағдайда табанның сырт жағындағы дӛңес жеріне қояды, кадрда табан толық қойылып, тік момент фазасына келеді.Осымен итерілу периоды аяқталады.Қозғалыс табанның ұшына қарай сырғиды, осы уақытта итерілу аяқталып, бірақ, аяқ жермен байланыста болады,екінші аяқ жерге ӛкшемен тиіп үлгереді.Бір уақытта жүруші екі нүктелік қалыпта болады. Алдыңғы аяқтың жерге қысымы (алдыңғы тірек) артқы аяққа қарағанда кӛбірек байқалады (А.Л.Фруктов; Н.П.Ратoв;В.Н.Муравьев 1969 жыл). Екі тіректегі қалып ұзақтық жағынан бір аяққа тұрған тірекке қарағанда бірнеше рет аз. Қозғалыс кезінде жылдамдықтың ӛсуі екі тірек қалыптың азаюна әкеледі.Бұл екі тірек және бір тірек қалыптың азаюна әкеледі.Бұл екі тірек қалпындағы уақыттың азаюы арқылы іске асады.Бірінші тіректегі уақыт қалпы аз мӛлшерде ғана ӛзгереді.Екінші тіректегі уақыт қалпы қозғалу жылдамдығына байланыста (Л.А.Головин; Л.Г.Кучин; В.С.Фарфель). Жоғарыда айтылғандай, спорттық жүру ӛкшенің жерге тию кезінен (алға) тік кезіне дейін түзелген қалыпта сақталады және аяқ тек тіректен алу кезінде бүгіледі. Спорттық жүруде тік қалыпта теңселуден сақтану керек, әсіресе, жанына қарай шайқалудың негізгі себебі аяқты екі параллель сызыққа қоюына байланысты.Осы қатені болдырмау үшін жүрушілер табан ұшын алға және сырт жаққа бағыттай қояды. Спорттық жүруде дене қалпы тік болады.Бірақ жүргенде алға-артқа ауытқу байқалады.Денені сәл артқа шалқайту итерілу фазасын жақсартады,ал денені кӛп алға енкейту бұлшық еттерге елеулі күш түсіреді. Егер де жүрушірлердің қозғалысын жоғарыдан қараса, біз иық иілуінің және жамбастың қарама-қарсы жаққа бұрылғанын байқаймыз. Қолдың қозғалысы аяқ пен жамбасты үйлесімге келтіреді.Жамбастың тік білек бойымен қозғалуы спорттық жүру әдісінің негізі жамбастың алға, артқа белсенді қимылдауы. Жүруші әдісін алдынан қарағанда сермелетін аяқтың тізесі тік қалыпта тіректегі аяқ тізесінен төмен болады.
Спорттық жүруде барлық бұлшық еттер,әсіресе, аяқтың бұлшық еттері белсенді қызмет атқарады, әр сәтте керекті бұлшық еттер жұмысқа қосылып, ал басқа бұлшық еттер босаңқы күйде болғаны абзал, әйтпесе, қозғалыстың үнемділігі азаяды және дұрыс қарқынмен қозғалу қиындайды. Қолдың қозғалысы спорттық жүруде ӛте маңызды. Біріншіден, тепетеңдікті ұстау үшін қажет, жүрушілер тік кезінде қолды бүгіп, сүйір бұрышпен 66-108° ұстайды, иық және шынтақ тұрақты қалыпта байқалмайды және әрбір адым сайын ӛзгереді. Қолдың қалпы тік кезінде кӛбірек бүгіледі.Егер де спорттық жүрушіні алдыңғы жағынан қараса, қолдың қозғалысы алға іш жаққа бағытталады, ал артқы жағынан қараса іш жағына қарай қозғалады. Қолдың саусақтары әр жүру уақытында босаңқы ұсталады. Спорттық жүруде жоғарғы жылдамдықпен келе жатқанда қолдың қозғалысын бір қалыпта, жұлқыламай қозғалту абзал, жақсы әдісті меңгерген спорттық жүрушінің қозғалысы босаңқы,жұмсақ бір қалыпты қозғалады, спорттық жүру әдемі табиғи қозғалыс болып есептеледі.