Білім беру бағдарламасы: 6В05203 Рекреациялық география және туризм Қабылдаған: Сагынбаева А. Б. Астана, 2022 ж. Астана



Pdf көрінісі
бет1/5
Дата23.10.2022
өлшемі0,79 Mb.
#44988
түріБілім беру бағдарламасы
  1   2   3   4   5
Байланысты:
Реферат Д.Ж Мұхит сулары (копия)



РЕФЕРАТ 
 
Тақырыбы: Дүниежүзілік мұхит сулары 
(теңіздер,шығанақтар,бұғаздар) 
Орындаған: Кайруллина Н.А 
Курс: 1 
Білім беру бағдарламасы: 6В05203 Рекреациялық география және туризм 
Қабылдаған: Сагынбаева А.Б. 
Астана, 2022 ж. 
АСТАНА 
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ 
УНИВЕРСИТЕТІ 
 
МЕЖДУНАРОДНЫЙ 
УНИВЕРСИТЕТ 
АСТАНА 


Дүниежүзілік мұхит сулары 
(теңіздер,шығанақтар,бұғаздар) 
Жер шарының көп бөлігін Дүниежүзілік мұхит деп аталатын су айдыны алып жатыр. 
Дүниежүзілік мұхит біртұтас, бөлінбей, бір-бірімен жалғасуда. Оның кез-келген нүктесінен 
құрлықты кесіп өтпей-ақ, келесі нүктесіне жеткізуге болады. Дүниежүзілік мұхит суы жер 
бетінің ¾ бөлігін нмесе 361 млн км² жерді алып жатыр. 
1-фото 
Тынық мұхит. Тынық мұхит – Жер шарындағы ең үлкен және өте терең мұхит. Көлемі – 
180 млн км². Көлемінің үлкендігі жағынан қалған үш мұхитты қосқанда тең. Тынық мұхит 
Солтүстік және Оңтүстік Американың батыс жағлауларынан бастап Еуразияның шығыс 
бөлігіне және Аустралия мен Антарктидаға дейінгі аумақты алып жатыр. 1520 – 1521 
жылдары Ф.Магеллан дүниежүзін айналу саяхаты кезінде осы мұхитты алғаш жүзіп өтті. 
Жүзу кезінде ешқандай дауылға ұшырамағандықтан, саяхатшылар оны «Тынық мұхит» деп 
атаған. Тынық мұхитта бүкіл дүниежүзілік мұхиттың ең терең жері (11 022 м) 
– Мариан шұңғымасы бар 
Тынық мұхиттағы тіршілік алуан түрлі, өсімдіктер мен жануарларға өте бай. Оның басқа 
мұхиттардағы тіршілік дүниесінен айырмашылығы өте ежелгі және алып түрлердің көптеп 
кездесуі. Бұл ерекшеліктер мұхит суының көлеміне, табиғат жағдайларының алуан 
түрлілігіне байланысты. Тынық мұхитта басқа мұхиттарда кездеспейтін теңіз кірпілері, 
семсерқұйрық, теңіз мысығы, теңіз құндызы кездеседі. 
Мұхит аралдары тарихи, географиялық ерекшеліктеріне байланысты Меланезия ("қара 
аралдар"), Микронезия ("ұсақ аралдар"), Полинезия ("көп аралдар") және Жаңа Зеландия 
болып бөлінеді. Жаңа Гвинея аралында 12 жыл тұрған орыс ғалысы Н.Н. Миклухо-Маклай 
Мұхит аралдарының табиғаты, халқы туралы еңбектер жазып қалдырған. Мұхит 
аралдарында саяхатшының құрметіне қойылған географиялық атаулар көп. 


2-фото 


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет